Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рлеу дайынды.docx
Скачиваний:
133
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
671.24 Кб
Скачать

2012-2013 Оқу жылы бойында Сындарлы оқыту теориясының қолданылуы.

Оқу жылынаның басынан бастап Сындарлы оқыту теориясының 7 модулін ықпалдастыра отырып сабақтарыма ОМЖ және ҚМЖ құрып жаңаша түрде жүргізуді бастап кетттім. Сабақты ең алдымен ынтымақтастық атмосфера құрудан бастадым. Сабақтар топтық жұмыс түрінде өтетін болғандықтан әр түрлі әдістермен тақырыпқа байланысты суреттерді таңдау арқылы топтарға бөліп жүрдім. Топтық жұмыстар кезінде келеңсіздіктердің алдын-алу мақсатында топ ұстанымын құрып алдық. Сабағымда «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқытуды үшін бағалау оқытуды бағалау» модульдерін, топпен жұмыс, кластер,диалог, тұсаукесер, топқа бөлу әдістерін қолдандым.

Оқушыларды сабағымның мақсатымен таныстырып, тақырыпты түсіндірдім. Топтық жұмыс барысында оқушылар жаңа әдіске қызығып белсенділік көрсетті. Осы әдістерді қолдана отырып топпен жұмыстың оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеуіне , тілінің дамуына, ұжымшылдыққа үйрететініні мені өте қуантты. (Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушылардың жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Мерсер,1995ж. Нұсқаулық. 40-бет ). Осы ұғымды негізге ала отырып сабақ тақырыбын енгізуде түркі сұрақтарды қолдандым. Біз дәстүрлі сабағымызда диалог әдісін қолданғанмен де АВС сұхбатын бірнеше рет қолдандым. Осы сұхбатқа түскен оқушылар тапсырманы өте жақсы орындап шықты. Сұхбатқа түскен оқушылар үшін тапсырма күрделі болғанымен де өте сәтті шықты. Ең бірінші топқа бөлудің өзі оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Келесі кластер жасау арқылы оқушылар берілген тапсырманы жүйелей біледі және жасалған тапсырма көз алдында тұрады. Диалогты қолдану менің сабағымда өте жиі қолданылады. Диалогтың тиімділігі бұл жерде жұппен өзара әрекеттесе отырып жұмыс жасайды, сөздік қорлары дамиды, сұхбатқа түседі бұл өзге тілді үйренуші оқушылар үшін маңызды екенін байқадым. Шағын Таныстырылым әдісін сирек жасап жүрдім.себебі менің пәнім шет тілі пәні болғандықтан оқушылардың шет тілінде белгілі бір тақырыпты қорғауы қиындық туғызады. Дегенмен де Таныстырылым әдісінің оқушының ауызша сөйлеуі, тілдік қорының дамуы, ойын жүйелі түрде жеткізе алуында маңыздылығын білемін, сол себепті жиі болмаса да аракідік бұл әдісті қолданып жүрдім. Сонымен қатар Таныстырылым барысында қорғап шыққан оқушы өзін көшбасшы ретінде сезінеді. Оқушылар бұл тапсырмада қызығушылық танытып, белсене қатысты. Топ ішінде біреуі сурет салса, басқалары ойларын қосып, әркім өз пікірін ортаға салды. Мысалы «менің өмірімдегі бір күн» тақырыбы бойынша жасаған таныстырылымда бірінші топтың таныстырылымы сәтсіз шықты,ебебі Әлихан ойын толық жеткізе алмады, тілінің шорқақтығы сезілді. Ал жақсы қорғап шыққан өз Айгүл мүмкіндігіне риза болып ынталана түсті. Оқушылар өзара әрекеттесе отырып жұппен және топта жұмыс істей алуды игеріп кете алды. Осы «Тұсаукесер», «АВС сұхбаты» әдіс-тәсілдерінің тиімділігін сезіне келе тәжірибемде ары қарай жалғастырғым келеді.

Екі жақты күнделік әдісінде балалар интерактивті тақтада жұмыс істеді. Тапсырмада тақтадағы тұрған жемістерді Would you like some drink? грамматикалық тақырыбы болды. Онда тағамдарды және сусындарды жеке қасиеттеріне байланысты топтау , сосын ортасына атауын жазу керек болды. Бұл тапсырма оқушыларды сыни ойлауға үйрететінін байқадым. Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сыныбымның жас ерекшелігіне байланысты тапсырма болды сондықтан да балалар белсене әрі қызыға қатысты. Осы тақырыпты түсіндіру барысында «оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «сыни тұрғыдан ойлауға оқыту», «оқытуды бағалау» модульдерінтоппен жұмыс, диалог, 2 жақты күнделік, сыни ойлау, топқа бөлу, ынтымақтастық атмосферасын әдістерін қолдандым. (Диалогтық оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады және қолдаушы болып табылады. Мерсер, 2000. Нұсқаулық. 51- бет.) Диалогты қолдану менің сабағымда өте тиімді тәсіл. Диалогтың тиімділігі бұл жерде жұппен өзара әрекеттесе отырып жұмыс жасайды, сөздік қорлары дамиды, сұхбатқа түседі,сондықтан да ағылшын тілін үйренуде зор маңызға ие. Тапсырманы орындау кезіндегі балалардың қызыға орындағанын ескере отырып, мұндай тапсырмаларды түрлендіре отырып жиірек өткізу керек деген ойға келдім.

Ағылшын тілі мұғалімі Д.Т. Ботаханова

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]