Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыаралы туризм географиясы.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. М.: МШГУ, 2009.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для ВУЗов. М.: Аспект-Пресс, 2007. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

  4. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. – 336 с.

  5. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. М.: МГУ, 1981. – 207 с.

  6. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 208 с.

  7. Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. М.: 1975.

  8. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – М.-Санкт-Петербург: Торговый дом «Гердаң, 2009. – 192 с.

  9. Гезгала Ян. Туризм в народном хозяйстве. –М.: Прогресс, 1974. - 212 с.

  10. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. М.: Финансы и статистика, 1999. - 312 с.

  11. Немоляева М.Э., Ходорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра. – М., 1985.

Тақырып 12

Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы.

Халықаралық туристік үйымдар және олардың туризм дамуына атқаратын ролі

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша халықаралық туристік үйымдар және олардың туризм дамуына атқаратын ролің анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Экономикалық және әлеуметтік факторлардың ретінде тұрған 80-ші жылдардың ортасында пайда болған батыс еуропа мемлекеттеріндегі туристік сұраныстағы жаңа тенденция, сондай-ақ қазіргі адам психологиясындағы өзгерістер.

  2. Индустриальді дамыған елдердің экономика­сындағы дағдарысқа байланысты экономикалық конъюнктураның нашарлауы және әлеуметтік сферадағы кері өзгерістері. суреті-бос уақыт) ауыстыру

Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары батыс Еуропаның мемлекеттерінің туристік сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар экономикалық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан туындады, сондай-ақ қазіргі адамдардың психологиясының өзгеруімен де байланысты еді. Туристік тұтынушылықтың құрылымына басты әсерін тигізгені экономикалық конъюнктураның нашарлауы болды. Индустриясы дамыған елдердегі тоқырау жұмыссыздықтың санын көбейтті. Сонымен қатар негізгі туристік қызметті пайдаланушыларға – қоғамның орта буынына да әсерін тигізді, олар бос уақытын дұрыс пайдаланудың жолдарын іздеуге мәжбүр болды.

Экономикалық конъюнктурадағы нашарлау әлеуметтік сфераны өзгертті, ол өз ретінде туристік сұранысқа әсерін тигізді. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалыс уақыты ұзартылды, апталық жұмыс мерзімі қысқарып, икемді жұмыс кестесі енгізілді. Бұның барлығы халықтың бос уақытын ұзартты және туристік қызметті пайдаланушылардың санын көбейтті. Осындай жағдайда туристік қызметтің потенциалды тұтынушыларының шеңберінің кеңеюі бірінші тенденция болып табылады. Халықаралық туризмнің екінші тенденциясы – егде адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Солардың ішінен толығырақ зейнеткерлік жасқа тоқталық, өйткені егде адамдар жиі туристік белсенділік көрсетеді. Зейнеткерлік жас дамыған елдердің көбінде 60-65 жас аралығында болады. Экономикалық төмендеуге байланысты кейбір өндіріс орындары қаражат дағдарысына ұшырады, сондықтан да 60 жасқа толған адамдарды да, толуға таялғандарды да зейнеткерлік демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Бұлар нағыз мықты, үнемі қозғалыстағы адамдар, олардың бос уақыты мол және сапар шегуге әр уақыттада дайын болды. Олар ішкі және халықаралық туризм нарқының дамуына өз үлестерін қосты. Бүгінгі күндегі егде туристер – тәжірибесі мол саяхатшылар. Өмірге қызығы басылмаған, тынымсыз адамдар, кейде қызық оқиға мен қауіпке толы сапарларға да шығады: шаңғымен таудан сырғанау; бұрқыраған өзендермен қайық есу; шөл даламен саяхат жасау және т. б.

Қазіргі егде адамдардың туристік сұранысы өздерінің 10 және 20 жыл бұрынғы қатарларының сұранысынан ерекше болып келеді. Бұрынғы аталарынан гөрі, олар батыл да, қайратты келеді.

Мүгедек егде адамдар да саяхаттап, өзіне жаңа сезім, әсер алғысы келеді, бірақ оған мүмкіндіктері жоқ. Бұндай категориядағыларға арналған "төртінші жастағыларға" атты бағдарлама бойынша арнайы құрылыммен Данияда "Дайнэдж Ассоциэшн", Нидерландыда "Сенье Ваканти План", Швецияда "Свериджес Пенсионарсфорбинд" атты демалыс клубтары жұмыс істейді.

