Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мажитов арыстан.doc
Скачиваний:
62
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
28.23 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

А.Қалдымұрат

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СУАРМАЛЫ ЕГІСТІКТЕРІНДЕ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

мамандығы 5B090300 – «Жерге орналастыру»

Алматы 2014

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География факультеті

География және табиғатты пайдалану кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Кафедра меңгерушісі _________ Нүсіпова Г. Н.

БІТІРУ ЖҰМЫС

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СУАРМАЛЫ ЕГІСТІКТЕРІНДЕ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

тақырыбы бойынша

Мамандығы 5B090300 «Жерге орналастыру

Орындаған:

4 курс студенті _______________ А.Қалдымұрат

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы. _______________ Б.Қ.Ақмолдаева

Норма бақылаушы

г.ғ.к., доц. _______________ Ә.С.Ақашева

Алматы 2014

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмыс– кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында...... қолданылған әдебиеттер тізімі берілді. Жұмысының мазмұнын ашу үшін диплом кестемен жабдықталған. Жұмыстың көлемі бет.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.............................................................................................................

1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ..........................................................................................................................

1.1 Жер бедері мен геологиялық құрылысы................................................

1.2 Облыстың климаттық жағдайы...............................................................

1.3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы суармалы егіншіліктің су ресурстарымен қамтамасыз етілуі...............................................................

1.4 Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егіншілік жерлерінің топырағы мен өсімдіктер жамылғысы............................................................

2 ОҚО ЖЕР РЕСУРСТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.................................

2.1 Облыстың ауыл шаруашылық жерлері...........................................................

2.2 Облыстың ауыл шаруашылығы жерлеріндегі аграрлық сектордың жағдайы............................................................................................................

2.3 Оңтүстіктегі ауыл шаруашылығындағы егістіктер.....................................

3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ тиімді пайдалану жолдары............................................................................. 3.1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану ерекшеліктері .............................................................................................

3.2 Суармалы егіншілік жерлерін тыңайту пайдалану мәселелері............

3.3 Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты

эрозиядан қорғау................................................................................................

3.4 Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері.....................................

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................

КІРІСПЕ

Еліміздің егістік жерінің келешек мүмкіндігі жоғары екендігін мына мысалдан көруге болады. Әлемнің әртүрлі елдерінде халықтың егістік алқаптармен қамтамасыз етілу көрсеткіші мынандай: Канадада 1 тұрғынға – 1,48 гектар, АҚШ-та – 0,63 гектар, Қытайда – 0,08 гектар, Жапонияда – 0,03 гектар жерден келсе, біздің Қазақстанда 1 тұрғынға 1,51 гектар жерден айналады. Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын техноло­гияларының даму деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықта­лады

Оңтүстік Қазақстан - республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан.

Оңтүстік  Қазақстан облысы территориясының көлемдiлiгi табиғи жағдайлардың әртүрлiлiгi жер реформасының нәтижесiн объективтi бағалауға, ол реформаны жүзеге асыру сферасын кеңейтуге, оның iшiнде жер ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық негiзiн жасауға мүмкіндік бередi.

Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерден елдi-мекен жерлерiнiң айырмашылығы, олар өнеркәсiптi,  мәдени-түрмыстық және үй инфрақұрылымдарын орналастыруға яғни, халық қажеттiлiктерiн өтеуге пайдаланылады.

Елдi-мекендердiң құрамына кiретiн барлық жерлер бiр мақсатта орналастырылған – яғни елдi-мекеннiң дамуын қамтамасыз ету және бiрыңғай әлеуметтiк-экономикалық организм ретiнде қалыптасу. Ең маңызды принциптердiң бiрi елдi-мекен жерлерiн тиімді пайдалану. Ол дегенiмiз аз көлемдегi жерге ғылыми дәлелденген нормаларды ескере отырып, көп мөлшердегi үйлердi, ғимараттарды, сонымен бiрге жол жүйелерiн, алаңдар мен саябақтарды орналастыру, жердiң барлық категорияларын интенсивтi пайдалану.

Бітіру жұмыстың мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысы суармалы егістіктерінде жерге орналастыру мәселелері мен ауыл шаруашылығының мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін талдау

1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан территориясының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың солтүстігінде Бетпақдала мен оңтүстік шығысында Шатқал жотасымен, солтүстік – шығысында Мойынқұммен, батысында Қызылорда облысының территориясымен, шығысында Қырғыз жотасымен, оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен шектесіп жатыр.

Саяси әкімшілік жағынан облыс батысында Қызылорда облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, шығысында Қырғызстан республикасымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы наурыз айының 10-шы жұлдызында құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария өзенінің алабында орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының жер көлемі – 117,3 мың шаршы шақырым, бұл Қазақстан территориясының 4,3 пайызын құрайды. Халқының саны 2 240 120 (01,03,2006 ж), бұл республика халқының 14,7 пайызы болып келеді. Халықтың тығыздығы облыс бойынша орта есеппен 1 шаршы шақырым жерге 19 адамнан келеді, бұл республикадағы орташа көрсеткіштен үш есе артық. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекендер бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінеді. Орталығы – Шымкент қаласы. Ал енді облыстың ауыл шаруашылық жерлеріне тоқталатын болсақ, облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.

Сурет 1 Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық карта-сұлбасы

1.1 Жер бедері мен геологиялық құрылысы

Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 метр болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Солтүстігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде Жамбыл облысының аумағымен шектеседі, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 шақырымға көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі Бессаз тауының биіктігі 2176 метр) жатыр, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі Өгем жотасында облысымыздың ең биік нүктесі Сайрам шыңы (4238 метр) бар. Өгем мен Келес өзенін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 метр, ал ең биік нүктесі – Мыңбұлақ тауы (биіктігі – 2834 метр). Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 метр) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі. Қазақстар осыдан мыңдаған жылдар бұрын Қазығұртты кие тұтып, дүниенің тұтқасы тұтып: Басында Қазығұрттың кеме қалған, болмаса кереметі неге қалған ?! – деп басталатын ғажайып дастан тудырған.

Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі де аяқталмағандығын көрсетеді.

Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темәр жолдар, кеніштер мен қалалар салынған аймақтар т.б.

Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы – протерезой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас кангломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құрылған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезезой – кайназой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

Облыстың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы Орал – Тянь-Шань геосинклиналының оңтүстік бөлігінің көтеріліп, құрлыққа айналу тарихымен байланысты. Облыс территориясының әр түрлі бөлігі геологиялық дәуірдің белгілі бір кезеңдерінде не көтерілу, не шөгу процестеріне ұшырап отырған. Міне сондықтан облыста әр түрлі жастағы және әр түрлі биіктіктегі рельеф түрлерін кездестіреміз. Облыстың көп жері ойпатты жазықтардан, үстірттерден, шөлдер мен шөлейттерден, тау алды жазықтар мен далалардан және биіктігі 2000 метрден асатын биік таулардан тұрады.

1.2 Облыстың климаттық жағдайы

Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс үстінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай – қаңтардың орташа температурасы -2 -90С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-410С).

Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19 – 290С. Ең ыстық кезең Шардарада (470) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын – шашын мөлшері 100 – 170 мм, тау етектерінде 300-450мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын – шашын негізінен көктем мен күз айларында болды. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсан айының басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Облыс ауиағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа-райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін аратады. Жылына 150 – ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15-20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде радияция мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік пен солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9-3,9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы – Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.

Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, метереологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралықтарын құрайды. Ерекшелігі – жауын-шашынның негізгі мөлшері (62-67пайызы) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қарқы лаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 245-260 тәулік, 100С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300-46000С. Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа – 90 күндей. Жазы ұзақ – 160-170 күнге дейін созылады.

Агроклиматтық аймақтары. Облыс аумағы агроклиматтық жағдайына байланысты мынадай аймақтарға бөлінеді.

1. Шөлдің құрғақ, ыстық аймағы облыс аумағының көп бөлігін – Бетбақдала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері мен облыстың орталық бөлігін қамтиды.

2. Өте құрғақ, ыстықтау аймағы. Бұл бөлікке Түркістан, Бәйдібек, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандары. Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.

3. Таулы аймақтар Тянь-Шань тауының батыс бөлігі мен Қаратау жотасын қамтиды. Бұл аймақта Түркістан, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт және Төлеби айдандары орналасқан.

Облыс табиғи – шаруашылық жағдайына қарай мынадай аймақтарға, топтарға бөлінеді:

1. Шөлдің мал шаруашылық аймағы – қаракөл қойларын өсірумен айналысады: Қаратау маңы аймағы, Қызылқұм аймағы.

2. Суармалы жер және мақталы аймақ: Мақтаарал – Сарыағаш аймағы, Арыс – Түркістан аймағы.

Таулы – далалы суармалы аймақ: Тұрақты, суармалы, орташа тұрақты суармалы.

3. Ашық далалы аймақ – Шардара су қоймасы.

4. Шөлдің мал шаруашылығы аймағын облыстың жазық бөлігі – Қызылқұм шөлі. Сырдария өзенінің аңғарындағы тақыр жазықтар. Қаратау таулы аймағы, Мойынқұм шөлі. Шу өзенінің аңғары. Бетпақдала шөлді даласы алып жатыр.

Бұл аймаққа Созақ, Отырар және Шардара аудандары кіреді. Климаты шұғыл өзгеріп отыратын температурамен, жауын – шашынның өте аз түсуімен, құрғақ ауа, булану дәрежесінің жоғары болуымен, күн сәулесінің мол түсуімен ерекшеленеді.

Аймақ Қаратау маңы және Қызылқұм болып екіге бөлінеді. Қаратау маңы бөлігіне – Қаратау жотасының солтүстігі және Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдері қарайды.

Қызылқұм аймағы – құмды шөл, облысқы оның батыс бөлігі енеді. Сырдария маңында суармалы жерлер бар.

Суармалы жер және мақталы алқап облыстың көп бөлігін қамтиды. Сарыағаш, Мақтаарал, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты аумақ кіреді.

Сурет

1.3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы суармалы егіншіліктің су ресурстарымен қамтамасыз етілуі

Оңтүстүстік Қазақстан облысының су ресурстары, Арыс - Сырдарияның оң саласы. Ұзындығы 378 км. Су жинайтын алқабы 14 900 км², Арысқа 91 сала құяды. Ірілері Боралдай, Бадам, Машат, Ақсу өзендері. Арыс өзені Талас Алатауының оңтүстік-батыс беткейіндегі Көлбастау көлінен (1165 м биіктікте ) басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат (60 км) т.б өзен суларымен толығады. Тау арасынан шыққан кейін жазықтықпен аяғында да, арнасы кейейді. Қар,жауын сумен қоректенеді, желтоқсанның аяғындақатып, наурыздың бас кезінде мұзды түседі. Орта су шығыны 46,1 м/сек (Арыс темір жол станциясы тұсында). Сазан,тобына, аққайраң, шортан және т.б балықтар ауланады. Арыс өзені және оның салалары егіндіеті, бау-бақшаны суаруға, шабынды пен мал жайылмалын суландыруға пайдалынылады. Ондағы шағын ГЭС-термен каналдар бар. 1961 жылы Арыс-Түркістан каналы пайдалануға берілгеннен кейін су шығыны 31 м/сек дейін төмендеді. Өзен суы тығыз, минералдылығы 1г/л-ге дейін. Қырғыстан республикасы мен Жамбыл облысы аймағында өзен ағысын реттеу мақсатында бірнеше бөгет салу құрылысы салдарынан ОҚО-на жыл сайын су аз мөлшерде келуде. Ол өз кезегінде пайдаланатын джер лер мен бақша өнімдерін суғарылуын қысқартады. Айтып өткен һөзендерден басқа Қаратау жотасы баурайына бірнеше су көздері ағады. Жиделі, бесарық, Ермексу, Қорашық, Арыстанды, Шаян, Бөген және т.б. Таудың шыға берісінде төбенің борпылдақ шөнінділерінде, өзеннің ағып шығу ағысы едәуір көлемін жоғалтады (50-60%) , ал жазықтыққа келетін қалғанбөлігі табиғи пішін шабу үшін жайылмалы суаруға тарылады. Кейбір өзендердің тасқын сулары да су қоймаларымен реттеледі. Мысалыға, Бөген, бадам және т.б бөгеттер сияқты.

Сырдария өзені геожүйелерінің оң жағалаулық саласында Келес өзені негізгі өзені болып табылады. Өзеннің жалпы ұзындығы 220 км. Су жинағы ауданы 2,2 мың км² . Оның су көзлері Қазығұрт тауының оңтүстік баурайы мен Қаражантау жотпсының солтүстіке батыс пен батыс баурайларында орналасқан. Өзеннің негізгі қорегі атмосфералық жауын- шашын болып табылады , аз мөлшерде жер асты сумен қоректенеді. Терреторияның құрылымы жағынан Қаратас тау массивы бөліп тұратын батыс бөлігін Шу-Сарысу ойпаты және шығысын Қылқұм ойпаты алып жатыр. Бұл ойпаттар күшті қатты шөгінділерден құралған. Олардың құрамы палеоеген және бор жастағы су өткізгіш қабаттардрдан қысымсыз төртікттен жоғары қысымды неогенге дейінгі кешендерден тұрады.

Бадам – өзені Қаражантау тау жоталарының баураынан бастау алып солтүстік шығыстан – оңтүстік батысқа бағытталып ағады. Өзнен аңғары Өгем мен Телес өзендерінің аңғары мен шекаралас жатыр. Алғашқы 25 км өзен биік таулы аймақта жіңішке аңғармен өте қатты жылдамдықта, еңіске қарай бағытталып ағады . Бұл бөліктегі өзеннің жалпы еңісі (уклон ) 69 пайыз, шатқалдан шығар деп өзеннің еңіске бағыты бәсеңдейді. Аңғар кеңейе түсіп ,арнасы тұрақсыз бола бастайды. Өзеннің орта бөлігінің еңістігі 1,8 -0,4 пайыз.

Ағысының алғашқы 25 км. Өзненнің оң жағасынан 5 , сол жағасынан 2 кішігірім өзен тармақтарры қабылданды . Бастауынан 42 қашықтықта өзенге оң жағынан өзеннің ірі саласы Доңызтау өзені су жинау алаңы 90 км², ұзындығы 29 км келіп құяды. Бастауынан 46 км – оң жағанан Ленгір өзені (су жинау алаңы 70 км² , ұзындығы 19 км) , 53 км-Тоғыс өзені ( су жинау алаңы 150 км , ұзындығы 34 км ) . 62км- ең ірі және көк сулы саласы Сайрамсу өзені( су жинау алаңы 1060 , ұзындығы 76км ) , 1000км – Ақбұлақ өзені және 129 км - ең соңғы саласы Бөржар өзені келіп құйылады.

