Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Маала Экологиялы апаттар

.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
18.26 Кб
Скачать

Табиғаттың ластануы және экологиялық қасірет

Мен шағын ғылыми еңбек жұмысымды.Ұлы ғұлама, ойшыл, зерттеуші Әбу Насыр Әл-Фарабидің трактатымен бастағым келіп отыр. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына интеллект, оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі.Біз қазірдің адамдары осы тракттақа мән берсек, бұнда табиғатпен адам арасындағы байланыс ерекше жазылған.Біздің анамыз –табиғатты қадірлеп, қастерлеп, зиянымызды тигізбеуге тырысуымыз керек деп ойлаймын.Адамдармен табиғат ерекше байланыста сол байланысты жақсы жағына пайдаланып игерсек жөн болар еді деп тұжырымдаймын.Ал енді өзіміздің еліміздегі проблемалардан бастап тоқталып өтсем:Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол  әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады екен. Жоғары аталған тұрақты ластау көздерден басқа аяқасты да болатындарды атап өтуге болады. Оларға техногенді түрдегі төтенше жағдайлармен көп жылдар бойы келе жатқан тарихи ластағыштарды атап өтуге болады. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiредi. Қауiп апатты жер сiлкiнiсi, көшкiн, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өнәркәсiп және басқа да авариялардың нәтижесiнде адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуiне байланысты. 1994 жылдан бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шектi. Сараптамалық бағалау бойынша төтенше жағдайлардан (жаhандық дүлей апаттар болмаған кезде) келетiн тiкелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгенi құрайды.

Ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (оның ішiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады.Көріп отырғанымыздaй, өнеркәсіп өндірісінен қауіп деген көп және мемлекетіміздің тұрақты даму көшу барысында ол азаяр емес.Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда  болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол  ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы  су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр. Еліміздің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылыми жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа технологиялық бағдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет. Қоршаған ортаны қорғау туралы әр кезде әр түрлі ұсыныстар болып жатады. Науқанға айналған көгаландыру жұмысы жүйелі түрде жүрмейді. Әрбір елді мекенді, қаланы, көгаландыру мәселесінің өз алдына ғылыми тұжырымдамасы болу қажет. Ірі өнеркәсіпті қалаларда, көбірек игерілген егістік аймақтарда, бау-бақшаларда сол жерлердің топырағының құнарлығын арттыру, суының жеткіліктігін, түсетін өнімнің сапасын анықтау экологиялық тұрғыда негізделуге тиіс. Қаланың микроклиматының өзгеріп, шаң-тозаң, қапырыққа айналуы, асфальттардың еруі, қуаңшылық лебінің енуі молайды. Автокөліктердің көбеуі, улы газдардың таралауы қаланың ауасын ластаумен бірге, халықтың денсаулығына үлкен зиян тигізіп отырғаны жасырын емес.Балтық жағалауындағы елдер, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттері жер жағдайының аздығына қарамастан, көп халықты жутатапай, аз жерді жүйелі түрде қорғап, тиімді пайдаланып отыр. Соған қарай экологиялық ахуалының көрінісі жоғары деңгейде дамыған. Ал біз мол жерді ысырапсыз пайдаланып, табиғатты жұтаңдатып, экологиялық апатты жағдайға жеткіздік.Мен осы негізгі проблеманы қорытындылай келе осындай ой білдіргім келіп отыр.

Табиғат-біздің анамыз! Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес — өмір үшін күрестің негізі болып табылады.Болашаққа сеніп қалдырар аманатымыз осы болуы тиіс.Сондықтанда біз әлем болып, ел болып бір жұдырыққа жұмылып осы проблеманы тұрақтандыруға тырысуымыз керек деп ойлаймын!

Қолданылған әдебиеттер:

1.    Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Атматы – 2004

2.    Бродский А. К. Жалпы экологияның қысқаша курсы, Алматы, 1998

3.    Баешов А. Экология және таза су проблемалары, Алматы, 2003

4.    Бейсенова Ә. С. Экология, Алматы — 2001

5.    Бейсенова Ә. Экология – ел тағдыры//Егемен қазақстан, 2005, 13 шілде