Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хаттама.docx
Скачиваний:
152
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
42.44 Кб
Скачать

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің отырысының хаттамасы

Хаттама №2 Күні: 08.11.2014ж

Қатысқаны: 5

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Сындарлы оқыту теориясы»

Баяндамашы Ботаханова Д.Т.

2. 2013-2014 оқу жылына сараптама.

3.Орыс тілі, шет тілдер бірлестігі апталығына

сараптама

Алғашқы сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып «Сындарлы оқыту теориясы» тақырыбына баяндама оқыды. Баяндамада оқу үдерісінде Сындарлы оқыту теориясының 7 модулін ықпалдастыра отырып сабақ жоспарын қолдану және оның тиімділігі мен нәтижелері жайлы сөз қозғалды. Пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Келесі кезекте бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. өткен оқу жылына сараптама жасап өтті. «Өрлеу» біліктілігін көтеру орталығынан «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша оқуды тәмамдаған мұғалімдердің жұмысының жандандырыла түсуін алдағы уақытта тексеріс келетіндігін ескертіп өтті. І тоқсан басында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығынан тренер Адамова Ж.Ш. келіп біздің бірлестік мұғалімі 1 апталық курсты тәмамдағаны мұғалімдер үлкен көмек болғанын айтты. Дина Толегеновна осы ретте І тоқсан бойында өткен іс-шараларға да сараптама жасап өтті. Оқу жылының басында тіл мерекесіне байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға қазақ тілі пән мұғалімдерімен қатар орыс тілі, шет тілі пән мұғалімдері де ат салысты. Ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, викториналар мен сайыстар өткізіп белсене қатысты. Тіл декадасында ағылшын тілі мұғалімдері Ботаханова Д.Т және Абаканова А.С. 6 сыныптар арасында «Тілдер әлеміне саяхат» тақырыбына сайыс өткізді. Орыс тілі пәні мұғалімі Гатаулина Н.Ф. 8 сыныптар арасында «Конкурс знатоков русского языка» тақырыбында сыныптан тыс сайыс өткізгені жөнінде айтты. Келесі кезекте қазан айының 13-20 арлығында өткен орыс тілі, шет тілдері бірлестігінің апталығына сараптама жасалды. Апталықтың «Тіл-достықтың алтын діңгегі» тақырыбында салтанатты жиынмен ашылуы, Балалардың ағылшын және орыс тілдерінде тіл туралы және тілдің адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны туралы мағлұматтар берілгені тілдің үштұғырлығына байланысты ұйымдастырылған іс-шара екені айтылды. Орыс және ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер, өлең жолдарын оқыды. Мектеп дәлізінде арнайы ширма безендіріліп, онда ағылшын және орыс тілдерінде ақпараттар, сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар ілінді. Әр сынып ағылшын тілінде газеттер шығарып ілді. Бірлестік жетекшісі Дина Толегеновна осы іс-шаралардың ойдағыдай өтуіне жауапты болған мұғалімдерге алғыс айтты. Апталық барысында өтілген ашық сабақтар туралы пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салды. Қазанның 15-і күні ағылшын тілі мұғалімі Ботаханова Д.Т. 6 «А» «Sightseeing of London» тақырыбында ашық сабағы, 17 қазан күні орыс тілі мұғалімі Сатмаганбетова С.Н. 9 «А» сыныбында «Типы сложносочиненных предложений. ССП с соединительными союзами» тақырыбындағы ашық сабағы, осы күні ағылшын тілі мұғалімі Абаканова А.С. 5 «А» сыныбында «What color is your cat?» тақырыбында ашық сабақтарына сараптама жасалды. Осы ретте орыс тілі мұғалімі Гатаулина Н.Ф. осы сабақтардың барлығының сындарлы оқыту теориясының 7 модулі мен стратегияларын ықпалдастыра отырып өткізгенін, өзінің осы бағдарламаның кейбір стратегияларын қолданып жүретінін, осы сабақтарға қатысып өз тәжірибесіне тағы да бірқатар әдіс-тәсілдер қосқанын айтып мұғалімдерге алғысын білдірді. Келесі сөзді бірлестік жетекшісі Дина Толегеновна алып Харшинбай М. 2 «Ә» сыныбында «Proffesions» тақырыбында өткізген ашық сабағы туралыбұл мұғалімнің жас маман екеніне қарамастан сыныптың оқушыларының да жастары кіші болса да сабақта интербелсенді тақтамен, флипчартты қолдануы үлкен жетістік екенін айтты. Сонымен бірге алда келе жатқан мектепішілік және қалалық олимпиадаларға дайындықтың күшейтілуі керектігін ескертті.

Шешім: 1. «Сындарлы оқыту теориясы» бағдарламасы бойынша

жұмыстар жандандырылсын

2. Олимпиадаға дайындық жұмыстары күшейтілсін.

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің отырысының хаттамасы

Хаттама №3 Күні: 08.01.2015ж

Қатысқаны: 5

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Ағылшын тілі сабағында ойын

элементтерін қолдану»

Баяндамашы Харшинбай М

2. І жартыжылдық бойынша сараптама

3. Жас мамандармен жұмыс бойынша есеп

Алғашқы сөзді ағылшын тілі пәні мұғалімі Харшинбай Миллиона алып «Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада бастауыш сыныптарда балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін қолданудың маңызы туралы айтылды. Ағылшын тілі мұғалімі Дина Толегеновна сындарлы оқыту теориясындағы 7 модульдің бірі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып оқыту екендігін яғни бастауыш сынып балалары үшін ойын элементтерінің өте қажет екенін айтты. Сондай- ақ баланы жалықтырып алмай керісінше ынталандыра түсу үшін ойын элементтерінің ролі орасан зор екендігін айта келіп, бірлестіктегі екінші жас маман Абельдинова А.Б. сабағында жиі қолдануға кеңес берді. Келесі кезекте сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып І жартыжылдыққа сараптама жасап өтті. Бірлестіктегі мұғалімдердің екеуі ІІІ деңгейлі курсты аяқтағанын осы мұғалімдерге сабақтарында бағдарламаның 7 модулінің жүзеге асырылуының және осы мақсатта жұмыстың жандана түсуі керектігін айтты. 2015 жылы сертификатталған мұғалімдерге тексеріс келетінін осыған байланысты, құжаттары мен папкаларының жинақталуы қажет екендігін ескертті. Одан кейін қалалық олимпиадаға қорытынды жасалды. Өкінішке орай қалалық олимпиададан оры тілінен де, ағылшын тілінен ешқандай оқушының орын алмауы, тіпті ІІ турға өтпей қалуы олимпидаға дайындық жұмыстарының нашарлығы себебінен болып отырғанын айтты. Алдағы уақытта олимпиадаға дайындықты дайындықты жолға қойып, жұмысты күшейту керектігін баса айтты. Осы кемшілікаен қатар бірқатар жетістіктердің де жоқ еместігін де атап кетті. Орыс тілі, шет тілдері пәндерінен онлайн режиміндегі, «Кенгуру», «British bulldog», «Руский медвежонок» сияқты олимпиадалар мен интеллектуалды сайыстар мен түрлі конкурстарға қатысып жатқандығы және нәтижесі бар екендігі айтылды. Үшінші мәселеде жас мамандармен жұмыстың есебі тыңдалды. Бірлестікте екі жас маман бар. Жас мамандарға ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. тәлімгер ретінде тағайындалған болатын. Дина Толегеновна тәлімгер ретінде жас мамандарға әдістемелік көмек қажеттігін айта келіп, өзінің жас мамандардың сабақтарына қатысып, сабақ жоспарын құрудан бастап, сыныпты ұйымдастыру, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында жүргізілуі қажет түрлі әдіс-тәсілдермен қаруландыруға тырысып жатқанын айтты. Әрине жас келсе іске демекші жас мамандар қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға тез бейімделетіні туралы айтты. Оған дәлел Харшинбай Миллионаның 1 «Ә» сыныбында өткізген ашық сабағы, бұл сабақты мұғалім интербелсенді тақтада, флипчарттың көмегімен өткізген болатын. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып берілген тапсырмалардың өте ұтымды қолданылғанын айтты. Тәжірибелі ұстаздар Гатаулина Н.Ф. мен Сатмаганбетова С.Н. өздерінің тәжірибесінен көптеген ақыл кеңестерін беруге әрқашан да дайын екендіктерін, кез келген уақытта жас мамандарға көмекке келуге дайын екендіктерін айтты. Сөз соңында бірлестік жетекшісі Дина Толегеновна жас мамандарға әлі де болсын қай жағынан да көмек қажет екенін және осы жұмыстың жандандырыла түсуі керектігін айтты. Келесі кезекте алдағы уақыттағы маңызды сынақ ҰБТ-ге дайындық сөз етілді. ҰБТ-ге байланысты 11 сыныпқа сабақ беретін орыс тілі пәні мұғалімі Гатаулина Н.Ф. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. сөз алып, ҰБТ-ге дайындықтың жүргізіліп жатқандығын, бірақ әлі де болса кейбір оқушылардың төмен нәтиже көрсетіп отыруына байланысты дайындықты күшейту қажеттігі айтып өтті. Сонымен қатар бірлестік мүшелеріне алдағы атқарылар іске сәттілік тілеп, бірлестікпен жұмыла отырып атқарылар жұмыстың көп екендігін ескертті.

Шешім: 1.Олипиадаға дайындық жұмыстары дұрыс жолға қойылсын.

2.Жас мамандармен жұмыс жандандырылсын.

3.ҰБ-ге дайындық күшейтілсін.

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің отырысының хаттамасы

Хаттама №2

Қатысқаны: 5

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Сындарлы оқыту теориясы»

Баяндамашы Ботаханова Д.Т.

2. 2012-2013 Оқу жылына сараптама.

3. 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс

жоспарымен танысу.

4.Тіл апталығына дайындық.

Алғашқы сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып «Сындарлы оқыту теориясы» тақырыбына баяндама оқыды. Баяндамада оқу үдерісінде Сындарлы оқыту теориясының 7 модулін ықпалдастыра отырып сабақ жоспарын қолдану және оның тиімділігі мен нәтижелері жайлы сөз қозғалды. Пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Келесі кезекте бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. өткен оқу жылына сараптама жасап өтті. Өткен оқу жылында бірлестіктен 2 мұғалімнің Абаканова А.С. және Сатмаганбетова С.Н. «Өрлеу» біліктілігін көтеру орталығынан «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша оқуды тәмамдағанын айтты және бұл өте үлкен жетістік екенін айта келіп курстан өткен мұғалімдерге алғыс білдірді. Бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып оқу жылына сараптама жасады. Өткен оқу жылы бойындағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталып өтті. Оқу жылының басында тіл мерекесіне байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға қазақ тілі пән мұғалімдерімен қатар орыс тілі, шет тілі пән мұғалімдері де ат салысты. Ашық сабақтар, сыныптан тас , сабақтар, викториналар мен сайыстар өткізіп белсене қатысты. Тіл декадасында ағылшын тілі мұғалімі Ботаханова Д.Т. 6 «ә» сыныбында «What did you do during the holiday?» тақырыбында ашық сабақ өткізгені жөнінде айтылды. Осы турасында ағылшын тілі пәні мұғалімі Абаканова Ә.С. Дина Толегеновнаның былтырғы оқу жылында «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша ІІІ айлық курс оқып келгендігі сабағын осы бағдарламаның 7 модулін кіріктіре отырып беріп жүргендігін басып айта келіп, өткізілген ашық сабақта бірнеше модульдердің стратегиялары қолданылғаны,сол себепті сабақтың өте қызықты да тартымды өтілгені туралы айтты. Жаңа технологияларды интербелсенді тақтада Флипчарттың көмегімен түрлі тапсырмалардың қолданылғаны оқушыларды одан сайын қызықтыра түскендігін атап өтті. Ағылшын тілі мұғалімі Абаканова Ә.С. 5 «ә» сыныбында «Have got…» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Абаканова Ә.С. сабағы туралы ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. сөз алып сабақтың өте қызықты өткендігі және жаңа мұғалімнің жаңа технология элементтерін пайдалануы, интербелсенді тақтаны, Флипчартты меңгеруі туралы айтып өтті. Орыс тілі пән мұғалімдері Гатаулина Н.Ф. «Пою мое Отечество!» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Орыс тілі пәні мұғалімі Сатмаганбетова С.Н. «Знаешь ли ты русский язык?» тақырыбында сайыс өткізді.