Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
118.27 Кб
Скачать

Тема: История Казахстана. Примечание - НОВЫЙ_Батталов К.К.

1. Қазақстан территориясын ежелгі адамдар қоныстана бастаған жылдар

A) 800-700 мың жыл бұрын

2. «Алтын адамның» Қазақстандағы табылған жері а) Есік (Алматы облысы)

3. Оңтүстік Қазақстан палеолитінің ескерткішін атаңыз A) Бөріқазған

4. «Неолиттік төңкеріс» - бұл: A) иемдену шаруашылығынан өндіру шаруашылығына көшу

5. Тиграхауда-сақтарының Қазақстандағы қоныстанған террриториясы

A) Жетісу мен Шығыс Қазақстан

6. Сақтарды «жүйрік атты турлар» деп төмендегі ежелгі деректе атаған A) «Авестада»

7. Сақ-массагеттердің әйел патшасыA) Томирис

8. Сыма Цянь үйсіндердің жеке меншігі туралы жазған тарихи еңбек A) «Тарихи жазбалар»

9. Сарматтар мекендеген Қазақстанның аймағыA) Батыс Қазақстан

10. Алғаш рет ежелгі палеолиттік кезең тұрақтары табылған Қазақстанның бөлігі

A) Қаратау маңында

11. Сақтар туралы мәліметтер сақталған "Тарих" еңбегінің авторыA) Геродот

12. Сақ қорғандарында табылған заттар төмендегі стильге сәйкес:A) аң

13. Үйсіндердің жоғары билеушісінің титулыA) гуньмо

14. Ақынақ - бұл:A) қанжар

15. Андроновтықтар жататын антропологиялық түрA) европеоидтық

16. Мезолиттің хронологиялық шегіA) б.з.д 12-5 мың жылдық

17. Қоланың құрамыA) мыс және қалайы қосындысы

18. Б.з.д. III ғасырда сақ тайпаларының орнына үйсіндер келді. Олар орналасқан территория:

A) Жетісу

19. Садақ пен жебе кезеңде ойлап табылған кезеңA) Мезолит

20. Сақтар табынған тәңірA) Митра

21. Чигучен қаласы астанасы болған мемлекет:A) Үйсін мемлекеті

22. Ғұндардың басты шаруашылығы A) көшпелі мал шаруашылығы

23. Өткен тарихты тарихи-заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым саласы

A) Археология

24. Адамзат тарихындағы ең ерте кезең A) Палеолит

25. Сақтардың қоғамдық құрылысы A) әскери демократия

26. Сақтардың парадарайя тайпасы орналасқан жер A) Арал маңында

27. Адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең A) Тас дәуірі

28. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі A) мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы

29. Қазақстан территориясындағы алғашқы адам іздері жататын кезең A) ерте тас дәуірі

30. Палеолит дәуіріндегі ежелгі адам тұрақтары табылған аймақ A) Оңтүстік Қазақстан

31. Қазақстан территориясындағы андронов тайпалары мекендеген жерлер A) оның басым бөлігі

32. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған елді мекен

A) Ачинск қаласының маңы

33. Қазақстандағы қола дәуірі қамтыған кезең A) Б.з.б. 18-8 ғғ.

34. Ертедегі темір және мыс өндіру дамыған Қазақстанның облысы A) Қарағанды

35. Сақтарды өз әскерінің құрамына кіргізіп, алыс жорықтарға қатыстырған мемлекет

A) Ахеменид державасы

36. Жетісуда үйсін тайпасы өзіне бағындырған тайпалар A) сақтар-тиграхаудтар

37. Еділ билеушісі болған тайпалар A) ғұндар

38. Парсылармен соғыс барысында ерекше көзге түскен сақ патриоты A) Ширақ

39. Сақтармен соғыста көз жұмған парсы басшысыA) Кир

40. Қаңлы мемлекетінің астанасы A) Битянь

41. Андронов тайпаларының мәдениетінде қолданылған орнамент

A) геометриялық

42. Киіз үйдің прототипіне жатады: A) андроновтықтардың дөңгелек жер үйін

43. Ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениеті жөнінде дерек көзі болып табылатын археологиялық материал A) тас еңбек құралдары

