Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
колик курылыс курсавой Аманбол.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
60.5 Кб
Скачать

2. Қалдықтармен жұмыс жасау

Құрамында сынабы бар қалдықтар:

пайдаланылған нұршамдарды жинау және кәдеге жарату; пайдаланылған сынапты термометрлерді кәдеге жарату; құрамында сынабы бар қалдықтарды тасымалдау үшін арнайы көліктерді ұсыну; құрамында сынабы бар қалдықтарды тасымалдау және сақтау үшін арнайы ыдыстарды дайындау және ұсыну.

Медициналық қалдықтар:

медициналық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату; медициналық қалдықтарды тасымалдау және сақтау үшін арнайы ыдыстарды дайындау және ұсыну; медициналық қалдықтарды тасымалдау үшін арнайы көліктерді ұсыну.

Құрамында мұнайы бар қалдықтар:

құрамында мұнайы бар қалдықтары жинау және кәдеге жарату; мұнай араласқан топырақты, мұнай шламын, сондай-ақ сұйық және қатты бұрғылау қалдықтарын, мұнай қалдықтарының қоспасы және т.б. кәдеге жарату; гидравликалық сынақтардан және т.б. соңғы  құрамында мұнайы бар сарқынды суларды, өндірістік суларды кәдеге жарату; мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, ваккумдық машиналар, мұнай тасығыштар, бункер тасығыштар).

Пайдаланылған майлар:

пайдаланылған майларды жинау және кәдеге жарату; пайдаланылған майларды, пайдаланылған майлау материалдарын кәдеге жарату; мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (ваккумдық машиналар, мұнай тасығыштар).

Химиялық қалдықтар:

химиялық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату; химиялық қалдықтарды, мерзімі өткен химиялық қалдықтарды, химиялық зертханалардың қалдықтарын, қауіпті және қауіптілігі аз түріне қарай кәдеге жарату.

Бұрғылау қалдықтары:

бұрғылау қалдықтарын жинау және кәдеге жарату; сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату; мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, ваккумдық машиналар, мұнай тасығыштар, бункер тасығыштар, гидроманипуляторлар).

Қатты-тұрмыстық және құрылыс қалдықтары:

қатты-тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинау және кәдеге жарату;сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату;мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, бункер тасығыштар, гидроманипуляторлар, ұзын өлшемді техника).

Сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтар:

сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау және кәдеге жарату; сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату;мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, ваккумдық машиналар, мұнай тасығыштар).

Мұрағат құжаттары:

мұрағат құжаттары қалдықтарын жинау және кәдеге жарату; мұрағат құжаттарын кәдеге жарату; мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, бункер тасығыштар, гидроманипуляторлар, ұзын өлшемді техника). (2)

3. Қышқылдық немесе қорғасын, сілтілік, т.Б. Аккумуляторлары .

Қорғасын аккумуляторлары тор тәрізді етіп жасалған екі қорғасын пластинкадан тұрады. Бұл пластинкалардың торларының тесіктеріне қорғасын (ІІ) оксиді (PbO) толтырылған. Осындай пластинкалар тік бұрыштар қорапқа құйылған 25-30%, тығыздығы 1,18-1,20 г/см3 болатын күкірт қышқылының ерітіндісіне батырылады. Пластинкалардағы қорғасын оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде екі пластинканың беті ерімейтін қорғасын (ІІ) сульфатымен қапталады:

PbO + H2SO4 = PbSO4 + H2O

Енді аккумулятор электр энергиясын химиялық энергияға айналдыру үшін оны зарядтау керек. Ол аккумулятордың бір пластинкасын тұрақты ток көзінің теріс, ал екінші пластинкасын оң полюсімен жалғайды. Осының нәтижесінде электролиз, яғни сыртқы тұрақты ток көзінің әсерінен электродтарда тотығу-тотықсыздану реакциясы жүріп электр энергиясы

химиялық энергияға айналады. Бұл процесті қорғасын аккумуляторының зарядталуы дейді және бұл кезде электродтарда мынадай тотығу-тотықсыздану реакциялары жүреді.

Катодта: Pb2 + SO4 + 2е = Pbо + SO42-

Анодта: Pb2 + SO4 - 2е + 2Н2О = Pb4 + О2 + 4Н+ + SO42-

Жиынтық теңдеуі: 2Pb2 + SO4 + 2Н2О = Pbо + Pb4 + О2 + 4Н+ + SO42-

Келтірілген теңдеулерден аккумуляторды зарядтаған кезде катодта – теріс электродта Pb2+ иондары екі электроннан қосып тотықсызданып қорғасынға айналады, ал анодта оң электродта Pb2+ иондары екі электроннан беріп жіберіп Pb4+-ке айналып қорғасын (ІV) оксидін түзеді.