Жоғарыда келтірілген деректерден біріншіден , Бадам өзеннінің алғашқы 62 км ғана жақсы дамыған өзен тармақтары бар , су жиналу аумағы жоғары жер аймағынан ағып , ал қалған бөлігі өзендер тармағы әлсіз дамыған аймақтарымен ағып өтнтіндігі мен көреміз. Екіншіден , өзнннің барлық тармақ салалары ( тек екеуінен басқа ) өзенге оң жақтан құяды . Қырық км -ден бастап өзеннің сол жақ жағалауы сусыз аймақа айнадады

Бадамның және оған құятын басқа өзен тармақтарының сулары 135 канал арқылы ( оның ішінде 29 – Бадам өзені , 18- Доңызтау өзені , Леңгірсай-11, Тоғыс -14 Сайрам су -44, Қарабастау-2, Қарсу -2, Ақбұлақ -5, Бөржар -7жер суландыруға және шаруашылыққа қажеттерге жұмсалады.

Өзен негізі көктем суларымен қоректенеді. Көктемде жауын-шашынның мөлшерінің 50 пайызға жуығы құралады. Осы жауын-шашынмен еріген қар суларының жиналуы әсерінен өзенде көктемгі көктемгі су тасқыны болады. Жазғы жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, өзеннің қоректенуі үшін маңызы жоқ. Қысқы және күзгі мол жауын-шашындар өзеннің су көлемін салыстырмалы түрде осы мезгілдерде едәуір жақсы деңгейде ұстап тұрады.

Ақсу өзені—Сырдария өзені геожүйелерінің оқ жағалаулық саласын құрайды. Өзен Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби және Сайрам аудандар аумағын ағып өтіп, Арыс өзенннің сол сағасы болып есептеледі. Ұзындығы 133 км. Су жинау алабының аумағы—766 шаршы шақырым. Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 4042 м биіктіктегі мұздықтан басталады. Жоғарғы шатқалдан ағып өтіп, орта тұсындағы аңғардың ені 150-200 м-ге, жайылмачсы 40-50 м-ге жетеді. Негізгі толысу көзі-мұздықтар мен қар суы (70%). Көпжылдық орташа су шығыныСарқырама ауылы тұсындағы 9,68 м³/сек. Кей жылдары төменгі ағысына сарқылып қалады. Суы тұщы, минералдығы 200-400мг/л. Ақсу өзенінің алабында Ақсу-Жабағалы қорығы орналасқан. Өзен суы негізінен егістікті және бау-бақшаныв суғаруға пайдаланады.

Көлдері негізінен Сырдария өзенінің сағасында орналасқан. Олар тасыған өзен суларымен және жер асты суларымен толығады. Өзен бассейнінде 43 көл бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың га. Өзен алаьбында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл және т.б ірілі --ұсақты көлдер көптеп кездеседі. Көлдер негізінен ауыл шаруашылығында және басқа да мақсаттарда пайдаланады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн м³)аң, Сарыкөлде (10,2 млн м³) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м³) емдік мақсатта пайдасы зор. Сонымен қатар өзендегі суқоймалардың жалпы көлемі 98 мыңнан астам гектарды алып жатыр. Оларға Шардара, Бөген, Бадам және т.б жатады. Шардара су бөгені 1965 жылдан бері іске асырылды. Ол Сырдария өзені геожүйелерінің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Көлемі -5200 м³, ұзындығы 6000м, орташа тереңдігі 28,2 м. Көлемі жағынан және ауылшаруашылығы жағынан екінші орныда тұрған Бөген су қоймасы 1967 жылы іске қосылған. Ол Арыс өзенінің бойында орналасқан. Көлемі 370 м³, ұзындығы 5400 м.

1.4 Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егіншілік жерлерінің топырағы мен өсімдіктер жамылғысы

Қазақстан- жер көлемі жағынан ірі ел, оның жер көлемі Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан-байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейін 2-ші орында. Бейнелеп айтқанда Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80 орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің қатарында. Әлем халқының 0,3 пайызын құрай отырып, Қазақстан жер шарының 2 пайызын алып жатыр. Осындай кең байтақ өлкенің бір бөлігін құрайтын оңтүстік өлке. Оңтүстік Қазақстан облысында жазықтар мен ойпатты жерлер, құмды өлкелер, биіктігі әртүрлі таулар кездеседі. Бұл аймақтағы жер бедерінің әртүрлілігі тек климатына әсер етіп қоймай топырағының қалыптасуына да септігін тигізеді. Осыған орай Оңтүстіктегі топырақтардан жазық аймақтың жазық аймақ топырақтары және таулы аймақтың топырақтары деп жіктей аламыз. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы шөл зонасының оңтүстігінде жатыр. Бұл зонада Оңтүстік Қазақстан облысымен бірге Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.

Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз, ылғалдану коэффициенті 0,1 – 0,05-ке дейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80 – 150 мм-дей. үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170 – 220 күнге жетеді. Күннің бұлтсыз, ыстық 10 градустан жоғары болатын температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктеммен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан, өсімдік тіршілігінде 2 биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер табиғаттың осындай қысымшылдығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан олардың топырақта қалдыратын қалдықтары мардымсыз. Сондықтан, топырақта қарашірік аз. Оның мөлшері топырақтың беткі қабатында небары 1 – 1,5 % . Осының салдарынан топырақтың түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр – құба топырақтар, орталық шөл. сонымен қатар, 2 зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үгілме құмдар және сорланған жерлерде көптеп кездеседі.

Аймақ негізінен шөл жайылымына қолайлы. Мұнде тек суармалы егістіктен ғана өнім алады. Өзен бойларында орналасқан тақыр түстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлығы аз болғандықтан, суарған кезде азоттың фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн.га, яғни республика территориясының 44% - на жуық.

Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені, осы жердің ыстығына бейім сорланған топырақта өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде әсіресе қаракөл қойлары, “шөл кемесі” атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып, мол өнімдер береді. Дегенмен, осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау – бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі, қоғам үшін шөлдер қоғамға шөл күйінде қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екінші жері көл болып бірін – бірі толықтыратын, бірін – бірі теңгеретін заңдылық бар.

Оңтүстік Қазақстан территориясында жазықтық жерлер тауларға қарағанда көп. Оңтүстік Қазақстан облысында ірі таулар Қаратау, Қазығұрт, Өгем таулары.

Таулы алқаптарда ені әр жерде әртүрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы – белдеуі орын алған. Жазықтықтағы шөлді дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл беулік таулық белдеулік зонасының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша жайылым ретінде пайдаланылады.

Өсімдіктер жамылғысы. Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1-1,5 мыңдайы – балдырлар, 2,5 – 3 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 200 ге жуығы – қына, 500 ге жуығы – мүк тәрізділер және 3 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің шамамен 250 түрі тек қана облыс жерінде кездесетін эндемиктер. Қазақстанға тән 10-12 эндемик тұқымдастардың жетеуі осында өседі: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, бочанцевия, тобылғыгүл, канкриниелла. Оңтүстіктің қазіргі флорасы ежелгі флоралардың негізінде қалыптасқан. Сол флоралардың өкілдері бүгінгі флораның құрамында реликт түрінде кездеседі.

Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы, түрлері мен эндемиктердің топтасуы биологиялық, экологиялық, эвалюциялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Облыс жерінде құрғақ субтропикалықтан ( Жетісай, Сарыағаш) бастап мұздықтарға ( Ақсу – жабағылы) дейінгі Солтүстік – жарты шардағы барлық табиғи аймақтардың сарқыншақтары кездеседі.

Облыстың жазық бөлігі Иран – тұрандық ботаникалық – географиялық аймақтың 2 провинциясының құрамына кіреді ( жоңғар – солтүстік тұрандық және оңтүстік тұрандық ). Жоңғар – солтүстік тұрандық шөлдер Созақ ауданы жерінде. Облыстың солтүстігіндегі Бетбақдаланың өсімдіктері алуан түрлі. Тастақ жерлерге петрофитті сериялар тән болса, кейбір саз балшықты топырақтарда шөлдік фитоценоздар кең тараған. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар – сұр жусан, бұйырғын, қара баялыш, тасбұйырғын, көкпек, сонымен қатар тұран жусаны мен майқара жусан, күйреуік, қара сексеуіл және т.б. Оңтүстігінде Бетбақдала Шу өзенінің жарқабақты алабымен шектеседі. Бұл жазықта аса тұзды – гипергалифитті шөлдер мен сорлар көп кездеседі. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар: жалмаңқұлақ, жапырақты сорқаңбақ, төбесораң, қызыл сораң, сарсазан, сонымен қатар жыңғыл мен кермектің түрлері де кең тараған. Шу өзенінің сол жағалауында тек өзіне тән өсімдіктері бар Мойынқұм жатыр. Мұндағы негізгі доминанттар – жүзгіндер, қоян сүйек, ақ сексеуіл, қысқа мүйізді астрагал, теріскен, мал жайылатын құмдарда жусанның түрлері, ебелек пен изен өседі.

Оңтүстіктұрандық шөлдер Қаратаудың күнгей беті мен Батыс Тәңіртау аралығындағы Түркістан ауданынан Сарыағаш ауданына дейінгі кеңістікті алып жатыр. Бұл шөлдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады: жазықтық, тау етегі мен бөктеріне тән адырлық шөлдер мен тақыр шөпті эфемерлі – эфереройдты жартылай саванналар, сонымен қатар өзен аңғарларына тән өсімдіктер. Жазықтық шөлдерге Қызылқұм жатады. Мұндағы негізгі эдификаторлар ( өсімдік жамылғысындағы басым түрлер) – ақ сексеуіл, раң, басты жусан, жоңғарлық жусан, түк жемісті мавзолея және бірқатар эфемеройдтар. Адырлық шөлдерде эфемерлер мен эфемеройдтар, астық тұқымдастар болады. Бұл шөдерге тән негізгі өсімдіктер: толық қияқ өлең, қаудың түрлері және қызғалдақ, мерендера, шырыш, шиқылдақ, шөлмасақ, фломис, көбенқұйрық сияқты эфемеройдты шөптесін өсімдіктер. Олардың ішіндегі ерекшесі – Ақдала жазығындағы дәрмене жусаны. 100 шаршы метр жерде 18-20 түрі кездеседі. Тақыр шөпті жартылай саванналар немесе эфемеретум едәуір жерді алып жатыр. Өсімдік жамылғысының негізін қалайтындар жаушықты қоңырбас, қоңырөлең мен раң, олармен қатар кездесетіндері – бозшағыл, салалы қарашағыр, бессаусақ, сор ажырық, түкті бидайық және жаман арпа. Мамыр айының екінші жартысында эфемеройдтар толысады да жаздың ортасында күйіп кетіп, топырақ жалаңаштанып қалады.

Өзен аңғарларына тән өсімдіктер тұқымдастығын шалғындық және тоғайлық экологиялық қатарлар түзеді. Сарысу мен Шудың төменгі ағысында қалың тоғай жоқ. Бұл жерлерде – жыңғыл, қамыс, шеңгел мен ажырық өседі. Кейбір тұзды жерлерде қарабарақ, төбесораң, сарсазан кең тараған. Қалың тоғай Сырдарияның аңғарында көп. Судың жағалауы тораңғы, талдар, жиде, итмұрын тұнып тұрған ну тоғай. Ағаштардың бұтағында шырмалған лианалар – шығыстық жібілген, шырмауық бар. Тоғайдың шетінде ірі астық тұқымдастар – қамыс, баттауық және кендір, жантақ және қызыл мия қалың өскен. Облыстағы таулар Батыс Тәңіртау мен Қаратау жүйелеріне жатады. Таулық жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мыналар:

- әр түрлі шөптесін – ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна;

- ксерофильді сирек ормандар мен бұта – шіліктер ( бадалдар);

- жапырақты, жемісті ормандар;

- су бойындағы бұталар мен ормандар;

- арша ормандары мен сирек ормандар;

- таулық далалар;

- бұта-шіліктер – розарийлер, тобылғы және шие-шіліктер;

- тікенекті қатты шөптер мен бұталардан тұратын фриганойдтар;

- әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулық шалғындар, т.б.

Бұл экожүйелердің көпшілігі жазық жерлерде кездеспейді. Таулық әр түрлі шөптесін – ірі астықтұқымдастардан тұратын жартылай саванна теңіз деңгейінен 600 метр жоғарыда кездеседі. Шөптердің биіктігі 1 метрден асады. Фитоценоздардың доминанттық негізін түкті бидайық, жаман арпа, бозшағыл және кәдімгі тарғақшөп, қызыл от, бидайық сияқты шалғындық астықтұқымдастар құрайды. Өсімдік жамылғысының жоғарғы деңгейін әдетте сасырдың түрлері, штубендорфия, жүрекжапырақты рауғаш, жалаңгүлді айдаршөп, андыз, шырыштың түрлері түзеді. Екінші деңгейді түзетіндер – жұпаргүл, астрагалдар, самарқандық салаубас, өлмесшөп, т көбенқұйрықтың түрлері және т.б. Төменгі деңгейдің түр құрамы эфемеретумге ұқсас. Бұл өсімдік тұқымдастарына – итмұрындар, тәңіртаулық үшқат, алмұрт жапырақты түйесіңір, шиелер жатады. Бұл тұқымдастың түрі өте көп – 100 шаршы метр жерде 50 ден асады. Субальпілік белдемде ( 2000 метрден жоғары) – жіңішке сасыр, кәдімгі тарғақшөп, қызыл от, андыз, таран, рауғаш, итмұрын, шие және бадам кездеседі.

Ксерофильді сирек ормандар мен бұталар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың аласа бөктерлерінде ( Машат, Дәубаба, Боралдайтау, Қазығұрт ) шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған. Негізгі формация – сары долананың сирек ормандары. Өз алдына жеке бірлестік түзетін тағы бір түрі – тау пісте. Бадалдың ең ксерофильді нұсқасы – тікенді бадам топтары. Бұдан басқа Түркістан доланасы, регель алмұрты, семенов үйеңкісі, үшқаттар, итмұрындар, шиелер, парсы шетені немесе қызыл қайың, гультемия, қылша кездеседі. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгендері де бар, олар – жабайы алма, жабайы өрік, жабайы жүзім, Шренк тобылғыгүлі, темірағаш, Кавказ таудағаны немесе кәтреңкі. Бадалдың флористикалық қанықтығы 100 шаршы метрде 75 түрі кездеседі. Шөптесін өсімдіктерінің құрамында жартылай саваннамен ортақ түрлер көп. Осы екі өсімдіктер қауымдастығы түрлерінен « Қызыл кітапқа » енгені – Регель рафидофитоны, марскеуек немесе лепидолофалар, піскем жуасы, грейг қызғалдағы, көкшіл шиқылдақ, ақ жолақты сасыр.