Осындай факторлар туристік тұтынушылықты ілгері жылжытты. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауымен және бос уақыт мөлшерінің ұлғаюына байланысты халықтың рекреациялық сипатында келесі тенденциялар байқалады – демалыс уақытының бөлшектелуі және қысқа мерзімдік сапардың көбеюі. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының басында Австрияда және Ұлыбританияда халықтың 20% демалысқа жазда және қыста шығып тұрды, ал 10% жылына үш және онан да артық саяхатқа шығып тұрды. Осындай жағдайлар Германия, Италия және басқа да Еуропаның дамыған елдерінде байқалды. Турлар қысқа, бірақ жиі болып тұрды. Батыс елдерінің әдебиеттерінде бұған "үзілісті саяхат" деген ат берілді. "Үзілісті саяхат" туристік фирмалар үшін өте тиімді болып отыр. Өйткені қысқа мерзімдік саяхаттың бір күні жай саяхат күнінен едәуір жоғары. Онымен қатар "үзілісті саяхатты" адамдар жыл бойы пайдаланады, ол туристік саладағы қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады (мезгілдік кезіндегі қонақ үйі мен көлік мәселелерін жеңілдетеді). Батыс Еуропаның халықтары демалыс және мейрам күндеріндегі маршруттарды жиі пайдаланады. Олар көрме, мұражай, галерея және дүкендерді аралап, экскурсия жасауды ұнатады. Ұлттық паркте уик-энд өткізеді немесе жақын жерлердегі фестиваль, карнавал, әр түрлі тағамдардың дәмін анықтауға қатысады.

Батыс Еуропаның нарқына қысқа мерзімдік сапарға туристерді жеткізушілер негізінен Германия мен Ұлыбритания болып отыр. 1993 жылы бұл екеуінің үлесіне 35 және 10% келді. Олардың көбісі Франция, Австрия және Германияда уақытын өткізеді. Қысқа мерзімдік келушілер жағынан бірінші орынды Франция алады. Ол жақын туризмді дамыта отырып, уақытша қысқа мерзімге келушілерді Германиядан, Ұлыбританиядан, Белгиядан, Испаниядан және Италиядан қабылдайды.

Демалудың түрінде де тамырымен өзгерістер енуде. "Көңіл көтеру мен қозғалысқа қызығушылықтың жарылысы" келесі тенденция болып табылады. Жағажайда жатып пассивті уақыт өткізу, демалысты өткізудің көп тараған түрі болса да, бірте-бірте жаңа талаптарға орын беруде. Бұрынғы "Үш S" (Sea-Sun-Sand) – теңіз–күн–жағажайдың орнына жаңа формула "Үш L" (Lore-Landscape-Leіsure) – ұлттық традиция–пейзаж–бос уақыт келуде. Бұл жаңа құндылыққа сәйкес келіп, адам психологиясында бекітілуде, қазіргі туристің ойын және мінез-құлқын білдіреді.

Күнделікті ақиқат пен шындықтан қалмау үшін турист жергілікті колоритке ынталанады, басқа халықтың тұрмысын, әдет-ғұрпын, мәдениетіндегі ерекшеліктерді білуге тырысады. Сонымен қатар белсенді демалып, күш-қуатын қалпына келтіруге де ұмтылады.

Халықаралық туристік үйымдар және олардың туризм дамуына атқаратын ролі

Халықаралық нарықта әлемдік туризм мәселелерімен айналысатын бірлестік құрудың ең алғашқы қадамдары, бұл 1925 жылы құрылған Туризмді дамытудың ресми ассоциацияларының халықралық конгресі болып табылады.1927 жылы Ресми туристік ұйымдардың халықаралық конгресі құрылды, ал 1930 жылы Ұйымдар мен туризмді дамытудың халықаралық кеңесі (МСОПТ) құрылды.

Үнемі дамып, жетіліп отырған халықаралық туризм әлемдік туризмді басқаратын анағұрлым жетілген ұйымдық құрылымды талап етті,сондықтан 1947 жылы аталған үш ұйым реформаға ұшырап,олардың түп негізінде Париж қаласында ресми туристік ұйымдардың халықаралық кеңесі (МСОТО) құрылды. Бұл халықаралық мамандандырылған арнайы ұйым болып табылады.Оның мүшелері болып 116 елдің үкіметтік ұйымдар да,үкіметтік емес ұйымдары да табылады.

1969 жылы БҰҰ ның Бас асамблеясының резолюциясы бойынша МСОТО үкіметтік емес ұйымы Үкіметаралық Дүниежүзілік туристік ұйым болып қайта құрылды. Бұл жағдай қоғамның халықаралық туризмнің тек экономикалық қана емес, саяси маңызын да мойындағанының белгісі болды.

ДТҰ-ның заңдық құрылуы 28 қыркүйек 1970 жылы. РТҰХК-ның Бас Ассамблеясының Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жарғысы жобасын қолдау туралы шұғыл сессиясында резолюция қабылдау жолымен рәсімделді. Ол 1975 жылдың 2 қаңтарына 51 елмен ратификацияланғаннан соң күшіне енді.

