Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_.docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
93.72 Кб
Скачать

27.Өндірісті басқару әдістерінің мәні мен олардың жіктемесі

Басқаруға жүйелі көзқарастың мәнін ашып көрсетпестен бұрын жүйе, жүйелердің түрлері, жүйелердің қасиеттері, басқарылу шарттары сияқты ұғымдары көп. Жалпы жағдайда мейлінше, әртүрлі объектілердің өзара байланысы жүйе деп саналады, яғни жүйе дегеніміздің өзі де бір-бірімен байланысты бөліктерден тұрады.

Өндірістік иерархиялық жүйесі жалпы халық шаркашылығынан (тізбектегі ең жоғары буын) бастап, жұмыс орнымен аяқталатын (бастауыш буын) өзара дәйекті түрде байланысты бірқатар ұяларға бөлінеді. Өндірістің иерархиялық жүйе ретінде болуының басқаруды дамыту үшін және және ең алдымен басқаруды онда жүріп жататын құбылыстар және процестермен ыңғайластыру үшін ерекше зор маңызы бар.

Бұл орайда жүйеде қарапайым буындар неғұрлым аз және олар өздерінің табиғаты жағынан неғұрлым тұрақты болса, ол ыңғайластыруға соғұрлым оңай болады.

Өндірістің иерархиялық құрылым түрінде болуыоның жұмыс істеуін біртіндеп шешілетін жеке міндеттердің жиынтығы ретінде оңтайландыру міндетін шешуге мүмкіндік береді.

Өндірісті функционалдық мазмұны белгісі бойынша басқару объектісі ретінде, техникалық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық кіші жүйелер ретінде қарастыруға болады.

Экономикада басқарушы кіші жүйе (басқару субъектісі) дегеніміз – басқару органдарының жиынтығы. Басқару жүйесі басқарылатын жүйемен сан жағынан байланысты. Басқарылатын жүйе неұрлым көбейген сайын басқару жүйесі де соғұрлым көп болады. Басқару жүйесінің басқарылатын жүйемен байланысы ақпараттар көмегімен жүзеге асырылады.

Басқарылатын жүйеден түсетін ақпарат-хабарларды басқару жүйесі өңдейді де, оған басқару ықпалын жасауға әмір беруді (шешім шығаруды) әзірлеуге мүмкіндік береді, содан соң ол басқарылатын жүйе үшін міндетті болып табылады.

Басқару жүйесінің құрылысы екі қағидаға: иерархиялық және кері байланыс қағидаоарына негізделеді.

Басқарудың иерархиялық принципінің мәні басқару жүйесінің көп сатылы болып құрылатындығында, онда бастауыш өндіріс жүйелерін басқару келесі деңгейдегі органдар бақылап отыратын төменгі деңгейдегі органдар арқылы жүзеге асырылады. Басқарудың екінші деңгейінің қызметін үшінші деңгейдегі органдар бақылап отырады. Учаскеден бастап, халық шаруашылығына дейінгі әртүрлі сатыдағы басқару жүйелері басқару органдарының біртұтас иерархиялық жүйесін құрайды.

Жүйелік тұрғысынан алғанда басқару процесі басқару әмірі мен кері байланыс ақппараттар (деректі, материалдық) тасқындары арқылы берілетін, өздігінен реттелетін нобайда болуы мүмкін. Егер жүйеде байланыс болмаса, онда бұл жүйе басқарылудан қалады. Экономикалық жүйелерде кері байланыстың формалары алуан түрлі сипатта болады. Бұлар - өндірістік қуаттар туралы, өндіріс ішінде бар резервтер және т.б. туралы есеп деректері, қосымша мәліметтер.

Егер иерархиялық қағидасының негізінде басқару жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізілетін болса, онда кері байланыс қағидасының арқасында оның жұмыс істеу нәтижелеріне үнемі бақылау жасап отыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Басқарушы кіші жүйе кері байланыс арналары арқылы басқарылатын кіші жүйелерге басқару ықпалының әсерін берілетін әмірді түзетіп отыру мақсатымен үздіксіз тексеріп отыруға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде басқарылатын кіші жүйе кері байланыс арқылы басқарушы кіші жүйені басқару объектісінің оңтайлы жұмыс істеу талаптарына сай келетін тереңдік пен күш қолдану арқылы ықпал жасауға итермелейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]