Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать

«Экология және тұрақты даму» пәні

1 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Экология тұрақты даму пәні нені зерттейді?

“Экология” грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді (ойкос – үй, тұратын жер; логос – ілім, білім). Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай берді: “Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен өсімдіктердің өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық өркениеттерінің бүкіл жиынтығын зерттейтін ғылым деп айтамыз”. Бұл анықтаманы Э.Геккель “Организмдердің жалпы морфологиясы” деген кітабында берді. ХХ-шы ғасырда орыстың ғалымы В.И. Вернадский “биосфера” туралы ғылым еңгізді. Экосистема – тірі организмдердің белгілі бір уақытта өмір сүретін ортасы, сонымен қатар топырақтың климаттық физикалық, химиялық өзгерістері және әртүрлі организмдердің сыртқы ортамен әсерлесуі. Бұл терминді әртүрлі көлемдегі биоценозға қолдануға болады. - микроэкосистема (аквариум, шалшық, арық) - мезоэкосистема )талшық, жапырақты орман, жалпақ жапырақты орман) - макроэкосистема (океан, тропикалық орман) .Ең кішкентай экосистема ол жалғыз ағаш барлық сонда өмір сүретіндермен, ең үлкен экосистема жер шарындағы “биосфера”. Экологиялық система табиғи және жасанды болады. Мысалы, жасанды экосистема космостық кеме. Ғалымдар барлық жер бетіндегі тірі организмдеріді үш үлкен болкқа бөледі: Продуценттер – жер бетіндегі тірі организмдер жай бейорганикалық қосылыстардан күннің энергиясының әсерімен күрделі органикалық заттар түзеді.Консументтер – дайын органикалық заттарды жейтін тірі органикалық организмдер.Редуценттер – жаны жоқ органикалық заттарды жай бейорганикалық заттарға айналдыратын тірі организмдер. Жаны жоқ (өлген) органикалық заттар – құлаған жапырақтар, бұтақтар, ағаштар, өліктер және т.б. Осы үш бөлікті экосистеманың “биотикалық бөлігі” немесе “биотикалық” фактор деп атайды (биота - өмір, өмірлік). Экосистемаға, организмге әсер ететін ортаның физика-химиялық жағдайлары жатады. Бұл – температура, ылғалдылық, жердің рН-ы, жел, күн сәулесі т.б. факторлар. Бұлар “абиотикалық” фактор деп аталады. “а” деген ортаның тірі факторы емес деген сөз.

  1. Биоценоз және экожүйелер

Биоценоз – күрделі табиғи жүйе. Биоценоз деп – мекен ету ортасы бір, бір-бірімен байланысты түрінің жиынтығы («биос»- өмір, «ценос»-бірлестік). Бұл организмдердің бірлестігі бір- бірімен байланыста тіршілік ете отырып, белгілі абиотикалық жағдайлардың жиынтығына бейімделген. Ұсақ биоценоздар табиғаттың ірі бөліктерінің бөлшегі болып табылады. Мысалы, жерге құлаған ағаш бұтағы және сол бұтақта тіршілік ететіндер, орман биоценозының бір бөлігі болып табылады. Биоценоз үш бөліктен құралады: өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер. Мұндай жүйедегі жекелеген түрлер, популяция және түр бірлестіктері бір-бірімен еш кері әсерсіз алмаса алады. Ал, жүйенің өзі турлер арасындағы антагонизм тепе-теңдік күшінен тұрады. Бірлестіктердің тұрақтылығы бір түрдің екінші түрмен сандық тұрғыдан бір қалыпты боолуына байланысты болса, ал, олардың мөлшері сыртқы жағдайларға яғни, биотоптың біркелкі абиотикалық қасиеттері мен территорияның үлкендігіне байланысты. Биотоп- биоценоздың тіршілік мекені. Биоценоз бен биотоп үздіксіз бірлікте, байланыста болыпбиогеоценоз немесе экожүйені құрайды. Биоценоз, биотоп және экожүйе шектері бір-бірімен сәйкес. Биотикалық қауымдастық (биоценоз)- оның құрамдас бөлігі болып келетін популяцияға қарағанда, бұл қауымдастықтың ең жоғарғы қадамы. Биоценоздың ішкі құрамы күрделі болып келеді. Биоценоз құрамына қарай: түрлік және кеңестік болып екіге бөлінеді.Түрлік құрамыәр түрлі факторларға байланысты болып келетін түрлердің әртүрлілігі мен сандық қатынастарымен сипатталады. Негізгі шектеуші факторлар болып температура, ылғал және қоректік ресурстардың жетіспеушілігі табылады. Сондықтан шөлдердің, биік ендіктердің мен таулардың биоценоздары түрлерге кедей болады. Негізінен өсімдіктер мен жануарлардың он немесе жүздеген түрлері кездесетін болса, онда бұндай табиғи биоценоздар- кедей, ал бай- бұндай табиғи биоценоздарда бірнеше мың немесе он мың түрлері болады. Саны бойынша көп болып келетін түрлердідоминанттылар дейді. Бірақ. Олардың ішінде оларсыз тіршілік ете ала алмайтын түрлер де бар. Олардыэдификаторлар (лат.строители) дейді. Олар бүкіл қауымдастықтың микроортасын анықтайды. Мұндай өсімдктерге- шырша, қайың және кейде жануарлар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]