Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Din_tanu_zhauaptary_2

.docx
Скачиваний:
154
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
106.07 Кб
Скачать

болып саналатындықтан,жікке бөлінудің алғашқы соққысы католик шіркеуіне бағыттал ды.Бұл қозғалыс реформация деген атаққа ие болды(лат. reformation түрлену.)Реформа цияның басталуы Мартин Лютердің атымен байланысты.Ол тадантты адам болған.Діни ілім профессоры,неміс тілінің білгір маманы болғандықтан,Библияны алғаш неміс тілі нің аударған сол. «Адам баласының ойлары мен арман мүдделері Құдайдан басқа еш кімге де,еш нарсеге де тәуелді емес,деп жариялады Мартин.Протестанттық ілім салт дәстүрлер ғана маңызды еместігін,әрбір адамның өз міндеттерін қалай атқаратындығы ның маңызды екенін түсіндірді,Бұл пендауи борыш туралы,бәрінен бұрын,христиандық парыздарды адамның адал еңбекпен атқаруы туралы ілім.Лютердің пікірінше әрбңр адамның жаны тұп тура.Құдайдың алдына барады,өйткені сол жанда Құдайдың дауысы естіліп тұр.Адам тек тікелей Құдай сыйға тартқан сенімнің көмегімен ғана құтқарыла алады.Лютердің шіркеуіді ішікі жағынан реформациялағысы келді.Протестантизм соған байланысты реформацияда пайда болды.

18.Протестантизм негізгі бағыттары.Оның негізгі бағыттары: Лютеранттық;Англикандық; Кальвинимз.

19.Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік тарихы бар.Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып,жұптасып,шымдасып жатады.Бірақ Ислам дінінің шығу дәуіріне,уақыт талабына т,басқаға көңіл бөлгеніміз жөн.Ислам діні дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін.Ол б.з.д.VIIғасырда Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдастық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.тарихи деректерге сүйенсек Ислам діні Аравиядағы хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы Меккеде шықты.Мекке ерте уақыттан бастап ақ діни орталық саналған.Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректер кездеседі.Кейіннен ислам діні Аравиядан кейін Үндістанда ,Африкаға таралды.

20)ислам діні әдет ғұрыпқа,мейрамдарға толы.Құдайға құлшылық ету ислам дінінде екі бөлімнен тұрады:1.Міндетті түрде орывндалуға тиісті шаралар оған:бес парыз,иман, бес уақыт намаз,ораза,зәкет ұшыр,қажыға бару.Шариғат бойынша мұсылмандар бұл парыздарды бұлжытпай,мерзімінде орындап тұруға тиіс.2.ерікті түрде орындалатын шаралар.олар уәжіп,сүннет,Мүстахб,Мухаб,Нәпіл.Соңғы үшеуі қазақтар арасында тарамаған.

21) Ислам дінінің негізгі бағыттары. Ислам халықтың әлеуметтік-мәдени және діни орталығының тірегі.Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: ислам мен дүниеден өткен соң үмметім 73-ке бөлінеді. Соның біреуі ғана жанаттық, -деп. Пайғамбар Алланың рахымына бөленген соң исламда негізгі екі тарап айқындалды. Олар – суннилер және шииттер(шиа-қосылу, бірігу).«сунна» араб тілінде «жол» деген мағына береді. Суннилер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Суннилер 4 мазхабқа бөлінеді. Олар-ханифийлер немесе имам Ағзам Абу Ханифи жолындағылар, шафиғилер, мәликилер, ханбалилер.Сунниттердің өзі өз ішінен асхабу рай, асхабу хадис деп бөлінеді.Шийттердің төрт тармағы бар, Исмаилиттер(карматтар) ,«шеткілер» (гулаттар), Зайдиттер, Имамиттер.Сунниттік бағыттың айырмашылығы-олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағала арасында елшінің болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін мойындамайды. Шийттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Шийттерде хадистер жинағы Ахбар (жаңалықтар) деп аталады. Шийттіктің елеулі ағымдарының бірі-имамиттер.Шийттіктер адам өміріне шын сенімі үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға, бүркемелеуге болады деп санайды. Ал сунниттіктердің айтуынша адамға діні үшін қауіп төнетін болса, Құран ол адамға бөгде жерге қоныс аударуды бұйырады.Ал мистикалық бағыт – ол сопылық бағыт. Әрбір сопы мынадай деңгейлерден өтулері керек:

  1. Шариғат – ислам заңдарын бұлжытпай орындау;

  2. Тариқат – ерекше тақуалықпен ғибадаттар, ізденістер нәтижесінде хақ тағалаға жақындау, нәпсіні тыю.

  3. Марифат – Алла тағала тұрғысынан әлемнің бәрі бір екендігін жүрекпен тану.

  4. Хақиқат (шындық) – танушының құдіретпен үндесуі.

Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алды.Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Уағыздаушысы-Мұхаммед. Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай – алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен сбептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің, Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасырлар ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды. Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.

22) Жаңа діни қозғалыстар (ЖДҚ) (дәстүрлі емес діндер, дәстүрлі емес табынушылар) - XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған, әлемдік дін дердің басты принциптерінің синкретизм идеяларына негізделген, қүрылымдық түрғыда дәстүрлі (әлемдік және үлттық) діндерге оппозициядағы жаңа конфессиялар. ЖДҚ-дың қалыптасуы, бір жағынан, дәстүрлі христиандық идеяларды модернизациялаумен байланысты болса (мысалы, мормондар іліміндегі - Иса пайғамбардың соңғы күндердегі Әулиелер шіркеуі жөне Иегова Куәгерлері), екінші жағынан, ЖДҚ-да батыстық және шығыстық дәстүрлі діндердің (мысалы, Бірігу Шіркеуі; Кришна санасыныңХалықаралық одағы; Аум Сенрике және т.б.) қосылып, бірлесуі себеп болуда. Онымен қоймай, ЖДҚ-ға діни және ғылыми менталдылықты бірлестіру, сөйтіп, діни мифологияның жаңа түрін (мысалы, халықаралық сайентологиялық шіркеу, Ресейдегі пүтқа табынушылар қозғалысы) қалыптастыру тән. ЖДҚ дамуының басты ісі - дәстүрлі діни қүндылықтарды киесіздендіріп, қазіргі ғаламдық мәселелерге жауап бере алатын жаңа жүйелерді қасиеттендіруге талпынуында: Шығыс пен Батыстың арасындағы дәстүрлі шекараларды бүзып, әлемдік діндерді біртүтастандырып, сонымен қатар, ғылыми және діни қағидаларды синтездеу арқылы адамзат табиғатын қайта қүруға тырысу. ЖДҚ идеологиясы мен тәжірибесі әлемді тануда қарапайым жолдарды іздестіретін қазіргі адамдардың талаптарына бағытталған ықшамдылығымен, қарабайырлығымен ерекшеленеді. Дәстүрлі емес діндердің әртүрлілігі: неохристиандық, сайентологиялық, сатаниндік және т.б.

23) Неохристиандық бірлестіктер. Олар өзінің христиандыққа мұраға деген бағдарлауын мәлімдейді, алайда оның түсіндірмесі үшін дәстүрлі христиандық тән емес сызбалар пайдаланылады, шығыс діндердің элементтері қамтылынады, ақыр заманнын тез жақындауында тірек пайда болады. Оларға ТМД - да таралған келесі ұйымдарды жатқызуға болады: «Бірлестіктің халықаралық шіркеуі», «Құдай балалары», «Соңғы Өсиеттің шіркеуі» (Виссарион шіркеуі), «Богородтық туыстық», «Ақ туыстық» және т.б.Кейбір ілімдерде өзінің жеке «Жаңа ашулары», яғни қасиетті деп саналатын мәтіндері (мысалы, Виссарионның «Соңғы Өсиеті») болады. Басқалары канондық мәтіндерден қатты ерекшелінетін Інжілдің өз аудармаларын және интерпретацияларын береді (мысалы, Иегова куәгерлері және мормондар).Қазіргі таңда Қазақстанда «Иегова куәгерлерінің» 59 діни бірлестіктері тіркелген. Неоориенталистік ағымдар (бағыттаушы сөзінен - шығыс). Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Неоориенталисттік ағымдарға «Кришна санасы қоғамы», «Брахма Кумарис», «Трансцендеталды медитация», «Аум Синрике» сияқтты ұйымдар жатады.

24) «Кришна санасы» қоғамы 1966 жылы Бһактиведанта свами Прабхубаданың басшылығымен Нью-Йорк қаласында құрылды. Қоғамның негізін салушы Абхай Чаран Де (1896-1977) монах. Кейіннен ол Шри Шримат Свами Бхактиведанта Прабхупада атты рухани есімді иеленді. Прабхупаданың айтуы бойынша, ол өзінің рухани ұстазының тапсыруымен Кришна ілімін Батысқа тарату міндетін орындап жүр. Осылайша АҚШ-та 16 ғасырда өмір сүрген Шри Кришна Чаитанйа ілімінің жаңашаланған түрі пайда болды. Свами Прабхубада « Ғаламат адамгершілік күшін, керемет бойынсұнғыштықты және қасиеттілікті бойына жинаған адам бола отырып, сонымен бірге ол- барлық пендешілік өмірдің рақатынан бастартқан адам. Басқа көптеген гурулардан, өзінің замандастарынан айырмашылығы, ол ең қарапайым өмір сүру жағдайын қанағат тұтып, баспанасын да шәкірттерімен бөлісіп күн көрді...» Сатсварупа дас Госвамидің « Прабхупада. Адам. Әулие. Оның өмірі. Оның мұрасы» Деген кітабы дін тарихы саласының маманы, доктор Дж. Стиллсон Джудахтың осы сөздерімен баяндалады. Бұл кітапта гурудың- кришнаизмнің негізгі қағидалық бұлақ көздерін аударған және түсіндірген, барлығы сексендей кітап жазған (ал ол кітаптары бұл ілімді түзу теологиялық жүйеге келтіруге мүмкіндік берген) рухани ұстаздың өмірбаяны егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл діни конфессияның негізгі кітабы «Бһагаватгита» болып табылады.  Діни ілімі бойынша жоғарғы шынайылықтың иесі және бәрін жаратушы құдай Шри Кришна, оның үш аспектісі бар: Брахман ( өзіндік белгісі жоқ рух); Параматма ( Жоғарғы рух, әрбір тірі жанның жүрегінде және атомдық жаратылыста болатын) және Бһагаван ( Жоғарғы құдай ұлылығы). Кришнаизм идеяларын кеңінен насихаттау мақсатында, Шрила Прабхупада (шәкірттерінің атауы бойынша) 1972 жылы бүгінгі күні әлем халықтарының жүзден астам тілде кітап басып шығаратын « Бхактиведанта Бук Траст» (ББТ) деген баспа құрған. Қазір қоғамның дүние жүзінде 60-тан астам мемлекетте 400-ге жуық храмдары мен орталықтары бар.

“Кришна Санасы” қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа діндердің бірі. “Кришна санасы” халықаралық қоғамының  негізін салушы – Свами Прабхупада (1896-1977). Бұл діни ағым жастар арасында таралып жатыр. Кришнайттерге қатысты Алматы облысында жер дауы туғаны белгілі. Кришнашылар үшін мантра – еркіндік беретін, ойды күдіктен арылтатын “трансцедентальді дыбыстар комбинациясы”. Басты мантра болып саналатын “маха-мантра” ертедегі “Ведаларда” жазылған болатын. Ол бас-аяғы он алты сөзден тұрады. Кришнашылар оларды күн сайын және үсті-үстіне қайталап айтып отыруы керек. Діни қозғалыстарға, конфессиялар мен деноминацияларға қатысты “жаңа” сөзін шартты түрде ғана қолдануға болады. Өйткені әрбір діни құрылымның өзінің тарихы, дәстүрі, орныққан ғұрыптары бар. Тіптен олардың кейбірі әлемдік діндермен бой таластырады. Олардың Қазақстанда кейінгі жылдары пайда болуына қарап қана “жаңа” дейміз.

25. Сакрализация - [лат. sacer - қасиетті] - діни реттеу саласына әртүрлі қоғамдық және жеке сананы, әлеуметтік қатынастарды, адамдар мен мекемелер қызметін тарту үрдісі. Сакрализация негізін зайырлы әлемге қарсы қасиетті әлемді мойындау қүрайды. Сакрализация жағдайында діни қызмет жалпы әлеуметтік қызметтің бөлінбес бөлігі, ал діни қатынастар басқа әлеуметтік байланыстарға таралады. Сакрализация сипаты мен таралу деңгейі әртүрлі тарихи дәуірлерде бірдей емес. Ол әсіресе алғашқы қауымдық құрылыс пен құл иеленуші дәуірге тән. Ал қоғамдық қызметтің әр саласында сакрализациядан бас тарту феодалдық дәуірде басталып капиталиста дәуірде аяқталады. Сакрализация үрдісінде: Діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынаста діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады.Секуляризация - [лат. saecularis - зайырлы] - саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады. Секуляризация үрдісінде: діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды, діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады, діни ортақтастық этникалық, мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды, діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады.

26) Бүгінде заманауи қоғамдағы діннің жағдайына қазіргі заманның екі басты күші – ғылым мен саясат –шешуші әсер тигізіп отыр. Олардың заманауи қоғамдағы эволюциясы дін үшін мәнді емес зардаптарға апарады: дәстүрлі тағайындауларды бұза отырып, кей кезде олар жаңа мүмкіндіктер ашады.Діннің дамуының заманауи кезеңіндегі айрықша ерекшеліктердің бірі секуляризация болып табылады, яғни оны әлемнің діни-мифологиялық көрінісін оның ғылыми-рационалды түсінігінің ығыстыру процесі деп, және онымен тығыз байланысатын діннің түрлі әлеуметтік институттарға – білімге, экономикаға, саясатқа және т.б. әсерінің әлсіреуі деп түсінуге болады. Бұл құбылысты суреттей отырып, американдық әлеуметтанушы П.Бергер оны «қоғам мен мәдениет секторлары діни институттар мен символдардың бақылауынан шығарылу процесі» ретінде анықтайды. Бергердің пайымдауынша дін әлемге таратылған және осы әлемге жылулық пен мағыналылық беруші «қасиетті бүркеніш». Дін доктриналы және институционалды түрде ғана мағыналы болып қана қоймай, ол ділдік және психологиялық тәртіптегі көптеген құбылыстарда көрініс табады. Еш нәрсеге қарамастан, дін сақталып қалды, ол өміршең, «діншілдік» эволюция жолымен біртіндеп дамуда. Саяси-әлеуметтік ортадағы секуляризацияның жетістікері (шіркеудің мемлекеттен бөлінуі, діни таңдау еркіндігі, білім берудің зайырлы стандарттары) сәтсіздіктермен де қатар жүруде. Мысалы, жаңа діни қозғалыстар – бұл әлеуметтік феномен, ал батыстандыруға қалай болса да берілмейтін батыс емес елдердегі дін, бүгінгі күнге дейін осы елдердің не қоғамдық, не саяси өмірінің секуляризациясы туралы айтуға мүмкіндік бермейтін әлеуметтік функцияларды атқарып отыр.

27) Ар-ождан – адамның өзін және болмысын сезіп-білуі. Ол – рухтың қалау, сезу, ұғу әрі үнемі шексіздікке ұмтылу секілді алға сүйрейтін қасиеттерін білдіреді.Рухтың ерік-жігер, сезім, сана мен жүрек сияқты сезіп-білу құралдары ар-ожданның да маңызды негіздері болып табылады. Ол осы дүниеде адамды кәмілдікке, арғы дүниеде мәңгілік бақыт пен Аллаһ Тағаланың дидарын көруге жеткізеді.Ар-ождан – Хақ Тағаланы көрсететін жарқын айна және Оның өзіне тән құдайылық болмысының жеткізушісі болуы тұрғысынан теңдесі жоқ таным тілі. Оған тек өзінің бар екендігін сездіретін рух және дауысын еститін жан иесі болса болғаны..!Ар-ождан рухтың сезімі, көрушісі мен танып-білушісі болғандықтан, әрдайым мекен ұғымынан тысқары, сырға толы арғы әлемге есігі ашық, өлшемдері тура және періштедей пәк.Мүфтилер көп және олардың бәрі өз қабілеттеріне қарай белгілі бір принциптерге сүйене отырып тоқтамға келеді. Ар-ождан – аса қырағы, пәтуа берген кезде ақиқатты ту етіп ұстайтын, өз байламдары арқылы ешкімді адастырмайтын және ешкімге әділетсіздік жасамайтын мүфти.Халықтың ар-ожданы басым көпшіліктің сезімі, танымы және санасы болғандықтан, оның жаңылысуы кемде-кем. Егер оның білімі мен тәжірибесі бір шабыт қайнарына сүйенетін болса, онда қателесу мүмкіндігі тіпті азаяр еді..

28) Диалог – (гр. διάλογος) екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады. Қазіргі таңда діндарлар аралық диалогтың қандай да бір қоғам өмірінде болсын алатын орны ерекше. Өйткені, әлемде әртүрлі мәдениеттер мен сан алуан дінді өркениеттер көптеп саналады. Сол қоғамдағы адамдардың діни дүниетанымдық ерекшеліктеріне қарамастан бірлікте, бейбіт және әділетті өмір сүрулері қажет. Әлемде өмір сүретін қандайда болсын адамзат баласы бір қоғамда әр түрлі мәдениет пен дініне қарамай, күнделікті тұрмыс тіршіліктеріне байланысты әлеуметтік, материалдық тұрғыдан келгенде бір-біріне мұқтаж екені де белгілі. Ислам дінінің тарихында басқа діндердегі діндарлармен көптеген диалогтарды көруге болады. Мәселен хазіреті пайғамбарымыз Мәдениеде Яһудилермен бейбіт өмір сүру туралы келісімге келуі, Меккеге жорық кезіндегі түскен тұтқындарға бостандық беруі және өзін көруге келген Нежран христиандарына мешітте ғибадат жасауларына рұхсат етуі секілді жайларды мысал ретінде келтірсе болады. ұранда диалогқа әзір болмағандар үшін үнемі соғысу туралы әмірлер жоқ. Оның есесіне Муттафифин сүресінің 8-аятында: «Алла Тағала дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық жасауларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Алла Тағала турашыларды жақсы көреді »,- деп мұсылмандарға зиян келтірмеген ғайыр діндегілерге үлгі көрсетулерін бұйырады.

Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді.

29) Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады. Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді..’«Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады. Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады. Гуманизмнің мақсаты - барша адамзаттың бақыты мен дамуы.Жаңашыл идеология мен саясат ретінде гуманизм басқа идеялық-саяси бағыттармен салыстырғанда, адам өмірінің қай-таланбас өзіндік құндылығына, адам мен қоғамның жекелік-ұжымдық табиғаты мен мәніне негізделген. Гуманистік саясат - халықтың қабілетін дамытып, оның мұқтаждықтарын барынша өтеу. Оның басымдылықтары: азаматтық тұлға, білім беру мен мәдениет, демократия мен өзін-өзі басқару, зиятты меншік пен бейбітшілік. Еркін адам, азаматтық тұлға, ғылым мен шығармашылық, жасампаз еңбек, өндірілген нәрсенің сапасы мен мөлшеріне сай ақысын төлеу, жеке болса да, қоғамға пайдасы тиетін бастамашылдық, өзара жәрдемдесу, кооперация, жеке және ұжымдық жарыс, әлеуметтік шығармашылық, демократия және халықтың өзін-өзі басқаруы, әлеуметтік-құқықтық мемлекеттік реттеу, халықаралық ынтымақтастық, бейбіт бәсеке мен бірігу -гуманистік дамудың қуатты қайнарларын құрайды. Қазақстандық қоғам көп ұлтты болғандықтан, ұлттарды жақындасуға және қосылуға итермелейтін мүдденіынталан-дыратынтетіктер қажет. Ал гуманизм бұл ауқымды міндетті орындауға шамасы келеді.

30. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Исламтұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылманкәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққақолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттықконфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.

31) Дінтанудың пәні мен құрылымы.Дін туралы арнайы ғылымды –дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек.ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология(көне грек teos-құдай) н/е конфессионалдық ілім(көне грек konfessio-мойындау,ғибадат қылу,белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының адам мен Абсалюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз-оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны,діни мәдениет түрінде көрінуі,белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.Ғылым діді табиғи инстинкт,өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық геннің» болуы ықтимал деген болжам жасайды.Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады.Қандай дінді алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр.Мұны психология ғылымы зерттейді.Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.

32)Діннің пайда болуының негізгі теориялары. Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады.Діннің осы қырын зерттеуден,оның этнологиялық анықтамалары шығады.Жоғарыда айтылғандар-дінді ғылымыи тұрғыдан танудың тәсілдері.Бірақ,жеке-жеке алғанда дін деген не,ол қалай пайда болды,хақ дін деп қайсысын айтамыз,деген тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды.Теология мен философияның өзі көзқарастар қайшылығы болып табылады.Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің,әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы,жеке адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі н/е мәдени феномен тұрғысында қарастыру бізді діннің шын табиғатына бір қадам жуықтата түседі.

33) Діннің құрылымы.Діни сана құрылымы-діни сенім,діни ілім және діни идеология.Діни сана күнделікті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады.Бірінші сатыға діни түсініктер,дағдылар,қағидалар мен діни дәстүрлер жатады.Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп,дін ілім сипатына ие болады,оның теориялық негізі жасалады,ақиқаттығы дәлелденеді.Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.Негізінен оның үш сатысын атауға болады.1-ші сатысы-діни сана қоғам санасында орын алады,діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады,бұл үрдіс сакрализация деп ат-ды.2-ші діни сана қоғамдық санада басымдылықпен көрінеді,одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады,діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарала береді,бірақ,діни діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.3-ші діни сана қоғамдық ойға мейілінше аз ықпал жасайды,діни ортақтастық этникалық,мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды,діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады.Бұл үрдіс секуляризация үрдісі деп ат-ды.

34)Діннің негізгі қызметтері ілімдік және ғұрыптық болады.Діни қызмет дегеніміз-діни ілімді жинақтап,саралау,түсіндіру және тарату,діни идеологияны жасап орнықтыру.Діни насихат,дінді уағыздау,діни оқу орындарында білім беру де-осы қызмет саласының міндеттері.Одан кейінгі құлшылық жасау салттары діни мейрамдарды өткеру,құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу т.б.діни қимыл-әрекеттерінің бәрі ғұрыптық қызметтер деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]