Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ангиология.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
307.67 Кб
Скачать

3 Сурет. Жүрек а — сыртқы бетінің көрінісі, б — жарылып көрсетілген

І — жүрек ұшы, 2 - ұзын сай қан тамырларымен, 3 - оң қарынша, 4 – оң жүрекше, 5 — тақ вена, 6 — артқы қуыс вена, 7 — өкпе веналары, 8 - өкпе артериясы бағаны, 9 — қолқа, 10 — сол қарынша, 11 — тәждік сай, 12 — тәждік артерия, 13 — сол құлақша, 14 — веналық қойнау, 15 — алдыңғы қуыс вена, 16 — иық-бас бағаны, 17 - тарақша бұлшық еттер, 18 - оң атрио-вентрикулалы қақпақша, 19 - көлденең бұлшық ет, 20 — қарыншалараралық ет перде, 21 — эндокард, 22 — миокард, 23 — эпикард, 24 — емізікше бұлшық ет, 25 — сіңірлі желі, 26 — қосжақтаулы қақпақша, 27 - айшықты қақпақша.

Жүрек жүрекшелері мен қарыншаларының ырғақты да, жүйелі қызметін жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесі реттейді. Аталған жүйені қойнау-жүрекше және жүрекше-қарынша (посіиз аігіоүепіхісиіагіз) жүйке және бұлшық ет түйіндері, жүрекше-қарынша бұлшық ет түйінінен, яғни жүрекшелерден қарыншаларға қарай төмен бағытталған атриовентрикулалы бұдан және одан таралатын оң және сол аяқшалар құрайды.

Жүректің сол қарыншасынан қолқа арнасына өтетін артерия қанының 10%-ы жүрек қабырғасын қоректендіруге жұмсалады. Жүректің қан тамырларына: оң және сол тәждік артериялар мен үлкен, ортаңғы, кіші жүрек веналары жатады.

Жүректің жұмысын жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктері қосарынан жүйкелендіріп реттеп отырады. Симпатикалық жүйкелер жүректің бұлшық етін, оның қан тамырларын жүйкелендіріп, жиырылуын жиілетіп, жұмысын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйкелер жүректің жұмысын „баяулатып, жиырылуын сиретеді.

Жүрек ұрықтық кезеңде эндокард мезенхимадан, миокард пен эпикард мезодермадан дамып жетіледі. Алдыңғы кезде екі түтікше болып қалыптасып, соңынан олар бірігіп жүректі құрайды.

4 -сурет. Жүрекқаптың құрылысы. 1 - миокард, 2 — эпикард, 3 — перикард қуысы, 4 — перикард сірлі қабығының париетальды жапырақшасы, 5 — жүрекқаптың фиброзды қабаты, 6 — перикардиальды плевра, 7 — қабырғалық плевра (көкірек қуысы қабырғасының), 8 — көкірекіштік шандыр, 9 — көкірек қуысының қабырғасы, 10 — жүрекқап байламы, 11 — перикард сірлі қабығы париетальды жапырақшасынын жүректің эпикардына (висцеральды жапырақшасына) ауысқан тұсы.

Қорытынды

Жүрек жұмысы өр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады. Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді. Кан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс туады. Оны арнаулы баллистокардиография әдісімен зерттейді. Бұл әдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен оның әр түрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Жүрек жұмысы кезінде дүбір (әр түрлі дыбыстар) пайда болады. Оларды аускультация (тыңдау) әдісімен стетоскоп, не фонендоскоп арқылы, немесе арнаулы аспаппен жазыл (фонокардиография) зерттейді. Жүрек дүбірін I жене II негізгі, III, IV, V, қосымша дыбыска бөледі. 1 - дыбыс төмен, бәсен, созылыңкы, көмескі келеді. Ол систрола кезінде пайда болады да, систолалык дыбыс деп аталады және ЭКГ - ның 5 тісшесімен сәйкес келеді. Бұл дыбыс жармалы какпақшалардың жабылуының және карынша еттерінің жиырылуынын салдарынан лайда болады. Екінші дыбыс күшті, ашык, жоғары, келте, соңында күрт үзіледі. Оны диастолалық дыбыс деп атайды, ЭКГ-ның Т - тісшесіне сай келеді. Диастолалык дыбыс жүрекше еттері босаңсып, айшық какпакшалар жабылған кезде пайда болады. III дыбыс - әлсіз, сирек толкын ретінде карыншанының жыддам толу сатысында пайда болады. IV дыбыс сирек естіледі. Ол жүрекшелердің жиырылуы кезінде пайда болады, дыбыс сирек толқын ретінде II дыбыс естілген соң 0,3 секундтан кейін байқалады. Онын табиғаты әлі күнге дейін аиықталған жок. Бұл соңғы үш дыбыс ете әлсіз болғандықтан тек фонокардиография әдісімен ғана зерттеледі. Жүрек какпакшаларының жұмысы бүзылса, бұл дыбыстар өзгсріп, қосымша дыбыстар - әр түрлі шулар естіледі.