Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статья.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
27.16 Кб
Скачать

УДК 373.1.013:37.033/.035

Туризм инфрақұрылымының даму мүмкіндіктері мен негізгі мәселелері

Н.А.Шабанбаева

Қазақстан, Алматы қ.

Абай атындағы ҚазҰПУ

магистрант

naazerke@mail.ru 8702 558 76 35

Проблемы развития инфраструктуры туризма и его перспективы развития

Н.А.Шабанбаева

Казахстан, г.Алматы

Каз НПУ им.Абая

магистрант

naazerke@mail.ru 8702 558 76 35

SIGNIFICANCE BORALDAY SAKI MOUNDS DEVELOPMENT

OF TOURISM INFRASTRUCTURE IN THE COUNTRY

Nazerke A. Shabanbayeva

Kazakhstan, Almaty

Kazakh National Pedagogical University named after Abay

Undergraduate

naazerke@mail.ru 8702 558 76 35

Андатпа

Қазіргі күні туризм индустриясы, сонымен қатар қонақ үй және мейрамхана бизнесі әлемнің басқа экономика салаларына қарағанда жедел қарқынмен дамуда. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылға қарай туризм әлемдегі ең ірі бизнес саласына айналады, бұл сәйкесінше жұмыс орындарының өсуі мен осы салада кәсіпкерлікті қалыптастырудың мүмкіндігіне жол ашары анық. Елімізде туризм саласын дамытудың негізгі мақсаты Қазақстанда заманауи жоғары нәтижелі және бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру болып табылады. Елімізде бірегей табиғи әлеуеттің болуын ескере келе туризмнің мынадай бағыттарын дамытуға мүмкін екені анық: мәдени-танымдық, экологиялық, экстремальді, іскерлік, сауықтыру және т.б. Мақалада туризм инфрақұрылымының ел экономикасында алатын орны және оның даму мүмкіндіктері қарастырылады.

Түйін сөздер: туризм индустриясы, шетелдік индустрия, туристік ресурстар, ұлттық туристік өнім, шығу туризмі, ішкі туризм, туристік инфрақұрылым, маркетингтік стратегия, әлемдік туристік бизнес.

Аннотация

Индустрия туризма в данное время, сравнительно с другими отраслями мировой экономики, очень быстро развивается, так же как и ресторанное дело и гостиничный бизнес. По мнению экспертов, в 2020 году туризм станет крупной отраслью бизнеса. И это в свою очередь приведет к росту рабочих мест. Для развития туризма в Казахстане нужно сформировать современный, конкурентоспособный туристический комплекс, который обеспечит высокие результаты. С нашими приоритетами в стране можно развивать такие отрасли туризма, как: культурно-познавательный, экологический, экстремальный, деловой и т.д.

В статье рассматривается роль туристической инфраструктуры в экономике страны и его перспективы развития.

Ключевые слова: индустрия туризма, мировая индустрия, туристические ресурсы, национальный туристический продукт, выездной туризм, внутренний туризм, туристическая инфраструктура, маркетинговая стратегия, мировой туристический бизнес.

Abstract

Түйін сөздер

Бүгінгі күні туризм өркениет дамуының көрсеткіші, қоршаған ортаны тану тәсілі, мәдени деңгейді жоғарылату және адамдардың денсаулығын қалпына келтіру әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» және «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы» бағдарламасында ел экономикасын дамыту концепциясы ретінде туризм мен туризм инфрақұрылымы туризм саласын дамытудың басым бағыты ретінде қарастырылады. Туристік-рекреацялық және Қазақстанның түрлі аймақтарының әлеуетін нәтижелі түрде қолданбай туризмдің экономиканың табысты саласына айналдыру мүмкін емес. Туризм бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін табиғи туристік ресурстардың болуына көңіл бөлу қажет.

Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың көптеген салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті тиімі бар. Сонымен қатар, дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың салқынын азайту үшін туризм бірқатар экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін тигізеді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласында көптеген жұмыс орнын құру, ұлттық мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің жағымды саяси имиджін құру және т.б. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет, бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды ресурстарды өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже береді.

Аймақтық туризмді дамыту үшін ландшафт пен климат, гидрография, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің және су қоймаларының болуы ескеріледі. Сонымен қатар мәдени-тарихи құндылықтардың болуы бұл территорияны рекреация үшін қолдану мүмкіндігі жоғарылайды.

Аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру ресурстарды нәтижелі қолданумен және халықтың тұрмыс жағдайының жоғарылауымен байланысты.

Қазіргі күні туризм – экономиканың ірі секторы болып табылады, сондықтан дамыған елдер бұл саланы дамыту үшін бар күшін салуда. Әлемдік экономикада туризм көшбасшы салалар қатарына қосылып қазіргі күні мұнай өңдеу саласымен бәсекелесіп, экономиканың ірі экспортты саласына айналды. Сонымен қатар туризмді дамыту үшін экономистердің пікірі бойынша маркетинг пен менеджментті қоса бірқатар кешенді сұрақтарды шешу қажет. Дүние жүзінде туризм саласын дамыту үшін мемлекет пен жеке бизнестің күш салуын қажет етеді [1].

Туризм инфрақұрылымы туристік сала кәсіпорындарының дұрыс жұмысын, туристердің туристік ресурстарға жету мен пайдалануды қамтамасыз ететін инженерлік, коммуникациялық желілер, соның ішінде жолдар, туризм саласындағы аралас кәсіпорындар, құрылыс кешендері болып табылады.Оған автокөлік және темір жолдар, терминал мен бекеттер, теңіз, өзен, әуе, жол қозғалысын реттейтін жүйелер, жылыту жүйелері, электрикалық және телефон жүйелері жатады. Туризм инфрақұрылымын дамыту - туристік ресурстарды қолдану мен ашу процесінің маңызды жоспарлау сатысы. Туристік ресурстың тиімділігі мен көзтартарлылығы қанша көп болғанымен де, туристер үшін ең бастысы осы ресурсға жетудің ыңғайлылығы.

Туристік қызмет жағдайында қазіргі таңда республикада туристік инфрақұрылымның (қонақүйлер, кемпингтер, туристік базалар, жолдар, автокөліктер, туристік маршруттар)дамуының төменгі деңгейі әсер етеді. Соған қарамастан, инфрақұрылымның дамуы үшін ол қаржыландырылу керек. Туризм приоритетті сала болғанына қарамастан, оның қаржылануы үшін, шетелдік инвестицияларды тарту үшін мемлекет тарапынан ешбір жағдайлар жасалынбаған. Ұлттық туристік өнімді ішкі және сыртқы нарықта жылжыту үшін ғылыми жарнамалық-ақпараттық жүйе жасалынбаған. Туристік инфрақұрылымның дамымау себебіне тек қана экономикалық қиындықтар ғана емес, сонымен қатар салықтар және әр түрлі туристік заңдылықтар, тұтынушылар құқықтарын мемлекеттік стандарттардың негізінде қорғау мүмкіндіктерінің қарастырылмауы әсер етеді. Көптеген туристік фирмалар шетелдік туристік компаниялардың турагенттері болып табылады. Осының нәтижесінде Қазақстан азаматтарының шет елдерде сапарлауы шетел азаматтарының біздің елімізге келуінен асып түсуде. Қазақстандық туристік кәсіпорындар қолданыстағы заңдар мен нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істеуі нашар ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде келуші туристер арасында заң бұзушылықтар көптеп кездесуде. Қазіргі кезде Ұлы Жібек Жолы бойындағы қалалардың құрылысын жаңғырту негізінде туризм инфрақұрылымын қалыптастыру керек: сервистік қызмет көрсету мен сауда кәсіпорындары, туристік және қажылық кешендер, ұлттық өнер шеберханалары, этнографиялық музейлер мен театрлар, мәдени-ритуалды және діни-тарихи орталықтар мен өзге де туристік объектілер. Ұлы Жібек Жолының қазақстандық бөлігіндегі негізгі туристік-рекреациялық ресурстар Жетісу мен Қазақстанда орналасқаны белгілі, әсіресе осы аймақтарда ерекше қалалар Тараз, Түркістан және Алматыны атап айтсақ болады.

Туризм саласында халықаралық байланыстарды дамытуда Қазақстанның 1993 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның толыққанды мүшесі болып есептелуі, туризм саласында халықаралық іскерлік келісімшарттарды бекіту маңызды рөл атқарды. Осы келісімдер негізінде шетел мемлекеттерінің үкіметі Қазақстанды бай туристік болашағы бар мемлекет ретінде мойындайды.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша елімізде туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің саны 2012 жылы 1802 бірлікті, ал орналастыру орындары 660 бірлікті құраған.

Қазіргі күні елімізде 1602 туристік фирма өз жұмысын атқаруда. Олар 2012 жылы келу туризмі бойынша 14395 адамға, шығу туризмі бойынша 134889 адамға, ал ішкі туризм бойынша 71549 адамға қызмет көрсеткен. Туристік фирмалардың орындаған жұмыстарының жалпы саны мен көлемі 2012 жылы 8350003,4 мың теңгені құрады[2].

