- •Лекция 1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты.
- •§1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •§2 Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика
- •§3 Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары.
- •§4 Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері
- •§1 Мемлекеттік реттеу формалары
- •§2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •§3 Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •Лекция III Өсудің экономикалық факторлары және оны тұрақтандырушы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •§1 Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары
- •§2 Экономикалық өсу теориялары және моделдері
- •§3 Экономикалық өсудің интенсивті типіне өтуді мемлекеттік реттеу
- •Лекция IV Мемлекеттік экономикалық саясат
- •§1 Экономикалық саясаттың мәні
- •§2 Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •§3 Фискалдық экономикалық саясат
- •§4 Монетарлық экономикалық саясат
- •Лекция V Индустриалды-инновациялық даму – мемлекеттік экономикалық саясаттың негізі
- •§1 Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері
- •§2 Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •§3 Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты
- •Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
- •§1 Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері
- •§2 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
- •Лекция VII Мемлекеттік антимонополиялық реттеу
- •§1 Бәсекелі және монополды рыноктар. Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеті
- •§2 Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •§3 Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу
- •§4 Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттік қолдау
- •Лекция VIII Инвестициялар мен инновацияларды мемлекеттік реттеу
- •§1 Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •§2 Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және проблемалары
- •§3 Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі
- •§4 Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу
- •§1 Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары
- •§2 Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •§3 Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •Лекция х Әлеуметтік үдерістер мен әлеуметтік сфераны мемлекеттік реттеу
- •§1 Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •§2 Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы
- •§3 Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •§4 Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Лекция хі Экономиканы бюджеттік реттеу
- •§1 Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі, қызметі
- •§2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу
- •§3 Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •Лекция хіі Салық салу және салықтық реттеу
- •§1 Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі
- •§2 Салық салу принциптері және салықтық реттеу.
- •§3 Мемлекеттік салықтық реттеу
- •Лекция хііі Экономиканы қаржылық реттеу
- •§1 Қаржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
- •§2 Қаржы ағындарын реттеу
- •§3 Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •Лекция XIV Меншік объектілері мен қатынастарын мемлекеттік реттеу
- •§1 Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •§2 Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға, концессияға беру және жекешелендіру мен жекешеден алу
- •§3 Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •Лекция XV Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу
- •§1 Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен міндеттері
- •§2 Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •§3 Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
- •Лекция XVI Экономиканы мемлекеттін реттеудің шетелдік тәжірибесі
- •§1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі: американдық тежірибе
- •§2 Швециялық әлеуметтік модель: басқару және дамыту
- •§3 Қытай экономикасын реформалау мен дамытудағы мемлекеттік реттеудің рөлі
- •§4 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі Корея Республикасының тәжірибесі
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
§3 Мемлекеттік салықтық реттеу
Салықтық саясатты қалыптастыру және жүргізу әрқашанда әлеуметтік-экономикалық сфераны мемлекеттік реттеудің негізгі әдістерінің бірі болып саналады. Салықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттерінің әртүрлі кезеңдердегі өзгерістеріне сәйкес салықтық саясаттың бағыты мен нәтижесі де өзгерістерге ұшырайды, дегенмен салықтық жүйенің функциялары және оның мәні өзгеріссіз қала береді. Салықтық реттеу әдістерінің мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалану үшін салықтық құралдар көмегімен фискалдық міндеттерді, сондай-ақ экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуде ұтымды байланыстыру қажет.
Рыноктық экономикасы бар дамыған елдерде салық жүйелерін құру және қызметінің тәжірибесі салық жүйесінің мемлекеттік реттеу әдістерінің ішіндегі орны мен рөлін анықтайтын екі келіс ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бірінші келіс, Дж.М. Кейнстің мемлекеттік реттеу концепциясына (тұжырымдамасына) негізделген және екінші келіс неоклассикалық постулаттарға (дәлелсіз ақиқат) сүйенеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 80-ші жылдардың басына дейін кейнсиандық келіс үстемдік құрды.
Кейнстің концепциясына сәйкес салықтық шаралар арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу өндіріс пен өсуді ынталандырушы барлық факторларды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндіріс көлемі мен төлем қабілеті бар сұраныс арасында туындайтын диспропорцияларды алып тастауға бағытталуы тиіс. Мемлекеттік реттеу жиынтық сұраныс шамасына (мөлшеріне) әсер етуі тиіс, ал, мұндай әсердің құралы салықтардан пайда болатын – мемлекеттік бюджет.