Жапырақты жеміс ормандары әдетте беткейлерде, сайлар мен жыралардың табанындағы сулы немесе құрғақ арналарда өседі. Негізгі орман түзуші түрлер – Түркістан доланасы мен жабайы алма. Олармен бірге өрік, жоңғар доланасы, сары долана, семенов үйеңкісі, жабайыланған қара тұт, жаңғақ және алша кездеседі.

Су бойындағы бұталар мен ормандар ( тоғайлар) Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың сай – жыраларында ағып жатқан үлкенді – кішілі өзен суларының бойында болады. Ең алымен бұл тал – шіліктер: ақ тал, кирилов талы, блек талы, іле талы, сонымен қатар талас терегінің ормандары. Боралдай, Ақсу, Дәубаба өзендерінің бойында соғды шағанының ормандары, ал Қаратау мен Машат тауларының кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Батыс Тәңіртаудағы өзендер аңғарында Тянь – Шань қайыңы мен талас қайыңының ормандары кездеседі.

Арша ормандары мен сирек ормандардың үш түрі бар: қызыл арша немесе заравшан аршасы, сауыр арша және қара арша немесе Түркістан аршасы. Кең тарағаны – қызыл арша, ол 1200 – 2000 метр биіктікке дейінгі белдемде тараған. Қаратау мен Машаттағы кішкене « арша аралдары » бұл түрдің бұрын кең тарағанын көрсетеді. Сауыр арша теңіз деңгейінен 1600 – 2500 метр биіктіктегі белдемде, ал қара арша 1700 – 3000 метр биіктікте тараған.

Таулық далалар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың көптеген белдемдерінде кең тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер – қау мен боз және бетеге. Еркекшөптің түрлері де елеулі рөл атқарады. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген сайын бетегелі – бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі.

Қаратаудың далалық формациялары құрамы мен құрылымындағы өзіндік ерекшелік жартылай саванналық, фриганойдты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың - тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғыгүлдің болуы.

Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратау мен Батыс Тәңіртауда кең тараған. Ал шөлді жазықтарда, тұзды сортаңды жерлерде, өзен аңғарларында қалың шеңгел кездеседі. Тауларда өз алдына қалың болып шие, үшқат, тобылғы, итмұрын, зілік, куриль шайы, ырғай, қара арша, тобылғыгүл мен қылшалар кездеседі.

Фриганойдтар немесе таулы-қыраттық ксерофиттер Қазақстанда тек қана оңтүстікте мейлінше толық кездесетін тікенекті бөстек тәрізді, ксерофильді тікенекті шөптесін өсімдіктер қауымдастығы. Олар теңіз деңгейінен 1000 – 2700 метр биіктікте таралған. Фриганойдтардың айқын өкілдерінің көпшілігі реликт, әрі сирек түрлер болып табылады да, « Қызыл кітапқа » кірген. Олар – Культайасов шренкиясы, тікен жапырақ, әулиеаталық трихантемис, Қаратау лепидолофасы, таспажапырақты лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы, тау-сағыз және т.б.

Батыс Тәңіртаудың қыраттарында теңіз деңгейінен 1700 – 2400 метр аралығында таулы шалғындар, одан жоғарырақ ( 2300 – 2800 метр) субальпілік шалғындар, 2800 – 3500 метр аралығында – криофитті альпілік шалғындар таралған. Таулы шалғындарда кең тараған түрлер – шалғындық түлкі-құйрық, бидайық, кәдімгі тарғақшөп, шалғындық атқонақ, шалғындық қоңырбас, т.с.с. Субальпілік шалғындар жатаған аршалар белдемінде тараған. Шалғындық астық тұқымдастарға жататын түрлер шалғындық беде, Гельцер қалампыры, бұйра қымыздық, маралоты және т.с.с. қосылады. Қазақстанның « Қызыл кітабына » енгізілген Қоқан моринасы мен іріжапырақты медиазия субальпілік шалғындардың құрамында. Альпілік шалғындардың түр құрамы бөлек, олар негізінен аласа бойлы, криофитті шөптесін өсімдіктерден тұрады. Әдетте, доминант болып келетіндері – жіңішке корезия немесе күйгенбас, доңызсырт, сарғалдақтар, тасжарғандар, көкгүлдер және т.б.

Батыс Тәңіртаудың ең биік жерлерінде ( 3500 – 4200 метр) криофитті бөстектілер мен қармаңайлық – субнивальды белдемдік топтар кездеседі. Ең жарқын өкілдері болып табылатындары – үш сала вальдгеймия, желайдар шөмішбас, аяздық семізот және т.б.

Облыс жері өте көне мәдениет және өркениет ошағы болып табылады. Бұл әрине өсімдіктер дүниесіне тікелей әсер еткен, әсіресе Қаратаудың күнгей беткейіндегі, Сырдарияның бойындағы қалың орман, тоғайлар сиреп қалған. Өсімдік дүниесі көптеген мәдени дақылдардың отаны болып табылады. Облыстың жер аумағы Н.Вавилов айқындап кеткен « Орта Азиялық мәдени өсімдіктер ошағының » қомақты бөлігі болып табылады. Ондай дақылдарға қызыл бидай, арпа, күріш, алма, өрік, жүзім және т.б. жатады. Облыстың өсімдіктер дүниесінен « Қызыл кітапқа » 176 түр енгізілген, бұл Қазақстандағы сирек өсімдіктердің 45 пайызы.

Облыстың табиғи флорасы - әлі де пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі болып отыр. Мұнда жемшөптік, дәрілік, азық-түлік, эфирмайлық және т.б. пайдалы өсімдіктер көп – ақ. Олардың ішіндегі дәрмене жусан, жабайы алма, жабайы өрік, алша, тау пісте, жабайы жүзім сияқты түрлердің табиғи популяциялары ғаламдық маңызды генафонд деп танылып отыр.

Сурет

2 ОҚО ЖЕР РЕСУРСТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

2.1 Облыстың ауыл шаруашылық жерлері

Оңтүстік  Қазақстан облысы территориясының көлемдiлiгi табиғи жағдайлардың әртүрлiлiгi жер реформасының нәтижесiн объективтi бағалауға, ол реформаны жүзеге асыру сферасын кеңейтуге, оның iшiнде жер ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық негiзiн жасауға мүмкіндік бередi.

Жер реформасының нәтижесiнде аймақта шаруашылықтың барлық салаларының бiр деңгейде дамуына, қозғалмайтын мүлiктер нарығының дамуына жер қатынастары сферасындағы заңдардың нығаюына бағытталған қайта құрулар жүргiзiлiп жатыр.

Облыс территориясы табиғи-климаттық көп зоналылығымен ерекшеленiп, 4 зонаға бөлiнедi: солтүстiк, оңтүстік-батыс, оңтүстік – жазық, оңтүстік-шығыс – таулы. Территорияның табиғи жағдайлары да әртүрлi: шөлдер және шөлейттер, тау алды қыраттар мен тау жоталары орналасқан.

Табиғи шаруашылық қатынастарға қарай келесi зоналарға да бөлiнедi: қаракөл қойларын өсiру дамытылған шөлдi мал шаруашылық зонасы (Қаратау және қызылқұм зонашалары); мақта шаруашылығы дамыған суғармалы егiншiлiк зонасы (Келес, Сарыағаш зонашалары); таулы-жазықты – суғармалы емес егiншiлiк дамыған зона; жалаңаш–жазықты зона (Мақтарал ауданы, мұнда мақта шикiзатының 62% орналасқан).

2003 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәлiметтер бойынша ОҚО жер қоры 11724,9 мың га-ны құрайды, оның iшiнде ауылшаруашылық жерлерi – 6262,8 мың га, халық қоныстанған жерлер – 654,7 мың га, ерекше қорғалатын территориялар – 76,3 мың га, орман қорының жерлерi – 3036,9 мың га, өнеркәсiп, транспорт, байланыс, қорғаныс және т.б. ауылшаруашылығында пайдаланылмайтын жерлердiң көлемi – 54,8 мың га, су қорындағы жерлер – 34,1 мың га,қордағы  жерлер – 1506,3 мың га, бiздiң республикамыздан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер 99 мың га. Облыс жер қорының көп бөлiгiн ауылшаруашылық жерлерi – 53,4%, орман қоры – 25,9%, қордағы жерлер – 12,8% құрайды.

Реформа жылдарында әртүрлi категориядағы жерлердiң үлес салмағы өзгертiлдi. 1991 жылы қабылданған “Жер реформасы туралы” заңға сәйкес жеке кәсiпкерлiкпен айналысуға берiлетiн жердiң, үй салуға, саяжай құрылысына, бау-бақша өсiруге арналған жердiң көлемi едәуiр ұлғайды. (1990 ж. 130,9 мың га-дан 2002 жылы 654,7 мың га-ға дейiн).

Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерден елдi-мекен жерлерiнiң айырмашылығы, олар өнеркәсiптi,  мәдени-түрмыстық және үй инфрақұрылымдарын орналастыруға яғни, халық қажеттiлiктерiн өтеуге пайдаланылады.

Елдi-мекендердiң құрамына кiретiн барлық жерлер бiр мақсатта орналастырылған – яғни елдi-мекеннiң дамуын қамтамасыз ету және бiрыңғай әлеуметтiк-экономикалық организм ретiнде қалыптасу. Ең маңызды принциптердiң бiрi елдi-мекен жерлерiн тиімді пайдалану. Ол дегенiмiз аз көлемдегi жерге ғылыми дәлелденген нормаларды ескере отырып, көп мөлшердегi үйлердi, ғимараттарды, сонымен бiрге жол жүйелерiн, алаңдар мен саябақтарды орналастыру, жердiң барлық категорияларын интенсивтi пайдалану.

Оңтүстік  Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық жерлерi 1990-2001 жылдары 11024,0 мың гектардан 6262,8 мың га немесе 4761,2 га-ға  қысқарды. Яғни, ауылшаруашылық жерлерiнің үлес салмағы 80%-н 53,4%-ға дейiн төмендедi. Мұның негiзгi себебi өнеркәсiптiң, транспорт, байланыстың дамуымен елдi-мекендер көлемiнiң ұлғаюы деп түсiндiруге болады.

Облыс жерiнiң пайдаланылуына талдау жасасақ:

Ауылшаруашылық жерлерi жөнiнен келесi аудандар: Созақ ауданы – 2090,5 мың га (облыс жерiнiң 33,4%) және Отырар – 712,2 мың га (11,4%); Мақтарал ауданы – 131 мың га (жалпы республикадағы егiстiк жерлердiң – 17,2%); Сайрам ауданы – 11,6%.

Жайылым – Созақ–1906,1 мы га (барлық жайылымның 40,8%-ы), көпжылдық шөптер – Сайрам – 5,4 мың га (облыстағы ұлесi 25,6%), шабындық –  Бәйдiбек – 35,9 мың га (28%), залеждер – 43,3 мың га (25%).

Аймақтың жер ресурстары тиімді пайдаланылса, ауыл шаруашылығының барлық өнiмдерi мен iшкi сұранысты толық қамтамасыз ете алады. Бiрақ, дефляцияға бейiм топырақты аудандар ерекше қорғауды, ерекше қамқорлықты қажет етедi.

Ауылшаруашылығына жарамды жерлер (егiстiк жерлер, жайылым, көп жылдық өсiмдiктер, залеждер) облыстың бүкiл жер қорының 87,6%-н құрайды немесе 10269,1 мың га, ал басқалары (ормандар, шалғындар, құмдар, батпақтар, су астындағы жерлер т.б.) – 12,4% немесе 1456,8 мың га

Жасалған талдауларға сүйенсек ауылшаруашылық  кәсіпорындарын жекешелендіру  жылдарында ауылшаруашылығына  жарамды  жерлердің   көлемi мен жердi пайдаланудың түрi, экономикалық факторлар үлкен өзгерiстерге ұшырады. Аймақта бүкiл республикадағыдай ауылшаруашылығына жарамды   жерлердің көлемiнiң күрт қысқарғаны анық байқалады және жердiң сапалық жағдайы төмендедi.

1991–2002 жылдар аралығында бос, пайдаланылмай жатқан жерлердiң көлемi 0,3%-дан 2,0%-ға дейiн көбейдi. Негiзгi себеп жердi пайдаланумен игеруге арналған материалдық-техникалық базаның жетiспеуi.

Бос жатқан жерлердi игеру барысында жайылымдардың ауданы 2000 жылғымен  салыстырғанда 2002 жылы – 8,9 мың га-ға, ал жайылымдарды игеру нәтижесiнде егiстiк жерлерiнiң көлемi 28,0 мың га-ға дейiн артты. Сапасы жоғары жайылымдарды интенсивтi және жүйесiз пайдалану өнiмнiң азаюына, мал басының кемуiне алып келдi.

Топыраққа антропогендiк ықпалдың күшеюi оның  батпақтануына, эрозиялық бұзылуларға алып келдi. Бұл процестердiң прогрестi дамуы биологиялық циклдарды бұзып, топырақтың өнiмдiлiгiн төмендетедi. Жер ресурстарына жалпы антропогендiк ықпал көп жағдайда биосфераның өзiн-өзi реттеу қабiлетiн төмендетедi.

Сапалық жағдайына қарай ауылшаруашылық жерлерi келесiдей түрге бөлiнедi: тұздалған – 2968,6 мың га, жел эрозиясына ұшыраған – 3016,3 мың га, шайылған немесе су эрозиясына  ұшыраған – 958,0 мың га. Зерттеулер көрсетiп отырғандай барлық  жердің   3,8 млн га жер эрозияға ұшыраған, оның iшiнде жел эрозиясына – 3,2 млн га және су – 0,8 мың га жер.

01.01.2003 жылдағы жағдай бойынша облыста 880 га құрылыс барысында пайда болған карьерлер, iшкi және сыртқы отвалдар, үйiндiлер бар. Ал, маңызын жойған каналдар мен ашық алаңдарын қоса айтсақ бұл сан 2,3 мың га-ға дейiн жоғарылайды. Қаржының бөлiнбеуi салдарынан соңғы жылдары жердi рекультивация жұмыстары тоқтатылды. Жер өнiмдiлiгiнiң төмендеуi бiрiншiден эрозияға, тұздануға, т.б. байланысты.  Мысалы, Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы тұздалған жердiң жалпы көлемi 2968,6 мың га болса, оның iшiнде 734,2 мың га – әлсiз тұзданған, 856,7 мың га – орташа тұзданған, 550,5 мың га қатты тұзданған және 459,2 мың га-ры құмдар. Топырақтың мұндай күйге түсуi кең көлемде өнiм алып, минералдық және органикалық тыңайтқыштармен өте аз көлемде қамтамасыз етiлуiнен болып саналады. Ластануға қарсы ешқандай шаралар жүргiзiлмейдi. қоршаған ортаны қорғауға бөлiнетiн қаржының 20% ғана жердi ластанудан қорғауға жұмсалады екен.

Гос.НПЦ Земнің (Жер  қатынастары жерді  ұйымдастыру  жөніндегі мемлекеттік  ғылыми  өндірістік  орталық) және жер қатынастарының мәлiметтерi бойынша соңғы 2 жылда Оңтүстік Қазақстан облысының егiстiк жерлерiнiң гумус қабаты күрт төмендедi (орташа 30%). Әсiресе, Мақтарал, Сарыағаш, Түркiстан, Қазығұрт аудандарында. Облыста 598 мың га егiстiкке жарамды жер болса, 2000 жылы оның 379 мың га-ры (76,2%) ғана ауылшаруашылығына пайдаланылады. 1999 жылы 487 мың га жер мүлдем пайдаланылмады, оның iшiнде 4,8 мың га – тұздалғандығы үшiн, 0,8 мың га-ры – жер асты суларының деңгейiне 2,3 мың га – сумен қамтамасыз етiлмегенi үшiн, 1,8 мың га-ры – мелиоративтi алаң болғаны үшiн.

Зерттеулер көрсеткендей, тұздалмаған жерлердiң жалпы үлес салмағы 72,3%-ды құраса, әлсiз тұзданған жерлер – 21,3% (19 см) , орташа тұзданған – 7%-ды (7 см), қатты және өте қатты тұзданған жерлердiң үлес салмағы – 3,8% (4 см).

Оңтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау мәселесi даулы, қиын мәселе. Экономикалық құрылымда “экологиялық лас” салалардың орын алуы энергетика, түстi металлургия, мұнай, мұнай химиясы табиғатты қорғау шараларының жоқтығы, табиғи ресурстарды комплекстi пайдаланбау жер ресурстарының ластануына, территориялардың деградациялануына алып келдi.

Қазіргi қалыптасқан нарықтық қатынастарда шаруа қожалықтарының иелiгiнде 729,5 мың га жер бар.  Акционерлiк қоғамдар мен серiктестiктердiң иелiгiне 378,9 мың га жер келедi. Соңғы жылдарда ауылшаруашылық кооперативтерi ерекше қарқынмен дамып, олардың иелiгiнде 2045,6 мың га жер, ал мемлекеттiк кәсіпорындардың ықпалындағы  жердiң жалпы көлемi 374,9 мың га (ауылшаруашылық жерлерiнiң 6,0%). Көрiп отырғанымыздай аймақтың ауылшаруашылық жерлерi негiзiнен мемлекеттiк емес статустағы заңды тұлғаның иелiгiнде.

Ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлерi өздерiнiң қандай өнiм шығаратынын, қанша өнiм шығаратынын өздерi анықтайды. Бағаға, сұранысқа қарай отырып, олар қандай ауылшаруашылық өнiмiн өсiруде.

Оңтүстік Қазақстан облысында техникалық дақылдар (мақта, май дақылы), бақша дақылдары картоп, көкөнiс өнiмдерi. Облыстың климаттық жағдайы мақта өсiруге қолайлы және бұл аймақ Қазақстандағы жалғыз мақта өсiретiн облыс болып саналады.

1990 жылғымен салыстырғанда органикалық тыңайтқыштармен жердi қамтамасыз ету қанағаттанарлықсыз деңгейде.

2003 жылы ауылшаруашылық бiрлестiктерi минералды тыңайтқыштардан – 3,8 мың тонна (1990ж. 81,0 мың тонна), органикалық тыңайтқыштардан – 10,2 мың тонна (1990 ж. 935,8 мың тонна) пайдаланылды.

Егер 1990 ж. әр гектарға 76,6 кг минералдық тыңайтқыштартар себiлсе, 2001 ж. оның мөлшерi – 5,9 кг, ал органикалық тыңайтқыштар 0,9 кг-нан 0,02 кг-ға дейiн төмендеген. Осының нәтижесiнде минералды тыңайтқыш себiлген жердiң көлемi 15,5 есеге дейiн (692,9 мың га-дан 44,7 мың га) және органикалық тыңайтқыштар – 22,5 есеге дейiн (49,5 мың га-дан 2,2 мың га-ға дейiн) қысқарды.  Бұл бiрiншiден минералды тыңайтқыштардың бағасының көтерiлуiнен, екiншiден қаржымен қамтамасыз етiлмеуден.

Оңтүстік Қазақстан — республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары — мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Техникалық дақылдарды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Талас-Асы, Қаратау арналары салынған. Жылуды көп қажет ететін мақта өсіруге Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы, ал күріш Қызылорда облысында өсіріледі. Қант қызылшасы темір жолға жақын Тараз, Мерке, Алматы, Талдықорған аудандарында өсіріледі. Алматы маңында темекі егіледі. Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармайтын жерлерде де өсіріледі. Дәнді дақылдар егісінің 70%-ын күздік бидай құрайды, өйткені қыс біршама жұмсақ, қар көп түседі, сондықтан оны күзде егуге болады. Оңтүстік Қазақстан — ірі бақ және жүзім өсіретін аудан. Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.

Сондай-ақ мұнда мал шаруашылығы қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүнін өндіру дамыған. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің көбі (көкөніс, жеміс) Қазақстантанның басқа аудандарына шығарылады, өйткені көкөніс, жеміс-жидек дақылдары Солтүстік және Шығыс аудандарға қарағанда 1,5-2 ай ерте піседі.

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары өте жақсы дамыған. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады. Республика бойынша жеңіл және тамак өнеркәсібі жалпы өнімінің 87%-ы осы ауданның үлесіне тиеді. Бүкіл республика бойынша жеңіл өнеркәсіптің 55%-ы, тамақ өнеркәсібінің 40%-ы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.

2.2 Облыстың ауыл шаруашылығы жерлеріндегі аграрлық сектордың жағдайы

Аграрлық сектор қай кезден де күрделі сала болып табылады. Ел реформасын жаңғыртудағы аграрлық саланың реформалары әрдайым қйындықпен келеді. Мұндай реформаның негізгі мақсаты, жалпы экономикадағы сияқты, отандық өнідірістің тиімділігін көтеру, оның көлемін өсіру, өнім сапасын жақсарту және өзіндік құнын әлемдік рыноктағы бәсекелестік дәрежесіне дейін төмендету.

Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығының болашағы фермерлердің қолында екендігі белгілі және олар барынша ірі әрі материалды- техникалы қ ресурсы мықты, бәсекеге жарайтын өнім шығаратын фермерлер болуы керек. Ауыл шаруашылық өндірісін дамыту және оның тиімділігін көтеруде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту және оның тиімділігін көтеруде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді ұйымдастырудың маңызы зор. Облыс бойынша 2009 жылдың қаңтар айының 1 жүлдызына 67,1 мың шаруа (фермерлер) қожалығы тіркелген, оның 89,6%- белсенді шаруашылықтар қатяуына жатады. Шаруа қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал (барлык шаруашылықтың 33,0%); Сарыағаш (11,4%) аудандарында және Түркістан қ.ә. (10,6%о) тіркелген.

2009 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарынында 159,8 мың адам жүмыс істеді, оның 49,7%- Мақтаарал, 9,3%- Шардара аудандарының қожалықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожалығында үш адам жұмыс істейді.

Ауылшаруашылығы дақылдарын және мал өсіретін жерлерді қамтамасыз етіп қана қоймай, оны экспортқа шығару мүмкіндігін де иелене алады. Бірақ бұл бағыттағы мүмкіндіктер толық игеріленуде. Яғни, бұл саладағы жұмыстың негізгі рыноктық күштерді дамыту мен бәсекелестікті жетілдірудің нақты заңға сәйкес болуына және мемлекет тарапынан қолдауға негізделуі керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы егіншілікпен және дамыған мал шаруашылығымен айналысатын ірі өңір болып табылады.

2010 жылдың қаңтар-наурызында облысты тұтас алғанда ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі, республиканың ағымдағы орташа бағасымен, 8500,4 млн.теңгені құрады, бүл 2009 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,4% артық.

Ағымдағы жылдың үш айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 61,9 % мал мен құс етінің өндірісіне, 28,8%- сүт, 4,5%- жұмыртқа және 4,8% басқа да өнім өндірісіне тиесілі.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Сарыағаш 16,8%, немесе 1425,5 млн.теңге. Сайрам-тиісінше-14,6% немесе 1240,6 млн.теңге және Түлкібас аудандарыында- 10,9% немесе 922,6 млн.теңге.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша егістік алқабы 762,8 мың гектарды құрады. Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабының басым бөлігіне техникалық дақылдар (40,2%), дәнді және дәнді бүршақты дақылдар (29,7%) және жемдік дақылдар (23,4%) егілді.

2.3 Оңтүстіктегі ауыл шаруашылығындағы егістіктер

Биыл облыста ауылшаруашылық дақылдары 739,4 мың гектар алқапқа орналастырылды, бұл Агро азық-түлік бағдарламасынан 14,4 мың га артық және өткен жылға деңгейден 7,1 мың га-ға.

Дәнді дақылдар алқабы 231,7 мың га құрады немесе бағдарламадан 16,7 мың гектарға артық. Оның ішінде 182,2 мың гектар бидай егілген (бағдарлама бойынша — 180 мың га.).

Мақтаның рентабельдігінің жоғарылығы, кепілдік өткізудің мүмкіндігі, ауыл шаруашылық саласында сұранысқа басымдылығы мол болып анықталды. Сол себебті нақта егілгені 199 мың гектар, бұл бағдарламадан 29,0 мың га-ға артық және өткен жылдан 28,8 мың га-ға. Көктемгі ауа-райының қолайсыздығына байланысты, барлық егілген мақта көлемінің 45,1 мың гектары қайта себілді. Қазіргі кезде егістікке агротехникалық іс-шаралар жүргізілуде және мақтаның жағдайы жалпы қанағаттанарлық.

Қырғы жерлерді қолайлы пайдалану мақсары егісінің алқабын ұлғайтуға әсерін тигізді, ол өсімдік май өндірісі үшін негізгі шикізат ресурсы болып табылады.

Бұл дақыл үшін 59,6 мың га алқап жіберілді, бағдарламадан 11,6 мың га-ға артық және 2009 жыл деңгейінен 21,8 мың га.

Облыс республикадағы ең үлкен көкөніс жөне бақша енімімен жабдықтаушы болып табылады. Биыл көкөніс-бақша дақылдары 41,1 мың гектарда бапталуда (бағдарлама бойынша 40,0 мың. га.).

Барлық егілген дәнді дақылдардың ішінде арпа, бидайы 203 мың га құрайды. Оның 2,5 мың га орылымға жатпайды. Қазіргі кезде облыс тауар өндірушілері орым қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңга 101,7 мың гектар орылды немесе орылым алқабының 51%. Орташа өнімділігі гектарына 17,4 центнер жалпы 177,4 мың тонна дән алынды.

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардагы № 70 қаулысына сәйкес көктемгі дала жұмысын жүргізу үшін облыстағы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне республика бюджетінен 120 млн. теңге бөлінді.

2003 жылғы жарты жылдықта облыс әкімінің «Харрикейн ойл Продактс» ААҚ басшыларымен келісімі бойынша көктемгі дала жұмысына ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілді. Тағы да, орылым кезінде 10 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілуіне жұмыс жүргізілуде.

Бұл қаржылар көктемгі дала жұмыстары үшін және қазіргі орылым кезінде агроқұрылымдарға үлкен көмегін тигізуде.

Дақылдардың өнімділігін арттырудың ең бірінші факторы, ауылшаруашылық өндірісінде тыңайтқышты тиімды пайдалану болып табылады. Бірақ, тауар өндірушілердің қаржы қабілеттігінің жоқтығынан, минералды тыңайтқыштардың сату бағасының жоғарылығынан қажетті көлемде тыңайтқыштар жерге қажет мөлшерінде берілмейді.

Өткен жылы минералды тыңайтқыштар алуға субсидия берілгендіктен тауар өндірушілердің жерге тыңайтқыш беру көлемін өсіруге себебін тигізді.

Облыс бойынша ағымдағы жылы 3,5 мың тонна минералды тыңайтқыш субсидиялануға жатады. Оның ішінде бүгінге 2,4 мың тонна алуға кілісім шарт жасалған, бұл көзделгеннің 68 пайызын құрайды. Кептеген тауар өндірушілірдің келісім шарттан бас тарту себебі, әлі де болса тыңайтқыш бағасының жоғарылығы (аммофос тоннасына 13236 тенге).

Ағымдағы жылы бағдарламамен элиталық тұқым шаруашылығын дамытуға 43,3 млн. теңге сибсидия болу қарастырылған. Бұл қаржы республика бюджетінен элиталық тұқымды сату шамасы бойынша бөлінеді.

«Сорттық және егілетін тұқымдық материалды анықтау» 037 бағдарламаға сәйкес 6,2 млн. теңгеге 10552 зерттеулер жүргізілген. Оның ішінде биылғы күздік дақылдар тұқымының сапасын анықтауға  1,4 млн. теңге соммасына 2344 зерттеулер жүргізілді. 2004 жылғы өнімінің тұқым сапасын тексеру басталды 4,8 млн. теңге соммасына 8208 зерттеулер игеріледі.

Жер кадастрының бірыңғай банк мәліметтерін құру бойынша жұмыстар жасалынды. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығына облыс бюджетінен бұл жұмысқа 4,0 млн. теңге бөлінді.

Гордроқұрылымдарын жөндеу туралы және су қорғау зонасы мен аумақтарын құру жұмыстары жүргізілді. Облыс бюджетінен биылға бағдарламада қарастырылған 57 млн. теңгенің, бірінші жарты жылдықта 28,4 млн. теңгесі бөлініп және игерілді.