Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
56.07 Кб
Скачать

§Парвовирусты инфекция[өңдеу]

Негізгі қоздырғышы – Norualk вирусы, диаметрі 66 нм. 7 морфологиялық және 4 серологиялық типтері сипатталған. Инфекция көзі-ауру адам. Таралу жолы: ауа-тамшылы, фекальды-оральды, тұрмыстық-қатынас жолдарымен беріледі. Көбінесе қыс айларында өршиді. Инкубациялық кезеңі 2-3 күн, 24 сағаттан 7 күнге өтуі мүмкін. Басталуы жедел, дене қызуы жоғарлайды. Науқас шағымдары қатты әлсіздік, адинамия, жүрек айну және құсу, бас айналумен жүргізіледі. Көптеген науқастарда бұлшық еттері ауыратынына шағымданады. Ауырғандардың жартысында іш өтуі дамиды да, энтерит секілді өтеді. Ауыр жағдайда гиповолемиялық шок дамуымен тырысқақ тәрізді ағыммен сипатталады. Ішінде ауырсыну көп болмайды, бірақ ішінің жоғары бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну болады. Іші кепкен, пальпацияда қатты ішінің құрылдауы байқалады. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Гемопрограммада-лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз, моноцитопения. Аурудың ұзақтығы 12-24 сағаттан 2-3 күнге созылады. Жалпы науқастың жағдайы әлсіздік, қалтырау, 20-30% науқастарда температурасы жоғарлайды, кей кезде субфебрильді санға жетеді, бас айналу, талып қалуы болуы мүмкін. Қарап көргенде сұйықтық жоғалтқанда шырышты қабаттарының құрғақтығы байқалады. Іші жұмсақ, кіндік маңайын пальпациялағанда аздап ауырсыну болады, терең пальпацияда іш құрылы естіледі. Лабораторлы дәлелі: Гемограммада өзгерістер жоқ, СОЭ қалыпты. Науқастардың 1-ші тәулігінде кейбіреуінде лейкоцитоз және нейтрофинез, лейкопения салыстырмалы лимфо және моноцитоз, кейде эозинофилие болады. Ауру ағымы 5-7 күнге созылады. Ситуациялық тексерулер:

  • вирусологиялық

  • серологиялық (жұпты сарысулар әдісімен)

  • копрограмма

§Емі[өңдеу]

Патогенетикалық дегидратациялық және дезинтоксикациялық

АНА, БАЛАҢДЫ БАҚЫЛА!

Жаз айында, оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидектің піскен уақытында түрлі жұқпалы аурулардың көбейіп кететіні белгілі. Әсіресе, балалар жедел-ішек инфекциясына жиі шалдығады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аталған ауру тұмаудан кейін екінші орынды алады екен. Ал жыл сайын 5 миллионға жуық бала ішек инфекциясының асқынуынан көз жұмады. Мәселен, биылғы жартыжылдықта облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 676 бала емделіп шыққан.

БАСТЫ СЕБЕПСАЛҒЫРТТЫҚ

Жалпы, аталған ауруханада түрлі жұқпалы аурулармен 14 жасқа дейінгі балалар емделіп шығады. Алайда қазіргі күні жаңа туған және үш жасқа дейінгі сәбилер арасында жедел-ішек инфекциясы өршіп тұр. Мәселен, алты айда түскен 676 баланың 56-сы дизентерия болса, 34-і сальмонеллез, 136 бала тамақтан уланған екен. Осы аурухананың балалар бөлімінің меңгерушісі Сара Алманиязова бұған көп жағдайда ата-аналардың салғырттығы себеп болатынын сөз етті.

Ішек инфекциясыжұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықты сақтамаудан, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолданғаннан, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен жұғады. Ішек инфекциясының түрі көп. Қазіргі күні дизентерия, сальмонеллез, диарея аурулары жиі кездеседі. Бұндай аурудың құрығына алдымен балалар ілінеді. Ауруханаға келген баланы арнайы тексеруден өткізіп, қандай таяқшаның ауруды қоздырып тұрғанын анықтаймыз. Осыған орай нақты диагноз қойылып, ем жүргізіледі.

Сәбилердің ауру жұқтыруына алдымен аналар кінәлі. Мәселен, бүгінде көп ана сәбиін емшек сүтімен емізбейтіндіктен жасанды сүтпен тамақтандырады. Ыстық күндері езілген сүт ұзақ уақытқа шыдамайды. Кейде аналар баланың тауыспаған сүтін 1-2 сағаттан кейін қайта береді. Ал ашыған сүт сәбидің ішегін бұзады. Бұған қоса аналардың көпшілігі баланың резеңке емізігін алдымен өзінің аузына, содан кейін баланың аузына салады. Жерге түсіп кетсе де осылай істейді. Балаға беріп отырған тамақтың бірінші дәмін өзі көріп, сол қасықпен жартысын сәбиіне береді. Ал ересектердің ауыз қуысындағы микробтар өзіне қалыпты болғанмен балаға зиян. Бұл сәбилердің ауру жұқтыруына әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай қарапайым қағидаларды ата-аналарға түсіндіріп жатамыз. Қазіргі күні әйелдерге сәбиін алты айға дейін емшек сүтімен қоректендіру қажет екенін айтып әрі осыған үйретудеміз. Өйткені емшек сүті баланы түрлі аурулардан қорғайды.

Сондай-ақ қазір қарбыз-қауынның піскен уақыты. Қарбызды сатып аларда сатушы жанын үш бұрыштылап тіліп, ішін көрсетеді. Тілінген жерге микроб түсуі мүмкін әрі базардағы қарбыздың күн көзінде тұратыны белгілі. Ал осындай қарбызды жеген баланың инфекциялық ауруды жұқтыратыны анық. Айта кететін бір нәрсе, кейбір ата-ана балаларына шұжық береді. Қазір бала емес, үлкендердің өзіне шұжықты көп жеу зиянды. Сондықтан ата-аналар балаларына жеміс-жидектерді жуып бергені жөн және сәбилеріне йогурт, шұжық секілді тағамдарды беруге болмайтынын ескертеміз. Яғни аурудың барлығы дұрыс тамақтанбаудан және тазалықты сақтамаудан пайда болады, — деді.

Қазіргі күні ауруханада аудан балалары да емделуде. Яғни қалаға қыдырып келген олар ішек инфекциясын жұқтырып алған. Ауруханаға түскен балалар тегін ем алып шығады.