Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР билет жауап.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
40.94 Кб
Скачать

2. Келесі тест сұрақтарына жауап беріңіз (10 балл)

3. Келесі сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды негіздеңіз:(30 балл)

Тәуекелділікті басқару сатылары:

  • тәуекелділікті талдау;

  • әсер ету тәсілін таңдау:

  • шешім қабылдау;

  • тәуекелділікке тікелей әсер ету;

  • басқару процессінде нәтижесін ретке келтіру және бақылау

Осы тәуекелділікті басқарудың қай сатысында тәуекел- менеджеріне көп еңбектену қажет?

4. Эссе жазыңыз (50 балл)

Эссе: Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру қажет пе, әлде..........

Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру.

Сақтандыру жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қызығушылықтарын тәуекелдік болған кезде сақтандыру жарналынан құрылған ақшалай қор есебінен акша болу арқылы сақтандыру. Негізгі сақтандыру тәуекелдікті беру әдісіне жатады. Себебі, тәуекелдікті беру барысында келісімшарт құрылады да, тәуекелдікті кабылдаушы ретінде сақтандыру компаниясы болады. Кәсіпкерлік фирманың шотының жабу үшін ақшалдай ресурстарды басқа қайнар көздерден қарағанда сақтандыруға болады. Немесе шығындарды жабу үшін компаниялардың кей жағдайларда өздерінің қаржылары жеткілікті болады. Сақтандырудың бірнеше шектеулері бар.

1. Баға. Кейбір жағдайда тэуекелдікті өз мойнына алатын

сақтандырушы сақтандыру үшін тым жоғары бағаны тағайын

дайды.

Кәсіпкерлік фирма сақтандыру келісім шартын бекіту үшін сақтандыру компаниясына бекіту үшін жазбаша өтініш береді. Келісім шарттың бекіту фактісі болып сақтандыру куәлігі немесе сертификаты б.т. сақтандыру куәлігінде мыналар көрсетіледі.

1.Құжат аты;

2.Сақтандыру компаниясының банктік реквизиті, аты, заңды мекен жайы;

3.Сақтандырушының аты, оның мекен жайы;

4.Сақтандыру объектісі;

5.Сақтандыру сомасының көлемі;

6.Сақтандыру тәуекелділігі;

7.Сақтандыру төлемінің мөлшері, мерзімі жэне оны енгізу тәртібі;

8.Келісім шоттың әрекет ету мерзімі;

9.Келісім шартты тоқтату немесе өзгерту тәртібі;

ІО.Екі жақ келесімі б/ша басқа да жағдайлар;

11 .Екі жақың қолы.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін келесі жағдайлар болған кезде төлемеуге құқы бар:

1.Егер сақтанушы әдейі алдын ала ойлап сақтанса;

2.Сақтандыру объектісі тұралы сақтандырушыға жалған мәлімет

берген кезде;

3.Сақтанушы адам өзіне зиян келтіреген тұлғадан өзінің шеккен

шығының қайтарып алса.

Сақтандыру келісім шарты келесі жағдайларда тоқтатылады:

1.Қызмет ету мерзімі аяқталған кезде;

2.Сақтандырушы сақтанушы алдында келісім шарт бойынша толық

көлемде міндетін орындаса;

3.Сақтанушы бекітілген келісім шарт мерзімінде сақтану төлемін

төлемеген кезде;

4.Сақтанушыны таратып жіберген кезде;

5.Сот шартын жарамсыз деп тапқан кезде.

7-билет

1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз (10 балл)

Диверсификация тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде.

Кәсіпкерлік қызметтегі диверсификация дегеніміз-қаржыны бір-бірімен байланыссыз әр түрлі қызмет түрлеріне салу арқылы мүмкін болатын тәуекелділікті төмендету әдісі болып табылады.Егер қаржы салынған белгілі бір қызмет түрі ешқандай пайда әкелмесе, басқа бір қызмет түрінен пайда түсіру арқылы фирма банкроттыққа ұшырудан сақтана алады.

Диверсификациялауды 2 түрге бөлуге болады:

•Концентрациялық

•Горизонтальды

Концентрациялық диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға ұқсас өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Горизонтальды диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға мүлдем ұқсамайтын өнімдер мен ассортиментін толықтырады.

Диверсификация әдісі өндірістік,коммерциялық және инвестициялық тәуекелділіктерді төмендетеді.

Инвестициялық тәуекелділік құру арқылы төмендетіледі.Инвестициялық портфелге альтернативті мақсаты бар бағалы қағаздар кіреді.Альтернативті мақсаттар қатарына мыналар жатады:

1.Салынған қаржыдан пайыз алу.

2.Қаржыны инфляциядан сақтау.

3.Сатып алынған акциялардың курстық құны өсу есебінен қаржының өсуін қамтамасыз ету.

1-топқа төмен ликвидті және тәуекелділігі жоғары бағалы қағаздар кіреді. Олар сәтті жағдай болған кезде жоғары пайыз әкелуі мүмкін.

2-топқа ірі компаниялар немесе мемлекет шығарған ликвидтілігі жоғары,тәуекелділігі төмен алдын ала күтілетін шамалы ғана бірақ тұрақты түрде пайыз әкелетін бағалы қағаздар жатады.

3-топқа жататын бағалы қағаздардың ликвидтілігі өте жоғары болады,мұнда инвестор оларды қайта сату арқылы пайда түсіруге ұмтылады. Алайда кез-келген тәуекелділікті диверсификациялау арқылы тәуекелділікті төмендету мүмкін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]