Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыаралы туризм географиясы.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. М.: МШГУ, 2009.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для ВУЗов. М.: Аспект-Пресс, 2007. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

  4. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. – 336 с.

  5. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. М.: МГУ, 1981. – 207 с.

  6. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 208 с.

  7. Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. М.: 1975.

  8. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – М.-Санкт-Петербург: Торговый дом «Гердаң, 2009. – 192 с.

  9. Гезгала Ян. Туризм в народном хозяйстве. –М.: Прогресс, 1974. - 212 с.

  10. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. М.: Финансы и статистика, 1999. - 312 с.

  11. Немоляева М.Э., Ходорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра. – М., 1985.

Тақырып 4

Туристік сұраныс және оның арнайы ерекшеліктері. туристік ұсыныс

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша туристік сұраныс және оның арнайы ерекшеліктері, туристік ұсының анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Туристік сұраныстың мәні.

  2. Рекреациялық қажеттіліктердің иерархиясы. Туристік сұраныс­тың негізгі ерекшеліктері: дина­мизм, кешенділік пен гетерогендік, икемділік, уақыт пен кеңістіктегі шоғырлануы. Туристік сұраныстың дина­микасы қоғамдағы саяси және экономикалық процестеріне байланысы.

  3. Туристік ұсыныстың түсінігі. Туристік ұсыныстың негізгі элементтері. Туристік ұсы­ныстың мәні. Фирманың мақсаттары. Өндірістің технологиясы.

  4. Туристік өнімнің ұсынысы және өндірстің шығыны. Туристік ұсыныстың икемділігі

Туристік сұраныс, оның ерекшеліктері.

Туристік сұраныстың өзіндік сипаты болады: динамизмі, көптүрлілігі мен кешенділігі, икемділігі, кеңістік пен уақыт жағынан біркелкі еместігі және т. б.

Туристік сұраныс – динамикалық категория. Туристік қажеттіліктер, яғни, сұраныс қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады. Кейбіреулері мүлдем жойылады, ескілері түрін өзгертеді, жаңалары пайда болады. Олардың шеңбері үнемі кеңейіп отырады, ал қажеттілік ұлғая түседі. Соғыстан кейінгі уақытта туристік қызметтерді қолдануда саны мен сапасы жағынан едәуір ілгері жылжу болды, яғни ғылым мен техниканың алға басуымен, саяси, әлеуметтік және экономикалық сферадағы өзгерістердің әсері тиді. Ол халықтың жалпы қозғалысымен көрініс тауып, туризмді қазіргі кейіпіне жеткізді.

Туристік қозғалыс жылдам, бірақ біркелкісіз дамыды. Кейбір жылдары, саяси шиеленістердің ұлғаюы немесе экономикалық конъюктураның нашарлағандығынан, халықаралық туризмнің төмендегені байқалды.

Туристік сұраныс көптүрлі және кешенді түрде болады. Саяхат кезінде, турист өзіне көрсетілетін әртүрлі қызметтерді пайдаланады – жалпы, арнайы туристік және қосалқы. Ең алдымен оған тіршілігі үшін қажетті қызметтер керек – үй, тамақ, сонымен қатар көлік. Туристің бұл сұранысының жергілікті турғындардың сұранысынан айырмашылығы жоқ.

Басқа бір бөлігі, туристік қозғалысты оятқан, соған жетелеген мотивтер, таза туристік сұраныс. Демалу үшін, көңіл көтеріп жаңа әсерлер алу үшін адам рекреациялық турға қатысады; кәсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін іскерлік сапарға барады және т. б. Көңіл көтеру, кәсіптік ынтасын қанағаттандыру, емделу, оқуға бару т. с. с. туристік сапардың мотивтері қосымша туристік қызметтерге сұраныс туғызады. Мысалы, пленум мен конгрестерге қатысушылар қосымша туристік қызметке сұраныс жасайды. Олар конгрестен кейінгі турларға баруға тілек білдіреді, көрмеге немесе концертке барады, яғни айтқанда кәсіптік іс-әрекетін мәдени-танысып білу демалысымен бірлестіреді.

Туристік сұраныстың әртүрлілігі мен кешенділігі жиынды туристік қызметке – турға ұсыныс туғызады.

Туристік сұраныстағы икемділік.

Жоғарыда айтылғандай, туристік сұраныс тұтынушының табысына, бос уақыттың ұзақтығына, көрсетілетін қызметтердің және тауардың бағасына және басқа да факторларға байланысты. Сонымен, реттелген төленетін демалыстың енгізілуі және жұмыс ақысының көтерілуі туристік қызмет пен тауарларды пайдалануды өсіреді.

Демек, туристік сұраныстың икемділігі дегеніміз бір нәрсенің өзгеруімен басқаны да өзгертетін өлшем реакциясы.

Сұраныстың икемділігі баға жағынан және табыс жағынан болады. Сұраныс бағаның өзгеруіне сезімтал (икемді) болады немесе қатты өзгермейтін (икемсіз) немесе өте сирек икемділікті болуы мүмкін.

Басқада тең жағдайларда бір пайызға бағаның өсуі немесе төмендеуі сұраныстың көлемінің қандай пайызға өзгеретіндігін баға бойынша сұраныстың икемділігі (БСИ) көрсетеді.

БСИ бірнеше факторларға тәуелді: Біріншіден, неғұрлым бәсеке күшті болса, солғұрлым БСИ жоғары болады. Этникалық және іскерлік сапардан гөрі, демалып көңіл көтеру мақсатымен саяхат жасауға сұраныс бағаның өзгеруіне өте сезімтал келеді. Әсіресе туристік "теңіз-күн-пляж" өнімдердің бағасының өзгеруіне сұраныс өзгергіш келеді, яғни айтсақ бір курортта көрсетілетін қызмет қымбаттаса, адамдар басқа сонымен бәсекедегі арзан курортқа ауысып соған сұранысты күшейтеді. БСИ-ні өзгертетін екінші фактор – уақытша шеңбер, оның ішінде сауда шешімдері қабылданатын.

БСИ өзгергіш болып келеді. Әсіресе ол шетелдік саяхаттарға жатады, ондағы бағалар валютаның курсіне байланысты өзгеріп тұрады. Олардың өзгерісі халықаралық туристік сапарлардың географиясына әсерін тигізеді. Туристерді қабылдайтын елдегі валютаның курсінің көтерілуі шетелдік туристердің сапарын қымбаттады. Мысалға, 80-ші жылдардағы Испаниядағы пестінің ревальвациясы (өсуі) халықаралық туризмді азайтып жіберді, туристерге көрсетілетін қызметтің бағасын өсірді. Ұлттық валютаның ревальвациясы туристерді жеткізуші елдерде шетелдерге шығу туризміне сұранысты көтереді. Сонымен, бағаның өсуіне (төмендуіне) байланысты сұраныстың өсуі (төмендеуі) БСИ-нің дұрыс жағдайы болады. Кейде мынадай жағдай болады, жоғары баға сұранысты өсіреді. Бұндай жағдай элитарлық туризмде болады. Мысалға, кейбір туристер теплоходпен сапар шеккенде ең қымбат каютаны сатып алады, яғни адамдар өзінің байлығын көрсетіп, престиж сатып алады. Әдебиетте бұл құбылысты "снобизм эффектісі" деп атайды.

Туристік сұранысқа тұтынушылардың табысының өзгеруі әсерін тигізеді. Бір көрсеткіштің басқаға әсері табыс бойынша сұраныстың икемділігімен (ТСИ) анықталады. Туристік тауарға сұраныстың көлемінің пайыздық өзгеруі тұтынушының жиындық табысының пайыздық жағынан өзгеру қатынасын ТСИ көрсетеді.

Адамдардың материалдық жағдайының жақсаруы саяхат жасауға сұранысты көтереді және оның шығынын өсіреді. Адам жоғары табыс әкелетін жұмысқа тырысады, оның бос уақыты азайады, бірақ оған қарамай саяхат жасап тұрады, Бұндай адамдар жоғары деңгейдегі комфортқа талап қойып қысқа түрларды таңдап алады. Туристік сұраныстың азаюына материалдық қийындықтар көп әсерін тигізе бермейді. Демалысын саяхатпен өткізушілер, егер де қаражат қыйындығы болса, ол саяхат жасауын тоқтатпайды. Бұндайда олар арзан турды сатып алады.

Икемділіктің дәрежесі турдың сипатына байланысты болады. Сауықтыру турларына сұраныс икемді болады, ал қызмет ретімен болатын этникалық, ғылыми турларға сұраныс икемсіз келеді. Табыстын өзгеруіне де байланыса да іскерлік және элитарлық турларға сұраныс икемсіз болады.