44. Палеолит дәуірінде адамдардың алғашқы қауымдық ұйымы атқарған басты функциялар

A) бірлесіп қорғану және шабуылдау, аңшылық, терімшілік

45. Грек авторларының еңбектеріндегі сақтардың атауыA) азиялық скифтер

46. Кейінгі қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың шаруашылығындағы өзгерістер

A) көшпелі мал шаруашылықтарының пайда болуы

47. Сақтардың өнерінің дамуына мәдени әсері болған ел: A) Ахеменидтік Иран

48. Ұлы Жібек жолы бойында алтынмен қатар халықаралық валюта деп саналған тауар түрі

A) жібек

49. Өндірістік шаруашылық түрі A) мал шаруашылығы және егіншілік

50. Андронов мәдениетінің ескерткіші алғаш рет табылған жыл A) 1914 ж.

51. Шығыс-иран тайпаларының түркілену процессі Қазақстан территориясына қай тайпалардың енуімен байланысты? A) ғұндар

52. Қола дәуірінің Беғазы және Дәндібай ескерткіштері табылған Қазақстанның аймағы

A) орталық

53. Қаңлылардың шарушылығындағы үстем саланы атаңыз: A) егіншілік

54. Б.з.д. 490 ж. Марафон шайқасында сақтар кімдермен бірігіп, кімдерге қарсы шықты?

A) парсылармен бірігіп, гректерге қарсы

55. Ұлы Қытай қорғанын салуға себеп болған тайпалар A) ғұндар

56. Ұлы қоныс аударулардың басталуына негіз болған тайпалар A) ғұндар

57. Жартылай көшпелі мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту кезінде андроновтықтар шаруашылығында азайған мал түрі A) ірі қара мал

58. Аңшылардың шағын топтарға бірігіп, аң аулай бастауының алғышарты

A) садақ пен жебенің ойлап табу

59. Андронов қоғамында рулық ұжымдық меншікті алмастырған меншік түрі

A) жеке отбасылық

60. Ғұн қоғамындағы рулардың саны A) 24

61. Отырықшы сақ елді мекендері A) Шірік-рабат, Бәбіш молла, Баланды

62. Ежелгі парсы деректерінде бойынша сақ тайпалары бөлінген топтар

A) хаомоварга, тиграхауда, парадарайя

63. Сақтардың аң стилінің қалыптасуына мәдени әсер күшті болған ел

A) Ахеменидтік Иран

64. Қаңлы және үйсін қоғамы жөніндегі негізгі ақпаратты беретін деректерді атаңыз

A) қытайлық

65. Чжи-Чжи мен қаңлы билеушісінің одағы қарсы бағытталған мемлекет A) Үйсін мемлекеті

66. Кейінгі қола дәуірі қамтитын хронологиялық шеңбер A) б.з.д. 12-8 ғғ.

67. Андронов мәдениетінің керамикасының айрықша белгісі

A) геометриялық ою-өрнектің бар болуы

68. Қазіргі Қостанай мен Шелябі облыстары шекарасында орналасқан қола дәуірінің ежелгі қаласы A) Арқайым

69. Қола дәуірінің 30 қонысы мен 150 қорымы табылған Қазақстанның аймағы

A) Орталық Қазақстан

70. Сақтар «жүйрік атты турлар» деген атаумен кездескен еңбекті атаңыз: A) «Авеста»

71. "Алтын адам" ескерткіші қай тайпаның мәдениетіне жатады? A) Сақтарға

72. Неолит дәуірінде туындаған адамдардың шаруашылық кәсібі A) егіншілік

73. Қазақстан аумағында тайпалық одақтардың құрылған кезеңі A) ерте темір ғасырда

74. Гуньмо - қай елдің билеушісінің титулы? A) үйсін

75. Ғұндардың Қазақстанда қоныстану уақыты A) б.з. 93 ж. D) б.з.д. 55 ж.

76. Ғұн билеушісі: C) Мөде D) Чжи-Чжи

77. Тарих атасы C) Геродот

78. Мемлекеттердің астаналарын сәйкестендіріңіз:

1) Үйсін-Чигучен

2) Қаңлы-Битянь

3) Батыс Түрік қағанаты-Суяб

79. Қаңлылармен әскери одақ жасасқан ғұндардың билеушісі A) Чжи-Чжи

80. Хронологиялық шектерді сәйкестендір:

1) Төменгі палеолит- б.з.д 800-140 мж.

