Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ангиология.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
307.67 Кб
Скачать

Кіріспе

Ангиология (angiologia; гр. angeion — тамыр, гр. logos — ілім) — адам организмдеріндегі жасушалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды, көптеген мүшелер мен мүшелер жүйелері қызметтерінің сұйықтық (гуморальдық) реттелуін, организмнің иммундық және фагоцитоздык қорғанысын қамтамасыз ететін тамырлар жүйесі мүшелерін зерттейтін ілім. Ангиология — адам организмдерінің қанайналым, лимфа айналым жүйелері және қантүзу мүшелерін зерттейтін морфология ғылымының үлкен саласы. Қан айналым жүйесі бір-бірімен түйық жалғасқан жүректен, қан тамырларынан: артериялардан (қызылтамырлардан), веналардан (көкгамырлардан), артериолалардан (қызылтамьфшалардан), гемокапиллярлардан (қан қылтамырларынан), венулалардан (көктамыршалардан) және осы түйықталған жүйеде үздіксіз ағып жататын сүйық ұлпа — қаннан тұрады. Лимфа айналым жүйесін лимфа қылтамырлары (лимфа капиллярлары), әкелгіш лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, әкеткіш лимфа тамырлары, лимфа өзектері және сүйық ұлпа — лимфа (сөл) құрайды. Қантүзу мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі майы, көкбауыр (талақ), лимфа түйіндері және лимфаэпителиальды құрылымдар (тандай, тіл, жүтқыншақ бадамшалары, ащы ішек қабырғасының кілегейлі қабық тары лимфа түйіншелері мен түймешелері) жатады. Организмдегі зат алмасу процесі (қоректік заттар мен ыдырау өнімдерін тасымалдау, газ алмасу) үздіксіз қозғалыста болатын сүйық ұлпалардың (қан, лимфа, ұлпа сүйығы) қатысуымен жүреді. Лимфа түйіндерінде, көкбауырда, лимфаэпителиальды құрылымдарда бактериялар мен бөгде заттар зиянсыздандырылады,улы заттар залалсыздандырылып бейтараптандырылады, қантүзу ағзаларында қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер — қан табақшалары) түзіледі.

Тамырлар жүйесі

Тамырлар жүйесі (сосудистая система) немесе жүрек-тамырлар жүйесі мен қан жасау мүшелері организміндегі торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің ұлпалары мен торшаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморальдық реттелуді, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды қорғаныс қызметтерін де атқарады.

Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімі — ангиология. Тамырлар жүйесі өз кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш: қанайналым, лимфа айналым.

Қан айналым жүйесі қан тамырларынан, жүректен және олардың қуысымен үздіксіз ағып жататын сүйық ұлпа қаннан түрады. Қанды жүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын артериялар (қызылтамырлар), қанды организмнен, керісінше, жүрекке алып келетін ірі қан тамырларын веналар (көктамырлар), ал артериялар мен веналардың аралығындағы тым жұқа қабырғалы

1 Сурет. Қан және лимфа айналымдарының нобайы

1 — бастың капиллярлары, 2 - лимфа түйіні, 3 - көкірек өзегі, 4 - иық-бас артерия бағаны, 5 — өкпе капиллярлары, 6 — қолқа (аорта), 7 — артқы қуыс венасы, 8 — қабырғалараралық артериялар, 9 — лимфа тамырлары, 10 — бүйрек капиллярлары, 11 - алдыңғы қуыс вена, 12 - алдыңғы аяқ капиллярлары, 13 — оң жүрекше, 14 — өкпе артериясы бағаны, 15 — оң қарынша, 16 — өкпе веналары, 17 — сол жүрекше, 18 - сол қарынша, 19 - бауырдың капиллярлары, 20 — бауыр венасы, 21 — қақпалық вена, 22 — қарын капиллярлары, 23 — аш ішектер капиллярлары, 24 — жуан ішектер капиллярлары, 25 — жамбас-құйымшак, капиллярлары, 26 — веналар, 27 - артқы аяқ артериялары майда қан тамырлары.

