Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рлеу дайынды.docx
Скачиваний:
133
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
671.24 Кб
Скачать

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ынтымақтастық– бұл тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі . Ынтымақтастық қағидаты үш өлшемнен тұрады. Біріншісі, Оқушылардың білім беру үдерісіне белсене араласуы, білім беру мазмұнын бақылау. Екіншісі, жасампаз және ойшыл жеке тұлға ретінде өзін- өзі оң бағалау. Үшіншісі, білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді қолдануға дайын, әрі қабілетті болу. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып, топтың барлық мүшелері ат салысып өзара әрекеттесе жұмыс істеген жағдайда күтілетін нәтиже де сапалы болмақ.

Адамгершілік пен ынтамақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы мен келешегіне үлкен қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында сыныпта ең алдымен топ ұстанымын құрып алдық.Шағын топтарға бөліну және тапсырмаларды жұптаса, топтаса отыра орындау кезінде оқушылар бір-бірімен әңгімелесуге қаншалықты құлықты екені аңғарылды. Әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында тек қана өзім дейтіндер, басқаның пікірімен санаспайтын, сәл нәрсеге ренжіп қалатын, серіктестерімен қарым-қатынасқа түсе алмайтын оқушыларда байқалып жатты.

Мұғалім сабағын бастамас бұрын сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып алуы керек. Осы мақсатта мен әр сабағымда топтық жұмысты бастамас бұрын психологиялық тренингтер өткізіп отырдым. Бұл тренингтер балаларға жағымды эмоция сыйлап, оқушылар өздерін жайлы сезініп, ұйымшылдықпен жұмыс жасауына көп септігін тигізді.

Іс-тәжірибе кезінде атқарылған әрбір жұмыста оқушылардың көңілді отырған кездері де болды. «Шаттық шеңбері», «Қол алысу», «Әр тілде амандасу», «Бір-біріне сәттілік тілеу», «Тыныштық сәті», «Жүректен жүрекке» сияқты ынтымақтастық ахуал туғызу сәттері бар. Бірақ келешекте тағы да басқа түрлері мен әдістерін ойлап шығарып отырсақ деп ойлаймын, ол үшін әрине, әріптестерімнің көмегіне де жүгіну де болады.

Топқа бөлу

Біліктілік курсында бағдарлама барысында үйренген әдіс-тәсілдерді өз тәжірибеме енгізе отырып сабақтар жалпы білім беруде жаңа идеялар, үлкен өзгерістер әкелетінін түсіндім. Топтық, жұптық жұмыстар кезінде оқушылар өзара әрекеттесе отырып жұмыс жасады. Сондай-ақ топ құрамы өзгерген сайын топтағы балаларға қарап кейбір үнсіз оқушылар белсенділік танытты. Өз идеясын қосып оған сыныптастары тарапынан қолдау тапқанына қуанып сабаққа белсене қатысты. Топтық жұмыстардың тиімділігі де осында бұл кезде балалар пікірлеседі, талқылайды және өзгелерді тыңдай білуге үйренеді. Сондықтан да сабақтарымды үнемі топқа бөлуден бастаймын. Бастапқы кезде оқушылар тақырыпқа байланысты сурет қиындыларын жинау арқылы топтарға бөлетінмін, кейіннен 2013-2014 оқу жылынан бастап топқа бөлу әдістерін өзім ойлап шығара бастадым. Топқа бөлуді де жай ғана сурет құрап бөліне салмай балалар ағылшын тіліне байланысты бір нәрсе үйренсе екен деген ой келді. Сондықтан әр сабақ сайын біртіндеп түрлі-түрлі әдістер ойлап таба бастадым. Мысалы ағылшын тіліндегі дұрыс жіне бұрыс етістіктер арқылы, яғни оқушылар етістіктерлі таңдап, олардың дұрыс бұрысын анықтап, қазақ тіліне аударып, ІІІ формасын айтып барып 2-ге бөлінеді. Саналатын және саналмайтын зат есімдер бойынша бөлінеді, дала және үй жануарлары болып, кино жанрлары бойынша, сусындар мен тағамдарға, ұл балалар мен қыз балалардың заттарына, пәндер атаулары мен туыстық атаулар т.б. болып бөлінеді. Бұл әдістер біріншіден оқушылардың сөздік қорын молайтса, екіншіден тілдерін жаттықтырады, білімдерін нығайтады. Бөліну кезінде балалар бір-бірлерін тыңдап тұрады, басқа балалар да естіп жаттап алады,бір-бірлеріне көмектесіп те жатады. Кейіннен балалардың қызығушылығы артып топқа бөлу әдістерін әкелдіңіз бе деп менен өздері сұрап алатын болды. Жылдың аяғына қарай тіпті оқушылар топқа бөлу әдістерін өздері ойлап тауып дайындап әкелетін болды. Міне, бір ғана топқа бөлу әдісінің өзі оқушыларды қызықтырып, шығармашылыққа итермелейді екен. Ендеше осындай қызыты да, пайдалыәрі жаңашы әдіс-тәсілдерді неге қолданбасқа?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]