Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эксп.часть 25.04.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
902.14 Кб
Скачать

2.3 Этилацетатты экстракттағы заттарды анықтау

Екі жүйелі хроматография әдісі арқылы БСС (40:12,5:29) және 6% НАс (сірке қышқылы) жүйесіндегі еріткіштермен түрлі заттар идентификацияланды. Айқындағыш ретінде УК, NH3, ЖАК, ДзПНА қолдандық. Фитохимиялық сараптау нәтижесінде флаваноидтар және флаваноидтың гликозидтелген формасы анықталды. Анықталған заттар 3-сурет және 6-кестеде көрсетілген:

Сурет 3- Этилацетатты экстракттың екі жүйелі ҚХ- сы

Кесте 6- ЭА экстракттағы заттардың ҚХ нәтижесі

Үлгі

Зат

Rf жүйесінде

УК

NH3

ЖАК

Қорытынды

БСС

НАс

ЭА экстракт

1

0,89

0,03

Жарық

Сары

Жасыл

Агликон

2

0,70

0,41

жарық

сары

жасыл

Флаваноидтың гликозидтелген формасы

Жұқа қабатты хроматография әдісі арқылы 6:4 (гексан:этилацетат жүйесі) қатынаста этилацетатты экстрактқа тәжірибе жүргіздік. Айқындағыш ретінде 60%-дық H2SO4 қышқылындағы CeSO4 қолдандық. Зерттеу нәтижесінде 4- суретте және 7- кестеде көрсетілгендей, флаваноидтар және сапониндер анықталды:

Сурет 4- ЭА экстракттың ЖҚХ- сы

Кесте 7- ЭА экстракттың ЖҚХ нәтижесі

Зат

Rf гексан:этилацетат жүйесінде

Түстің өзгеруі

1

0,14

Қою қызғылт

2

0,4

Қою көк

3

0,6

Жасыл

4

0,69

жасыл

2.4 Бутанолды экстрактағы заттарды анықтау

Екі жүйелі қағазды хроматография әдісі арқылы БСС (40:12,5:29) және 6% НАс (сірке қышқылы) жүйесінде, УК, NH3, ЖАК, ДзПНА айқындағыштарын қолдана отырып, бутанолды экстракт құрамындағы затты анықтадық. Нәтижесінде флаваноид анықталды. Анықталған зат 8-кесте мен 5- суретте көрсетілген:

Кесте 8- Бутанолды экстракттың ҚХ нәтижесі

Зат

Rf жүйесінде

УК

NH3

ЖАК

Қорытынды

БСС

НАс

1

0,42

0,24

күлгін

сары

жасыл

Флаваноид

Сурет 5- Бутанолды экстракттың екі жүйелі ҚХ- сы

Бір жүйелі қағазды хроматография әдісі арқылы БСС (40:12,5:29) жүйесінде, меншіктерді қолдана отырып, о- толуидин айқындағышы арқылы көмірсуларды айқындадық. Зерттеу нәтижелері 9- кесте мен 6- суретте көрсетілген:

Кесте 9- Көмірсулардың Rf мәндері мен түстің анықталуы

Үлгі

Rf

БСС жүйесінде

О-толуидинмен түстің өзгеруі

Меншіктер

Мальтоза 0,30

Галактоза 0,28

Рамноза 0,44

Фруктоза 0,36

Глюкоза 0,28

Арабиноза 0,36

1

0,27

Жасыл

+

+

-

+

+

+

2

0,10

Қою қоңыр

-

-

-

-

+

+

3

0,24

Жасыл

+

+

-

+

+

+

4

0,10

Қою қоңыр

-

-

-

-

+

+

Сурет 6- Көмірсулардың бір жүйелі ҚХ нәтижесі

Қағазды хроматограмма нәтижесі бойынша үлгілер:

  1. Жалпы спирт

  2. Сулы қалдық

  3. Этилацетатты экстракт

  4. Бутанолды экстракт

Жалпы спиртті және этилацетатты экстракттың құрамы бірдей, ал сулы қалдық пен бутанолды экстракттың құрамы бірдей.

Этилацетатты, бутанолды экстракттағы және сулы қалдықты қоспаның құрамындағы полисахаридтерді анықтау үшін қышқылдық гидролиз әдісін қолдандық. Тәжірибе 6 сағат бойы жүргізілді. Ол үшін әр заттан сынама алып, оған 5%- ды НСL- дың 5 мл құйып тәжірибе жүргіздік. Әр бір сағат сайын сынама алынды. Бір жүйелі қағазды хроматографияға меншіктермен салыстыра отырып, БСС жүйесіне қойып, о- толуиндинмен айқындадық. Зерттеу нәтижесінде этилацетатты экстракт қоспасы құрамында арабиноза (Rf=0,36) және глюкоза (Rf=0,29), ал бутанолды экстракт пен сулы қалдық қоспасы құрамында арабиноза (0,31) мен галактоза (0,37) бар екені анықталды. Қышқылдық гидролиз нәтижесі 7 және 8 суретте көрсетілген:

Сурет 7 – ЭА экстракттың 6 сағаттық қышқылдық гидролиз нәтижесі

Сурет 8- Бутанолды экстракттың 6 сағаттық қышқылдық гидролиз нәтижесі