Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
желдету, освещение.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
185.86 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

Мамандығы: «Емдеу ісі»

№ 1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: Үйлердің ауасының химиялық және бактериялармен ластануын, табиғи жіне жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау. Бөлмеге күн сәулесінің түсу режимін, табиғи және жасанды жарықты гигиенгалық бағалау.

Курс: 2

Қарағанды – 2005ж.

Кафедра отырысында талқыланды.

«___»_________2005 ж. Хаттама № ____

Кафедра меңгерушісі __________ Калишев М.Г.

1.Тақырыбы: Үйлердің ауасының химиялық және бактериялармен ластануын, табиғи жіне жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау. Бөлмеге күн сәулесінің түсу режимін, табиғи және жасанды жарықты гигиенгалық бағалау.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Адамның ұйқыдан басқа барлық өмірінің бәрі жарықта өтеді. 85 % - ке дейін сыртқы ақпаратты көз арқылы қабылдайды. Көз анализаторы арқылы 390 – 795 мкм ұзындықтағы ЭМ толқындар қабылданады.

Жарық адамның жұмысқа қабілетіне, тәртібіне және өміріне оңтайлы әсер етеді. Сонымен қатар, адамның психикасына әсер ететін эмоционалдық фактор болып табылады. Жұмыс орнының жарықтану интенсивтілігі көздің көруінің бұзылуының алдын алуда үлкен маңызды роль атқарады. Жұмыс орнының жеткіліксіз жарықтануы кәсіптік орнының көрмеу сырқатын тудырады.

Жарықтандырылуы ұтымсыз ұйымдасқан және нашар жарықтандырылған жерде жұмыс істеу салдарынан адамның ақыл – ой шаршауы және координацияның бұзылуы байқалады.

Элекроэнергияның көп мөлшері көшелерді, әр түрлі бағыттағы ғимараттардың жарықтануына (тұрғын үйлер, өндірістер, ЕПМ және т.б.) пайдаланады.

Сондықтан ұтымсыз және нашар жарықтандыру салдарынан жұмыс қабілетінің төмендеуі және қажудың, көздің көру функциясы бұзылуының алдын алу мақсатында жарықты ғылыми – негізді гигиеналық нормалау маңызды орын алады.

Атмосфералық ауаның механикалық құрамы негізгі газдар (азот, оттегі, көмірқішқіл газы), су булары, шаң бөлшектері мен микроорганизмдерден тұрады.

Атмосфералық ауаның құрамы тұрақтылықпен ерекшеленеді, ол ауада жүріп жатқан фотосинтез процестерімен байланысты (оттегі мен көмірқышқыл газының айналымы, органикалық заттардың ыдырауы, азотты тасымалдаудағы өсімдік және жан – жануарлардың қатысуы және т.б.).

Бөлме ішіндегі ауаның құрамы сыртқы ортадан өзгеше болады, себебі ауаның химиялық және физикалық қасиетіне әсер ететін көз бар.

Адам бар бөлмелер антропотоксиндермен ластанады. Тұрғын бөлмелердің санитарлық тазалығының көрсеткіші болып көмір қышқыл газының концентрациясы алынады. Көмірқышқыл газының көлемі бойынша бөлменің желдетілуі және аэрациялану тиімділігі бағалы болады.

Желдету және аэрация тұрғын, өндірістік және ЕПМ бөлмелерінің ауасын сауықтандыру бойынша шаралардың маңызды жүктемесі болып табылады.

4.Сабақтың мақсаты: Бөлмелерді табиғи және жасанды желдету мен жарықтандыру жұмысының маңыздылығы, бұл факторлардың әсерінен организмдегі пайда болған өзгерістерді оқу және зиянды әсерлерінің алдын алу шараларын өңдеуге үйрету.

Студент білуге тиіс:

  1. Бөлмелерді табиғи және жасанды жарықтандыруды бағалау әдістерін және оның гигиеналық маңызын.

  2. Күн спектрінің әр түрлі бөлімдерінің гигиеналық маңызын.

  3. Бөлменің тағайындалуы бойынша жарықтану деңгейін зерттеу әдістерін.

  4. Желдеткіштер мен ауа жаңарту түрлерін.

  5. Көмірқышқыл газы концентрациясы, ауа алмасу жиілігінің көрсеткіштері арқылы табиғи желдету жүйелерінің тиімділігін бағалау әдістерін меңгеру.

  6. Өндірістік бөлмелердегі табиғи желдету жүйесін ұйымдастыру принциптері.

Студент істей білуі керек:

  1. Люксметрмен жарықты өлшеуді.

  2. Табиғи жарық коэффициентін, жасанды жарықты, түсу бұрышы және саңылау бұрышы көрсеткіштерін анықтауды.

  3. Шамдардың және люксметрдің көмегімен жасанды жарықтандыруды меншікті қуаты бойынша есептеу.

  4. Бөлмедегі ауа алмасу жиілігін, желдетілу көлемін, көмірқышқыл газы концентрациясы бойынша желдету көлемін анықтауды.

  5. Экспресс әдіс бойынша тұрғыын бөлмелердің, қоғамдық ғимараттардың, ЕПМ – ң бөлме ауасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын анықтауды.

  6. Жүргізілетін зерттеулер бойынша гигиеналық баға беруді.

  7. Ауадан сынама алу тактикасын.