Потенциалы оң болса да (0,00В) сутегінің қорғасындағы асқын кернеуі көп болғандықтан сутегі иондары тотықсызданбай, қорғасын иондары тотықсызданады.

Сонымен зарядталып болғаннан кейін қорғасын аккумуляторының бір пластинкасы (электроды) металл күйдегі қорғасынмен, екінші пластинкасы (электроды) қорғасын (ІV) оксидімен қапталады. Осы себептен аккумулятордың металл күйдегі қорғасынмен қапталған электродының потенциалы теріс – ал қорғасын (ІV) оксидімен қапталған электродының оң зарядтары басымырақ болып, олардың біріншісінің тотықсыздандырғыштық, екіншісінің тотықтырғыштық бейімділігі артады. Басқаша айтқанда, зарядтағаннан кейін қорғасын аккумуляторының қорғасынмен қапталған пластинкасы теріс электрод, ал қорғасын (ІV) оксидімен қапталған пластинкасы оң электрод болатын гальваникалық элементке айналады. Оның схемасын былай жазуға болады:

(-)Pb | H2SO4 | PbO2 (+) (3)

Осы зарядталған аккумулятордың теріс және оң электродтарын өткізгішпен қосқанда электрондар теріс электродтан оң электродқа қарай жылжып химиялық энергия электр энергиясына айналады да сыртқы тізбек бойында электр тогы пайда болады. Мұны аккумулятордың зарядсыздануы дейді және бұл кезде электродтарда мынадай процестер жүреді:

Теріс электродта Pbо – 2е + SO42- = Pb2 + SO4

Оң электродта Pb4 + О2 + 2е + 4Н+ + SO42- = PbSO4 + 2H2O

Жиынтық теңдеуі Pbо + Pb4 + О2 + 4Н+ + SO42- = 2Pb2 + SO4 + 2H2O

Қорғасын аккумуляторының электр қозғаушы күшін гальваникалық элементтің электродтарында жүретін процестердің стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалдары арқылы табуға болады.

Сілтілік аккумуляторлар – сілтілік аккумуляторлардың ішінде темір-никель аккумуляторларының практикалық маңызы зор. Бұл аккумуляторлардың теріс электроды аздаған сынап (ІІ) оксиді қосылған кеуек темірден, ал оң электроды никель (ІІІ) гидроксидінен тұрады. Олар 30% калий гидроксиді ерітіндісіне батырылған. Аккумулятордың схемасы мынадай:

(-) Fe | KOH | Ni(OH)3 (+)

Аккумуляторларда химиялық энергия электр энергиясына айналғанда, яғни ол электр тогын бергенде сыртқы өткізгіш бойынша электрондар теріс электрод темірден оң электрод никель (ІІІ) гидроксидіне қарай жылжып, электродтарда мынадай процестер жүреді:

Теріс электродта: Fe0 – 2е + 2ОН- = Fe2 + (ОН)2

Оң электродта: 2Ni3 + (ОН)3 + 2е = 2Ni2+ + (ОН)2 + 2ОН-

Жиынтық теңдеуі: Fe0 + 2Ni3 + (ОН)3 = Fe2 + (ОН)2 + 2Ni2+ + (ОН)2

Бұл аккумулятордың жұмыс істеген кездегі токтың кернеуі 1,3 В.

Соңғы кезде күміс-мырыш аккумуляторы жиі қолданылып келеді. Оның бір электроды күмістен, екінші электроды мырыш гидроксидінен тұрады да, электролит ретінде тығыздығы 1,4 г/см3 болатын калий гидроксиді қолданылады. Аккумулятор беретін токтың кернеуі 1,85 В. (4)

4.Есептеу бөлімі

Есептеу әдістемесі

Қалдықтың қауіптілік индексін келесі формула бойынша анықтайды:

мұндағы Кі- і-лік қалдық компонеттің қауіптілік индексі.

Кі=

мұндағы Сі- і-лік қалдық компонеттің концентрациясы, мг/кг; Wі- қалдық компонеттің экологиялық қауіпсіздігінің стандартталған нормативі (1 кесте).

Қалдықтардың қауіптілік деңгейі 2 кесет бойынша анықталады.

1 кесте – Экологиялық қауіпсіздіктің стандартталған нормативтері.

