Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Озон қабатының жұқаруы

Қазіргі таңның актуальды мәселелерінің бірі - Озон қабатының жұқаруы. Озон қабаты жерден 20-30 км биіктікте орналасып, құрамына озон молекуласының мол концентрациясын жинақтаған. 30 км биіктіктен кейін озон қабатымен 90 % ультракүлгін сәулелері сіңіріліп, 20-25 км биіктікке тіршілік үшін қауіпті радиация жетпейді.Озон молекулалары атмосферада түзіліп, күрделі химиялық процестер нәтижесінде сол ортада ыдырайды. Ультракүлгін сәулесінің болмауы озонның қарқынды түрде түзіліп, мол мөлшерде шоғырлануына себепкер болады.Осы факторға байланысты Антарктика мен Арктиканың стратосфера қабатында полярлы қыс кезінде озон көп мөлшерде түзіледі. Антарктиданың көктемгі “озон тесіктерінің” пайда болуы Күн-Жер жүйесіндегі процестермен негізделген. Озон қабатының жұқаруына себепкер факторлар екіге жіктеледі:1. Табиғи факторлар;2. Антропогендік факторлар.Бір көзқарас негізінде – қыс айларында Антарктикада тұрақты циклон қалыптасып, оның ішінде мұз кристалдарының және хлорлы қослыстардың интенсивті түрде шоғырлануы жүреді. Көктем айы келгенде Күн сәулесі ол қосылыстарды ыдыратып, нәтижесінде хлордың атомдары түзіледі.Табиғаты бойынша хлор 1 валентті болғандықтан, қасындағы молекулалардың атомдарын өзіне тартып, олардың беріктігін бұзады. Озон молекуласындағы 1 атомды өзіне қосып, оның атомарлы (О) және 2 атомды молекулаға (О2) айналуына себепкер болады.15-18 км биіктікте Антарктида үстінде озон қабаты қатты жұқарып, ауаның жылынуы қарқынды түрде жүріп, сол қалыптасқан “озон тесіктернің” Оңтүстік жартылай шарға ығысуы байқалады.Екінші көзқарас бойынша озон молекуласының ыдырауында антропогендік фактор шешуші роль атқарады. Ұшудың жоғарғы шегін игерген авиалайнерлер отындарының шығарындылары, құрамында озон бұзушы және аэрозольді қоспасы бар ракета қондырғыларының жіберілуі – озон қабатын жұқартуда бірінші орынға ие.Ғарыш кеңістігін игеру барысында адамзат атмосфера қабаттарында космостық қоқысты млн-ған тоннамен жинақтаған болатын. Ғарыштық қоқыс – ракеталардың екінші сатысының жарылуы нәтижесінде түзілген ксенобионтты табиғаты бар заттар және спутниктердің жарықшақтары. Қазіргі таңда Жер орбитасының 400-800 км аймағында мөлшері 10 см-ге жетпейтін 70-150 мыңға жуық жасанды денелер мен мөлшері 10 см-ден асатын 10 мыңнан астам жасанды денелер кездеседі.Атмосфераның стратосфера қабатында адамзат өзінің игілігі үшін бірнеше күрделі физикалық және биохимиялық процестерді жүзеге асырады. Олар- техникалық әдістер көмегімен бұлттардан мезгілсіз жауын-шашын мен қар жаудыру, бұлттар мен тұмандарды сейілту, бұршақты түзілістердің алдын алу, атмосфераның газдық және аэрозольдық құрамын өзгерту.

  1. Биогеоценоз дегеніміз не?

Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты ағзалар болып бөлінеді. Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:-түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);-популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);-биомасса.Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.1)Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.2)Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]