Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Din_tanu_zhauaptary_2

.docx
Скачиваний:
154
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
106.07 Кб
Скачать

35)Діндердің жіктелуі ұлттық және әлемдік діндер.Ұлттық діндерге Шумер-Аккад мемлекетіндегі дін,көне Египет,Греция,Римдегі дін,Брахман,Индуизм,Заратуштра,Тәңір діні,көне Қытайдағы Конфуций,Дао,Синтоизм,Иудейлік діндер жатады.Әлемдк діндерге Будда,Христиан,Ислам діні жатады. Діни бірлестіктің мынадай түрлері бар-діни мекеме(мешіт,шіркеу,діни оқу орны т.б)діни секта және деноминация.Олардың орталықтандырылған құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар.

36) 36. Алғашқы сенімдер және олардың болмыстары мен ерекшеліктері.Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады.Солардың бірі-діни ғұрыптар.Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды.Әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді.Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар.Олар-фетешизм,тотемизм,анимизм ж/е магия.Фетешизм(ерекше қасиеті бар зат)жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне,олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген.Тотемизм(оның тегі)құбылысын неғұрлым терең зерттеген ғылым –дін социологиясының негізін салушы Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады.Анимизм(жан,рух)жан мен рухты тірі ж/е өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын,оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды.Магияның тарихи ж/е дүниетанымдық эволюциясын зерттеген адам Дж.Фрезер.Ол өзінің «Алтын бұтақ» атты еңбегінде магияны көне дін емес,қарапайым ойлау тәсілі,наным түрі деген тұжырым жасайды.

37) Политеистік діндер. Политеизмнен монотеизмге ауысу себептері.Политеистік діндерге:

индуизм; анимизм (синтоизм вуду және т.б.); антикалық діндер т.б жатады. Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мем­лекеті орасан зор өркениетке жетті. Адамзат тарихында алғашқы «Ал­тын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б. табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз қүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы, аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көп қүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек те артық болмайды. Алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөлежара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік(политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады.

38)Әлемдік діндер. Әлемдік дін – бұл дін, яғни белгілі территорияда кең таралымға ие болады және белгілі әлеуметтік қауымдастықта , әр түрлі әлемнің елдері мен түрлі континенттерінде сипат алады. Әлемде белгілі нақты өлшемдер орын алған, яғни әлемдік діннің белгілі бір түріне лайықтандырылады. Бұл стандарттар ЮНЕСКО тарапынан ұсынылады.Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады.Олар-будда,христиандық,ислам діні.Тұңғыш әлемдік дін-будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болған.Будда дінінің негізін салушы Сиддхартха Гаутама 567жылы Оңт.Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді.Христиандық-I ғ-да пайда болған әлемдік дін,оның аты да,басталуы да Палестинаның солт-гі Галиеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни ұстаз және уағызшы Иисустың(еврейше-Иешуа,арабша-Ғайса)есімімен байланысты.Ислам әлем діндерінің қатарындағы жаңа әрі жас дін.Бүгінде жер жүзінде шамамен 1млрд 170мыңдай адам осы дінді ұстанады.ХХғ-да ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті.

39) Дәстүрлі емес және заманауи діндер.Дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшейуімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім,жаңа дәстүрлі емес діни ұйымдар пайда болды.Атап айтар болсақ,пресветериандық ж/е методизм,протестанттық конфессиялар,сондай-ақ Агапе,Жаңа аспан сияқты протестанттық шіркеулер,Бахаи,Сайтан шіркеу,Саентология шіркеуі сияқты діни бірлестіктер көріне бастады. Жаңа діни ағымдарға (Дәстүрлі емес діндерге) жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ діндер жатады. Олардың діни ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды. Кейбір діни ағымдар өздерін саналы түрде мемлекет пен қоғамдағы негізгі діндерге қарсы. Көптеген пікірлер бойынша, дәстүрлі емес культтердің догматтары канондық догматтарға қарсы болып келеді. Жаңа діни ағымдар жиі дәстүрлі емес немесе альтернативті діндер деп атайды.Оларға жатады- Неохристиандық бірлестіктер, «Игова куәгерлері», Неоориенталистік ағымдар, Оккультизм және емдеулік культтер, «Алля Аят», «Ата жолы», Бахаизм, Ахмадие қауымы ж/е т.б.

