Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Din_tanu_zhauaptary_2

.docx
Скачиваний:
154
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
106.07 Кб
Скачать

51) Ерте протестанттық бағыт (лютерандық, кальвиндік, англиканттық)

1. Лютерандық – христиан дініндегі протестанттық ағымдардың бiрi. Лютерандық XVI ғасырда Германияда реформация қозғалысының нәтижесінде пайда болды.

Лютерандар да өздерінің діни ұстанымдары мен нанымдарын жүргізіп жатыр. Елімізде протестанттықтардың шамамен айтқанда отызға жуық сектасы мен мыңнан аса діни бірлестіктері бар көрінеді. Қазақтарды жаппай шоқындыру осы ағымның басты мақсаты болса керек. Әбден орнығып алған бұлар қазір ұлтқа қарсы қандай астыртын уағыз-насихаттар күшейтіп жатыр – оны әшкерелеу бүгінгі күннің талабы. Өйткені ағымдар «соғысы» айтпай келеді. Сөйтіп, сақтанбай соңында сан соғып қалмау үшін жат діни секталар мен бірлестіктер құқық қорғау ұйымдарының бақылауында.

2. Кальвинизм - 16 ғ. реформацияның нәтижесінде Жан Кальвин негізін қалағанпротестанттық діни ілім. Ол өмір сүрудің тақуалық принципін негіздеді. Реформацияны одан әрі түбегейлі жалғастыруға бағыт алғандардың бірі — Ж. Кальвин(1509—1562 жылдары) протестанизмнің беделді ағымының негізін қалады. Жаңадан қалыптасқан «кальвинизм» ағымы христиан дініне табыну мен шоқыну рәсімдерін одан әрі жеңілдетті, шіркеуді жеке саяси күшке айналдыру мақсатында оны мемлекеттен бөлді және шіркеуге республикалық сипат (шіркеу басшыларының сайланып тағайындалуы) берді.

52)1. Баптизм ағымының пайда болу тарихы

Христиандықтың Орта Азияда Мерві қаласында пайда болуы туралы мәліметтер

Несториандықтармен қатар, Орта Азия жеріне, Иса Мәсіх тек құдайылық

Алайда, түркілердің исламды қабылдауымен христиандық ықпалы әлсіреп қалды, XII-XIII

XVII ғ. баптизм діни ілімі Голландияда ағылшындар арасында пайда

Баптистік қауымдар XVII ғасырда пайда болды. Алғашқы ағылшын баптисі

Шоқынуды баптистер сенімді саналы қабылдау, рухани қайта түлеу деп

XVII ғасырдың бірінші жартысында баптизм Солтүстік Америкада тарала бастады.

Баптизм протестантизмдегі ең ірі конфессиялардың біріне айналды. Баптист қауымдарының

Баптистердің құлшылық ететін үйлері шіркеуден өзгеше. Олардың ішкі дүниелері

2.2 Кеңес дәуіріндегі баптизм

Баптизм протестанттардың ішінде ең көп конфессияға айналды. Тек таза

Баптизмнің ең ірі ұйымдары АҚШ-та құрылды. Ал 1905 жылы

XIX ғасырдың екінші жартысында баптизм Ресей империясында, алдымен Украинада,

Діни ұйымдарға қатысты саясат өзгергенде евангелияшыл христиандар мен баптистер

Дінге қарсы жаңа әкімшілік күрес жанданған 1960 жылдары (1965

Бірқатар қауымдар тәуелсіз ретінде тіркеле бастаған 70-жылдардың екінші жартысында Баптизм Ресейге XIX ғасырдың басында енді.

2. Пятидеся́тники (англ. Pentecostalism) — евангельские христиане, последователи пятидесятничества, одного из направлений протестантизма. На территории России для отличия от евангельских христиан (прохановцев), по учению более близких к баптизму, предпочитали называться Христианами веры евангельской — ХВЕ или Христианами евангельской веры — ХЕВ, в настоящий момент это название является составной частью названия конфессий данного направления на территории СНГ.

