Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

37.Атмосфераның әрекеті орталықтарын жазып беріңіз

Атмосфера қысымының теңіз деңгейінде орташа жылдық таралуын картаға түсіретін болсақ, атмосфера қысымының материктер мен мұхиттар бетінде әр түрлі таралып, бір бірінен бөлектеніп, белгілі бір жүйе құрап тұрғанын көреміз. Ол жүйенің ішінде тұйық изобаралы төменгі және жоғарға қысым облыстары айқын байқалады. Оны атмосфераның әрекетті орталықтары дейміз. Ал, тек жылы кезеңде ғана және салқын кезде ғана бейнеленетін ондай облыстарды атмосфераның маусымдық әрекетті орталықтары деп атайды.

Атмосфераның келесі әрекетті орталықтары ажыратылады:

Экваторлық депрессия(төменгі қысым). Ол депрессия қыста оңтүстік жарты шарға, жазда солтүстік жарты шарға ығысады.

Қыс маусымында бұл депрессия ішінде үш төменгі қысым облыстары болады:

Оңтүстік Америка минимумы

Оңтүстік Африка минимумы

Австралия минимумы

Жаз маусымында екі төменгі қысым облыстары болады:

Оңтүстік Азия минимумы

Мексика минимумы

2.солтүстік шардағы субтропиктік жоғарғы қысым аймақтары:

Атлант мұхиты үстіндегі Азор максимумы

Тынық мұхиты үстіндегі Гавай максимумы

Монғолия үстіндегі Азия максимумы – тек қыс маусымында байқалады.

АҚШ үстіндегі Солтүстік Америка максимумы

3.солтүстік шардағы субполярлық депрессиялар:

Атлант мұхиты үстіндегі Исландия минимумы

Тынық мұхиты үстіндегі Алеут минимумы

Бұл минимумдар қыста дамиды, жазда әлсірейді.

4.солтүстік шардың полярлы аймағында екі жоғарғы қысым орталығы бар:

Гренландия максимумы

Канада максимумы

5.оңтүстік жарты шарда субтропиктік ендікте мұхиттар үстінде және Австралияда жоғарғы қысым аймақтары бар:

Оңтүстік Тынық мұхиты максимумы

Оңтүстік Атлант максимумы

Оңтүстік Үнді максимумы

Австралия максимумы тек жазда дамиды.

6.оңтүстік шардың полырлық аймағында, Антарктиданың жағалауына жақын Антарктикалық төменгі қысым белдеуі орналасады.

7.антарктикалық антициклон

38. Зональді айналымды түсіндіріңіз

Зональді айналым – ол ендік сызықтармен бағыттас болады. Зональді айналым ауа массалары батыстан шығысқа немесе шығыстан батысқа қарай қозғалады:

1) ауа температурасының енді бойынша таралуы

2)атмосфера қысымының мередиональді градиентінің басым болуы

Зональді айналым орнығуын қысым градиентінің мередианальді бағытталуымен түсіндіруге м а қысым аймағы субтропикте, жоғарғы қысығы субполярлы ендікте төменгі қысым аймағы ендіктерде байқалады.

Қысым градиенті жоғарғы қысымнан төменгі қысымға бағытталған мередианмен бағыттас болады. Кариолис күші- желдің бағытын градиент күші бағытынан солтүстік жауын-шашын оңға оңтүстік жауын шашын солға бұратындықтан экватор маңында шығыс тасымалдану, қоңыржай белдеуде батыс, ал полярлық ауданда шығыс тасымалдану байқалады. Зональді айналым сипатты жағдайлары: 1) Топал жылы циклондар мен топал сылқын циклондар жүреді; 2) ендіктер арасында жылу алмасу әлсіз жүреді.

39. Меридиональді айналымды түсіндіріңіз

Атмосфераның жалпы айналымы деп, жер бетіндегі ірі ауа ағындары жүйесінің қозғалысын айтады. Атмосфераның ауа айналымы ең алдымен қысымның таралуына байланысты болады. Атмосфера айналымы негізінен екі бағытта қозғалады: 1. ендік сызығымен бағыттас – зональдік айналым; 2. меридиан сызығымен бағыттас – меридиональді айналым.

Зональдік айналымның себебі- ауа температурасы зональді таралады және меридиональді қысым градиенті зональді қысым градиентінен басым (изобара сызықтар ендік сызықтарына параллель) болады.

Қазақстан территориясына қайталанушылығы әртүрлі дәрежеде қоңыржай (полярлы массалар) және тропикалық ендіктердің арктикалық түрдегі ауа массалары келеді. Қазақстан үстіндегі атмосфералық циркуляцияның негізгі белгілері жалпы планетарлық циркуляция, радиацияның жергілікті жағдайлары және төселме беткейдің ерекшеліктері әсерінен қалыптасады. Солтүстік жарты шар циркуляциясы режимінің ірі ауытқулары Қазақстан үстінде тікелей дамитын циркуляцияларға елеулі әсер етеді. Меридиональді циркуляция кезінде солтүстіктен суық арктикалық массалардың немесе оңтүстіктен жылы ауа массаларының қарқынды адвекциясы байқалады. Антициклондардың ультраполярлы басып-кіруі кезінде атмосфераның зональді циркуляциясы қатты бұзылады және ауа райы тез өзгереді. Биіктік қысым жотасының батыс бөлігінде жылу адвекциясы болады, ал шығыс, яғни әдетте төмен суық ядро немесе антициклонның ығысуымен байланысты суық адвекция. Қысқы кезеңде жотаның батысында жылылық, ал шығысында қатты аяз пайда болады. Қазақстан үстіндегі атмосфералық циркуляция ерекшеліктеріне шамамен суық жарты жылдағы оның маңындағы орташа ендік зонасын жатқызуға болады. Әдетте, Азор максимумы шығыс саласының осімен жиі жалғасатын Сібір максимумы батыс сілемінің осі өтеді. Бұл Қазақстанды батысынан шығысына қарай кесіп өтетін жоғары қысымның тұтас жолағы.