40) Ежелгі Мысыр діні. Мысыр Респуликасының діні - Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылманлар, 5-6% суфи және 3-4% шиға.Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді. Олардың көпшілігі Александрияның Копттік Православ Шіркеу мүшелер. Басқа да шіркеулер - Копттік Католик және Копттік Евангелик (Протестанттар).Мысырдың заңдары Шариғатқа негізделеді. Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.

41) Антика әлемінің діндері. (эллада діні, ежелгіримдік діндер). «Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Грек мәдениеті дамуының соңғы кезеңі (б.з. дейінгі ІІІ-І ғасыр) эллинизм дәуірі – Жерорта теңізі бассейнінде тұрған халықтар арасында Эллада мәдениетінің кең таралуымен сипатталады. Ең ірі полистер Афина, Спарта, Коринф, Аргос, Фива болды. Саяси жағынан Греция жеке қала-мемлекеттерге бөлінгенмен, көне заман кезеңінде “эллиндер”, “Эллада” ұғымдары пайда болады. Римдіктер олимп құдайларына құлшылық етті, бірақ олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы, бас құдай Зевсті – Юпитер, теңіз құдайы Посейдонды – Нептун, өлілер патшалығының әміршісі Аидты – Плутон, неке, аналар мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гераны – Юнона, соғыс құдайы Аресті – Марс, сауда-саттықтың құдайы Герместі – Меркурий, сұлулық пен махаббат құдайы Афродитаны – Венера, қолөнері мен өнерді қорғаушы әйел құдай Афинаны – Минерва, аңшылық құдайы Артемиданы – Диана, ұста құдай Гефесті – Вулкан деп атады, бақыт құдайы Тюхэні – Фортуна, махаббат құдайы, Афродитаның ұлы Эротты – Амур немесе Купидон деп атаған. Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті. Рим театрыларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырды. І ғ. Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынды. Грек жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылды. Рим ақындарының өздері де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды. Құдайлардың алдын ала белгілеуімен, тәңірлердің заңдарын нүсқауымен жасалған қала – Римнің тарихы –римдік мифтің кіндік идеясы – осы. Ақындық творчествоның өте ертедегі түрлері дінге табынумен байланысты шықты. Діни әнұран, қасиетті өлеңде солай туған. Римде ең кеңінен тараған Платон мен Аристотель ілімдерінің, едөуір дәрежеде заманына сәйкес өңделгендерімен, басын біріктіретін эпикуршілердің, социализмді жақтаушылардың, академиктердің философиялық мектептері еді. Храмдар алдына қойылған мүсіндер – ежелгі Рим ерлері өз мемлекетінің алыптығын естен шығармауға арналғанды.

42) Үнді діндері. Брахманизм - ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни - философиялық жүйе. Брахманизм- абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса, бізді қоршаған ортаның мәні де осы. Брахманизмда о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс- әрекеттеріне байланысты. Брахмандарды құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін - өзі ұстай білуі, мейірімді болу, т.б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма - дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады. Сикхалар - XV-XVI ғғ. Үндістандағы мұсылмандар мен үнділіктерді біріктіруге шақырған жаңа ілім негіздерін уағыздаған Нанакесімімен байланысты ілім, ол сикхалар ілімінің негізін қалаушы болып есептеледі. Нанак ислам дінінен құдай - бұл жақсылық пенмахаббат, жетекші гурудің басшылығымен құдаймен бірігуге ұмтылу қажет идеясын алды. Сикха - оқушылар, яғни гуру Нанак ізбасарлары дегенді білдіреді. Сикхалар барлық адамдардың құдай алдында теңдігін, осыдан келіп касталық жікке бөлушіліктен толығымен азаттықты уағыздады.

Сикхалар касталық пен брахмандарға, олардың салт-жораларына қарсы. Олар әйелдер мен еркектердің өмірге белсене араласуын уағыздады. Гуру Нанак каста бүғауынан босаудың белгісі ретінде ортақ асхана мен ортақ тамақтану принципін енгізген. Сикхалармешіт сияқты гурдваларда жиналатын болған. Гуру Нанак әйелдер теңсіздігіне, көп әйел алушылыққа және өзін-өзін өртеуге қарсы шықты. Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат

43)Синтоизм. - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізінтабиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлықжапон императорларының аңыздық бастауы болған.

Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.

44) Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VIҮндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:

1. Азап бар;

2. Азапта себеп бар;

3. Азапта соң бар;

4. Жол азаптың тоқталуы бар.

Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдары Азия елдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тувада түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына әсер етті. Бұлардың жиынтығы будда ұйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

45) Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдікдін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т.б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 — 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 — 390), Григорий Нисский (335 — 394), Василий Кессарийский (330 — 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 — 11 ғасырларда Христиан діні “Батыс шіркеуі” (католиктер) және “Шығыс шіркеуі” (православтар) болып екіге бөлінді. 16 ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан.[1]

Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттергенегізделген. Христиандық б.д.д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды. Мүнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық қүдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді. Бүл үрдістің дамуына орай рим билеушілері христиандарды қуғын-сүргінге үшыратудан енді бүл дінге қолдау көрсетуге көшті, тіпті IV ғ. христиандықты Рим империясының мемлекеттік дініне айналдыруға дейін барды. Идеялық, ғибадат, институңионалды түрғьща христиандық жоқ жерден пайда болған жоқ. Рим политеизмі, египеттік Осирис және Исида ғибадаты, иран митраизмі, грекгік Кибена және Аттис ғибадаты және т.б., христиандар ой елегінен өткізбеуі мүмкін емес діни-мәдени орта қалыптастырды. Алайда, христиаңдықгың қалыптасуында иудаизм, өзінің монотеизм, мессиандық, эсхатология және т.б. идеяларымен ерекше рөл атқарды. Ол иудеохристиандық секта ретінде пайда болды. Мүның бәрі христиандық осыған дейін бар діни-мәдени мәліметгерді тек пайдаланып қойды деген сөз емес, ол керісінше, жаңа діни кешен қалыптастырды.

46) Христиандық канондық әдебиеттер. Інжіл (Библия), оның мазмұны және құрылымы.Канон- дінде қасаң қағидалық сипаттағы інжілдік ережелер жиынтығы.Христиан діні догматикасы 4 — 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 — 390), Григорий Нисский (335 — 394), Василий Кессарийский (330 — 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. Інжіл канондарын 367 жылы Афанасий Александриский нақтылағанымен, ол төңіректегі талас-тартыстар 9 ғасырдың соңына дейін жалғасып келді. Сонымен қатар ол православиелік, протестанттық және католиктік канондар болып жіктеледі.Христиан дінінің негізгі үш тармаққа бөлінуі және олардың ішінде өз алдына иерархиялық қатынастардың пайда болуы осы канондық ережелердің өзара қайшы келуіне байланысты туындаған. Библия (Інжіл) – барлық христиандардың сенетін қасиетті және жер шарындағы ең танымал саналатын кітаптардың бірі. Ал ондай кітаптардың саны өте шектеулі. Ол әлемнің 1800 халқының тіліне аударылған, егер біреу өз туған тілінен өзге тілді білмесе де ол Інжілді оқи алады деген сөз. Інжілді бір бүтін кітап деп айтуға келмейді. Ол – бір кітапта жинақталған жиынтық кітап. Олай екенін, тіпті, атауынан да білуге болады. «Библия» сөзінің түбі грекшеге барып тіреледі және ол «кітаптар» (көптік мағынада) дегенді білдіреді. Інжіл екі негізгі бөлімнен тұрады: Көне Өсиет пен Жаңа Өсиет. Бұл екі бөлімнің ортасын бөліп тұрған кезең – Иса пайғамбардың туылуы мен өмір сүруі болып саналады. Інжілдің екінші бөлімі – Жаңа Өсиет – Иса пайғамбардың тұлғасы мен оның жер бетіне қандай мақсатпен келгендігі туралы айтылған 27 кітаптан тұрады. Тағы бірнеше кітап Иса пайғамдардың шәкірттерінің, алғашқы апостолдар (сахаба), әрекеттері туралы жазылған.

47) Христиандық ғұрып, құпиялар, мерекелер. Христиандық мейрамдар — Шіркеудің рухани және литургиялық өміріндегі ерекше, қасиетті-салтанатты кезеңдер (күндер). Өз жиынтығында жылдық құдайға құлшылық ету шеңберін құрайды (литургиялық жыл).Негізгі христиандық мейрамдар христиандықтың мифологиясын және шіркеулік өмірдің құрылуын қамтып көрсетеді.Негізгі он екі мейрамдар бар (апостолдардың санына байланысты), олардың ішінен мәні ерекше-Пасха,Пятидесятница және Рождество. Тұрақты тойланатын мейрамдар (Крещение) және Пасханы тойлау күніне байланысты болатын жылжымалы мейрамдар бар.Негізгі жалпы христиандық мейрамдардан басқа ғибадатханалық немесе тақтық, сонымен қатар христиандық шіркеуді құру ісіне маңызды үлес қосқан немесе дін үшін жазғырылған әулие-әнбиелерге арналған мейрамдар кездеседі. Қатардағы діндар адамдар үшін шіркеулік өмірдің рәсімдік жағы ең алдымен өз дінінің басқа діннен айырмашығын білдіреді.Негізгі христиандық мейрамдар: Благовещение Пресвятой Богородицы, Пресвятая Богородица ғибадатханасына кіру, Вознесение, Вход Господень в Иерусалим (Вербное воскресенье), Крестовоздвижение, Крещение Господне (Богоявление), Обрезание Господне,Пасха Покров Пресвятой Богородицы, Преображение Господне, Рождество Иоанна Предтечи, Рождество Пресвятой Богородицы, Рождество Христово, Сретение Господне, Троица (Пятидесятница күннің орыс атауы), Успение Богородицы,т.б.

48)Православтық бағыт: дін оқытудағы ерекшеліктері, ғұрпы, ұйымы. Xристиандық негізгі үш бағытымен берілген: православие, католик және протестанттық. Православие (бұл Құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді) – шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шығып, ұйымдастырылып құрылған христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері Құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух) болып табылады. Иисус Христостың Құдай кейпіне өтуі күнәсін жууы, қайта түлеуі және жоғары көтерілуі болып табылады. Православие үшін күрделі, егжей-тегжей әзірленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті басты дәстүр – құпия құрайды: шоқыну, тазару, (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), мирамен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде басты Құдайға құлшылық ету – литургия, басты мереке – Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді. Ерлер және әйелдер моностырьлары бар Монах қана епископ бола алады. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Сербтық, Чехословак, Эллада және төрт автономдық шіркеу: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық. Орыс православие шіркеуі (РПШ) 988 жылы қасиетті князь І Владимир кезінде орталығы Киевте болып Константинополь шіркеуінің Митрополиясы ретінде құрылды. Қазіргі уақытта РПШ Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы – Кирилл.

49)Католицизм. Догматиканың ерекшеліктері, ғұрпы, ұжымы. Католицизм (гр. καθολικός – жалпыға ортақ, ғаламдық), католик шіркеуі, католиктер – христиан дініндегі үш тармақтың (православие және протестанттықпен қатар) бірі. Католиктердің діни сенімі православиелік діни сеніммен көп жағынан үндес келгенімен, айтарлықтай айырмашылығы да бар. Католиктік шіркеу басшысы Рим папасы болып табылады.Оның негізгісі,Православие ағымында киелі рух тек Құдай-Әкеден жіберіледі делінсе, католиктердің сенімі бойынша, киелі рух тек Құдай-Әкеден емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі. Христиан діндарларының Нике (325) және Константинополь (381) жиындарында христиан дінінің негізгі рәмізі етіліп қабылданған бұл наным христиандар сеніміндегі Құдай-Әке мен Құдай-Ұлды (Иисусты) тең дәрежеге қойды. Бұл теңестіру “филиокве” (“және Ұлдан”) деген терминдік атауға ие болды. “Филиокве” түсінігі алғаш рет христиан діндарларының Толед (589) жиынында ереже ретінде қабылданып, 11 ғасырда христиан шіркеуінің “Шығыс шіркеуі” және “Батыс шіркеуі” болып бөлінуіне себеп болды. 9 ғасырда Рим папасының қарсылығына қарамастан “Қасиетті Рим империясының” императоры Карл (Ұлы Карл) “филиокве” ережесін бүкіл “Батыс шіркеуіне” күштеп ендірді. Содан бері “Батыс шіркеуді” бейнелеуші ресми атау ретінде қалыптасты. “Шығыс шіркеуінің” христиандары “филиокве” ережесін дінбұзарлық іс деп қабылдады. Католиктер мен православие сенімі арасындағы бұл көзқарас қайшылығы осы күнге дейін жалғасуда. Статист. мәліметтер бойынша, қазіргі таңда әлемде шамамен 600 – 850 млн. адам христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Бұл адамзаттың 15%-ы. Латын Америкасы халқының 90%-ы, Солт. Америка халқының 25%-ы, Еуропа халқының 40%-ы, Африка халқының 13%-ы, Азия халқының 2,5%-ы католиктік сенімді ұстанады.

50) Протестанттық: пайда болуы және жалпы принциптері. «Протестант» сөзі – көтерілісші, қарсы шығушы деген мағынаны білдіреді. XVI ғасырда Мартин Лютер (1489-1546 ж.ж.) Рим католик шіркеуінің күнәні кешіру билігіне, оны оңай табыс көзіне айналдыруына, Киелі кітаптың құпия-жорамалдары мен діни үкімдерін өз мүдделеріне қарай орайластыруға, құлшылықтың латын тілінде орындалуына қарсы шықты. Олардың бұл қарсылығы өз нәтижесін берді. Протестанттар да өз пікірлерін ақтап, қолдады. Осылайша дін жолындағы реформация басталды. Соның нәтижесінде әр түрлі протестандық шіркеулер құрыла бастады. Араларында кейбір айырмашылықтары болмаса, протестандық ағымдардың бір-бірімен ортақ ерекшеліктері бар. Протестанттардың басқалардан бөлектеп тұратын ерекшеліктер мыналар:1.Папаның билігін және ол мүлдем қателеспейді деген көзқарасты мойындамайды. Христиан дінін ұстанатын адамдардың барлығы бірдей тең құқылы.2.Шіркеу Киелі кітапқа жорамалмен тәпсір жасай алмайды. Әрбір христиан Киелі кітапқа өзінше түсінік бере алады.3.Сакраменттердің алғашқы екеуін (шомылдыру рәсімі және нан мен шарап діни құлшылығы) қабыл етеді.4.Шіркеулерде суреттер мен мүсіндер қойылмайды.5.Англикан шіркеуінен басқалары айқыш қолданбайды, шоқынбайды.6.Құлшылық пен діни жоралғылар ана тілдерінде орындалады. Уағыз-насихаттарды құлшылықтың бір тармағы ретінде санайды.7 Аралық мекенді (жаннатқа да, тозаққа да жатпайтын жер) және мәңгілік жазаны мойындамайды. 8.Мәриям ана туралы көзқарастары өзге ағымдарға қарағанда мүлдем басқа, оған онша маңыз бермейді.9.Үштік сенім барлық протестанттарда да бар. Бұл жөнінде басқа христиан шіркеулерінен айырмашылығы жоқ.10 Әулие-әнбиелерді қабыл етпейді. Әулиелер үшін шіркеулерде арнайы діни жоралғылар жасамайды. 11. Протестанттық шіркеулер: лютерандық, англикан, реформистік шіркеулер сияқты тармақтарға бөлінеді, сонымен қатар методистік, конгрегасионалистік сияқты тәуелсіз шіркеулер де бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]