2) Ортаңғы палеолит- б.з.д 140-40 мж.

3) Жоғарғы палеолит- б.з.д 40-12 мж.

4) Мезолит- б.з.д 12-5 мж.

5) Неолит- б.з.д. 5-3 мж.

81. Мезолит дәуірінде… ойлап табылды:A) гарпун E) садақ пен жебе

82. Неолиттік төңкерістің мәні

A) өндіруші шаруашылыққа көшу

F) егіншілік және мал шаруашылық

83. Ирандықтар сақтарды қалай атаған?A) жүйрік атты туралар B) құдыретті ерлер

84. Сақ патшайымы Томирис: «Сен қанды көкседің ғой, енді іш оны құмартқанша!» - деген сөздерін арнаған парсы патшасы A) Кир

85. Ғаламшар моделі табылған Қарғалы тұрағы қай тайпалық бірлестікке тиесілі? A) Үйсіндер

86. Бехистун жазбаларын жазуға бұйрық берген парсы патшасы A) І Дарий

87. Қаңлы тайпалары мекендеген территория B) Оңтүстік Қазақстан

88. Сақ қоғамына сәйкес келетін сипаттама:

A) әскери демократияның болуы

B) аң стилінің қалыптасуы мен дамуы

C) көшпелілікке өту

D) ахеменид мәдениетінің әсері

89. Сақ тайпалары мен олардың мекендеу территорияларының арасындағы сәйкестікті анықтаңыз:

1) Тиграхауда сақтар Жетісуда

2) Хаомаварга-сақтар Мургаб өзенінің алқабында

3) Парадарайя-сақтар Арал маңында

90. Сақтардың тұрақты отырықшы қоныстарыA) Шірік-Рабат B) Бәбіш-мола

91. Неолит дәуірінде қалыптасқан адамдардың шаруашылық түрлері

A) егіншілік

B) мал шаруашылығы

92. Мезолиттің жаңалығыA) гарпун E) садақ пен жебе

93. Александра Македонскийге қарсы сақтардың күресін басқарған тұлға A) Спитамен

94. Сарматтардың ескерткіштері орналасқан алқапты өзендер A) Орал, Елек, Ембі

95. ҚАКСР-дің астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілген жыл A) 1929ж.

96. ҚАКСР-сы Қазақ Кеңестік Социалистік Республика болып өзгертілген жыл A) 1936 ж.

97. 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған маңызды құжат

A) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң

98. Ұлттық валюта - теңге енгізілген жыл

A) 1993 ж.

99. 1920-25жж. ҚазАССР-ның Орталық атқару комитетінің басшысы болған қайраткер

A) С.Меңдешев

100. ҚазАССР-ның құрылуы туралы Декрет шыққан жыл A) тамыз 1920 ж.

101. 1919-20жж. Қазревком ие болған билік түрі A) әскери-азаматтық

350. ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы тарихи уақиғалар:

A) Бөкей Ордасының қалыптасуы

B) Кенесары Қасымұлының көтерілісі

D) «Сібір қырғыздары туралы» жарғысының қабылдануы

351. ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы ағартушы қайраткерлер:

A) А. Құнанбаев B) Ы. Алтынсарин C) Ш. Уәлиханов

352. Тарихи уақиғалар мен оған қатысушы тұлғалардың есімдерін сәйкес қойыңыз:

1) Бірінші орыс революциясы ж Ақпаев

2) Орта жүздің Ресей бодандығына өту Әбілмәмбет хан

3) «Қазақ» газетін басып шығару А. Байтұрсынов

4) «Сібір қырғыздары туралы» жарғысын әзірлеу М. М. Сперанский

353. Құбылыстарды хронологиялық тәртіпте орналастырыңыз:

A) Қазақ-жоңғар соғыстары

B) Бөкей Ордасының қалыптасуы

C) Кенесары Қасымұлының көтерілісі

D) Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы

E) Бірінші орыс революциясы

Верный ответ: A, B, C, D, E

354. Тарихи құбылыстар мен хронологиялық кезеңдер арасында сәйкестікті табыңыздар:

1) Бірінші орыс революциясы 1905-1907 жж.