ДТҰ-арнайы құзіретті халықаралық ұйым,ол өзінің жарғысының 1-бабына байланысты үкіметаралық сипаттағы ұйым категориясына жатады.

ДТҰ-ға 100-ден аса ел мүше.Шын мәнісінде, ДТҰ-туризм саласындағы жалғыз арнайы халықаралық үкіметтік ұйым болып табылады.

ДТҰ-ның басты мақсаты-экономикалық дамуға, халықаралық бірлестікке, бейбітшілікке, прогресске, жалпыұлттық сыйластыққа және ұлтына,нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне қарамастан адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына үлес қосу үшін жалпы туризм дамуын қолдау.

ДТҰ-ның міндеттері:

-бұл ұйымның мүше-елдеріне көмек көрсету ;

-зерттеушілік қызмет, яғни: әлемдік туризмді, туристік нарықты, мекемелерді, туризмді дамыту мен жоспарлауды зерттеу;

-статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету;

-елдермен жүргізілетін саясаттыоңтайландыру;

-туризмнің экономикаға жақсы әсер етуін максималды жақсартуды мақсат ететін елдерге көмек көрсету;

-туризм саласындағы білім беруді қолдау және туризм қызметкерлерінің біліктілігін көтеру;

ДТҰ-ның жарғысы жаңа ұйымның мақсаттарын, міндеттерін сипатын, тапсырмаларын, ұйымдық құрылымын және функцияларын бекітті. Ол ашық жарғы болып табылады және қатысушылардың 3 категориясын көздейді: нақты мүшелер, ассоциацияланған мүшелер және бизнес-кеңес мүшелері.

Нақты мүшелер статусына барлық егеменді елдер қол жеткізе алады (Қазіргі кезде ДТҰ-да 130 аса нақты мүшелері бар). Ассоциацияланған мүше статусына өзінің сыртқы қатынастарын жүргізуге жауапты емес барлық территориялар қол жеткізе алады. (Қазіргі кезде олардың саны 7,мысалы Мадейра аралы, Пуэрто-Рико және т.б.). Бизнес-кеңес мүшесі статусына барлық халықаралық ұйымдар да, туризмде өз қызығушылықтары бар барлық үкіметтік емес ұйымдарда, сондай-ақ коммерциялық ұйымдар, ассоциациялар мүше бола алады.

ДТҰ-ның қызметіне үнемі бақылаушы-Ватикан.ДТҰ-ның жарғысы басқарушы органдарды анықтайды, олар: Бас Асамблея, Атқарушы кеңес және Секретариат.

Бас Асамблея-ДТҰ-ның ең жоғарғы органы, ол нақты мүше елдердің атынан өкілдік ететін делегаттардан тұрады. Бас Асамблея Европа, Африка, Америка, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Азия және Тынық мұхиты үшін 6 аймақтық комиссия құрды.

Бас Асамблеяның жұмысының сипаты сессиялық,

-кезекті сессия 2 жылда 1 рет өткізіледі;

-шұғыл сессиялар қажет болған жағдайда шақыртылады;

Асамблеяның мынандай құқықтары бар:

-ұйымға жаңа мүшелер қабылдау туралы сұрақтарды шешу;

-мүшелікке қабылдауды және мүшеліктен шығаруды тоқтату;

-регламент пен құжаттық ережелерді бекіту;

-өзінің қызметінің жалпы бағыттарын айқындау;

-ДТҰ-ның құзіретіне жататын кез-келген сұрақ бойынша халықаралық келісімдерін қорытындыларын дайындау.

Атқарушы кеңес Асамблеяда таңдалған, 20-30 елді,яғни кеңес мүшелерін біріктіреді. Олар жылына 2 рет жиналып Бас Асамблея қабылдаған резалюцияларды орындауға қажетті шараларды дайындайды, ұйымның бюджетін атқарады және бақылайды. Кеңес мүшелерінің өкілдік ету мерзімі – 4 жыл.

ДТҰ-ның қызметінде, Мадрид қаласында орналасқан ДТҰ-ның Секретариаты маңызды роль атқарады. Ол бас секретарь мен 85 халықаралық өкілдерден тұрады. Секретариат басшысы ұйымның қызметін басқарады, мүше-елдердің үкіметтерімен қарым-қатынас бағдарламасын көрсетеді, кеңестің шоттарын басқарады, жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған халықаралық туризмнің ресми статистикасын жариялайды.

Туристік сапарларды ұйымдастыруды жеңілдету және туристік формалдылықтарды реттеумен екі жақтық негізде қатарлас және көршілес елдер айналысатыны тарихи тұрғыда қалыптасты. Халықаралық туристік алмасулар дамудың бастапқы деңгейінде болғанда, туристердің саны он мыңнан астам болатын. Содан кейін туристік ағымдар жылдан жылға қарай өсе бастады. 1838 ж. Нью-Йорк пен Лондон арасында алғашқы, тұрақты кемелік байланыс ашылды. 1878 ж. Парижде өткен халықаралық көрмеге Ұлыбританияның 75 мың азаматтары мен 10 мыңнан астам американдықтар қатысты. ХІХ ғасырдың аяғында туризм «жоғары таптың» привилегиясынан, мыңдаған мемлекеттер тұрғындары қатысатын жалпылық сипатқа ие құбылысқа айнала бастады.