Басқада факторлардың өзгеруіне сұраныстың реакциясын білу үшін икемділікті пайдалануға болады, мысалға, сапардың қашықтығының өзгеруі. Бірақ қашықтық (S) километр арқылы белгіленеді Туристік сұраныстың қашықтыққа байланысын білу үшін (S) қашықтықты сапар кететін ақшамен анықтау керек. Сапардың шығынна, уақыттына және ақшасына қатысы бар барлық өзгерістер, халықаралық туризмнің географиясына, көлеміне, сұранысына әсерін тигізеді. Олардың азаюы халықаралық туризмді көтереді.

Сонымен, қорыта келгенде, туристік сұраныстың икемділігі тұтынушылардың табыс деңгейінің, бағаның, сапаның өзгеруіндегі туристік қызметті пайдаланудың құрылымының жылдам өзгеруімен көрінеді.

Баға мен табыс икемділігі экономикада жалпы қабылданған, бірақ ол туристік сұраныстың динамикасында негізгі бір ғана көрсеткіш бола алмайды, оған басқа да факторлар әсер етеді.

Туристік сұраныстың уақыт пен кеңістікте шоғырлануы.

Жылдың белгілі бір уақытында шыңына дейін жететін, ал қалған айларда құлдырап кететін, туристік сұраныстың мезгілдік қасиеті бар. Қоңыржай климаты елдерде негізгі туристік мезгілдер: жазғы (шілде-тамыз) немесе "мезгілдің шыңы", қысқы (қаңтар-наурыз), "мезгіл аралық" (сәуір-маусым, қыркүйек) және "өлі мезгіл" деп аталынатын (қазан-желтоқсан) мезгілдер болады.

Туристік белсенділіктің шыңы мезгіл аралық және өлі мезгілімен алмасып тұрады. Бұл кезеңдерде туристік ағым басылады, туристік қызметтерге сұраныс 3-4 пайыз болып, өзінің төменгі шегіне жетеді.

Туристік сұраныстың бұлай өзгеріп тұруы әртүрлі факторларға байланысты:

– климат пен мотивациялық - адамдардың санасында қалыптасқандық, жаз айларында демалыс үшін қолайлы болу пікірі;

– экономикалық – бұл батыс елдерінде тараған әдет, олардың пікірі бойынша шілде-тамыз, еңбек өнімділігінің төмендейтін айлары, сондықтан мекемелерді профилактикалық ремонтқа жабады;

– әлеуметтік – балаларымен бірге демалу үшін ата-аналардың демалысын мектеп каникулі кезінде алуға тырысуы;

– сән факторлары – адамдардың қандай бір болмасын сәнді курортқа баруға тырысуы. Қазан-мамыр айлары ХІХ ғасырда негізгі курорт мезгілі болғаны. Оны Жерорта теңізінің Франция жағалауындағы Ницца, Канны және басқа да қалаларында өткізуі.

Туристік ұсыныс

Туристік сұранысқа туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік ұсыныс сәйкес болуы керек.

Туристік ұсыныс деген – бұл көрсетілетін туристік қызметтер мен туристік құндылықтардың жиынтығы.

Туристік құндылықтарды туристік аймақтың туристік ресурстары құрайды. Сонымен қатар, туристік ұсыныстың элементіне туристік инфрақұрылым да жатады.

Сонымен, туристік құндылықтар екі топқа бөлінеді: негізгі және қосымша. Негізгі тобына туристік ресурстар, ал қосымша тобына туристіу инфрақұрылым жатады.

Көрсетілетін туристік қызметтер де екі топқа бөлінеді: негізгі және қосымша. Негізгі туристік қызметтерге туристке саяхат кезінде ең керекті қызметтер (орналасу, тамақтану, көлік) жатады. Қосымша қызметтер негізгі туристік құндылықтармен байланыста болады. Бұған жататындар: экскурсиялық, сауықтыру, спорттық, мәдени қызметтер.

Туризм географиясында қалыптасқан туристік ұсыныс туристік аттрактивтілік түсінігімен сәйкестенеді.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Туристік саяхаттың себептерінің субьективті факторлары. А.Маслоу пирамидасы.

  2. Туристік сұраныстың негізгі ерекшеліктері.

  3. Туризмдегі жалпы, спецификалық және қосымша қызметтер.