Адам организміндегі қан тамырлары құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар) және микроайналым арнасының тамырлары болып үшке бөлінеді. Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа және артериялар арқылы жүректің сол қарыншасынан дене мұшелеріне оттегіге қаныққан артерия қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне көмір-қышқыл газына қаныққан вена қаны тасымалданады. Кіші қанайналым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге өкпе артериясы бағаны арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрекшесіне өкпе веналарымен артерия қаны тасымалданады. Артериялар қанды жүректен организм мүшелеріне, веналар дене мүшелерінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан тамырлары. Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары жүйесін вена тамырлары жүйесімен байланыстырып, организм мүшелеріндегі қан мен ұлпалар арасындағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды іске асыратын жұқа қабырғалы майда қан тамырлары. Тек, "ғажап торларда" ғана қан капиллярлары (қылтамырлар), артерияларды немесе веналарды (бүйректе, бауырда) өзара байланыстырады. Қан тамырлары мезенхимадан дамиды.

Артериялар (қызылтамырлар) — қабырғасының құрылыс сипатына байланысты эластинді, етті-эластинді (аралас) және етті қызылтамырлар болып үш топқа бөлінеді. Артериялар құрылысы жағынан түтікше мүшелер. Олардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Олар: ішкі интима, ортаңғы медиа және сыртқы адвентиция қабықтары.

Эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясының бағаны жатады. Қанның жүректен жоғары қысыммен (150-200 мм сынап бағанасы) және үлкен жылдамдықпен (0,5-1,3 м/сек.) ағып шығуына байланысты аталған артериялардың кабырғалары қалың болып келеді және олардың серпімділік қасиеттері күшті жетілген. Ішкі қабығы интима екі қабаттан тұрады. Ішкі бетін астарлайтын эндотелий қабатын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан жұқа эндотелиоциттер құрайды. Оның астындағы екінші эндотелийасты қабатын жіңішке талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы түзеді. Бұл қабатта зақымдалған эндотелий қабатын қалпына келтіру қызметін атқаратын жас жұлдызша торшалар, макрофагтар, кейде аздаған ет миоциттері болады. Дәнекер ұлпасының аморфты заты гликозаминогликандарға бай. Ортаңғы қабығы медианы пішіні терезе тәрізді (фенстрлі) тесіктері бар 40-50 шақты эластинді жарғақтар кұрайды. Олар бір-бірімен өзара эластинді талшықтармен және қиғаш орналасқан миоциттер шоғырларымен қосымша байланысқан. Сыртқы қабығы адвентиция борпыл-дақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Оның коллаген талшықтары артерия бойымен ұзынынан орналасады. Адвентицияда артерияның қабырғасын қоректендіретін қан тамырлары мен жұмысын реттейтін жүйкелер болады.

Етті-эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясы бағанының жүректен алыс жатқан ірі тармақтарын жатқызуға болады. Жүректен алыстаған сайын аталған тамырлар қуыстарындағы қанның қысымы төмендейді. Сондықтан, аталған кан тамырларында, олардың қабырғаларының серпімділігімен қатар, қосымша жиырылып, қанды әрі қарай айдап, жүрекке жәрдем беретін жиырылғыш құрылым пайда болады. Осыған байланысты артериялар медиасы құрамында эластинді жарғақтардың аралықтарында, сақина тәрізді орналасқан бірьңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің шоғырлары жетіледі де, аталған құрылымдар тең мөлшерде араласып жатады. Қалған қабықтары мен қабаттарының құрылысы эластинді артерия қабырғасының құрылысына ұқсас.

Етті артерияларға мүшелерге қан әкелетін қызылтамырлар немесе мүшелер ішіндегі артериялар жатады. Етті артериялардың ішкі қабығы интима үш қабаттан құралған. Олар: ішкі қабаты — эндотелий, ортаңғы қабаты эндотелийасты қабаты және сыртқы — ішкі

2- сурет. Етті артерия мен вена қабырғаларының құрылысы

1 - интима (ішкі қабығы), 2 - медиа (ортаңғы қабығы), 3 - адвентиция (сыртқы қабығы), а - эндотелий, б - ішкі эластинді жарғақ, в - медиадағы миоциттер ядролары, г — адвентициядан борпылдақ дәнекер ұлпасы торшаларының ядролары, д — тамырлар.

Эластинді жарғақ. Ішкі эластинді жарғақ артерияның ортаңғы қабығы медиамен шектеседі. Медиа толығымен сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен тұрады. Ортаңғы қабық миоциттері шоғырларының аралықтарында эластин талшықтарының торлары болады. Ірі етті артерияларда медианың сыртқы жағында сыртқы эластинді жарғақтың пайда болуы мүмкін. Адвентиция қабығында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды.

Айта кету керек, организмдегі бүкіл артериялардың жиынтығын денедегі "шеткі жүрек" — деп те атайды. Себебі, бұл қан тамырлардың қабырғасында орналасқан эластикалық және ет ұлпалары қанның қозғалысына айтарлықтай үлес қосады.

Веналардың (көктамырлар) — қабырғалары да интима, медиа және адвентиция қабықтарынан құралған. Қанның қысымы (15-20 мм сынап бағ.) мен ағу жылдамдығының (10 мм/ сек.) төмендеуіне байланысты веналардың қабырғалары жұқа және қуысы кең болып келеді. Веналардың интимасында ішкі эластикалық жарғақ болмайды, яғни ол ішкі эндотелий және оның астындағы эндотелийасты қабатынан тұрады. Сонымен қатар, бұлардың интимасында тек жүрекке қарай ғана ашылып, қанның бір бағытта ағуына көмектесетін қақпақшалар (клапандар) болады. Қақпақшасыз веналардағы қанның ағысын, арнайы қысқыштар (сфинктерлер) реттеп отырады. Мұндай веналарды дроссельды веналар — деп атайды.

Көктамырлар ортаңғы қабығының құрылысына сәйкес, веналардың: етсіз және етті түрлері ажыратылады. Етсіз веналарға сүйек, көкбауырдың перделік, ми қабықтарының, көздің торлы қабығының, бауыр бөлікшелерінің орталық веналарын жатқызады. Бұлардың қабырғаларын негіздік жарғақта орналасқан эндотелий қабаты және оның сыртындағы жұқа талшықты дәнекер ұлпасы құрайды.

Етті венаның қабырғасында артериялар қабырғаларындағыдай интима, медиа және адвентиция қабықтары болады. Организмдегі орналасу орны мен ортаңғы қабығының кұрылысына байланысты етті венаның өзі ет қабығы нашар, орташа және жақсы жетілген веналар болып үшке бөлінеді. Ет қабығы нашар жетілген веналар дененің жүректен жоғары жатқан бөліктерінде және ас қорыту мүшелерінде кездеседі. Олардың медиасын дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы жалғасып жатқан жекеленген миоциттер шоғырлары кұрайды. Жүректің деңгейінде жатқан дене мүшелері веналарының интимасы орташа жетіледі. Ең жақсы жетілген веналардың ортаңғы қабығы аяқтардың веналары қабырғасында болады.

Веналардағы қанның қозғалуына, олардың ортаңғы қабығындағы миоциттердің жиырылуынан басқа көкірек қуысы тері қысымының ішке соруы мен веналармен көрші жатқан бұлшық еттердің жиырылып, веналар қабырғаларына қысымы және қақпақшалар әсер етеді.

Микроайналым арнасының тамырларына тым жұқа қабырғалы жіңішке қан тамырлары: артериолалар (қызылтамыршалар), венулалар (көктамыршалар), қан капиллярлары (қылтамырлар) және артериола-венулалық анастомоздар (жалғамалар) жатады. Лимфа капиллярлары мен лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасымен қоршалған микроайналым арнасының тамырлары дене мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуін және керекті мөлшерде қанның қорлануын, олардағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасу мен ұлпалардағы артық сұйықтың ағып кетуін іске асырады.

Артериолалар (қызылтамыршалар) — арнасының диаметрі 50-100 м.км, етті артерияларды капиллярлармен (қылтамырлар) жалғастырып тұратын тым майда етті артериялар тарамдары. Олардың қабырғасы тым жұқа үш қабықтан: интимадан, медиадан және адвентициядан тұрады. Артериола интимасының өзін үш қабат: эндотелий, эндотелийасты қабат пен ішкі эластинді жарғақ құрайды. Ортаңғы қабығы — медиа 1-2 қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен түзілген. Адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. И. М. Сеченов артериолаларды "тамырлар жүйесінің шүмегі" — деп атап, олардың организмдегі атқаратын қызметіне үлкен баға берген. Артериолалар артерия қанының капиллярлар арналарына таралу деңгейін реттеп отырады. Олардың қабырғаларындағы бір қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері жиырылып, босаңсып, артерия қанын керекті мөлшерде капиллярларға бөліп, қысқыш еттің, яғни "шүмектің" қызметін атқарады.

Жүрек

Жүрек (сердце) организміндегі ішкі орта сұйық ұлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мұше. Ол көкірек қуысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның жоғарғы жүрек табаны (негізі) — бірінші қабырғаның орта тұсында немесе иық буынының деңгейінде, ал төменгі жүрек ұшы (арех согdi) сол жақтағы 5-6 - ншы қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүрек төрт бөлімнен тұратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард қабықтардан құралған. Жүректің сыртқы бетіндегі табанынан ұшына қарай ұзынынан өтетін оң және сол қарама-карсы жақтарындағы ұзынша сайлар мен сол сайлар тұсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бұл бөліктер жоғарғы жүрекшелерден және төменгі қарыншалардан тұрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тәрізді оң және сол жүрекше құлақшалары шығып тұрады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң және сол жүрекше-қарыншааралық (атриовентрикулалы) тесіктер арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшалармен (клапандар) жабдықталған. Оң жүрекше-қарыншааралық тесікте оң атрио-вентрикулалы немесе үшжақтаулы қақпақша, ал сол жүрекше-қарыншааралық тесікте сол атрио-вентрикулалы немесе қосжақтаулы (митральды) қақпақша орналасады. Қақпақшалар жақтауларының ұштары сіңірлі желілер арқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге бекиді. Кақпақшалар жүрекшелер қуыстарынан қарыншалар қуыстарына қарай ашылады, ал кері бағытта жүрекше-қарыншааралық тесіктерді жауып, қанды қарыншалар қуыстарынан жүрекшелер қуыстарына өткізбейді. Оң жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы және артқы қуыс веналар алып келеді. Оң жүрекше қабырғасы жиырылғанда, вена қанының қысымымен оң атриовентрикулалы (үшжақтаулы) қақпақша төмен оң қарынша қуысына қарай ашылып, вена қаны қарынша қуысына өтеді. Қанға толғаннан кейін, оң қарынша қабырғасы жиырылады да, қанның қысымымен оң атрио-вентрикулалы қақпақша оң жүрекше-қарыншааралық тесікті жабады. Вена қаны үлкен қысыммен оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағанына ағып өтеді де, өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, вена қаны артерия қанына айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Бұлар вена қанын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағаны арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артериялар арнасынан оң қарынша қуысына кері өтуіне мүмкіндік бермейді. Өкпеден артерия қаны 3-4 өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне құйылады. Одан артерия қаны сол атрио-вентрикулалы (қосжақтаулы) тесік арқылы сол карыншаға, одан әрі қолқа — аорта тесігімен қолқа арнасына өтеді. Қолқа тесігі де артерия қанын тек бір бағытта, яғни сол қарынша қуысынан қолқа арнасына қарай өткізетін үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Оң және сол атриовентрикулалы және өкпе артериясы бағаны мен қолқа арналары тесіктерінің негізін талшықты (фиброзды) сақиналар құрайды.