Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маш.пайд.Курсты жоба Сби .doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
313.34 Кб
Скачать

2.2 – Кесте. Технологиялық карталарды құрастыру және есептеу нәтижелері.

Көрсеткіштер

Бидай

Сұлы

барлығы

1 га – ға

1 – т -ға

барлығы

1 га-ға

1 т- ға

Механикаландырылған жұмыс көлемі, шартты эт.га.

6471

1203,4

Тракторлық жұмыс тығыздығы,

шартты эт.га. / га

3,6

3,5

Еңбек шығыны, адам * сағат

3902,6

0,46

831,4

0,4

Жанармай шығыны, т

62319,6

9,6

18713,88

15,5

2. 3. Механикаландырылған дала жұмыстарын орындаудың сызықтық кестесі мен күнтізбелік жоспарын жасау

Технологиялық карталар негізінде механикаландырылған жұмыстың жылдық көлемі жоспарланып, орындалу кестесі жасалынады. Мұндай біріктірілген жоспар мен кестелер дайындау осы жұмыстарды тікелей орындаушылар: механизаторлар, звено жетекшілері, бригадирлер және басқалары үшін нақты ұйымдастыру жұмыстарын әзірлеу және де техникамен, еңбек ресурстарыменен жеткіліксіз қамтамасыз етілуін анықтау және оларды жою мақсатында қажетті шешімдер қабылдау қажеттілегімен туындайды. Сонымен қатар осындай жоспар мен кесте қолда барда бөлімшелерде техникаларды пайдалануды басқару тиімділігі артады. Механикаландырылған дала жұмыстарын орындаудың сызықтық кестесі мен күнтізбелік жоспарды шиелініскен кезеңге орындауға болады.

Бұл үлгінің сол жағы жоспардан (1 – 5 графалар), ал оң жағы дала жұмыстарын орындаудың сызықтық кестесінен тұрады. Төменгі жағы айдың күндері бойынша еңбек және энергетикалық құралдарға қажеттілігі мәліметтерімен толтырылады. Технологиялық операциялар атауы (1 графа) технологиялық карта жасалған барлық дақылдар бойынша орындалу ретімен жазылады. Атауы бір операцияларды егер олар бір агрегатпен орындалатын болса, жұмыс көлемін қосып бір жолға жазуға болады. 2 ... 5 графаларды мәліметтер мен толтырған соң, технологиялық картадан келтірілген операциялардың күнтізбелік орындалу мерзімін пайдалана отырып, үлгінің оң жақ бөлігінде (6 ... 13 графалар) механикаландырылған жұмыстардың орындаудың алғашқы кестесін сызықтар түрінде салады. Сызықтар үстінен осы операцияны орындайтын агрегаттар саны көрсетіледі. Соңынан негізгі операциялардың өткізілуі мерзіміне байланысты әр кезеңге (көктемгі, жазғы, күзгі) жұмыс циклы дәлелденеді.

Жекелеген циклге негізгі технологиялық операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін (себу, шөпті жинау және шөмелеу, астық дақылдарын бастыру, жүгері дақылдарын шабу, жер қыртысын негізгі өндеу және басқалары) барлық жұмыстар енгізілуі қажет. Күн тізбелік мерзімдер мен бұл жұмыстардың орындалу ұзақтығы агро техникалық талаптармен қатаң реттеледі, яғни астықтың жоғалуына және өнім сапасының төмендеуіне байланысты басқа уақытқа ауыстыруға болмайды.

Сонымен қатар бір мезгілде орындалатын жұмыс циклдерін қысқарту мақсатымен бекітілген ауылшаруашылық дақылдарын өсіру типтік технологиялық карталармен салыстырғанда басталу және орындалу ұзақтығын өзгертетін жұмыстарда бар.

Энергетикалық құралдармен еңбек ресурстарына қажеттілк үлгінің төменгі жағына толтырылады. Механизаторлар саны жеке, көмекші жұмыскерлер саны жеке, тракторлар саны маркалары бойынша жинақталады.

Мұндай кесие жыл бойына күндер бойынша, шиеленіскен кезендерде бескүндіктер бойынша тракторлар мен механизаторларға деген қажеттілікті жеткілікті түрде көрнекі бейнелейді. Тракторлар санындағы айрықша ауытқулар олардың жыл бойына біркелкі жүктелмегенін дәлелдейді. Машина–трактор паркін пайдалануды жоспарлағанда барлық тракторларды неғұрлым толық және біркелкі жүктеуге ұмтылу керек. Бұл технологиялық картамен механикаландырылған жұмыстардың орындалу кестесіне түзетулер енгізумен орындалады.

Технологиялық карталар мен механикаландырылған жұмыстардың орындалуы сызықтық кестесіне түзетулер келесі тәсілдермен орындалады:

1. Агротехникалық мерзім шегінде жұмыс күн ұзақтығын және санын көбейту, екі немесе үш ауысымдық жұмыс негізінде ауыл шаруашылық жұмысының орындалу ұзақтығын немесе мерзімін өзгерту (ауыстыру) арқылы.

2. Әр маркалы тракторлар арасында жұмыс көлемін қайта бөлумен, неғұрлым өнімді машина агрегаттарына пайдаланумен.

3. қаралған ауылшаруашылық жұмысын күнтізбелік мерзімінің жекелеген күндерінде орындауға арналған тракторлар санын өзгерту арқылы.

Әртүрлі кезеңдегі агрегаттар санын, трактор маркаларын, ауысым ұзақтығын өзгерту жөніндегі шешімдер технологиялық карталарға енгізілуі керек. Технологиялық карталар мен сызықтық кестедегі түзетулер неғұрлым оптималды тракторлар паркіне ізденіс.

Түсіндірме есептеме кестені салу мен түзетулер жөнінде қысқаша мағұлматтар келтірілген. Түзетулер енгізілген операциялар бойынша есептеулер келтіріледі.

Әр маркадағы қажет тракторлар санысызықтық кестеден ең шиеленіліскен кезеңге анықталады. Тракторларды жүктеуді дұрыс жоспарлаудың өлшемі жылдық өндіру болып табылады, ал обылыстың жақсы шаруашылықтарында қол жеткізгенге немесе нормативке жақын болуы қажет (3 тіркеме).