Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

туелсіз азастан

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
21.83 Кб
Скачать

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде  білім алуға баулу.

Дамытушылық:Оқушылардың ақыл, жігерінің дамуына әсер ету, сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту, отансүйгіштікке      тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың сөздері, Астана суреттері, Қазақстан Республикасының  рәміздері, Қазақстанның картасы.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

1- жүргізуші: Біздің еліміз – бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, дем алуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін барлық   азаматтарды ұлтына, нәсіліне,тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тек дәрежеде қорғайды, азаматтық құқтарына нұқсан келтірмейді.

2-жүргізуші:Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өміріндегі тарихи өзгерістердің жүзеге асуына негіз болды. Тәуелсіздіктің  әр күні, әр айы тарихи өзгерістерге толы болды. Қазақстан Республикасының  Мемлекетік рәміздері-Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі  Конституциялық заңмен белгіленді.

1-жүргізуші:Қымбатты оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!                     16-желтоқсан оқиғасынан кейін арада бес жыл өткенде  1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік, бұл басымызға қонған бақ, бақыт!

2-жүргізуші: 2003 жылы-Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Тәуелсіздік жылы деп жариялануда үлкен мән бар. Өйткені қорытындылап, болашақты белгілейтін кезең осы. Осындай мақсатты ойға ала отырып, 8«А- сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қадамдары» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Әнұран орындалады. 

1-оқушы:     Әйнегі- күн, шатыры-аспан,

Кең дала, төсі толқыған егін,

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан- Республикам менің!

2-оқушы:    Бәрі болған қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, елдік, ерлік,өнер де,

Жаһандағы ең жауынгер халық та,

Кім сенеді ту болмады дегенге!- деп ақын ағамыз айтқандай, 1992 жылы 4 маусымда президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!»-деді.

3-оқушы:  Айнымайды аспаннан,

Біздің Тудың бояуы,

Оны халық қашан да, билікке іліп қояды.

Жанатын өзі отша,

Жалын шарпып бетіңді,

Туымыз қазақша,

Сөйлеп тұрған секілді.

4-оқушы:  Бас ілгізіп, жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарт, аңға,

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен- таңба!

Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын! Елтаңбамыздың авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота- Аман Уәлиханов ағаларымыз.

 5- оқушы:  Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған,

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар Әнұраны болмаған.                                                                1-жүргізуші:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын,

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын алыбым!

6-оқушы:

Желбіресін байрағың желді күнде,

Биіктесін мәртебең, елдігің де,

Таныта бер, ұлы тіл, бар әлемге,

Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын, қуаныш!

Қорытынды: Оқушы «Туған жерім – алтын бесігім» шығармасын оқиды.

Туған жерім – алтын бесігім

Туған жерім – алтын бесігім,

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңесті далам, кең далам.

Тудым, өстім, есейдім,

Ең далам – анам, мен – балаң,- деп ақын атамыз жырлағандай,  менің ең далам, тұғырым – Қазақ елі. Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт-түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махаббат сезіміне бөлейді.                                 

          Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерім үшін мен саған қарыздармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейілдікті мына жатқан жеміс талы сай-салаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім. Осынша сұлулыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтаның, өзенге күлер әрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір талдың, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күш-жігерін, төгелген тері – еңбектен жазылған шежіресі барлығын ұғамын.  «Туған жерім – алтын бесігім» деп туған елді көркейтуде  аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзім де солардың қатарында болғым келеді. Осынау күн сәулеулі нұрын шашқан кең байтақ даламда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы – әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмандығында, жасампаздығы – жарқын істерінде деп түсінемін. Елімнің тарихында бұрын соңды болмаған саясы, әлеуметтік, мәдени-тарихи жетістітердің бірінен соң біріне қол жеткізіп жатыр.  Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Ол дүние жүзінің көптеген елдері мен достық байланыс орнатты. ТМД, БҰҰ ұғымдарына мүше болып, дүниежүзілік қауымдастықтан өз орын алды. Еліміз үшін жиырмасыншы ғасырдың маңызы зор. Себебі еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Өзіміздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихимызды көрсететін рәміздерімізді белгіледік. Еліміздің елдігін танытатын белгілерінің ішінде – Мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның, Әнұраның жөні бөлек. 1998 жылы 10 маусым күні жаңа Астана дүние жүзіне таныстырылды. Бүгін де әлем назарын өзіне аударып, келешегін қызықтырып отырған Қазақстанның әр күні, айы, жылы жағымды жаңалыққа толы. Қиын мезгілде бейбіт өмір сүріп жатқан қазақстандықтар Нұрсұлтан ағамыздың ұстанған саясатын толық қолдайды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»  демекші, бізде ол кісінің жүргізіп жатқан ісін қуаттаймыз. Біздер жастар, қазақ елінің ертеңіміз. Бірінші ұлан-ғайыр жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз. Соңдықтан да менің құрбыларым өте жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс. Мен осы Қазақстанымның болашағы зор екеніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. Тек қана іскер жандар мен білімді азаматтар керек деп ойлаймын. Мен өзімнің кең-байтақ Қазақстанымды сүйемін. Адам асқар арманына халқын, тілін, Отанын туған жерін шынайы сүйсе ғана қолын жеткізе алады. Ендеше, мен бақыттымын. Қазақ жастары алаңсыз өмір сүруі үшін ең керегі – бейбітішілік. Біз осы тәуелсіздігімізді аңсап, зорығып зорға жеттік. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Бұл – біздің туған ел алдындағы перзенттік  борышымыз. Көгілдір аспанымызды соғыстың бұлты торламай, осыдан жарты ғасыр бұрын адамзат баласына жасалған қатыгездік қайталанбай халқымыз азат,  еркін, бейбіт өмір келсе екен. Көрші елдердегі ел басына түскен ауыртпашылық, соғыс зардабы бізге келмесе екен. Біздің қазақ  елі аяғынан тік тұрып, гүлденіп көркейтіп, біз сенімді жастар елінің керегіне жарап, кірпіш болып қаланса деп армандаймын. Сол асқақ арман мені әлдилеп алға жетелеп келеді. Жарқын болашақ бізді алдан бұлғап шақырады. Кең пейілді қазақ халқымның қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен-жеңіске жеткізеді.

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар,-делінеді біздің Әнұранымызда. Бұл-елдік пен ерліктің жыры. Бірлікке бастаған мәңгілік жарасымдылықтын нышаны. Қазақ елін мекен еткен әрбір ұлт осы сөздерден нәр алып, елін сүюдің шынайы сезіміне бөленсе деймін. Өйткені, біздің ортақ Отанымыз-Қазақстан жүздеген халықтар мен ұлыстардың ынтымағы жарасқан ошағы  болып отыр. Ендеше, осы татулығымыз елдіктің ырысы мен ынтымағын жарастырады деп сенемін.

Қызыр атамыздан: «Қайда барасыз?»-деп сұрағандарға, «Бірлігі жарасқан, берекесі ұйыған елге барамын»,- деп жауап беріпті деседі. Ал біздің ел тату-тәтті күн кешуде. Ол осы берекенің арқасы. Бүгінгі жетістігіміздің әрбір сәті-өзара түсіністіктің нәтижесі. Барлық ұлт өкілдері Отанымызды мақтан тұтады. Сондай сәтте кеудемді жылы сезім тербейді!

Қасиетті қазақ  жері-ата-бабаларымыздың даңқты тарихының атын тұяғымен жазып кеткен жер. Мұнда көптеген оқиғалар өткен, миллиондаған адам Ұлы Жібек жолымен шығыстан батысқа, батыстан шығысқа сапар шеккен. Мұнда барлық діндер тоғысқан. Сондықтан, тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы «Еліміз үшін не істедім?»-деген сұраққа жауап беру үшін біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді сақтап, бір-бірін құрметтеп, төзімді болып, өзара түсіністікті нығайтып, білім алып, Отанның игілігі үшін адал еңбек етулері тиіс. «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы»,-деп қазақ мақалында айтылғандай, тәуелсіз қазақ еліміз одан әрі дамып, әркез қыран құстай самғай бергей. Біздің ортақ парызымыз-еліміздегі халықтардың бірлігі мен тұрақтылығын аялай білу және нығайту. Әр шаңырақта, біздің ортақ үйіміз-Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен тыныштық мәңгілік орнасын. Біздің басты байлығымыз-бұл халықтар достығы. Ендеше, осы басты байлықты қадірлей білейік! Сол достығымыз ұзағынан болғай! Менің жас жүрегім елім деп, жерім деп мәңгі соғады. Елім үшін, халқым үшін қызмет етемін! Сол елімнің  бақытының баянды болуын тілеймін!