Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тех регл ондиристик талаптар.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
578.05 Кб
Скачать

4.5. Құрылмалар мен материалдарға қойылатын талаптар

      48. Құралма материалдары қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді орындау түрін, орналастыру шарттарының ерекшелігін ескеріп таңдалуға тиіс.

      49. Қауіпсіздіктің көлемді белгілері мен сигналдық белгілеулердің құрылмалары барлық қосылу тұрқыларының тығыздығы мен беріктігін, бекітпелердің сенімділігін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде жинақтау мен бөлшектеудің жеңілдігін қамтамасыз етуге тиіс; электрлік қосылыстар орындарына оңай қолжетімділігі болуы керек.

      50. Сыртқы немесе ішкі электрлік жарық беруі бар қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің құрылмаларын ЭОЕ 6-бөлімінің талаптарын есепке ала отыра орындау керек.

      51. Ішкі жарық беруі бар қауіпсіздік белгілері электрмен жабдықтаудың апатты көзіне, ал өрт гидранттарының белгі-көрсеткіштері - сыртқы жарық беру желісіне қосылған болуы және жарық бейненің барлық өрісі бойынша біркелкі таралатын болуы керек.       Тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе жақсы көрінбейтін жағдайларда пайдаланылатын қауіпсіздік белгілері жарықтандырылуы керек немесе жарық қайтаратын беті болуы қажет. Тәуліктің қараңғы мезгілінде қауіпсіздік белгілерінің, қосымша белгілердің көрінуін қамтамасыз ететін барлық құрылғылар олардың түстерін өзгертпеуге және тәуліктің жарық мезгілінде көрінуін нашарлатпауға тиіс.

      52. Түсі, формасы өзгерген, бұзылған және (немесе) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкессіздігі кезінде объектілердің белгіленуін сигналдық түстерге және қауіпсіздік белгілерінің түстік өңдеуіне жаңарту немесе жаңасына ауыстыру қажет.

      53. Жоғарғы ылғалдылық жағдайларында пайдаланылатын қауіпсіздік белгілерінің барлық бөлшектері мен жинақтау бірліктері жегідеге тұрақты материалдардан жасалуы немесе қорғаныш қабаты болуы қажет.

      54. Түстік графикалық бейнелер мен түсіндірме жазулар тасымалдаушы-материалдың бетіне тұрақты бояулардың, өздігінен желімделетін, жарық сүзгіш қабыршақтардың көмегімен түрлі технологияларды қолдану жолымен салынуға тиіс.       Қауіпсіздік белгілерінің түстік графикалық бейнелерін трафареттердің көмегімен салған кезде жиегінің жалпы ауданының 4% астам ауданын немесе қауіпсіздік белгісінің жалпы ауданының 1,5% астам далдашаларын боямай қалдыруға жол берілмейді.

      55. Өздігінен желімденетін материалдар мен желім қабатының типтерін таңдау орналастыру жағдайларына байланысты жүргізу қажет, сонымен қатар жабысқақтық көрсеткіші:

      1) 0,3 кг желім қабатын жабыстыру жүктемесі кезінде ішкі орналастыру материалдары үшін - 200 с;

      2) 0,6 кг желім қабатын жабыстыру жүктемесі кезінде сыртқы орналастыру материалдары үшін - 1000 с кем болмауға тиіс.

      56. Желім қабатының қорғаныш негізін алғаннан және материалды желім қабатымен жоғары ұстаудан кейін өздігінен желімденетін материалдардың ашуы бөлме температурасында:       10 мин бойы 0,5%;       1440 мин бойы 1,5% аспауы керек.

      57. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер судың, қышқылдар мен сілтілердің су ерітіндісінің, жуу құралдарының су ерітінділерінің, майлардың, бензиндердің әсеріне тұрақты болуы қажет.