Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
56.07 Кб
Скачать

There are no translations available.

Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Барлық ересектердің, балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен, колиэнтеритпен және басқа да жедел ішек инфекцияларымен ауырмаған ел жоқ. Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы- жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдар пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Аурудың алғашқы белгілері: Іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретіне қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқастың жиі құсып, іш өткен сайын жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өзіндегі тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастаса дәрігерге көрінуі керек. Мұндай кезде дәрігер келгенге дейін біраз уақыт кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкізген жөн. Антибиотик қолдануға болмайды, өйткені аурудың клиникалық сипатын өзгертеді, мұның өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады. Емі: Жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін: емшек сүті,(нәрестелерге) айран, күріш суы, сұйық шай, кисель, қайнатылған және салқындатылған су, ауыз арқылы ішетін тұзды-минеральды су ерітіндісі- «Регидрон» Ұнтақтың 1 пакеті қайнатылып, бөлме температурасында суытылған 1 литр суға дайындайды. Дайын ерітіндіні әрбір 3-5 минут сайын ішу керек. Егер құспаса, аз-аздан жиі ішкізуге болады. Ерітінді әрбір күнге жаңадан дайындалады

Алдын алу шаралары: Шынында біз күн сайын күні бойына қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз Ішек инфекцияларының пайда болуының алдын алу үшін тағамдық азық-түліктердің жарамдылық сапасы өте маңызды – көптеген тағамдарда бактериялар тек қана өміршеңдігін сақтап қана қоймай, олар ауру тудырушы адамның қолымен тағамды ауызына апарғанда асқазан-ішек жолына кір қолы арқылы, ластанған су арқылы, сапасыз азық-түліктер арқылы түсіп қарқынды түрде көбейеді. Әсіресе, тұтынар алдында термиялық өңдеуден өтілмейтін тағамдар өте қауіпті. Ондай тағамдарға салаттар, винегреттер, сондай-ақ жемістер мен жидектер жатады. Салаттар мен винегреттерді, әртүрлі тұздықтар мен гарнирлерді тоңазытқышсыз түнге қалдыруға болмайды. Жаз және күз маусымында сүт және сүт өнімдерінде бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдайлардың туындайтынын білу керек. Жеке адамдардан сатып алған құйылып сатылатын сүтті міндетті түрде қайнату керек. Ал пастерленген ірімшіктен пісірмелер, пудингтер, сырниктер дайындаған дұрыс. Дайын тағам қалдықтарын міндетті түрде тоңазытқышта беті жабық ыдыста, шикі мен дайын тағамды бөлек ыдыста сақтау керек, оларды бөлек тақтайларда арнайы пышақтармен бөлу керек. Дүкендерде тауық еті сатылғанда +2, +3 градустық температурада 2 тәуліктен артық болмауы керек, бөлме температурасында жұмыртқа 25 тәуліктен артық сақталмауы керек. Құс еті мен жұмыртқаны сатып алғанда, олар қорапта болса да, бөлек пакеттерге салу керек. Өнімдердің жақсылап қуырылуы мен қайнатылуына көңіл бөліңіз. Етті қайнатқанда ірі кесек жасамай 1 сағаттан кем емес, жұмыртқаны 15 минуттан кем емес қайнату керек (осы уақыт аралығында сальмонеллалар толығымен жойылады). Жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз. Ал ең кішкентай нәрестелерге келсек, оларды аурудан сақтау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді, оларды күту кезінде: баланы әрбір тамақтандырар алдында және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуукерек Кей жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы мүмкін. Сол үшін «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздер әрқашан да өз маңызын жоймайды.