Компонент

Wi

Компонент

Wi

Кварц SiO2

3467

Титан оксиді TiO2

10000

Корунд Al2O3

6166

Марганец оксиді MnO2

1072

Кальцит CaCO3

47863

Никель оксиді NiO

295

Гематит Fe2O3

6310

Хром оксиді Cr2O3

1698

Алюмосиликаттар Na2Al2Si6O16

26915

Ванадий V

741

Магнезит MgCO3

47863

Иттрий Y

79

Галенит PbS

219

Галий Ga

603

Пирит FeS

2188

Молибден Mo

2512

Барит BaSO4

8710

Мышьяк As

129

Смитсонит ZnCO3

3311

Берілгені:

SiO2 – 45,5;

Fe2O3 – 13,5;

BaSO4-36,8;

ZnCO3 – 2,6;

V – 0,3;

TiO2 – 1,3.

Т/к: Қалдықтың қауіптілік индексін.

Шығарылуы: 1) Кі=

КSiO== = 0,0135135135;

КFeO= = 0,0021394612;

К BaSO4== = 0,0042250287;

К ZnCO3== = 0,0007852613;

К V == = 0,0004048583;

К TiO2== = 0,00013.

=0,021198123

Жауабы: Қалдықтың қауіптілік индексі = . Яғни, ол 4 деңгейде.

2 кесте – Қалдықтардың қауіптілік деңгейлері

Қауіптілік деңгейлері

Улылықтың қосынды индексі

1

10000-нан көп

2

10000...1000

3

999...100

4

99...10

5

10-нан кем емес

Қорытынды

Қорыта келе, көлік құрылысының қалдықтарыннан ток алу үшін, тепловоздарда, сүңгуір қайықтарда, автомашиналарда, поездарда, мотоциклдерде қолданылады т.б қолданылмайтын жері жоқ екенін көріп отырмыз. Енді осы қалдықтарды қайта қалпына келтіруді де айтып өттік.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 1 және 2 бағыт бойынша Үкімет қолдауына ие болып, несиенің пайыздық өлшемін субсидиялауға 4 млрд. теңге көлемінде қаржылай демеу алған «Қайнар-АКБ» ЖШС бір жылда 9814,8 млн. теңгенің өнімін өндірді. Қуаттылығы жылына 1,8 млн. дана аккумулятор шығаруға жететін кәсіпорынның қарқынды жұмысы Талдықорған қаласының экономикалық тұрғыда дамуы­на да өз серпінін тигізуде. Қа­зіргі таңда зауытта 770-тен ас­там жұмысшы қазақстандық өнер­кәсіпті жаңа деңгейге кө­теріп, на­рықтағы өзіндік орнын қа­лыптастыру жолында еңбек етуде. Орташа айлық еңбекақы 75 мың теңгені құрайды. Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустриялық батареялар шығару жобасын да толық іске қосты.

Тұтастай алғанда, Тал­ды­қор­ғанда үдеме­лі индустриялық-инновациялық даму бағ­дарламасы аясында 3 жылда жалпы құны 1,6 млрд. теңге тұратын 3 жоба жүзеге асырылып, 230 жаңа жұмыс орны ашылды Сонымен қатар, былтырғы жылы Жетісудың кіндік қаласында 4 жаңа өндіріс орны жұмысқа кірісіп, 3 кәсіпорын кеңейтілді. 150 млн. теңге инвестиция тартылып, 127 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ал, өнеркәсіптегі өндірілген өнім көлемі 7,7%-ға ұлғайып, 47 млрд. теңгеден асты. Арғы жылмен салыстырғанда, 1 млрд. теңге артық немесе 3,2 млрд. теңге салық пен төлем түсті, бұл бюджетке түскен бар­лық салық түсімдерінің 22%-ы. Талдықорғанда кәсіпкерліктің жақсы дамуына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көрсетілген мемлекеттік қолдау оң әсер етіп 1,5 млрд. теңгеден астам несие пайызын субсидиялауға 10 жоба мақұлданды.

Қорыта айтқанда, Тал­ды­қор­ған өңірінің күретамыры іс­петті өндіріс орындарының өркен­деуін аталған қаланың Алма­ты об­лы­сы­ның орталығы бо­лып бел­гіленуімен байла­ныс­тыр­ған әділеттілік. Сол әділдіктің нә­тижесі мемлекеттік саясатқа сай өндіріс орындарын осы қар­қыннан тайдырмай дамыта түсумен де көрінері хақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ Совет СССР энциклопедиясы. (1) 4 бет

2. Жалпы және анорганикалық химия, Кәрім Аханбаев. (2) 6 бет

3. «Физикалық химия», С.Жайлауов (3) 7 бет

4. «Жалпы химия», Б.А.Бірімжанов (4) 7 бет