Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эксп.часть 25.04.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
902.14 Кб
Скачать

2.5 Сулы қалдық құрамындағы заттарды анықтау

2.5.1 Амин қышқылдарының сандық анықталуы

Амин қышқылдарын сараптау үшін ЖЭСХ әдісі пайдаланылды. Бұл сараптау «Карло Эрбо-4200» (Италия) аминқышқыл анализаторында белгілі әдістеме бойынша өтті. Стандартты ерітіндіні ұстау уақытына байланысты сапалық және сандық сараптау жүргізілді. Нәтижесін 9- сурет пен 10- кестеден көруге болады.

Сурет 9- Zygophyllum Rosovii өсімдігінің құрамындағы ЖЭСХ арқылы анықталған амин қышқылдардың сандық мөлшері.

Кесте 10- шикізат құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері

Аминқышқылдары

Сандық мөлшері, мг/100г

1

Аланин

726

2

Глицин

284

3

Лейцин

358

4

Изолейцин

375

5

Валин

236

6

Глютамат

2578

7

Треонин

203

8

Пролин

466

9

Метионин

88

10

Серин

260

11

Аспаратат

1286

12

Цистин

39

13

Оксипролин

2

14

Фенилаланин

270

15

Тирозин

296

16

Гистидин

221

17

Орнитин

2

18

Аргинин

338

19

Лизин

255

20

Триптофан

78

Табиғатта 150- ден астам аминқышқылдарының түрі кездеседі, солардың ішіндегі 20–сына жуығы ақуыз, ферменттер, дәрумендер және басқа да организм үшін қажетті органикалық қосылыстардың негізі болып табылады. Адам организміндегі аминқышқылдың жеткіліксіздігін табиғи тағаммен немесе осы қосылыстар кездесетін дәрілік заттармен орнын толтырады. Көптеген аминқышқылдары физиологиялық қасиет көрсетіп ғана қоймай, жоғары эффективті зат болып табылады.

Ең көп мөлшерде Zygophyllum rosoviі өсімдігінің жер үсті бөлігінде көп мөлшерде глютамат, аспаратат, аланин, пролин, ал аз мөлшерде оксипролин, орнитин кездеседі (4- диаграммадан анық көрінеді). Адам организмінде бұлар маңызды қызмет атқарады, мысал, глютамат көмірсулар биосинтезін, иммунитетті күшейтеді және фолий қышқылынның синтезінде қызмет атқарады, аспаратат жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді және аммиак синтезіне қатысады, аланин бауырда оңай глюкозаға айналады және кері процесс жүреді, ал пролинмен негізгі дәнекер тін ақуызы – коллагенге бай.

Диаграмма 4- Zygophyllum Rosovii өсімдігінің амин қышқылдары мөлшері

Екі жүйелі қағазды хроматография әдісі арқылы БСС (40:12,5:29) және 6% НАс (сірке қышқылы) жүйесінде, ЖАК айқындағышын қолдана отырып, сулы қалдықтың құрамын анықтадық. Зерттеу нәтижесі бойынша сулы қалдықтың құрамында флаваноидтың сульфатталған формасы анықталды. Анықтау нәтижелері 11- кесте мен 10- суретте нақты көрсетілген:

Кесте- 11 Сулы қалдықтың ҚХ нәтижесі

Үлгі

Зат

Rf жүйесі

УК

NH3

ЖАК

Қорытынды

БСС

НАс

Сулы қалдық

1

0,35

0,16

Күлгін

Сары

Жасыл

Флаваноид

Сурет 10- Сулы қалдықтың екі жүйелі ҚХ- сы

Сызбанұсқа- 1 ZYGOPHYLLUM ROSOVIІ ӨСІМДІГІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ БӨЛУ СХЕМАСЫ

Шикізат

Сулы - спиртті экстракт

70% сулы спирт

концентрлеу

Хлороформды экстракт

Сулы қалдық

Этилацетатты экстракт

Бутанолды экстракт

хлороформ этилацетат бутанол

Жұқа қабатты және газды-сұйық хроматография

Жұқа қабатты және қағазды (бір жүйелі және екі жүйелі) хроматография, қышқылды гидролиз

Қағазды (бір және екі жүйелі) хроматография, қышқылды гидролиз

Қағазды (бір және екі жүйелі), газды-сұйық хроматография