Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

сын-пікір

.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
15.71 Кб
Скачать

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, «6М030400-Кеден ісі» мамандығының бейіндік бағытының магистранты Уристенов Е.Н. «Кедендік бақылау: мақсаты, міндеті, обьектісі, негізгі нысандары мен бағыттары» тақырыбына орындаған диссертация жұмысына

СЫН-ПІКІР

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отырғаны белгілі. Мемлекет кеден органдарының қызметіне байланысты: «Кеден төлемдері мен салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны автоматтандыру жолымен мықтап нығайту керек» деген болатын.

2010 жылғы құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Кеден кодексі қолданысқа енгізілді.

2011 жылдан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасын дербес жүргізуге және радиациялық бақылауды жүзеге асыруға қол жеткізілді. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып жатыр, сонымен қатар барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары ашылды. Бұл алдағы уақытта, біріншіден кедендік рәсімдеу шараларын жеңілдетсе, екіншіден оның ашықтығын қамтамасыз етеді, яғни сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.

Бұл тұрғыда кедендік бақылаудың негізгі бағыттарын дамыту бойынша сараптаулар мен талдауларды, әдіснамалық тәсілдері, озық тәжірибелерді, аталған тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен тұжырымдарды ғылыми негіздеудің маңызы да жетіле түспек. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.

2. Магистерлік диссертацияға қойылатын талаптардың ғылыми нәтижесі

Зерттеу жұмысының жаңалығы кедендік бақылаудың негізгі бағыттарын дамытуға ықпал ететін қазіргі халықаралық стандартқа сай келетін кедендік құралдарын қолданысқа енгізу бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар беру болып саналады. Сондай-ақ, ғылыми зерттеуді жүргізу барысында төмендегідей елеулі нәтижелерге қол жеткізілді:

- кеден қызметіне баға беріліп, кедендік құрылымды қалыптастыру тәжірибесі сарапталды;

- әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері, сканер технологияларының әуежайларда кеңінен пайдаланылды;

- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын жұмысы жан-жақты зерттелді;

- кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі және дамыту болашақтары, сондай-ақ кеден қызметін реттейтін, үйлестіретін және ынталандыратын мемлекеттік органдарының тікелей қатысы бар екені ғылыми тұрғыдан негізделді;

3. Магистерлік диссертациядағы ғылыми нәтижелер, әрбір ғылыми нәтиженің дұрыстығы (ғылыми ереже) және негізделу дәрежесі, магистранттың қорытындылары мен нәтижелері, және олардың жаңалығы;

Кедендік бақылаудың мақсаты, міндеті, обьектісі, негізгі нысандары мен бағыттарын дамытуға ықпал ететін жаңа технологиялық механизм мен оның тетіктерін ұсынумен және олардың тиімділігін ғылыми негіздеумен анықталады. Автордың зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелері еліміздің кеден жүйесі мен оның құраушыларын, соның ішінде кедендік бақылауды арттыру бағдарламаларын жетілдіруге, кедендік субъектілерімен қатар, оны қалыптастырушы басқа да элементтерді арттыру стратегияларын дайындауға негіз бола алады.

4. Магистерлік диссертацияның рәсімделуі мен мазмұны бойынша кемшіліктер

Зерттеу жұмысы барлық талаптарға сай жасалып, кемшіліктер байқалған жоқ

5. Жұмыстың магистерлік диссертация талаптарына сәйкестігі

Уристенов Ержан Нургазиевич «Кедендік бақылау: мақсаты, міндеті, обьектісі, негізгі нысандары мен бағыттары» тақырыбы бойынша зерттеуі, магистерлік диссертацияға қойылатын талаптарға сәйкес және жұмыс ғылыми білікті түрде аяқталып ұсынылған, оның авторы «өте жақсы» бағаға лайық және оған «6M030400-Кеден ісі» мамандығының «магистері академиялық дәрежесі берілсін.

Сын-пікірші:

Кафедра бастығы «саясаттану әкімшілігі»

ҚР ІІМ Алматы академиясы

з.ғ.к, доцент, полиция полковнигі ___________________ Амитов. Ш

қолы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]