Қазақстанның аумағында 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, оның ішінде 11-і мемлекеттік ұлттық парк, оларда экотуризмді дамытуға бағытталған реттемелі туристік пайдалануға жол берілген. Оның объектілерінің табиғи да, мәдени де көрнекті жерлер, табиғи және табиғи-антропогенді ландшафтар болуы мүмкін екенін есепке алсақ, сондай-ақ онда дәстүрлі мәдениет қоршаған табиғи ортамен бірыңғай тұтастықты құрайтынын есепке алсақ, экологиялық туризмді дамыту табиғи аумақтарға қаржылық қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оларды сақтауға деген мүдделілікті туғызуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда Орталықтың (Мәскеудің) «бұйрығымен» жүргізіліп келген туризм саясаты салдарынан еліміз оқшау қалып келді. 1990 жылға дейін туристік іс-әрекеттер КСРО-ның Кавказ, Қырым түбегі, Балтық теңізі жағалауында және Орталық Азия (негізінен, Өзбекстан) елдері мен Ресейдің тарихи орталықтарымен шектелді. Қазіргі кезде халықаралық туризмде туристер ежелден «тапталып» біткен туристік аймақтардан гөрі жаңа жерлермен, елдермен танысқысы келетінін білдіріп отыр. Осыған орай тұрақты дамып келе жатқан Қазақстан аумағы шетелдік туристерді қабылдауға толық мүмкіндігі бар. Елімізде оларды қызықтыратын және олардың «игергісі келетін» Іле Алатауы, Солтүстік Тянь-Шань, Жаркент – Талдықорған, Балқаш, Солтүстік Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Жамбыл, Түркістан, Сайрам – Шымкент, Жоғарғы Бұқтырма және Маңғыстау сияқты табиғи өңірлер бар. Одан басқа оларды мемлекеттік ұлттық саябақтар (Іле Алатау, Алтынемел), Ақсу-Жабағылы, Баянауыл, Қарқаралы, Бурабай, Көкшетау, Қорғалжын қызықтырады. Жоғарыда айтылған туристік нысандарға мемлекет тұрғысынан шетел азаматтарына берілген визаны алу жолдарын саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақты деген 54 мемлекетке жеңілдіктер жасалды. Нәтижесінде, елімізге келетін туристер саны 80-100 мың емес, 150-200 мыңға жеткізіледі деп болжанып отыр[3].

Туризмді дамытуды басты жолға қоятын елдерде әдетте, туристік инфрақұрылымды, оның ішінде қонақ үйлерді дамытуды ынталандыратын заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданады. Бұл ретте, мемлекеттік органдар және қаржы мекемелері туризмге салынған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашады, белгілі бір кіріс әкеледі дегенге сүйенеді. Сондықтан да көптеген елдерде шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал жасайтын, айталық оларға салық жеңілдіктерін белгілеу сияқты заңнамалық шешімдер қабылданады. Туризм инфрақұрылымын дамыту үшін туристік ұйымдарға жеңілдіктер беру және ұзақ мерзімді несиелеу механизмін жасау бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға инвестициялар көлемінің өсуіне ықпал жасайды.

Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «Саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексі» тізімінде Қазақстанның орнын 2009 жылғы 92-ден 2015 жылғы 90-ға көтеру мақсаты қойылған болатын. Қазақстанда туризмді дамытудың негізгі жолдары:

- бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;

- Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру;

- туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту.

Саланың дамуына кедергі жасап тұрған факторларға туризмнен түсетін табыстың көп бөлігі жергілікті бюджетке келіп түсетініне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті приоритет ретінде қабылдамауы жатады.

ДТҰ-ның статистикалық мәліметтеріне сәйкес, соңғы онжылдықта халықаралық туризм көлемі үнемі ұлғаюда. Әлемдік туристік бизнес дүниежүзілік және аумақтық дағдарыстарға қарамастан, жылына орташа мөлшерде 3-4 %-ға өседі.

Қазіргі жағдайда постиндустриялы экономикада белсенді дамып келе жатқан сала ретіндегі турзмнің дамуы Қазақстант экономикасы үшін ерекше өзектілікке ие.

Елбасымыз атап көрсеткендей елімізде экономика саласын дамытуда және Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында инфрақұрылым мәселесін шешу маңызды болып табылады.

Туристік өнім экономикалық категорияға тек топтық туризм жағдайында ғана жетеді. Туристік өнімдердің тиімділігін арттыру үшін Қазақстанда дамыған туристік индустрия болу қажет. Жергілікті туристік жобаларды іске асыру үшін шетел капиталын тартуға болады. Бірақ осы капитал басымды ролді алмау керек, тек құрылтайшы ретінде пайдалану маңызды.

Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, бәсекелестікті дамытуда, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік-экономикалық мәні зор екені белгілі. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайларға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті [4].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]