2) Кенесары Қасымұлының көтерілісі 1837-1847 жж.

3) Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы 1881-1883 жж.

4) С.Датұлының көтерілісі 1783-1797 жж

355. Кіші жүздің басқару жүйесін өзгертуге ұмтылған генерал - губернаторлар:

B) ИгельстромD) Эссен

356. Қарахандар мемлекетінде ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланған жылы A)960 ж.

357.Араб деректемелерінде қыпшақтарды мекендеген территориясының атауы A)Дешті-Қыпшақ

358. Сырдария мен Әмударияның аралығының аталуыA) Мәуераннахр

359. 751 жылғы Атлах шайқасында жеңіске жеткендер:A) арабтар

360. Арабтар «Сүзеген» деп атаған түркештердің қағаныA) Сұлу қағанды

361. VIII ғасырдың ортасына дейін қыпшақтардың ежелгі түркі руникалық ескерткіштеріндегі атауыA) сирлар

362. 552 жылы түріктердің билеушісі Бумын талқандаған мемлекетA) жужан мемлекетін

363. Батыс Түрік қағанатының астанасы:A) Суяб

364. Қимақ билеушісінің ордасы орналасқан жер:A) Ертісте

365. Қырғыздар бүлік шығарған ұйғыр қолбасшысымен бірігіп, Ордабалықты басып алған жыл

A) 840 ж.

366. Оғыз мемлекетінің астанасыA) Жаңакент

367. Жетісудан оғыздарды ығыстырған тайпаларA) қарлұқтар

368. Қарақытайлар мемлекетінің негізін қалаушысыA) Елюй-Даши

369. 840 жылы қарлұқтардың билеушісі қабылдаған титулA) қаған

370. ХІ ғасырдың басында керейлер мен наймандар қабылдаған дін:

A) несториандық (христиандық)

371. «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторыA) Махмұд Қашқари

372. ХІІ ғасырдың басындағы керейіт мемлекетінің билеушісіA) Тоғрұл хан

373. ХІ ғасырдың І жартысында қазақстандық теңге сарайы орналасқан қалаA) Тараз

374. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» поэмасы кімге арналып жазылды?A) Сатұқ Богра хан

375. Махмұд Қашқаридің еңбегін атаңыз:A) «Түркі тілдерінің сөздігі»

376. Әл-Фараби дүниеге келген қала:A) Отырар

377. ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы монғол және түрік тайпаларының тарихы бойынша Рашид ад-Диннің еңбегі:

A) Жылнамалар жинағы

378. Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған қазақтарды қабылдаған моғол ханыA) Есен-Бұға

379. «Тарихи-и-Рашиди» еңбегінің авторыA) Мұхаммед Хайдар Дулати

380. Қарахандар мемлекетінің негізін салушы:A) Сатұқ Боғра хан

381. Теміршін ақ киізге отырғызылып, көшпелі әлемнің билеушісі Шыңғысхан атына ие болған жылA) 1206 ж.

382. VI-XII ғасырлардағы Қазақстанда экономикалық және мәдени өмірдің орталығы орналасқан аймақA) Оңтүстік Қазақстан

383. Отырардың моңғолдардың қолына түсунің себебіA) Қараджа хаджибтың сатқыншылығы

384. Батыс Түрік қағанатында он тайпа одағына кірген тайпаларA) дулу және нушиби

385. Ежелгі орыс деректеріндегі қаңғарлардың атауыA) печенегтер

386. Ноғай атауының шығу негізіA) адамның аты

387. Он оқ бодан - бұл…A) Батыс түрік қағанатындағы он тайпаның одағы

388. VIII-XI ғасырларда қыпшақтар қай мемлекеттің құрамында болды?A) Қимақ қағанаты

389. Мезгілдік жайылымдардың қайсысын қазақтар көктемгі уақытта пайдаланды?A) көктеу

390. Моғолстанның астанасын атаңыз:A) Алмалық

391. Қорқыт - бұл ...A) атақты жырау, дарынды композитор

392. Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі орналасқан қалаA) Түркістан

393. Шыңғысхан мемлекетінің пайда болған уақытыA) ХІІІ ғ. басында

394. Алтын Орданың басты қаласыA) Сарай

395. Түрік қағанатының негізін қалаушы…A) Бумын

396. Түркеш қағандар әулетінің негізін қалаушысыA) Үш-елік-қаған

397. Түрік қағанатының қағандары шыққан ақсүйекті рудың атауы:A) ашына

398. Батысқа жорықты басқарып, Солтүстік Кауказ, Қара теңіз өңірін жаулап алған қаған

A) Істеми

399. Түріктер мен Иранның одағы қарсы бағытталған мемлекетA) эфталиттер мемлекеті

400. Иранға барғанда түркілердің елшілігін басқарған елші A) Маниах

401. Моғолстан атауын алған солтүстік-шығыс территориялардың Шағатай мемлекетінен бөлінген жылыA) 1346 ж.

402. Моңғол империясының орталығынан Алтын Орда ________ ханның тұсында толық бөлінді

A) Берке

403. Алтын Орданың шарықтау шегіне жеткен кездегі хандарыA) Өзбек және Жәнібек

404. Ұлысының құрамына Ертістен Еділге дейінгі территория енген тұлғаA) Жошы

405. Алтын Орда мемлекетіне тәуелді орыс кінәздіктерінде жергілікті тұрғындарының үстінен әскери бақылауды және салық жинауды жүзеге асырғандар:A) басқақтар

406. Алтын Орда мемлекетінде атқарушы билігінің орталық органы:A) диуан

407. 1237-1241 жж. Русь пен Еуропаға жорықты басқарушыA) Бату хан

408. Бердібек тұсында басталған жиырма жылдық өзара қырқыс болған жылдар

A) 1359-1379 жж.

409. Ұлысының құрамына Шығыс Түркістан, Жетісу және Мәуераннахр жерлері енген Шыңғысханның ұлы:A) Шағатай

410. Алтын Ордадағы билікті басып алған Ақ Орда билеушісі:A) Ұрыс

411. Ұлысының құрамына моңғолдардың өз жерлері тиесілі Шыңғысханның ұлы: A) Төле

412. Қазақтардың көш кезінде бағдар алып отырған шоқжұлдызыA) Жетіқарақшы

413. Моғолстан мемлекетінің хандары шыққан әулетA) Шағатай

414. Ақ Орда хандар әулетінің негізін салған, Жошы ханның үлкен ұлы...A) Орда-Ежен

415. Тоқтамыстың Алтын Орда мемлекетінің тағын иемденген жылы:A) 1380 ж.

416. Қазақ хандары тараған әулетA) Жошы

417. Моғолстан мемлекетінде осы тайпаның өкілдері маңызды рөлді атқарған...A) дулаттар

418. Әмір Темір мемлекетінің астанасы:A) Самарқан

419. Ноғай Ордасының астанасы:A) Сарайшық

420. Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары:A) 1336-1405 жж.

421. Әмір Темірдің Мәуеранахр мемлекетінің билеушісі ретінде жарияланған жылыA) 1370 ж.

422. Түрік қағанаты құлаған жылA) 603 ж.

423. Алғашқы заңдар жинағы жасаған қазақ ханыA) Қасым

424. Орта жүзге кіретін рулар:A) найман, қыпшақ, арғын

425. 1680-1718 жылдардағы қазақ ханыA) Тәуке-хан

426. Қазақ мемлекетінің негізін қалаған сұлтандарA) Керей, Жәнібек

427. «Жеті Жарғы» дегеніміз ...A) Тәуке ханның заңдар жинағы

428. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңіA)XIV-XV ғғ.