Кейнс бойынша өрлеу жағдайында салықтарды көбейту, ал, дағдарыстық ситуацияда кеміту қажет. Салықтарды қысқарту, ең алдымен жаңа өрлеудің базалық негізін құрайтын экономика салаларының кәсіпорындары мен кәсіпкерлері үшін салықтық жеңілдіктер аясын кеңейту есебінен жүргізілуі тиіс. Табыс салығына автоматты тұрақтандырушы рөлі жүктеледі, себебі теңдестірілген өсу жағдайларында табыс салығы арту үстіндегі табыстардың едәуір бөлігін бюджетке алуды қамтамасыздандарады (сонысымен сұранысты шектейді), ал дағдарыс кезінде табыс салығы кірістер деңгейінің төмендеуін есепке алады. Автоматты салықтық тұрақтандырушының әрекеті қолданыстағы салықтардың қойылымын өзгерту, салықтық жеңілдіктер санын көбейту немесе қысқарту сияқты мемлекеттік салықтық шаралармен толықтырылады.
Кейнсиандық концепция шеңберінде салық салу жүйесі прогрессивті принцип бойынша – салықтық шкала қозғалысының салыстырмалы жиілігімен және жоғары шекті қойылымдарымен, сондай-ақ инвестициялық белсенділікті ынталандырушы салықтық жеңілдіктердің едәуір санымен сипатталады.
ХХ ғасырдың 70-80 жж. шектерінде бірқатар батыс елдерінде ұдайы өндірістің жағдайлары нашарлап, инфляциялық үдерістер күшейе түсті. Сондықтан 80-ші жылдары мемлекеттік реттеудің кейнстік концепциясынан бас тартулар байқалды. Сонымен бірге дамушы елдердің салықтық-қаржылық стратегиясында мемлекеттік сектор үлесінің кемуіне және мемлекеттің экономикаға араласу аясының тарылуына байланысты мемлекеттік реттеудің кейнстік концепциясынан шегіну басталды.
Мемлекеттік әрекет сферасы бірте-бірте әсер етудің жанама әдістеріне қарай ойысты. Мемлекеттік реттеудің кейнсиандық принциптерінен бас тарту сұранысты антициклдық реттеуден инвестициялық белсенділіктің ұзақ мерзімді өсуін ынталандыру, диспропорцияларды жою, экономиканы қайта құрылымдау бағытына шығудан көрінді. Толық қамту саясатынан аулақтап, екпін инфляциямен күрес жағына қарай ауды.
Экономикасы дамыған елдердің үкіметтері жүргізген салықтық саясаттың теориялық базасы неоконсерватизм болды, оның негізгі постулаты: «Барлығын мемлекет емес, рынок шешеді». Мұның расында постулат, яғни дәлелсіз ақиқат екендігін қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс дәлелдеп отыр. Неоконсерватизм шеңберіндегі ең ірі ағымдар монетаризм (ақшаның сандық теориясына негізделген) және ұсыныс экономикасының теориясы болып отыр. Бұлар көптеген елдердегі консерваторлардың салықтық саясатының методологиялық негізі ретінде қызмет атқаруда.
Айталық, ұсыныс теориясына сәйкес салықтарды мақсатты және кең көлемде төмендету арқылы өндіріске тікелей әсер ету қажет. Салықтық реттеу жинақтау мен инвестициялауды ынталандыруы тиіс. Осы жақын уақыттарға дейін салық салудың жоғары деңгейі және прогрессивті шкаланың едәуір дәрежесі экономика мен әлеуметтік инфрақұрылымның жоғары даму деңгейіне сәйкес келеді деп есептелді. Салықтық қойылымдары жоғары елдер тек қана еңбек өнімділігі және экономикалық өсу қарқыны бойынша емес, сонымен бірге тұрғындардың әлеуметтік қорғалу деңгейі бойынша да лидерлер қатарында болды.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары корпорациялар мен жеке тұлғалардың табысына салықтық ауыртпалықтың жеңілдеуі үрдісі байқалды. Пайдаға салық салу деңгейін төмендету салық салу базасын кеңейтумен бір уақытта жүре бастады.
Толықтай алғанда мемлекеттік салықтық реттеудің міндеті салық төлеуші – тауар өндірушілерге, табыс алушыларға салықтық жүктеменің оңтайлы (оптималды) мөлшерін іздестіріп, енгізу болып табылады.
Салықтық жүктеме микроэкономикалық және макроэкономикалық көлемдерде әрбір салық төлеушіге ұйымға, салаға, аймаққа және толықтай ел экономикасына есептеледі. Салықтық жүктеме салық түрінде алынатын салық төлеуші табысының пайыздық үлесі болып табылады. Салықтың әрбір түріне салықтық жүктеме пайыздық қойылым түрінде, ал салықтар жиынтығына қатысты салық салу базасын ескере отырып есептелген жалпы орташа салықтық қойылым сипатында көрінеді.
Нақты салықтық жүктемеге салықтық ауыртпалықты төмендету мақсатында қолданылатын салықтық жеңілдіктер едәуір әсер етеді. Бірақ, салықтық жеңілдіктер жекелеген салық төлеушілерге берілетіндіктен, жеңілдіктерді пайдаланбайтыедар өздеріне қосымша салықтық ауыртпалық алуға мәжбүр болады.
Мәселенің мәні салық салу қойылымдары ағымдағы экономикалық жағдайға тәуелді болғандықтан күрделене түседі. Таңдауға тура келеді: не осы кезеңнің фискалдық мәселелерін шешу керек, немесе экономикалық өсуді ынталандыру үшін салықтық түсімдерді қайсыбір дәрежеде төмендету қажет.
Салықтық қойылымдардың жоғарылауы өндірушілердің қарсылығына тап болса, төмендеуі өндірістің жедел өсуіне әкеледі деген тұжырым да дәлелдеуді қажетсінеді. Салық ауыртпалығына жауап ретінде салық төлеушілер табысты, мүлікті жасыру, сөйтіп салықты толықтай төлемеу жолдарын іздестіреді. Нәтижесінде нақты салықтық қойылымдар өзін-өзі реттеу арқылы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы үнсіз келісімпаздық (компромисс) негізінде де өз шамасын тауып жатады. Ақиқатын айту керек, 2000-шы жылдары қазақстандық заң шығарушылар салықтық ауыртпалықты жұмсартып, жеңілдетуге бағыт алды.
Салықтың жаңа түрлерін енгізу, салықтық қойылымдарды жоғарылату салдарының әртүрлі боларын да ескерген абзал.
Тауар өндірушілерге салықты жоғарылату кезінде мемлекет олардың салықтық жүктеменің «артығын» сәйкесінше тауар бағасына қосып тұтынушыларға арта салуға даяр тұратындығын қаперден шығармауы тиіс.
Мемлекеттік салықтық реттеу өзінің мақсатын тек салықтық жүктеменің оңтайлы мөлшерін іздестіруден ғана емес, сонымен бірге бюджетті ағымдағы толықтыру мүдделерін қорғай отырып, перспективалық мүдделерге де тұрақты назар аударғаны жөн.
Тауарлардың экспорты мен импортынан салықтардың қойылымын өзгерту арқылы, кедендік бажды алу тәртібін жетілдіру негізінде мемлекет сыртқы сауда айналымын реттейді, протекциялық (қамқорлық) саясат жүргізу арқылы отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғайды.
Мемлекеттің тарапынан салықтық реттеу инвестициялық белсенділікті апрттыруға қызмет етеді, қолайлы салықтық ахуал жасау жолымен техникалық-технологиялық инновацияларды пайдалануға мүмкіндіктер табады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің салықтық механизмдерін қолдана оитырып, олардың әрекетінің аса сезімталдық сипатын, реттеуші іс-қимылдар салдарының болжануы қиындығын ескеруі қажет, өйткені салықтар экономикалық қызметтің әртүрлі мотивтері (құлшыныс) мен факторларына тікелей немесе жанама түрде әсер етеді, әлеуметтік оңды немесе теріс жаңғырықтар туындауына себепші болады.
Ізденіс сұрақтары.
Салықтардың пайда болу себептері.
Салықтың мәні және түсінігі.
Салықтың функциялары.
Салық жүйесі және элементтері
Салық салу принциптері.
Салықтық саясат негіздері.
Салықтық ауыртпалықтар және жеңілдіктер.
Салық қойылымдары және олардың реттеу сипаттары
Мемлекеттік салықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері.