Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хаттама.docx
Скачиваний:
152
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
42.44 Кб
Скачать

2. 2013-2014 Оқу жылына сараптама.

3. 2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс

жоспарымен танысу.

4.Тіл апталығына дайындық.

Алғашқы сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып «Сындарлы оқыту теориясы» тақырыбына баяндама оқыды. Баяндамада оқу үдерісінде Сындарлы оқыту теориясының 7 модулін ықпалдастыра отырып сабақ жоспарын қолдану және оның тиімділігі мен нәтижелері жайлы сөз қозғалды. Пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Келесі кезекте бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. өткен оқу жылына сараптама жасап өтті. Бірлестіктен 3 мұғалімнің Абаканова А.С. және Сатмаганбетова С.Н. Ботаханова Д.Т «Өрлеу» біліктілігін көтеру орталығынан «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша оқуды тәмамдағанын және осы бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатқандарын, бұл өте үлкен жетістік екенін айтылып өтті.

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің отырысының хаттамасы

Хаттама №3

08.01.14 ж.

Қатысқаны: 5

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Баяндамашы Абаканова А.С.

2.

3.

Алғашқы сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып «Сындарлы оқыту теориясы» тақырыбына баяндама оқыды. Баяндамада оқу үдерісінде Сындарлы оқыту теориясының 7 модулін ықпалдастыра отырып сабақ жоспарын қолдану және оның тиімділігі мен нәтижелері жайлы сөз қозғалды. Пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Келесі кезекте бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. өткен оқу жылына сараптама жасап өтті. Өткен оқу жылында бірлестіктен 2 мұғалімнің Абаканова А.С. және Сатмаганбетова С.Н. «Өрлеу» біліктілігін көтеру орталығынан «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша оқуды тәмамдағанын айтты және бұл өте үлкен жетістік екенін айта келіп курстан өткен мұғалімдерге алғыс білдірді. Бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып оқу жылына сараптама жасады. Өткен оқу жылы бойындағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталып өтті. Оқу жылының басында тіл мерекесіне байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға қазақ тілі пән мұғалімдерімен қатар орыс тілі, шет тілі пән мұғалімдері де ат салысты. Ашық сабақтар, сыныптан тас , сабақтар, викториналар мен сайыстар өткізіп белсене қатысты. Тіл декадасында ағылшын тілі мұғалімі Ботаханова Д.Т. 6 «ә» сыныбында «What did you do during the holiday?» тақырыбында ашық сабақ өткізгені жөнінде айтылды. Осы турасында ағылшын тілі пәні мұғалімі Абаканова Ә.С. Дина Толегеновнаның былтырғы оқу жылында «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша ІІІ айлық курс оқып келгендігі сабағын осы бағдарламаның 7 модулін кіріктіре отырып беріп жүргендігін басып айта келіп, өткізілген ашық сабақта бірнеше модульдердің стратегиялары қолданылғаны,сол себепті сабақтың өте қызықты да тартымды өтілгені туралы айтты. Жаңа технологияларды интербелсенді тақтада Флипчарттың көмегімен түрлі тапсырмалардың қолданылғаны оқушыларды одан сайын қызықтыра түскендігін атап өтті. Ағылшын тілі мұғалімі Абаканова Ә.С. 5 «ә» сыныбында «Have got…» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Абаканова Ә.С. сабағы туралы ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. сөз алып сабақтың өте қызықты өткендігі және жаңа мұғалімнің жаңа технология элементтерін пайдалануы, интербелсенді тақтаны, Флипчартты меңгеруі туралы айтып өтті. Орыс тілі пән мұғалімдері Гатаулина Н.Ф. «Пою мое Отечество!» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Орыс тілі пәні мұғалімі Сатмаганбетова С.Н. «Знаешь ли ты русский язык?» тақырыбында сайыс өткізді.Барлық бірлестік мүшелері өз сабақтарын және басқа да іс-шараларды заман талабына сай, ақпараттық технологияларды пайдалынып, интербелсенді тақтада Флипчарттың көмегімен өткізді. Барлық өткізілген іс-шаралар өз дәрежесінде өткізілгені жөнінде айтылып , алғыс айтылды. Одан әрі бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып биылғы оқу жылында бірлестіктің 2 мұғалімі орыс тілі пәні мұғалімі Сатмаганбетова С.Н. мен ағылшын тілі мұғалімі Абаканова Ә.С. «сындарлы оқыту теориясы» бойынша ІІІ айлық курсты оқып жатқандығын аса қуанышпен айтты. Себебі жаңаша , сыни ойлайтын жаңа формация мұғалімдерінің қатары көбейетіндігі өте қуантарлық жайт деп атап көрсетті. Онлайн жүйесі бойынша IХ халықаралық олимпиада болып олимпиадаға ағылшын тілі пәнінен оқушылар қатыстырылды. Нәтижесінде ағылшын тілі пәнінен 8 «ә» сынып оқушылары Ертаева Мөлдір мен Жилтинова Динара, 9 сынып оқушылары Жантемірова Әйгерім мен Тілеубек Назерке қатысып ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.Oлимпиадаға орыс тілі пәнінен оқушылар қатысып мадақтамалар мен дипломдарға ие болғаны айтып өтілді. Өйткені пән мұғалімдері өз сабақтарын заман талабына сай ақпараттық технологияларды меңгере отырып өткізді. Бұл өте қуантарлық жайт екені сөзсіз. Осы жетістіктермен қатар кемшіліктер де болды. Қалалық олимпиадалардан оқушыларымыздың ешқандай орынсыз қалуы қынжылтарлық жайт болды. Сондықтан да келесі оқу жылында бұл мәселені дұрыс жолға қою керектігі, яғни биылғы олимпиадаға дайындық күшейтілуі керектігі басып айтылды. Үшінші мәселе бойынша жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Бірлестік мүшелері жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері, атқарылатын іс-шараларымен танысты. Биылғы оқу жылында білі жетілдіру курстары мен аттестациялаудын өтетін мұғалімдердің жұмыс жоспарларымен танысты. Бірлестікке жаңадан келген жас маман ағылшын тілі Харшинбай Миллионаға Ботаханова Д.Т. тәлімгер ретінде тағайындалды. Бірлестік мүшелерін жас маманға әдістемелік көмек көрсетуге шақырды. Келесі кезекте алдағы келе жатқан тіл апталығына байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалынды. Тіл мерекесінің онкүндігінде «Тіл-татулық тірегі»-салтанатты жиынды өткізу Ботаханова Д.Т. жауапты болды. «Лидер» зияткерлік ойын-сайыс орыс тілі мұғалімі Гатаулина Н.Ф. 7-8 сыныптар арасында. «Полиглот»-танымдық сайыс ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. 5 сыныптар арасында. . «Тіл-достықтың алтын көпірі» фестивалі ағылшын тілі пәні мұғалімі Абаканова А.С. 7-10 сыныптар арасында.

Шешім: 1.Тіл декадасында атқарылатын іс-шаралар жауапкершілік

алған пән мұғалімдеріне жүктелсін.

2. Олимпиадаға дайындық жұмыстары күшейтілсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]