429. Батысқа жаулаушылық жорықтар жасаған түріктердің көздеген экономикалық мақсаты:

A) Ұлы жібек жолының маршрутына бақылау жүргізу

430. VI ғасырдың соңында Орта Азия мен Қара теңіз маңында түріктердің жеңілуіне әкелген алғышарттарA)ішкі қырқыстар мен әлеуметтік қарама-қайшылықтардың өршуі

431. Түрік қағанатындағы мұрагерлік принципі:A) үлестік-тізбектік

432. Билікті мұрагерлікпен иеленудің үлестік-тізбектік принципі - бұл:

A) қаған билігінің үлкен ағасынан кішісіне, немере ағасынан інісіне берілуі

433. Билікті мұрагерлікпен иеленудің үлестік-тізбектік жүйесі қай елде қолданылды:

A) Түрік қағанатында

434. Қыпшақ шаруашылығының негізін құрған ...A) көшпелі мал шаруашылығы

435. Түргеш қағанатының әлсіреу себебі:

A) екі майданда соғыс жүргізу қажеттілігі мен сары мен қара түркештер арасындағы қайшылықтардың күшеюі

436. 550-560 жылдары Шығыста Сары теңізден батыста Еділге дейінгі территорияны өзіне қаратқан мемлекетA) Түрік қағанаты

437. Қарлұқтардың билеушісінің хакан титулын қабылдау себебіA)Ұйғыр қағанатының құлауы

438. Қарақытай билеушісінің титулы A) гурхан

439. ХІІ ғасырдың 30-40-шы жылдарында Мәуераннахрдағы билікті басып алған тайпалар

A) қидандар

440. Ежелгі түркі руникалық ескерткіштерінде Түркі қағанатының бұқара халқының атауы

A) қара бодан

441. Арабтар түркештің Сұлу қағанын «Әбу-Мұзахим» (Сүзеген) деп атап кетуіне себеп болған жеке-дара басының қасиеттері A) табандылығы мен шешім қабылдаудағы батылдығы

442. 551 жылы түркі билеушісі Бумынға бағынған тайпалар A)теле

443. 1380 жылы Куликов алаңында жеңіліс тапқан Алтын Орда әскерінің түменбасы...A)Мамай

444. Алтын Орданы күйрете жеңіп, оның мемлекет ретінде ыдырау үрдісін жеделдеткен билеуші

A) әмір Темір

445. Қазақ хандары мен Мұхаммед Шейбани арасындағы ұзақ күрестің себебі

A) Сыр бойындағы қалаларды бақылау ұмтылысы

446. Қазақ хандығы туралы Батыс Еуропада белгілі болған кездегі қазақ ханы A)Қасым

447. Әмір Темірдің хан титулына иелік етпеу себебі A)ол Шыңғыстың ұрпағы болмады

448. 552 жылы жужандарды жеңген соң түріктер үстемдік құрған территория

A) Орталық Азия далалары

449. Қазақ ханы Жәңгірдің билігі кезіндегі болған құбылысты атаңыз:

A) жоңғарлардың агрессиясына қарсы ұзақ күрес жүргізу

450. Тоқтамыс пен Темірдің арасындағы соғыс нәтижесінде:

C) Алтын Орда құлатылды, астанасы басып алынды, нәтижесінде біртіндеп мемлекеттің құлауына және бірнеше тәуелсіз елдердің пайда болуына әкелді

451. Қазақстан территориясы ұлыстарының құрамына кірген Шыңғыс-ханның ұлдары

A) Жошы B) Шағатай C) Үгедей

452. Өзбек ұлысының негізін қалаушы ...A) Әбілқайыр

453. Ежелгі түркілердің тотеміA) қасқыр (бөрі)

454. Билігі тұсында қазақ мемлекеті ерекше гүлденген хан:A) Қасым

455. Қазақ хандығында билік құрмаған хан:E) Махмұд

456. Әбілқайыр ханның саясатынан назары болған халықтың әрекетіD) көшіп кетті

457. Орталық Қазақстандағы құрметіне кесене қойылған билеуші:A) Жошы

458. 751 жж Талас соғысына қатысқандар:A) қытай, араб, қарлұқтар

459. Қазақ хандарының билік құруының ретімен құрыңыз:

A) Керей

B) Жәнібек

C) Бұрындык

D) Қасым

E) Тәуке

Верный ответ: A, B, C, D, E

460. Ежелгі түркілер құдайларының пантеоны:B) Тәңірі, Ұмай, Жер-Су

461. Орта жүзге кірмейтін тайпалар:D) байұлы

462. Жоңғарлармен соғыста қайтыс болған ханA) Жәңгір

463. Тұлғалар мен олардың негізін қалаған мемлекеттерді сәйкестендір: