Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР билет жауап.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
40.94 Кб
Скачать

3. Келесі сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды негіздеңіз:(30 балл)

Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау үшін дисконттау тәсілін қолданудың мәні неде?

4. Эссе жазыңыз (50 балл)

Эссе: Қаржылық тәуекелділік және оның фирма қызметіне әсер етуі

8-билет

1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз (10 балл)

Тәуекелділікті анықтау тәсілдері

Тәуекелділікке қатысты негізгі әдістер

Тәуекел – менеджмент процессінде тәуекелділікті анықтау сатылары. Кәсіпорындағы тәуекелділікті анықтау және бақылауды ұйымдастыру. Тәуекелділікті анықтаудың негізгі тәсілдері: сұрау беттері, құрылымдық диаграммалар, поток карталары, тікелей инспекциялау, қаржылық және басқарушылық есептерін талдау.

Тәуекелділікті бағалап, арнайы шешім қабылдау үшін сол объекті қатысты бастапқы ақпараттар жиналған жөн, яғни тәуекелділікті туғызатын жайт.

Белгілі бір салаға байланысты тәуекелділік ақпараттарын жинау мақсаттында көптеген әдіс, тәсілдер бар.

Кез-келген жағдайда қай әдістің дәл келетінін анықтау қиын,бірақ оңай шешім жасай аламыз, егер тәуекел-менеджер өз жұмысын белгілі бір өнеркәсіп немесе қаржы коммерциясында жоғары білікті маман болса.

Ақпарат жинау мен тәуекелділікті анықтау көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға көп көмек көрсетеді.Тәуекелділікті анықтап білу үшін арнайы жоспар жасалуы тиіс.Қандай жоспар болмасын, ол өзінің бюджет қоры мен экономикалық артықшылығы, жауапкершілігі болуы қажет.

Кейбір әдістердің базалық негізі статистикалық қаржылық, басқарушылық жэне кәсіпорынның есепшоттық қағаздары немесе талдауына жүгінсе, екіншілері келеңсіз жағдайдың орналасу орнына, яғни инспекциялық негізде.Тәуекелділікті табу сандық талдаумен де құрылады, сонымен қатар сапалық реттеу де орын алады.Бұлардың барлығы кәсіпорындағы, ұйымдағы тәуекелділікті сипаттап, табуға арналған.

Өнеркәсіп объектеріне қатысты бастапқы ақпаратты мына негізгі әдістер көмегімен білеміз:

• Стандартталған анықтама беттері;

• Басқарушылық және қаржылық есептерінің бастапқы құжаттарын талдау жасап қарау;

• Кварталдық, жылдық қаржылық есептерге талдау;

• Өнеркәсіптің ұйымдастырушылық құрылымының талдау диаграммасы және құрылуы;

• Өнеркәсіптің өндіру техникалық процестерінің талдауы;

• Осы берілген салада мамандарға кеңес беру;

• Мамаңдандырылған консалтингтік фирмалардың эксперттік құжаты.

Бүл әдістердің әрқайсысы көп мөлшерде белгілі бір салада ақпарат бере

алады.

Анықтама беттерінің екі түрі бар:

1.Универсалды (стандартталған );

2.Мамандандырылған

Универсалды анықтама беттері - жалпылама түсінік береді және көптеген өнеркәсіп типтеріне келеді.

Мамандандырылған анықтама беттері - белгілі бір арнайы құрылымдық есептемеге және айырмашылығы бар жайттарға. Бұл беттер халықаралық практикада кеңінен қолданылады.

Анықтама беттерінің арнайы бір сұрақ реттері болады, оның көмегі арқылы арнайы объектінің құрылымы мен сандық мөлшерін біле аламыз.Бүл беттерінің кемшілігі, белгілі бір мөлшерден артық мінездемелік сұрақтарды қамтиды.

2.3.Құрылымдық диаграммалар

Құрылымдык диаграммалар әдісі кәсіпорын құрылымы мен одан шығатын кауіптердің ерекшеліктерін талдауға арналған. Бұндай жолмен алынған мәліметтер ең біріншіден менеджмент сапасы, өтімнің ұйымдастырылуы мен жарнама және т.б.мен байланысты ішкі кәсіпкерлік, сонымен қатар коммерциялық кауіптерді бағалауға пайдалы болып табылады.

2.4. Ағымдар картасы

Ағымдар картасы немесе ағымды диаграммалар- өнеркәсіптегі жекелеме технологиялық процестердің және олардың өзара байланысын графикалық түрде көрсетеді. Бұл карталар енеркәсіптік процестегі негізгі элементтерді табуға пайдалы, себебі бүл элементке қатысты өнеркәсіптің тұрақтылығы анықталады. Мұндай элементтерді түйінделген деп атайды, себебі олардың жоспарды бұзуы мен шығуы бүкіл өндірістік процесті тоқтатады немесе тәуекелділік жағдайға дейін жеткізеді.

Төмендегі суретте (4.6.) ағымдар картасы бейнеленген бұйымды завод аумағында жинақтау. Мұндай картаның талдауы корытьнды жағдайды көруге мүмкіндігін береді, мысалы қоймадағы шикізат авариясы немесе келесі өндірістік кезеңге шикізаттың түспей немесе жеткізілмегендігін көрсетеді.Осындай әдіспен ағымдар картасы түрлі процестегі тәуекелділікті және масштабтық бағалауға көмектеседі.

Басқа бір мысал ретінде (4.7) ағымдар картасындағы шарап өндіру көрсетілген. Бұл өнеркәсіптік процесте бастапқы элементтер көрсетілген басу, өндіру, бөтелкелесу және т.б.

Ағымдар картасының 4.8. суреті 4.6. суреттің модификациялық түрдегі үлгісі. Мұнда алдыңғы үлгіге карағандағы айырмашылық ақшалай эквивалент қоры және қосылған құн көрсетілген. Көрсеткіштер сызығында жалпылама құн берілген, 1 кезеңнен 2 кезеңге өту барысындағы.

Бұл кестелі ағымньң артықшылығы мынада: мұнда сандық шығын көрсеткіштерін ала аламыз. ал екінші жағынан тәуекелдік ресурстар арасында түрлі қайта бөлулерді жүргізе алады.

Ағымдық карталарды негізгі 3 топқа бөлеміз:

1.кәсіпорын ішіндегі жекелеме технологиялық процесс;

2.өндірістік процестердің және баскару элементгерінің жиынтығы;

Ағымдағы карта талдауы өндірістік процестегі жұқа жерлерді анықтауға

көмектеседі.

Кез-келген технологиялық процесті 3 деңгейге бөлеміз:

•бастапқы;

•материалдың келіп түсуі;

•оларды өңдеу және дайын өнімді шығару.

Ағымдар картасы процесстік талдауда пайдалы болып табылады. Мысал ретінде өрт сөндіру комплексін келтіруге болады.

Бұл карталардың аз қолданылу себебі, процестік жағдайға негізделген. Сол себепті бұл карталар толык мәліметтермен бірге ғана жүргізіледі.

2.5. Тікелей инспекция.

Жоғарыда айтылған тәуелділікті анықтау әдісінің біліктік меңгерсе және жұмыстың үлкен тәжірибесі болса, онда олар сол маңызды кедергілерді белгілеп қояды, қайсысы респонденттік жауап алу қағазында қателік кетуі мүмкін және басқа мамандарда да, сай болушы объектілерде жұмыс істеушілер немесе белгілі бір технологиялық операцияларды орындау.

Тікелей инспекция айқындауға және тәуекелділік менеджментті бағдарламаларды дамытудың тікелей аспектілерін анықтауға жол берілген, осы кәсіпорынды басқаруда болжамды шығындарды бағалау және тәуекелділік деңгейіне кепілдеме беру.

Кез келген объектіні жоспарлы аралағанда алдын-ала мақсат тізімін анық анықтау керек, оны инспекция жүргізу арқылы жүргізуге болады және бірқатар спецификалық факторларды ескеру керек:

• кәсіпорын басшыларының орталық басқармаға лоялдық деңгейі және бағыныштылығы (аудандық бөлімшелерге);

• барлық уақыт көлемі инспекцияға кетеді деп болжайды;

• инспекция ыңғайлы жыл уақыты;

• инспекторлардың кәсіпорындағы ықтимал жұмыс шарты, техникалық қамтамасыз етілген дәрежесі, орталық кеңсемен осы заманғы байланыс құралының болуы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]