Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Металл емес материалдар Дріс 14

.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
52.74 Кб
Скачать

Дәріс № 14

Металл емес материалдар. Пластикалық масса, резиналы материалдар.

  1. Пластмасс деп...

А) жасанды материалдар;

Б) дөрекі талшықтар;

В) кристалдық құрылым;

Г) қатты материал;

Д) табиғи материал.

  1. Қыздыру кезінде пластмассалар ... қабілетті.

А) қату, сынғыштыққа ұшырау;

Б) жалындану;

В) жұмсару, иілгіш болу;

Г) булану;

Д) сыну.

  1. Пластмасстың маңызды компоненттерінің бірі:

А) регенерат;

Б) толтырғыш;

В) газ;

Г) плазма;

Д) дұрыс жауап жоқ.

  1. Пластмасс қасиеттері неге тәуелді?

А) температураға;

Б) өлшемдерге;

В) қоршаған ортаға;

Г) жеке компоненттер, олардың байланысы мен сандық қатынасына;

Д) дұрыс жауап жоқ.

  1. Байланыстыратын заттың сипаттамасы бойынша пластмасс қалай жіктеледі?

А) термопластикалық және термореактивті;

Б) термопассивті және термоактивті;

В) термореактивті және терморегенеративті;

Г) термоқорғаушы және термостатикалық;

Д) диэлектрлік және электрлік.

  1. Толтырғыш түрлері бойынша пластмасс бөлінеді:

А) ұнтақты, қабатты, күміс;

Б) қоқым тәрізді, газ толтырылған, қабатты, күміс, ұнтақты;

В) талшықты, қоқым тәрізді, газ толтырылған, қабатты, қанат тәрізді;

Г) талшықты, қабатты, қоқым тәрізді, газ толтырылған;

Д) ұнтақты, талшықты, қабатты, қоқым тәрізді, газ толтырылған.

  1. Қолданылуы бойынша пластмассалар бөлінеді:

А) сығылатын және сығылмайтын;

Б) генерацияланатын және регенерацияланатын;

В) басты және көмекші;

Г) күш беретін және күш бермейтін;

Д) күш беретін және антикүш беретін.

  1. Пластмасс кемшіліктері:

А) жылуға төзімділігі жоғары емес, серпімділік модульі төмен, екпінді тұтқырлық;

Б) серпімділік модульі төмен, екпінді тұтқырлық, электрөткізгіштігі төмен;

В) қызмет мерзімі аз;

Г) барлық жауап дұрыс;

Д) кемшілігі жоқ.

  1. Резина дегеніміз:

А) табиғи пайда болған өнім;

Б) каучук пен көмір қоспасынан (вулканизация) арнайы өңделген өнім;

В) каучук пен әр түрлі қоспалары бар күкірт қоспасынан (вулканизация) арнайы өңделген өнім;

Г) мыс пен қалайы құймасының өнімі;

Д) металл емес заттардың органикалық қосындысы.

  1. Техникалық материал ретінде резина немен ерекшеленеді?

А) созылу қасиетінің төмендігімен;

Б) созылу қасиетінің жоғарылығымен;

В) жылуөткізгіштігімен;

Г) аса реттелген кристалдық тормен;

Д) дұрыс жауап жоқ.

  1. Резинаның артықшылығы:

А) сығылғыштығы жоғары;

Б) ерігіштігі жоғары;

В) токты өте жақсы өткізеді;

Г) артықшылығы жоқ;

Д) сығылғыштығы төмен.

  1. Резина негізі қызметін атқарады:

А) көмір;

Б) пластилин;

В) каучук;

Г) толтырғыш;

Д) азот.

  1. Резина өнімдерінің номенклатурасы:

А) 44 000 аса атаулар;

Б) 40 000 кем атаулар;

В) 50 000 аса атаулар;

Г) 40 000 аса атаулар;

Д) 50 000 кем атаулар.

  1. Вулканизация дәрежесі бойынша резиналар бөлінеді:

А) иілгіш, жартылай иілгіш;

Б) қатты (25% күкірт), жартылай қатты (10-12% күкірт);

В) жұмсақ (0,5-1% күкірт), жартылай жұмсақ (5-10% күкірт);

Г) қатаң, бұзылмайтын, бұзылатын;

Д) жұмсақ (1-3% күкірт), жартылай қатты, қатты (30% күкірт) (эбонит).

  1. Регенерат дегеніміз не?

А) ол – жаңа резина өнімдерін алу;

Б) ол – резина өндірісінің қалдықтары мен ескі резина бұйымдарын қайта өңдеу өнімі;

В) ол – жаңа резина бұйымдарын қайта өңдеу өнімі;

Г) ол – регенерация қасиеттері бар өнім;

Д) барлық жауап дұрыс.

  1. Регенерат қандай қызмет атқарады?

А) резина сапасын жоғарылату және оның тозуын тежеу үшін;

Б) резина сапасын жоғарылату және оның тозуын тездету үшін;

В) резина сапасын төмендету және оның тозуын тежеу үшін;

Г) созылғыштығын арттыру үшін;

Д) резина беріктігі мен тұрақтылығын арттыру үшін.

  1. Резина беріктілігі неге байланысты?

А) жылусыйымдылыққа;

Б) құрылымның меншікті кедергісіне;

В) өндірушіге;

Г) полимер құрылымының жүйелілігіне және оның молекула буындары арасындағы өзара әсер энергиясына;

Д) температурасына.

  1. Резинаның жоғары созылғыштық қасиетінің төмендеуі және толығымен жоғалуы немен байланысты?

А) жоғары температуралар әсері;

Б) жағымсыз температуралар әсері;

В) төменгі температуралар әсері;

Г) қоршаған ортаның әсері;

Д) дұрыс жауап жоқ.

  1. Тағайындалуы бойынша резиналар жіктеледі:

А) бірінші текті резина және екінші текті резина;

Б) басты топтың резинасы және көмекші топтың резинасы;

В) машинажасауға арналған резина және зерттеуге арналған резина;

Г) жалпы тағайындалған резина және арнайы тағайындалған резина;

Д) резина.

  1. Толтырғыш дегеніміз не?

А) қышқыл;

Б) ауа;

В) азот;

Г) пластмассаның маңызды компоненті;

Д) дұрыс жауап жоқ.