Туризмнің өсуіне, географиясының кеңейуіне, көлік құралдарының дамуына байланысты туристік саяхаттарды жеңілдету ісіне халықаралық ұйымдар атсалысты. Туристер ағымының өсуіне байланысты бірнеше туризм бойынша халықаралық конференциялар мен жиналыстар өткізілді:

  • 1921 ж. Барселонада Нәсілдер лигасы теміржол жолдарындағы тәуелсіз транзит бойынша статусты және конвенцияны қабылдады.

  • 1925 ж. Гаагада туризмді насихаттау жөніндегі халықаралық одақтың ресми ұйымдарының І Конгресі өтті.

  • 1929 ж. Лондонда теңізде адам өмірін қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды. (Бұл конвенцияға қосымшалар мен өзгертулер көптеген жылдар бойы енгізілді).

  • 1929 ж. Варшавада халықаралық әуе тасымалдаулар жөніндегі ережелерді унификациялау туралы конвенция қабылданды.

  • 1934 ж. Гаагада туризмді саяхаттау жөніндегі халықаралық одақ ұйымдарын қайта жаңғырту туралы шешім қабылданып, жиналыс өткізілді.

  • 1944 ж. Халықаралық әуерейстерінің жолаушыларын тіркеу процедурасын жеңілдету үшін, шетелдік төлқұжаттың және түрін унификациялау туралы ұсыныстар қабылданған халықаралық Азаматтық Авиация ұйымының Чикагалық конференциясы өтті.

  • 1946 ж. Лондонда ІІ Дүниежүзілік Соғыстан кейінгі туризмді қайта жаңғырту жайлы сұрақтар қарастырылған ұлттық туристік ұйымның конференциясы өтті. Бір уақытта туризмді дамыту туралы сұрақтар БҰҰ жұмысының күн тәртібіне қосылды.

1946 жылдан бастап 1957 жылғы дейін ДТҰ құрылмаған кезде, БҰҰ-ның жүйесінде туризм дамуы бойынша барлық жұмыстарды БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі атқарған.

  • 1954 ж. Нью-Йоркте туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы конвенция қабылданған. БҰҰ-ның конференциясы өткізілді.

  • 1963 ж. «Халықаралық туризм бойынша үкімет орнатқан формалдылықтарды жеңілдету» бойынша проблемалар талқыланған, халықаралық туризм және саяхаттар туралы Римде БҰҰ-ның конференциясы ұйымдастырылды.

  • 1967 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1967 жылды Халықаралық туризмнің жылы деп атады.

  • 1967 ж. Брюссельде жолаушылар мен жүктерді теңіз бойынша тасымалдау ережелерінің унификациялануы туралы конвенция қабылданды.

  • 1968 ж. Бернде туризмді дамыту бойынша сұрақтарды құрастырған БҰҰ-ның халықаралық семинары өткізілді.

  • 1969 ж. Софияда туризм бойынша халықаралық ұйымның құрылуы туралы резолюция қабылдаған БҰҰ-ның халықаралық конференциясы өткізілді.

  • 1973 ж. Киотода кедендік процедураларды жеңілдету бойынша конференция өтті.

  • 1980 ж. 27 қыркүйегінде Манилада туризм бойынша Дүниежүзілік конференция ашылды (сол жылдан бастап ол күн – Дүниежүзілік туристік күн болып есетелінеді).

  • 1982 ж. Акапулькада туризм туралы Дүниежүзілік жиналыс өткізілді.

  • 1989 ж. Гаагада туризм жайлы парламентариялық конференция өтті.

  • 1999 ж. Туризмнің глобальді этикалық кодексі қабылданды.

Туристік формалдылықтарды жеңілдету бойынша сұрақтар қарастырылғын, соңғы жылдары өткен халықаралық конференцияларға тоқтап өтейік.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Индустриальді дамыған елдердің экономикасындағы дағдарысқа байланысты экономиканың нашарлауы халықаралық туризмде жаңа тенденцияларды құрады.

  2. Қазіргі туристік сұраныстың басты тенденциялары: ұзақ демалыс кезеңің бөлшектеу және үш S-ті үш L-ге айырбастау.

  3. Халықаралық туризмнің статистикасы, оның тарихы мен екі негізгі бөлігі.

  4. Халықаралық туризмнің статистикасында ақпараттарды жинаудың әртүрлі түрлері.