Барлық бірлестік мүшелері өз сабақтарын және басқа да іс-шараларды заман талабына сай, ақпараттық технологияларды пайдалынып, интербелсенді тақтада Флипчарттың көмегімен өткізді. Барлық өткізілген іс-шаралар өз дәрежесінде өткізілгені жөнінде айтылып , алғыс айтылды. Одан әрі бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып биылғы оқу жылында бірлестіктің 2 мұғалімі орыс тілі пәні мұғалімі Сатмаганбетова С.Н. мен ағылшын тілі мұғалімі Абаканова Ә.С. «сындарлы оқыту теориясы» бойынша ІІІ айлық курсты оқып жатқандығын аса қуанышпен айтты. Себебі жаңаша , сыни ойлайтын жаңа формация мұғалімдерінің қатары көбейетіндігі өте қуантарлық жайт деп атап көрсетті. Онлайн жүйесі бойынша IХ халықаралық олимпиада болып олимпиадаға ағылшын тілі пәнінен оқушылар қатыстырылды. Нәтижесінде ағылшын тілі пәнінен 8 «ә» сынып оқушылары Ертаева Мөлдір мен Жилтинова Динара, 9 сынып оқушылары Жантемірова Әйгерім мен Тілеубек Назерке қатысып ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.Oлимпиадаға орыс тілі пәнінен оқушылар қатысып мадақтамалар мен дипломдарға ие болғаны айтып өтілді. Өйткені пән мұғалімдері өз сабақтарын заман талабына сай ақпараттық технологияларды меңгере отырып өткізді. Бұл өте қуантарлық жайт екені сөзсіз. Осы жетістіктермен қатар кемшіліктер де болды. Қалалық олимпиадалардан оқушыларымыздың ешқандай орынсыз қалуы қынжылтарлық жайт болды. Сондықтан да келесі оқу жылында бұл мәселені дұрыс жолға қою керектігі, яғни биылғы олимпиадаға дайындық күшейтілуі керектігі басып айтылды. Үшінші мәселе бойынша жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Бірлестік мүшелері жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері, атқарылатын іс-шараларымен танысты. Биылғы оқу жылында білі жетілдіру курстары мен аттестациялаудын өтетін мұғалімдердің жұмыс жоспарларымен танысты. Бірлестікке жаңадан келген жас маман ағылшын тілі Харшинбай Миллионаға Ботаханова Д.Т. тәлімгер ретінде тағайындалды. Бірлестік мүшелерін жас маманға әдістемелік көмек көрсетуге шақырды. Келесі кезекте алдағы келе жатқан тіл апталығына байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалынды. Тіл мерекесінің онкүндігінде «Тіл-татулық тірегі»-салтанатты жиынды өткізу Ботаханова Д.Т. жауапты болды. «Лидер» зияткерлік ойын-сайыс орыс тілі мұғалімі Гатаулина Н.Ф. 7-8 сыныптар арасында. «Тілдер әлеміне саяхат»-танымдық сайыс ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботаханова Д.Т. 5 сыныптар арасында. «Тіл-достықтың алтын көпірі» фестивалі ағылшын тілі пәні мұғалімі Абаканова А.С. 7-10 сыныптар арасында.

Шешім: 1.Тіл декадасында атқарылатын іс-шаралар жауапкершілік

алған пән мұғалімдеріне жүктелсін.

2. Олимпиадаға дайындық жұмыстары күшейтілсін.

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің отырысының хаттамасы

Хаттама №2

Қатысқаны: 5

Қатыспағаны:0

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Сындарлы оқыту теориясы»

Баяндамашы Ботаханова Д.Т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]