3. «Иегова куәгерлері» немесе олардың екінші атауы «Күзет мұнарасы қауымы» деп аталады. Бұл діни ағым христиандық (псевдохристиандық), ариандық, апокалиптикалық, милленаристік (хилиастық) болып табылады. Елімізде әрбір азаматтың діни сеніміне бостандық және әрбір діни бірлестікке заң алдында тең құқығы берілген. Осы еркіндікті ұтымды пайдаланған шетелдік миссия өкілдері өз миссиясын атқарып келеді.

53) Құран: шұғу тарихы, құрылымы, мазмұны

Құран немесе Құран Кәрім — Ислам дініндегі басты қасиетті кітап; мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілген, бізге одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екеніне сеніп[1],иман келтіреді, оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады; Құран Тәуратпен Інжілден кейінгі аспандық кітаптардың ең ақырғысы, араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады. Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармендәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екеніне сенеді, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.Мұсылмандардың сенімі бойынша әрбір адам Құранға мұқтаж; мұсылманның жүрегі Құранмен өмір сүреді, көзі нұрланып, тура жолға ілеседі. Мұсылманның бүкіл өмірі осы Кітаппен байланысты: оның сенімі одан сусындайды, ол Аллаһ разы болатын ғибадаттарды содан біледі, қарым-қатынас пен мінез-құлықтағы тура жолды білуге керек болған нәрселерді содан алады, кімде-кім тура жолды бұл Кітаптан іздемесе, оның өмірі, болашағы мен ақыретте баратын жері құрдымға айналады, надандық пен адасудың зұлыматына ұшырайды. Бұл тұжырым Құранда келген аяттар мен Сүннетте келген хадистерге негізделген. Мысалға:

1.Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды және салихалы амалдар жасаған имандыларды үлкен сауаппен қуандырады.

2.Кімде-кім Мені еске алудан бет бұрса, оның өмірі тарылып, Біз оны Қиямет күні соқыр қып жинаймыз.

Құранның ішінде ақиданың, ораза, зекет секілді ғибадаттардың, сауда-саттық, үйлену мен айырылысу, мұрагерлік құқық сияқты адамдар арасында қарым-қатынастың және әдеп пен мінез-құлықтың үкімдері жинақталып, баяндалған[13]. Ислам ғұламалары ерте заманнан бастап адамдарға жеңілдету үшін Құран аяттарынан алынған фиқһ, ғибадат, мауамалат сияқты үкімдерге қатысты дәлелдерді жинақтауға арналған еңбектер жаза бастаған. Мұсылмандар Құранда тура жол мен дүниелік мәселелерді реттейтін бұрынғы қасиетті кітаптарда келген барлық нәрсе жиналғанына сенеді.

54) Исламның жалпы сипаттамасы. Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.

Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.

Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.

Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.

Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.

Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады. Мысалы, бұл дінде Троица мәселесі – үшбірліктің, яғни Құдай-Әке, Құдай-Ұл, Құдай-Қасиетті Рух байланысы сияқты мәселесі кездеспейді. Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады.

Тарихи тұрғыда ислам діні белгілі бір саяси орталығы жоқ, көптеген пұтқа табынушылық құдайлар пантеоны бар көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы тайпаларды біріктіріп, оларды адамзат тарихында өте маңызды және ықпалды дінге айналдырды. Исламның негізгі догматтардың пайда болуы мен қалыптасуы, оның әлемдік дінге айналуы қысқа мерзімде болды, тіпті ХІІІ ғ. араб өркениеті әлемнің жартысын қамтыды және өзінің мәдени дамуы бойынша ортағасырлық Батыстан озып түсті

55) Қазіргі Ислам дініндегі басты ағымдар. Пайғамбардың өлімінен кейін хадистерде айтылғандай мұсылман үмметі көптеген тармақтар мен ағымдарға бөлініп кетті. Олардың пайда болуына билік үшін күрес (шииттер мен харижилер), грек философиясының әсері (мутазилалалар, қадарилер, джәбрилер, джәһмилер), жалған пайғамбарлар (қадиянилер) және т.б. себеп болды. Кейбір ағымдар Ислам дінінің негізі саналатын сенімдерден ауытқып, басқа мұсылмандармен мұсылман саналмайды (исмаилиялар, друздар, әләуилер). Кейбір ағымдардың Исламнан алыстағаны соншалықты, олар жеке, Исламнан бөлек дінге айналып кетті (баһаилар).Басқа Әһлі-Сүннет (сүнниттер), Сүнниттердің мазһабтары- Ханафи мазһабы, Шафиғи мазһабы,Малики мазһабы, Ханбали мазһабы,Заһири мазһабы,Әузағи мазһабы,Ләйс ибн Сағд мазһабы, Сәләфилер, Сопылар, Ашғарилар мен матуридилер, Мутазилалар, Харижилер, Ибадилер,құраншылар,зәйдилер,шиғалар,исмаилиттер,таблиғи жамағат, Хизб ут-тахрир, Ихуан әл-муслимин, Мурджиялар, Ирджа, Джәһмилер, Қадария, Друздар,хабашилер сияқты ағымдар бар.

