Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рлеу дайынды.docx
Скачиваний:
133
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
671.24 Кб
Скачать

Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша рефлективті есеп

Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды.ды орындаған оқушылардың тәжірибесі мен білім деңгейі әртүрлі; кейбіреулері терең білімге ие болып,ал кейбіреулерінің білімі ең төменгі деңгейде болуы мүмкін, кейбіреуінің құштарлығы жоғары болады. Іс- тәжірибе барысында зертеуге алған 5 «А» сынып оқушысы Айгүл ағылшын тіліне қызығушылығы бар, өзі ынталы және тіл үйренуге деген құлшынысы жоғары. Ағылшын тілін бірінші жыл оқып тұрғанымен қабілеті ерекше және тез меңгеріп кетеді. Осы мақсатта кеңейтілген, күрделі тапсырмалар бере бастадым. Тапсырмаларды орындау нәтижесінде ақы –ойы дамиды. Дарынды және талантты балаларға білім беруде едәуір күрделі мәселе ойлауда, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Әр мұғалімнің дарынды балаға сапалы білім беруге мақсатталған өз жоспарларын өзгерту, әдіс – тәсілдерін өзгертуді ұсынады. Ең алғашқы күннен бастап осы оқушыдан сынып жетекшісінен сауалнама алдым. Оқушының қызығушылығын, бос уақытында немен айналысады, қай пәндерді сүйіп оқиды, ақыл – ой қабілеттерін , қандай кедергілері бар екендігін анықтап алдым. Осы оқушыға әр сабағымда бақылай отырып неғұрлым күрделі, сыни ойлауға бағытталған, кеңейтілген тапсырмалар бере бастадым. Баланың мүмкіндігін ескере отырып жеке тапсырмалар мен жұмыстар бердім. Мысалы АВС сұхбатында осы оқушыға тапсырманың күрделісін бөлдім. Бұл кезде Айгүл 5 - сыныптағы қиындық туғызатын грамматикалық тапсырманы өз бетімен әрі дұрыс орындай алды. Келесі сабақты «Блум» таксономиясын қолдандым. Деңгейлік тапсырмалары күрделендіре отырып жасалған 4 кезеңін де Айгүл өз деңгейінде орындай алды. Бұл жұмысы арқылы өз қабілеттілігін дәлелдей алды. Мысал үшін «Талдау» тапсырмасы бойынша АҚШ пен Қазақстанның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы салыстырды. «Жинақтау» тапсырмасы тақырыпқа байланысты Қазақстанда қай өнім қай жерден әкелінетінін шағын Тұсаукесер ретінде жасап әкеліп өзі қорғап шықты. «Бағалау» тапсырмасына мен бұл оқушыға төмендегі сауал бойынша тапсырма берген болатынмын. «Егер сен келешекте үлкен кәсіпкер болсаң Қазақстанда қандай бизнесті өркендетер едің?», Осы тапсырма бойынша өзі шағын түрде жұмысын дайындап әкелді. Осы жерде дарынды және талантты балалармен жұмыста «Блум» таксономиясының өте тиімді екенін айта кеткім келеді. «Environment» тақырыбында «Джигсо» әдісін қолдандым. Бұл кезде Айгүл бақылаушыны таңдап алды, бұл әрекеті мені қуантты, себебі бақылаушы атқаратын жұмысы басқасына қарағанда күрделірек, мен оқушының алға ұмтылып, қиыннан қорықпайтындығына, ынтасына риза болдым. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушының сөздік қоры дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын болуы керек. Мәтін бойынша түсінгенін қорытындылап жеткізгенімен,әлі де болса сөздік қорының аздығы байқалып тұрды, көбінесе қағазға қарап жалтақтаумен болды. Осыдан мен оқушының сөздік қорын дамытуын, ойын еркін жеткізе алуын дамыту мақсатында тапсырмалар беру керектігін байқадым. Сондықтан да сабақ соңында оқушыға «Қоршаған ортаны ластанудан қорғау үшін не істер едің?», «Қоршаған ортаны ластаушыларға қандай шаралар қолданар едің», «Қоқыс мәселесін қалай шешуге болады?»,- деген сұрақтарға жауап іздеп келуге тапсырма бердім. Осы тапсырманы қорғау кезінде оқушы мынандай тамаша идея айтты «Қоқыс қалдықтарын әр түрлі контейнерлерге бөлек салу керек, осы арқылы қайта өңдеуге жіберіп экономикамызға пайда әкелеміз, сондай-ақ ауаны да ластанудан қорғай аламыз» Бұл тапсырма бойынша оқушыны шығармашылыққа, ізденуге, шешім қабылдай алуға және ұйымдастырушылыққа бағыттай аламын деп ойлаймын. Сабақтар топтамасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінің оқушының ерекше қабілетін ескере отырып мүмкіндігін пайдалана білуге, оқушыны дамытуға , ой ұшқырлығына, ізденуге талпындырып, дарынын аша білуге ұмтылуымыз керек. Жасыратыны жоқ осы дарынды және таллантты балаларды оқыту модулі бойынша жұмыс менде ақсап жатқанын айтпасқа болмайды себебі әр түрлі мүмкін менің тәжірибем жетіспей ме әлде оқушылардың жалқаулығы ма, мүмкін мен өзім баланың бойындағы дарынын аш алмай жүрмін бе деген түрлі сауалдар мазалайтыны рас кейде. Бірақ осы сауалдың жауабын іздеп тауып кемшілігімді түзеп, толыққанды жұмыс жүргізу арқылы сабақтар топтамасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушының ерекше қабілетін ескере отырып мүмкіндігін пайдалана білуге, оқушыны дамытуға , ой ұшқырлығына, ізденуге талпындырып, дарынын аша білуге ұмтылуымыз керек деп ойлаймын

