Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

Байланысты бергені үшін төлемақы 76-т

 

518-бап. Жалпы ережелер

1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы):

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі – құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

 

519-бап. Төлемақы төлеушілер

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

 

520-бап. Төлемақы ставкалары

Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

521-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төлемақының жылдық ставкалары негізінде төлемақы төлеушілердің электрлі байланыс (телекоммуникациялар) қызметтерін беруден түсетін кірістерін негізге ала отырып есептейді.

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.

4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.

5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.

6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.

 

522-бап. Салық кезеңі

Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

523-бап. Салық есептілігі

1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын, есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.

2. Осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін құқық алған жағдайда, төлемақы төлеуші ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жазып жіберген хабарламаны алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

 

 

77-тарау. КЕМЕ ЖҮЗЕТІН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

524-бап. Жалпы ережелер

1. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін алынады.

2. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдалану құқығы көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжатымен әрбір күнтізбелік жылға беріледі.

3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.

4. Көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ай сайын, келесі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.

 

525-бап. Төлемақы төлеушілер

1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Мемлекеттік мекемелер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

 

526-бап. Төлемақы ставкалары

1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.

 

527-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемақы мөлшері рұқсат құжатында белгіленген, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкалары мен кеме жүзетін су жолдарын пайдаланудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады.

2. Ай сайынғы төлемақы мөлшері көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу жолымен айқындалады.

3. Ағымдағы ай ішінде бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.

4. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланудың бірінші айы үшін бюджетке төлемақы сомасы енгізілгенін растайтын құжатты табыс етеді.

5. Кеменің бір жолғы кіруі кезінде шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар рұқсат құжатын алғанға дейін айлық ставка мөлшерінде бюджетке төлемақы енгізеді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгіленген тәртіппен енгізеді.

6. Төлемақы сомасы бюджетке рұқсат құжатында көрсетілген кеме жүзетін су жолдарын пайдалану орны бойынша төленеді.

7. Төленген төлемақы сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

 

78-тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ  ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

528-бап. Жалпы ережелер

1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін (бұдан әрі – жарнама объектісі) орналастыру:

1) автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілі бір мерзімге беретін құжат негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама объектілерін орналастыру кезінде;

2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретін рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.

Жарнама объектілерін тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.

3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.

4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-інен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.

 

529-бап. Төлемақы төлеушілер

1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушiлер ретiнде қарас­ты­ры­лады. Заңды тұлға, мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлiмшенi тiркеудiң есепке алынған жерi бойынша төлемақы төлеудiң алдағы мерзiмi басталғанға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай заңды тұлға сонымен бiр мезгiлде әрбiр құ­ры­лымдық бөлiмше бойынша рұқсат беру құжатында көр­се­тiл­ген жылдық төлемақы сомасын бөлу туралы ақпарат бередi.

2. Өздеріне жүктелген функцияларды іске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

 

530-бап. Төлемақы ставкалары

1. Төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиiстi күнтiзбелiк айдың бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша – АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсi бiр жағының ауданы үш шаршы метрге дейiн болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемақы ставкалары мыналарға тең болып белгiленедi:

 

Рет№

Жолдардың санаттары

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кiреберiстер

25

2.

I, II

20

3.

III

10

4.

IV

5

 

Габаритi үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектiсiнiң бiр жағы (бетi) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.

3. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары:

1) жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастыратын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:

 

№ п/п

Жарнама түрлерi

Жылжымайтын объектiлерге төлемақы ставкалары (бiр жағы үшiн) (АЕК)

Республикалық маңызы бар қалалар және астана

Облыстық маңызы бар қалалар

Аудандық маңызы

бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар

1

2

3

4

5

1.

Ауданы 2 ш.м. дейiн сiлтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бiр объект үшiн)

2

1

0

2.

Лайтбокстар (сити-форматтағы)

3

2

1

3.

Ауданы мынадай болатын жарнамалықақпараттық объектiлер:

 

 

 

3.1.

2-ден 5 ш.м. дейiн

5

3

1

3.2.

5-тен 10 ш.м. дейiн 10

10

5

2

3.3.

10-нан 20 ш.м. дейiн

20

10

5

3.4.

20-дан 30 ш.м. дейiн

30

15

5

3.5.

30-дан 50 ш.м. дейiн

50

20

10

3.6.

50-ден 70 ш.м. дейiн

70

30

15

3.7.

70 ш.м. астам

100

50

25

4.

Шатырүстi неонды жарнама

құрылғылары (жарық-Динамикалық панно немесе көлемдi неонды әрiптер):

 

 

 

4.1.

30 ш.м дейiн

30

20

10

4.2.

30 ш.м. астам

50

30

10

5.

Палаткалардағы, тенттердегi, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-

шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, тандарттардағы жарнама:

 

 

 

5.1.

5 ш.м дейiн

1

1

0

5.2.

5-тен 10 ш.м. дейiн

2

1

0

5.3.

10 ш.м. астам

3

2

1

6.

Уақытша Тұрпаттағы дүңгiршектер мен павильондардағы жарнама:

 

 

 

6.1.

2 ш.м дейiн

2

1

0

6.2.

2-ден 5 ш.м. дейiн

2

1

0

6.3.

5-тен 10 ш.м. дейiн

3

2

1

6.4.

10 ш.м. астам

8

4

2

7.

Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер)

10

5

1

 

2) көлiк құралдарында, жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастырылатын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:

 

Рет №

жарнама түрлерi

Жылжымалы объектiлердегi төлемақы ставкалары (АЕК)

Республикалық маңызы бар қалалар және астана 

Облыстық маңызы бар қалалар 

Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар

1

2

3

4

5

1.

Көлiк құралының сыртқы жағындағы

жарнама (бiр көлiк құралы үшiн):

 

 

 

1.1.

автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы

автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк

көтеретiн), өздiгiнен жүретiн машиналар мен механизмдерде

8

4

2

1.2.

шағын автобустарда, таксилерде, жеңiл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейiн жүк көтеретiн)

3

2

1

2.

Автокөлiк құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бiр жағы үшiн:

 

 

 

2.1.

2 ш.м дейiн

3

2

1

2.2.

2-ден 5 ш.м дейiн

15

10

5

2.3.

5-тен 10 ш.м. дейiн

35

25

10

2.4.

10-нан 20 ш.м. дейiн

50

25

10

2.5.

20-дан 40 ш.м. дейiн

60

45

20

2.6.

40 ш.м. астам

80

40

 

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерiн жарнама объектiсiнiң орналасқан жерiне қарай екi еседен асырмай арттыруға құқылы.

 

531-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Алынатын төлемақы мөлшері рұқсат құжатында белгіленген, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

2. Күнтізбелік бір ай үшін бюджетке енгізілуге тиісті төлемақы сомасы келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.

3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде жол органына немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.

4. Төлемақысы мемлекеттік тіркеуден өткен жері бойынша бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы бюджетке сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналастырылған орны бойынша төленеді.

5. Төленген төлемақы сомасы қайтарылуға жатпайды.

 

 

79-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]