56) Дүниеге еркін көзқарас қазіргі құндылық ретінде. Дүниеге көзқарас, дүниетаным — қоғамдық сана мен жеке адам санасының ең жоғарғы деңгейі. Ол өзінің қызметі мен мәдени міндеті бойынша адамның біртұтас дүниедегі бағдарларының кешені болып табылады. Дүниеге көзқарас — дүниедегі ұсақ-түйек мән-жайларға қатысты емес, біртұтас дүниеге қатысты бағдарлар кешені. Сонымен бірге бұл бағдарлар әлгі ұсақ-түйек мән-жайлар туралы ой түюге аса қасаң болмаса да белгілі бір бағыт сілтейді. Дүниеге көзқарас бағдарлары кешеніне, ең алдымен, болмыстың жалпылама-әмбебап көріністері, яғни философияда категориялар деп аталатын көріністер енеді. Алайда оларды дүниеге көзқарасқа қатысты жалпы түсініктер, дүниеге көзқарастың жалпы түсініктері деп анықтаған дұрыс. Бұлай болатыны: біріншіден, дүниеге көзқарас бағдарларының кешенінде әр түрлі себептермен болмыстың объективті әмбебап көріністеріне сай келмейтін жалпы түсініктер болуы мүмкін; екіншіден, философ категориялар дегеніміздің өзі — философтардың арнаулы саналық қызметінің жемісі ғана. Дүниеге көзқарас бағдарлары кешені құрамына жалпы түсініктермен бірге әмбебап (тағы да өз міндетіне сай) дүниеге қарым-қатынастық принциптер мен мінез-құлық талаптары (императивтер) де енеді. Дүниеге көзқарас ұғымы біртұтас дүниені жалпылама ұғынумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен бірге осы біртұтас дүниемен қарым-қатынас жасаудың жалпы өлшемдерін, басқаша айтқанда, дүниеге белгілі бір қарым-қатынас өлшемдерін белгілеп, міндеттейді.

57) Қазақстан Республикасының Дін туралы заңнамасы. Мемлекет пен діннің байланысы. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы.Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратынын, әр адамның ар-ұждан бостандығы құқығын растайтынын, Қазақстан Республикасы азаматтарының діни нанымына қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабындағы ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады. 1-бөлім. Жалпы ережелер, 2-бөлім. Қазақстан Республикасындағы діни қызмет, 3-бөлім. Діни бірлестіктерді құру, мемлекеттік тіркеу,

қайта ұйымдастыру, тарату, 4-бөлім. Діни бірлестіктердің мүліктік құқықтық қатынастары, 5-бөлім. Қорытынды ережелерден тұрады.

58) Діни экстремизмнің қалыптасуы, оның әлеуметтік-экономикалық себептері және онымен күресу жолдары.

Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принңиптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай олардың ісәрекеттері қылмысты істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм(лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану аркылы дін және үлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бүзумен катар жүреді.

Мұндай шектен шыққан экстремизм әр-түрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нүқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизмтек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.

Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.

Экстремизмді айыптау, егер Құран және сүннет негізінде болмаса, онда адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында қабылдайды. Кінәлілер айыптаушыларды - надан, жалақор ретінде азғыруы да мүмкін. Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, эрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу - діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңдылықтар да жатады.

59) Ислам дініндегі мәзһабтардың орны

«Мәзхаб» - баратын жол, лайықты көзқарас мағыналарын білдіретін араб сөзі. Мәзхаб ислам дінінің әртүрлі сенімдік және құқықтық ағымдарының әдістері мен қағидаларын, ұстанымдары мен көзқарастарын анықтайтын ұғым. Ислам тарихындағы барлық мәзхабтар, негізінен, сенімдік, құқықтық және саяси мақсатта пайда болған. Мәзхабтың төрт түрі бар,олар: ханафи,шафиғи, малики,ханбали.

Ислам діні шалғайдағы өлкелерге таралғаннан кейін дін негізі сақталу үшін Араб халифатындағы әлеуметтік заңдар діни этикаға, дін қағидаларына негізделуі керек болды. Сол үшін хадистерді жүйелеу, қоғамдық, әлеуметтік, саяси, сауда-саттық мәселелерді Құран мен сүннетке жүгініп сараптау негізінде ислам шариғаты қалыптасты. Шариғат ғылымы VIII-IX ғасырларда толық қалыптасып, өзіндік тілдік жүйеге ие болды. Жекелеген мәселелерге Құран мен хадисте нақты жауап табылмаған жағдайдың өзінде қийас (салыстыру), иджтихад (іздену,зерттеу) тәсілімен құқықтық шешімдер қабылданды. Шариғат, негізінен, екі міндетті жүзеге асырады: 1)мұсылмандардың Алла алдындағы парыздарын дұрыс орындауы; 2) адамдардың өзара экономикалық, әлеуметтік, саяси қарым-қатынастарын реттеуі. Шариғат ғылымының қалыптасуы кезінде исламда жоғарыда айтылған төрт мәзхаб пайда болды.

60) ХV-ХХ ғ. өмір жайлы қазақ ойшылдарының діни-этикалық көзқарастары.

Қазақ халқының менталиті көптеген мәдени дәстүрлердің, яғни сақтардың, көне түркілердің, қытайдың, арабтың, парсының, орыстың, европалықтың өзара ұшырасып, араласуынан туындаған.Жазба мәдениетінің пайда болуы мен діннің қалыптасуын зерттеушілер түркі – соғдылық және түркі тохарлық байланыстың ықпалымен түсіндіреді.Қазақтардың өзіндік діні – тәңірлі дүниетанымы болды. Тәңірлік өзіндік онтологиясы, космологиясы этикасы мен демонологиясы бар жетілдірілген дүниетаным болды.

XV-XVIII ғасырлар аралығында қазақ философиясы негізгі үш бағытта дамыған. Бірінші, көрнекті бағыт жыраулар философиясы, екінші – билер, ал үшінші – зар заман философиясы.Жыраулар философиясы Асан Қайғы, Қазтуған (XV ғ.), Доспамбет, Шалкиіз (XVI), Ақтамберді, Тәтіқара (XVIII), Үмбетей, Бұқар есімдерімен белгілі.

Жыраулар – жаратылыс философиясының сырын ұғып, өмір тұтқасына дер кезінде жармасып, озбырлармен арбасып, тарихпен сырласып, өз халқының мұңын мұндаған даналар. Олар өз толғауларында өткенді саралап, бүгінгіні даралап, болашақты болжаған. Сондықтан да олардың суырып салма шешендігі көсемдікке ұласып отырған.

Ақын – жыраулар адам, қоғам өміріндегі және табиғаттағы сан түрлі сапалық қасиеттерді мінез – құлықтағы өлшемді сақтап отыру, ақиқатқа жетуге ұмтылу, өз мақсаттарына жету үшін қандай нәрсені болса да дәлелдей отырып, дұрыс өмір салтын сақтау туралы философиялық ойлардың, практикалық ақыл – кеңестердің авторы болып табылады.

Ақын – жыраулар өмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған орта, әлем, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, ауыспалы, қайырымсыз, алдамшы, айгнымалы, жалған дүние туралы ой толғаған. Осы сарынмен қатар, оған қарама қарсы жайнаған жастықтың базары, жақсылықтың шырағы бар нұрлы өмір, жарық дүние, адамзаттың арман мұраты жолындағы отын сөндірмей, болашаққа, келешек күндерге жетелейтін алтындай таза, күмістей жарқыраған сенім туралы да оптимизмгі толы ой пірімдер молынан кездесіп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]