хаттама новый
.docxАта-аналар комитетінің отырысы
хаттама№1
ЖББ №25 орта мектеп 5.09.2015ж.
Сынып: 4Б
Қатысқаны:12
Сыныптың ата-аналар саны: 15
Сынып жетекшісі: 1
Күн тәртібінде:
1.Ата-аналар комитетін сайлау.
2.Оқушылардың іс-қағаздарын талапқа сай келтіруге ,
оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуге ата-аналар комитетінің көмегі.
1.Тыңдалды:
Ботаханова М.Е – сынып жетекші: Құрметті ата-аналар биылғы оқу жылына сыныптың ата-аналар комитетін сайлау керек. Соған сіздер кімді ұсынасыздар?
Сөйледі:
Тулеуова С: мен ата-аналар комитетіне Бимурзина Эльмираны ұсынамын. Ол жауапкершілігі мол, кез келген жұмысты тиянақты атқарады. Сондықтан сыныптың ата-аналарымен байланыс жасауға мүмкіншілігі көп.
Аюпова К: мен осы Сәуленің ұсынысына қосыламын. Басқа ата-аналарда қолдайды деп ойлаймын.
2. Тыңдалды:
Ботаханова М.Е.- сыныптағы балалардың іс-қағаздарын қалыпқа келтіруге көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Сыныпта 15 оқушы бар. Сондықтан ата-аналар комитеті құжаттарды реттеуге көмегін береді деп сенемін.
Сөйледі:
Бимурзина Э: сыныптың іс-қағаздарын реттеуге ата-аналар комитеті көмектесуге дайын.
3. Тыңдалды:
Ботаханова М.Е: Оқушыларға Бейнелеу, еңбекке баулу, өзін-өзі тану оқулықтары мүлде келген жоқ. Сондықтан аталған оқулықтарды сатып ала аласыздар ма?
Сөйледі:
Мухышева С: оқулықтарды сатып алу керек деп ойлаймын. Балалардың толық білім алуына бірдер бір жол ашатын ол оқулықтар, сондықтан әр ата-ана өз баласын оқулықтармен қамтамасыз етеді деп ойлаймын.
Асылбекова К: мен де келісемін. Ата –аналар комитеті оқулық мәселесі бойынша мәселені шешуге көмектеседі.
Шешім:
-
Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы Бимурзина Эльмира. сайлансын.
-
Ата-аналар комитеті оқушылардың іс-қағаздарын талапқа сай келтіруге көмек берсін. Мерзімі: 09.09.2015жыл
-
Оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етілсін . Мерзімі 25.09.2015 жыл
Төрайымы: Ботаханова М.Е
Хатшы: Бимурзина Э. Н
Ата-аналар комитетінің отырысы
хаттама№1
ЖББ №25 орта мектеп 5.09.2015ж.
Сынып: 4Б
Қатысқаны:13
Сыныптың ата-аналар саны: 16
Сынып жетекшісі: 1
Күн тәртібінде:
1.Оқушылардың сабақты себепсіз босатпай, толық қатысуы туралы.
2. Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
1.Тыңдалды:
Ботаханова М.Е – сынып жетекші: Құрметті ата-аналар биылғы оқу жылында да былтырғыдай сабақты балаларыңыз себепсіз босатпауын қамтамасыз етіңіздер. Баланың үй тапсырмаларын орындау барысында қандай да бір қиындықтар туып жатса, сіз қандай көмек көрсетіп жатырсыз?
Сөйледі:
Тубекова Н: мен өз басым үй тапсырмасын орындауда қатты көмек көрсете алмаймын. Бірден өзіңізге хабарласу арқылы тапсырманың шешімдерін толықтырып жатырмыз.
Аюпова К: қазіргі таңда білімге қатты назар бөлініп жатқандықтан тапсырмалар бұрынғыдан әлдеқайда қиынырақ. Сондықтан кейде ата-аналар бір бірімізге хабарласып, оқушылардың өзара қарым-қатынасы арқылы орындап жатамыз.
2. Тыңдалды:
Ботаханова М.Е.- биылғы жылы мектебімізде қосымша білім беру орталығы «Өнер мектебі» ашылды. Балаларды тек мектепішілік қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатыстырмай, өнер мектебіне де қатыстырсақ деген ұсынысым бар.
Сөйледі:
Бимурзина Э: әране баланың жан-жақты дамығаны өте жақсы. Сондықтан тек сабақ жағынан ғана емес, өнер саласында да білімдерін шыңдағаны дұрыс деп білемін.
Асылбекова К: мен де келісемін. Өз баламыздың ынтасы және қызығушылығы болса, қатыстыруға дайынбыз.
Шешім:
-
Сыныптың ата-аналары баланың сабақты себепсіз босатпауын қамтамасыз етсін.
-
Ата-аналар өз баласын қосымша білім беру орталығына қатыстырсын.
Төрайымы: Ботаханова М.Е
Хатшы: Бимурзина Э. Н