Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
srsIP.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
14.66 Кб
Скачать

3. Инновациялық кәсіпкерліктің қызметі

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеу бірнеше міндетті сатыдан құралады. Олар:

1)жаңалық идеяны әзірлеу;

2)өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін қажетті материалды таңдау;

3)технологиялық процесті әзірлеу;

4)сынақтан өткізу;

5)йымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу;

6)ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу;

7)қызметкерлеге жаңа әдісті менгерту;

8)қажетті құжаттарды алу;

9)маркетингтік зерттеулерді жүргізу.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өндірістегі нақты инновация туралы былай деді:«Мен айтқанмын да және тағы айтқым келеді: инновация халық үшін қарапайым тілде – ол жаңалық, ғылымның өндіріске енгізілуі. Инновация дегеніміз - еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыратын іс. Бірақ әрбір инновация қандай да бір уақытта өз шегіне жетеді..

6

Міне сонда іске ғылым араласады, сол кезде қандай да жаңа нәрсені ойлап табу керек – қандай да тетік не жабдық қою керек. Мәселе осындай, егер қарапайым тілмен, саусақпен түсіндіріп айтатын болсақ».Н. Назарбаев өзінің жолдауында үкімет алдына инновацияны белсенді енгізіп және еңбек өнімділігін арттыру туралы міндет қойды.

Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.Ал кәсіпкерліктің дамуы инновациясыз мүмкін емес.

4. Кәсіпкерліктегі тәуекелдің мәні

Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Тәуекел кез келген экономиканың міндетті элементі болып табылады. Тәуекелдің жүзеге асуы экономикалық үдерістің негізгі бір бөлшегі ретінде танылады.Тәуекел белгілі бір оқиғамен байланысты белгісіздікті білдіреді.кәсіпкерлік қызмет үшін басты мәселе – тәуекелдерден сақ болу емес, оларды алдын алу мен минималды деңгейге дейін төмендету болып табылады.Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

5. Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары

7

Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет.Айналым қоры бұл өндірістік міндетті, ал өндірістің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі айналым қоры әрбір өндірістік толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады.Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт — қолда бар айналым қаражаттарының болуы.Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

8

                1. Қорытынды

Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр.Өнеркәсіп өндірістің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасуда.Дамыған отын-энергетикалық, кен–металлургиялық және көлік коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз салынды. Республикада 348 мың шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорындары тіркелген, олардың 1700-дейі ірі өндірістер болып табылады. Шетелдік мамандармен тәжирибе алмасу мақсатында көптеген шаралар уйымдастырылуда. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметінсіз жетістіктерге жетуі бүгінгі күнде екі-талай болып отыр. Өйткені, экономикамыздың бәсекеге қабілетті болуы, мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті болуы, елімізде өндірілетін өнім түрлерінің және көрсетілген қызметтердің сапасына тәуелді болып келеді. Еліміз одан ары күшті қарқынмен дамуына келесі мәселелер кедергі келтіруде:

1)Бұрыңғы кезде қалыптасқан кәсіпорындардың өз дамуында шикізаттық бағыттан арыла алмауы;

2) Өнеркәсіптердің негізгі қорларының тозуы;

3) Экспортталатын өнеркәсіп өнімдерінің үлесінің импортталатын өнім үлесіне қарағанда темен болуы;

4)Өнеркәсіп кәсіпорындарына инвестиция салуға кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы;

5)Өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге кабілеттілігінің орташа деңгейінің төмен болуы.

Жоғарыда айтылған мәселелер шешіліп, әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті өнім шығарылғанан кейін Қазақстан дамыған мемлекеттер қатарына қосылмақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]