Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
srsIP.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
14.66 Кб
Скачать

Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Механика-математика факультеті

Математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасы

СӨЖ

Инновациялық кәсіпкерлікті талдау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беру.

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділіктің түрлеріне талдау жасау.Кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы негізгі және айналым қорларының схемалық көрінісін талдау.

Орындаған: Есенгелді М.М

Тексерген: Бейсенбаев Ж.Т

Алматы, 2015

      1. МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………... 3

  1. 1. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері................................. 4

2. Инновация – жарқын болашақ кілті....................................... 5

3. Инновациялық кәсіпкерліктің қызметі................................... 6

4. Кәсіпкерліктегі тәуекелдің мәні..............................................7

5. Кәсіпорынның негізгі және айналым қорлары......................7-8

Қорытынды....................................................................................9

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................10

2

КІРІСПЕ

Қазіргі бәсекелестік жоғары заманда, елдің нарықтық экономикасын көтерудің бірден-бір жолы отандық өндірушілердің өнімдерінің сапасын арттыру болып табылады. Нарықтық қатынастардың бүкіл қоғам үшін маңызы зор екендігін тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар дәлелдей түседі. Қазіргі таңда республикамызға төніп тұрған басты қауіп халықаралық экономикалық бәсекелестік екендігі анық.

Қазакстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болып кіргеннен кейін бұл мәселемен бетпе-бет келдік. Бұл мәселеден арылудың жалғыз жолы ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігін арттыру. Өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика экономикасы тәуелді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру статегиясы»атты халқына жолдауында кәсіпкерліктің рөлінің ерекшелігін айтып өтті. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында елімізде біршама жұмыстар атқарылып келеді.Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар. Жалпы бұл тақырыпта инновация мен кәсіпкерлік ұғымдары туралы жазылған.

3

  1. 1. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері

Кәсіпкерлік- адам қызметінің өзгеше бір саласы және ол басқа еңбек түрлерінен ерекшеленіп тұрады. Бұл жайлы атақты Майкл Э. Гербер былай деген: «Кәсіпкер – өзгерістердің катализаторы». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлерлік жұмысты ұйымдастырушылар. “Кәсіпкерлік” термині алғашқы рет Р. Кантильон енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. Бизнес – табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Бизнес кәсіпкерлік қызметпен байланысты болғанымен, олар екі түрлі ұғымдар. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.Бизнеске қатысатындардың барлығы жаңашылдық аша бермейді. Кәсіпкерлер новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білуімен оқшауланып тұрады. Демек, бизнес — бұл табыс табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл адамды жаңа ізденіске бағыттайтын және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұратын экономикалық қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Кәсіпорын — белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді.

Кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лицензия т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.

Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда:

өндірісті қорлармен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу;

4

өндірілген өнімнің саны мен сапасы;

өткізу көлемі;

өткізуден түскен кіріс пен пайда.

Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлар айқындайды.

Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:

1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:

ғимарат, құрылыс,

құрал-жабдық, аспаптар,

жер,

шикізат-материалдар,

отын,

жұмыс күші,

ақпарат жөне т.б. жатады.

2. Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:

ғылыми-техникалық прогресс;

өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;

кадрлардың біліктілігін жетілдіру;

инновация мен инвестиция.

2.Инновация – жарқын болашақ кілті

Кәсіпкерлік шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе инновациямен тығыз байланыстыруға болады.әсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибедегі ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет

5

көрсетуі басымдық абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Инновация – жаңалықты енгізудің нәтижесі. “Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.Инновацияның негізгі мақсаты- өндіріс орындарының өнімділігін арттырып, мейілінше жұмыс сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]