Вирусты диарея[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Вирусты диареялар - бір топ ( гастроэнтериттер) энтеротропты вирустармен шақырылатын, көбінесе фокальды-оральды механизммен тарайтын, клиникасында гастроэнтерит, энтерит түрінде ас қорыту жолының зақымдалуымен, интоксикация синдромымен және кей кезде тыныс алу жолдарының қабынуымен өтетін бір топ аурулар. Бір топ инфекциялары вирустармен шақырылатыны ХХ ғасырдың басында анықтала бастады. Түсініксіз себептермен пайда болған диареямен өтетін аурулардың өршіп көрінуі зерттеуге жол салды. Нәтижесінде диареяны тудыратын мүмкіншілік энтеровирустарда, аденовирустарда, ресвирустарда, ротовирустарда, парвовирустарда анықталды (астро-камици-миниротовирустар).

ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша ауыр түрінде өтетін диареялардың ішінде 20-40% вирусты этиологиялы, көбінесе ротовирусты. Жыл сайын жер бетінде 1-2 млн адамдар көбінесе балалар осы инфекциядан өлім табады. Қазіргі күндегі көзқараспен жедел ішек инфекциялардың себептерінің ішінде бірінші қатарда-ротовирустар, парвовирустар, одан кейін-энтеральды аденовирустар 40,41 энтеровирустар Коксаки және ЕСНО, корона-вирустар.

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Ротовирусты инфекция

    • 1.1 Клиникасы

    • 1.2 Патогенезі:

  • 2 Парвовирусты инфекция

  • 3 Емі

  • 4 Дереккөздер

§Ротовирусты инфекция[өңдеу]

Қоздырғышы-Rotavirus, Reoviridae тұқымдастан. Құрамында РНК-сы бар. Қазіргі күнде ротовирустардың 4 серовары белгілі-І, ІІ, ІІ, ІУ. 70% кезіндегі оқиғалар ІІ серовармен шақырылады. Ротовирустар сыртқы ортада төзімді деп есептеледі. Аурудың көзі ауырған адам немесе вирусты тасымалдаушы. Ауырған адамдар вирусты сырқаттың бірінші клиникалық көріністерінен бастап 7-10 күніне дейін нәжіспен шығарады. Максимальды түрінде сырқаттың 3-5 күнінде. Тарату механизмі-фекальды-оральды, бірақта аэрогенды түрінде де тарау мүмкіншілгі бар. Ауратындар көбінесе кішкентай балалар (0-3 жастағы). Үлкендер арасында-иммунитеті төмен адамдар ауыруы мүмкін (қосымша патологиялармен, қариялар т.б.). Сырқат көбінесе тағам арқылы тарайды. Мерзімі-суық уақытта. Бірен-саран оқиғалар жыл бойы кездесуде. Аурухана ішілік инфекция түрінде тарауы мүмкін. Патогенезі бойынша ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттері. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады. Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі. Иммунитет] аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі. Морфологиялық өзгерістер ротовирусты инфекцияларда ащы ішектің шырыштарының қан толуымен, серозды ісінуімен, қылшықтардың қысқаруымен, эпителиальды клеткалардың дистрофиялық өзгерістерімен байқалады.

Ротовирус. Электронды микроскоп арқылы алынған сутрет

§Клиникасы[өңдеу]

Инкубациялық мерзім 15 сағаттан 3-5 тәуліке дейін. Сырқат жедел, кейде аяқ астынан басталады. Бірінші көрінісі көбінесе-құсу, бірреттік құсу болады, кейде қайталама түрде, көбінесе ауру басталғаннан бірінші тәулігінде басталады. Кей науқастарда құсу іш өтумен бірге бір уақытта болады. Нәжісінің түсі жасылдау, сарғыш-жасыл түсті болады. Кейбіреулерінде нәжісінде шырыш болады, тәулігіне 1-2 рет өтеді. Ауырсыну толғақ тәрізді эпигастрии, мезагастрии аймағында болады. Іші құрылдайды. Сонымен қатар гастроэнтерит синдромына интоксикация синдромы қосылады.

§Патогенезі:[өңдеу]

Ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттер. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады.

Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі.

Иммунитет аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі.