- •Лекция 1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты.
- •§1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •§2 Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика
- •§3 Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары.
- •§4 Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері
- •§1 Мемлекеттік реттеу формалары
- •§2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •§3 Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •Лекция III Өсудің экономикалық факторлары және оны тұрақтандырушы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •§1 Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары
- •§2 Экономикалық өсу теориялары және моделдері
- •§3 Экономикалық өсудің интенсивті типіне өтуді мемлекеттік реттеу
- •Лекция IV Мемлекеттік экономикалық саясат
- •§1 Экономикалық саясаттың мәні
- •§2 Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •§3 Фискалдық экономикалық саясат
- •§4 Монетарлық экономикалық саясат
- •Лекция V Индустриалды-инновациялық даму – мемлекеттік экономикалық саясаттың негізі
- •§1 Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері
- •§2 Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •§3 Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты
- •Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
- •§1 Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері
- •§2 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
- •Лекция VII Мемлекеттік антимонополиялық реттеу
- •§1 Бәсекелі және монополды рыноктар. Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеті
- •§2 Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •§3 Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу
- •§4 Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттік қолдау
- •Лекция VIII Инвестициялар мен инновацияларды мемлекеттік реттеу
- •§1 Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •§2 Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және проблемалары
- •§3 Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі
- •§4 Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу
- •§1 Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары
- •§2 Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •§3 Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •Лекция х Әлеуметтік үдерістер мен әлеуметтік сфераны мемлекеттік реттеу
- •§1 Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •§2 Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы
- •§3 Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •§4 Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Лекция хі Экономиканы бюджеттік реттеу
- •§1 Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі, қызметі
- •§2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу
- •§3 Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •Лекция хіі Салық салу және салықтық реттеу
- •§1 Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі
- •§2 Салық салу принциптері және салықтық реттеу.
- •§3 Мемлекеттік салықтық реттеу
- •Лекция хііі Экономиканы қаржылық реттеу
- •§1 Қаржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
- •§2 Қаржы ағындарын реттеу
- •§3 Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •Лекция XIV Меншік объектілері мен қатынастарын мемлекеттік реттеу
- •§1 Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •§2 Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға, концессияға беру және жекешелендіру мен жекешеден алу
- •§3 Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •Лекция XV Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу
- •§1 Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен міндеттері
- •§2 Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •§3 Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
- •Лекция XVI Экономиканы мемлекеттін реттеудің шетелдік тәжірибесі
- •§1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі: американдық тежірибе
- •§2 Швециялық әлеуметтік модель: басқару және дамыту
- •§3 Қытай экономикасын реформалау мен дамытудағы мемлекеттік реттеудің рөлі
- •§4 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі Корея Республикасының тәжірибесі
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
§3 Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
Мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары ең алдымен аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық үдерістердің басқарылу деңгейін жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Бұл үшін реформаларды жүргізудің тиімділігіне субъектілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында экономикалық және әлеуметтік дамуды реттеу өкілеттігінің бір бөлігін республикалық деңгейден аймақтық деңгейге беру қажет. Осы мақсатта аумақтардың бюджетін және аймақтық бюджеттен тыс қорлардың көлемін арттыру керек. Орталық пен аймақтардың өкілеттігін бөлу кезінде жергілікті биліктің атқару механизмін түбегейлі талдап жасап, бірлесе атқарылатын өкілеттіктерді жүзеге асыру, республикалық және аймақтық деңгейлердегі заң шығарушы және атқарушы биліктердің құқықтарын нақты белгілеу мәселелері ойдағыдай орындалуы тиіс.
Қазақстан Республикасы аймақтарының дамуындағы тарихи, табиғи-экономикалық айырмашылықтар олардың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін есептей келе типологизациялық моделдерін талдап жасауды талап етеді. Айталық, Қазақстанның аймақтары әртүрлі белгілері бойынша, 2001 жылы қабылданған ҚР аймақтық саясатының Тұжырымдамасына сәйкес, жиынтық аймақтық өнім және жан басына шаққандағы табыс бойынша 6 топқа бөлінеді. Олар: дамыған қаржы секторы және ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары Астана мен Алматы қалалары құрайтын бірінші топ. Екінші топқа көмірсутек, минералды ресурстарға бай Маңғыстау және Атырау облыстары, үшінші топқа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары сияқты өнеркәсібі дамыған, минералды шикізаттарға бай өңірлер, төртінші топқа табиғи ресурстары мол, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптары кең Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары, бесінші топқа машина жасау саласы дамыған, ауыл шаруашылығы резервтері бар Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары және алтыншы топқа негізінен аграрлық өңірлер Алматы, Ақмола, Қызылорда облыстары жатады.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің бірінші құрамдас бөлігі әкімшілік және құқықтық болып табылады. Реттеудің аталмыш формасы ағымдағы теңгерімді (балансты) экономиканы тұрақтандыру, өндіріс құлдырауын тоқтату, экономиканы қаржылық сауықтыру сияқты проблемаларды шешуге бағытталады. Аймақтық дамуды реттеуде орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға 5-10 жылға арналған құрылымдық бағдарламалар маңызды рөл атқарады. Бағдарламалар бюджеттік мазмұнда болуы тиіс, яғни олар бюджеттен қамтамасыздандырылу шеңберінен артпауы қажет, басқа жағдайда бағдарламаның атқарылуы күмәнді болмақ.
Аймақтық бағдарламаларды мемлекеттік басқарудың негізгі ауыртпашылығы атқарушы билікке түскенімен, реттеуші функциялардың бір бөлігі бағдарламаны тікелей орындаушыға берілуі тиіс. Бұл үшін келісім негізінде аралас мемлекеттік, жекеше, арнайы, тәуелсіз компаниялар мен агенттіктердің құрылғаны ләзім.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің екінші негізгі құрамдас бөлігі экономикалық реттеу болып табылады. Экономикалық реттеу бірінші кезекте өндіргіш күштерді орналастыру және өңірлік дамуды қамтуы тиіс. Экономикалық реттегіштер төрт принципке жауап беруі қажет.
Бірінші принцип бойынша реттеуші жүйе шаруашылық қызметтің барлық субъектілеріне түгелдей таратылуы тиіс, маңызды деген бірнеше субъектілерге ерекше жағдай жасалып, олар өз кезегінде басқаларына ықпал етуі қажет.
Екінші принцип экономикалық реттегіштер жүйесінің ынталандырушы сипатта болуын қарастырады.
Үшінші принциптің мәні аймақтық дамуды реттеу жүйесі мерзімдік шеңбер шектерінде, әсіресе дотациялар мен жеңілдіктерге қатысты, қатаң шектерде болуында жатыр.
Төртінші принцип бойынша аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуде аумақтық ерекшеліктер ескеріліп, есептелуі тиіс.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін біртұтас басқару жүйесі қалыптастырылуы қажет. Бұл үшін жалпыға бірдей нормативтік-құқықтық жүйе жасалып, онда бір жағынан конституциялық нормалар мен жалпымемлекеттік заңнама талаптары ескерілетін болса, екінші жағынан республика субъектілерінің құқықтары есепке алынуы тиіс.
Мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі көптеген бағдарламалар қажетті дәрежеде жүзеге аспай жататын жағдайлар да баршылық. Күнделікті өмірден оның мысалдарын көптеп келтіруге болады.
Негізгі себептеріне келетін болсақ, бағдарламалардың атқарылуы барысына теріс әсері бар факторлар қатарына мыналар жатады:
мақсатты мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды тәжірибеден өткен таңдау жүйесінің болмауы;
салалық мемлекеттік бағдарламаларда өңірлік аспектілердің әлсіз талданып, жасалуы;
республикалық және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асырудың жетілдірілген механизмдерінің болмауы;
бағдарламалардың атқарылуын жеткіліксіз бақылау мәселелері және т.с.с.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін әкімшілік шешімдерден гөрі экономикалық реттегіштердің маңызы арта түспек. Олардың сипаты жеңілдіктерге емес экономикалық ынталандыруға қарай ойысуы қажет.
Қолдауды қажетсінетін аймақтарды таңдап алуда өңірдегі дағдарыстық құбылыстардың масштабын ескерген жөн. Республикалық бюджеттен арнайы көмекті бағыттау үшін микродеңгейде күйзелісті аудандардың шекараларын белгілеп, дағдарыстың мән-мағынасын сараптау арқылы бірінші кезеңдегі көмекті осы микроаудандарға жіберудің тиімділігі арта түседі. Аймақтарды аудандарға бөліп қарастыру өңірлік дамуды реттеудің маңызды формасы болып табылады.
Аймақтың дамуды мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру өңірлік экономика мен басқару проблемаларына терең ғылыми зерттеу жүргізу базасында ғана мүмкін болары даусыз.
Ізденіс сұрақтары
Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың мәні мен мақсаты.
Аймақтық даму заңдылықтары
Аймақаралық еңбек бөлінісін ұтымды ұйымдастыру
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әдіснамалық (методологиялық) негіздері
Шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру түсінігі, мақсаттары
Аймақтық дамуды әкімшілік және экономикалық реттеу.
Экономикалық реттегіштер қызметінің принциптері
Мемлекеттік және аймақтық деңгейлердегі бағдарламалардың атқарылу тиімділігі.