Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Сабаты баалау

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
13.87 Кб
Скачать

Сабақты бағалау

Күні: 22.09.2015;

Сыныбы: 6А

Сабақ қалай өтті?

Не сәтті өтті?

22 қыркүйек күні 6 «А» сыныбында «Food and drink» тақырыбында ашық сабағымды өткіздім. Сабақ интербелсенді тақтада, флипчарттың қолданылуымен өткізілді. Балалар қызығушылықпен қатысты, сабақта түрлі стратегиялар қолданылып, қызықты өтті. Сабағымда қолданылған модульдер мен стратегияларға тоқтала кетер болсам , «Білім беру және білім алудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» модульдерін қолдандым. Стратегиялар «Ой қозғау», «Топтастыру», «Менен сұрақ, сізден жауап», «Орнын тап», «Сәйкестендіру». Сабақты ең алдымен «Ой қозғау» стратегиясымен ашып, балалардың ойын сабаққа тақырыпқа аудардым. Сабақтарымда үнемі қолданатын стратегиялардың бірі «Топтастыру» арқылы тақырыпқа байланысты берілген сөздерді 3 топқа топтастырдым. Бұл әдіс өте тиімді болды, оқушылардың сыни ойлауына бірден бір итермелейтін әдіс деп айта аламын. Мәтінмен жұмыс ретінде «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісін қолдандым. Бұл сұрақ-жауап оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуі, сұрақтарға жауап бере алуы үшін өте қолайлы. Одан кейін «Орнын тап» әдісін қолдандым.

Не сәтсіз өтті?

Оқушылардың ағылшын тілінде ойларын еркін жеткізе алмауы. Ойлары қысқа болды. Шағын таныстырылыммен жұмыс істеу барысында уақытты тиімді пайдалана алмады. Eнжар бала көп қатыспады.

Нені дамыта аласыз?

Оқушылардың сөйлеуін, тілдерін жаттықтыра түсу, сөздік қорларын молайту.

Сабақты бағалау

Күні: 17.10.2015;

Сыныбы: 5А

Сабақ қалай өтті?

Не сәтті өтті?

Қазан айының 17-і күні 5 «А» сыныбында «What is your mother like?» тақырыбында ашық сабақ сабақ өткіздім. Сабағымда АКТ технологияларды қолдана отырып, интербелсенді тақтаның, флипчарттың көмегімен өткіздім. Сабағымда қолданылған модульдер: «Білім беру және білім алудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау», Қолданылған әдіс-тәсілдер: «Блум таксономиясы»,«Ой қозғау», «Екі жақты күнделік», «Бұл ақпарат дұрыс па, әлде жалған ба?» , «Топтастыру», «Сұрақ менен, жауап сізден»

Сабағымды ой қозғау әдісімен бастадым, сұрақтарды қоя отырып, оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашып алдым. Сабақ «Блум таксономияс» бойынша 6 кезеңнен тұрды. Блум таксономиясының тиімділігін айта кетсем, Блум жүйесі бойынша берілген тапсырмалар жеңіл тапсырмалардан басталып, біртіндеп күрделене береді. Сондықтан деңгейленіп берілетін тапсырмалар деп айтуға да болады. «Білу» кезеңінде оқушыларды тақырыптың жаңа сөздерімен таныстырып алдым. «Түсіну» кезеңінде оқушылармен бірге диалогты оқып, оны қазақ тіліне аударды, яғни балалар жаңағы білу кезеңіндегі берілген сөздерді түсіне алатындықтарын байқатты. «Қолдану» кезеңінде «Күн мен түн» әдісі қолданылып, жасырын тұрған сөздерді тауып екінші қатарға жазды. Бұл әдіс өте қызықты болды, жауап беріп болған соң оқушылар жасырын пердені ашып, өз жауаптарының дұрыс бұрыстығын тексерді. «Талдау» кезеңінде «Бұл ақпарат жалған ба әлде дұрыс па?» әдісін қолдандым. Бұл әдіс оқушылардың диалогты немесе мәтінді қаншалықты түсініп меңгергендіктерін анықтау мақсатында сөйлемдегі қателерді табады, түзетеді. «Жинақтау» кезеңінде «Топтастыру» әдісі қолданылды. Мұнда кластерде берілген тірек сөздерді қолдана отырып, оқушылар тақырып бойынша сөйлем немесе шағын мәтін құрайды. Бұл әдіс өте тиімді өйткені бір жерге топтастырылып тұрған тірек сөздер оқушының ойын бір жерге жинақтауға көмектеседі. Соңғы «Бағалау» кезеңінде «Сұрақ менен, жауап сізден» әдісі қолданылды. Мұнда оқушыларға тест түріндегі тапсырма беріліп, оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендері анықталды. Сабақта «Өзін-өзі бағалау» жүзеге асты. Оқушыларға сабақ басында бағалау парақтары беріліп, оқушылар сабақтың әр кезеңі бойынша өздерін бағалап отырды. Сабақ соңында «Еркін микрофон» әдісін рефлексияға қолдандым. Бұл әдіс те өте сәтті шықты, себебі оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздеріне ненің ұнағанын, нені түсінгендерін кезектесе айтып шықты.

Не сәтсіз өтті?

Оқушылардың ағылшын тілінде ойларын еркін жеткізе алмауы.Кейбір оқушылардың тілдерінің келмей жатуы.

Нені дамыта аласыз?

Оқушылардың сөйлеу дағдыларын, тілдерін жаттықтыра түсу, сөздік қорларын молайту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]