Мектептегі тәжірибемнің екінші күнінде таңдап алған 5«А» сыныбымда «I want to swim» тақырыбында сабақ өткізуді бастадым. Сабағымда «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша «Диалог» әдісін қолдандым. Диалог әдісі менің сабағымда жиі қолданылады. Диалогтық жұмыста оқушылар жұптасып жұмыс істейді. Бұл сабақта оқушылар АВС сұхбатын жүргізді. «Сұрақ қоюшы», «Жауап алушы», «Жазып алушы» Бұл әдісті оқушылар қызыға орындады, өйткені мұндай сұхбатты бірінші рет жүргізді. Бірінші топта Бекарыс, Дильназ екеуі диалогты құрап айтып берді, ал үшінші оқушы Нұрболат жазып алушы ретінде осы диалогты үшінші жақтан айтуы керек болды. Ағылшын тілінде бұл тапсырма күрделірек болып саналады, дегенмен Нұрболат тапсырманы дұрыс орындай алды. Ал екнші топта Гүлім мен Сағыныш жұптасып диалог құрады, ал Санжар үшінші жақтан айтып шықты. Оқушы мен оқушы әрекеттестігін арттыру мақсатында тиімді екенін байқадым. Міне бұл АВС сұхбатын өз сабағымда алғашқы қолдануым болды және де мен бұл әдіс сәтті өтті деп айта аламын. (Мерсер мен Ходжкинсон зерттеулері білім беру барысындағы диалог атқаратын рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретініне жеткілікті дәлелдер бар Mercer.N. & Hodgkinson.S (2008 )

Екінші сабағымда таратылып берілген сөздерден мәтін құрау тапсырмасы берілді, осы кезде оқушылар жұптасып жұмыс жүргізу нәтижесінде сөздерді құрастыра отырып шағын әңгіме жасады. Бұл кезде оқушылар топ ішінде топтық әңгіме жүргізді.

Выготскийдің білім беру моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рольдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін. Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда білім беру жеңіл болмақ . Оқушылар «Джигсо» әдісімен өткізген сабақта да топтық әңгіме, сұрақ - жауапқа байланысты тапсырмалар орындады. Бұл әдісте бірінші топ мүшесі екіншісіне мәтін бойынша әңгімелеп берді және қалған оқушылар тыңдай отырып, түсінбеген жерлерінде сұрақтар қойып отырды. Осы арқылы мәтін мазмұнын жақсы түсінуге мүмкіндік алды

Барнс білім беруді мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни, сөйлеу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Сондай-ақ сұрақ-жауаптың да алатын орны зор, өйткені мұғалім берген әр түрлі типтегі сұрақтар оқушылардың білімін нығайта түседі. Сондықтан да кейінгі сабақтарымда да мысалы: «Would you like some juice? сабағында сұрақ жауап, диалог әдісін қолдандым. Бұл сабақта тақырыпқа байланысты «Сенің не жегің келеді?», «Сенің не ішкің келеді?» деген сұрақтар қойылып балалар жауап берді. Осы сабағымда диалог құраған екі топтың мүшелері де сұрақтарды дұрыс қоя білді және сәйкесінше дұрыс жауап бере алды.

Менің ойымша диалог әдісі оқушылардың сөйлеу қабілетімен қатар грамматикалық жағынан да маңызы зор, себебі сабақтарымда оқушылардың бірте –бірте сұрақ қою арқылы сөйлем құрай алуы да жақсара бастады. Бұл менің сабағымда өте маңызды. Сыныптағы сұхбаттың әкелетін пайдасы зор. Ол оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын жеткізуіне, өз идеяларын айтуына, пікірлесуде және талқылауда. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Әңгімелесудің үш түрін атап көрсетеді: әңгіме – дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Мен сабақ барысында осының ішінде топтық әңгімені жиі қолданамын. «Джигсо» әдісі кезінде шағын таныстырылым жасалды және осы кезде оқушылар топтасып өзара ақылдаса отырып шешімге келеді. Бұл жерде сонымен қатар пікір алмасу, ой қосу, талқылау, сараптау да жүргізілді. Балалар бір – біріне ой қоса отырып жасаған бұл шығармашылық жұмыста маңыздысы әр бала өз идеясын қосады және қалған балалар өз кезегінде оны қостайды және өз пікірін айтады. Кейінгі сабақтарымда да сұрақ қою арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтап отырдым. Сұрақты оқушыларды білі алу қабілеттеріне сәйкестендіре отырып құру қажет. Мысалы қайта бағыттау сұрақтары арқылы басқа оқушыларды да көмекке келуге шақырамыз. Осы арқылы оқушылардың бір-біріне үйренуіне, сыни тұрғыдан ойлауына, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге, әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс – әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді қарым –қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін барлық күш жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай , білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бұрынғы дәстүрлі – механикалық бағыттағы сабақтарымыз барысында сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының нені, қашан және қалай айтуы қажеттігі сипатында болатын. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуыға құқықтары шамалы болатын. Мұғалім сұрақты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап немесе түзетіп отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. Сондықтан да қазіргі біз оқып жатқан бағдарламаға сәйкес мұғалім іс- әрекетіне көрі оқушы іс – әрекеті басым болуы керектігі өте тиімді. Осы әдіс –тәсілдің оқушы үшін маңыздылығы сол оқушы өзін еркін ұстайды және еркін сұхбатқа түсіп, топтық әңгіме құра алады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу мақсатында анықтай алмайды. Сабақтарымда жиі қолданатын диалогтық оқыту бұл сабақты белсендірек, балалар үшін қызықты және маңызды ететіндігін түсіндім.

Анықтамалық әдебиет

Выготский. Mercer.N. & Hodgkinson.S (2008) Exploring talk in school : inspired

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]