Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE_d_1241_ris_OVZD.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
253.95 Кб
Скачать

1.5 Жылжымалы құрам сапасын пайдалану көрсеткіштері

Көлік құралдары «тұтынылмай» (яғни тұтыну өнімдері болып табылмайды), пайлану кезінде өз ресурсын жұмсай отырып, «пайдаланылатындықтан» сапа көрсеткіштері пайдалану жағдайларына қатысты қарастырылады және сапаның пайдалану көрсеткіштері деп аталады.

Өнім (бұйым) сапасы жалпы жағдайда – белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оның жарамдылығына байланысты жиынтық. Сапа көрсеткіші өнімді шығару немесе тұтыну жағдайларына қатысты қарастырылатын оның бір (бірлік көрсеткіш) немесе бірнеше (кешенді көрсеткіш) қасиеттерін сипаттайды.

Сапа көрсеткіштерін анықтау түрлі: өлшеу, тіркеу, есептеу, эксперттік, социологиялық және т.б. әдістермен жүргізіледі.

Жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігі жүктерді әрекеттегі нормалар мен ережелерді сақтап, ең аз материалдық және еңбек шығындарымен тасымалдау арқылы анықталады.

Көлік құралдарын салыстырмалы бағалау үшін (төмендегіні қараңыз) өнім сапасының интегралдық көрсеткішін, яғни пайдаланудағы қосынды пайдалы әсердің оны жасау мен пайдаланудың қосынды шығындарына қатынасын қолданады. Өнім сапасының интегралдық көрсеткішіне кері шама көлік жұмысының бірлігіне жұмсалатын меншікті келтірілген шығындар деп аталады және [3] формула бойынша анықталады

, (1.5)

мұнда - көлік құралын пайдаланудың жылдық ағымдағы шығындары, руб.(тнг);

- күрделі салынымдар тиімділігінің нормативтік коэффициенті;

К - күрделі салынымдар мен басқа бір жолғы шығындар, руб. (тнг);

0,1 - - көлік құралының өтімді құны ( - жаңа автомобильдің, локомотивтің және т.б. бағасы), руб. (тнг);

Р – жылдық өнімділігі, ткм.

Меншікті келтірілген шығындармен қатар көлік жұмысы бірлігіне басқа да тиімділік өлшегіштерін қолдануға болады. Тиімділікті бөлек жеке өлшегіштердің көлік құралын салыстырмалы бағаалу кезінде, меншікті шығындар (1.5) бойынша практикалық түрде бірдей болған кезде өз бетіндік мәндері болуы мүмкін. Бұл – өнімділік, еңбек көлемділігі ([1,4] қараңыз), материал сыйымдылық және тасымалдау сапасы, онымен қатар пайдалану зиянсыздығы және т.б.

Өнімділік пен еңбек көлемділігі (1.1) және (1.2) формулалар бойынша анықталады және олар техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде тоқтап қалуды есептеу, сондай-ақ еңбек шығындарын есептеу мақсатында тиімділігін бағалау кезінде пайдаланылады.

Энергия сыйымдылық Э (кДж/ткм). – берілген көлік құралымен жүктерді тасымалдауға жұмсалатын энергия:

кДж/ткм , (1.6)

мұнда Q – бір жыл ішінде локомотивке (дизельге) немесе автомобильге жұмсалатын отын көлемі, л;

- отын тығыздығы, кг/м3 (бензин үшін - 725, дизельдік отын - 820);

-отынның қызу шығару қабілеті (калориялығы), МДж/кг (бен­зин үшін - 44,4; дизельдік отын -43,8).

Тасымалдау материал сыйымдылығы М (кг/1000 ткм) – көлік жұмысы бірлігін орындауға жұмсалатын материалдар саны. Жалпы жағдайда

кг/1000ткм , (1.7.)

мұнда - көлік құралы конструкциясындағы материал массасы, кг;

- жылжымалы құрамның пайдалану процесінде амортизациялық қызмет ету мерзімі ішінде жұмсалатын материал массасы, кг;

- көлік құралының амортизациялық қызмет ету мерзімі, жыл;

- материалды өндірісте пайдалану коэффициенті.

Тасымалдау сапасы жүктің сақталғандығын қамтамасыз етумен сипатталады және көлік құралы конструкциясының жетілгендігіне байланысты.

Көлік құралын пайдалану зиянсыздығы жолаушылар, жүргізушілер мен оны пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалар үшін қауіптіліктің ең аз дәрежесімен шектеледі, сонымен қатар қоршаған орта үшін қозғалыс, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздікті, қоршаған ортаның ластануы мен улануының, шуылдың болмауын білдіреді.

Көлік құралы конструкцияларының элементтері арасындағы жүйелі байланыстарды талдау негізі пайдалану қасиеттерін: жүк сыйымдылығы, массаны пайдалану, пайдалану ыңғайлылығы, қозғалыс жылдамдығы, қауіпсіздігі, отын үнемділігі, сенімділігі және т.б. анықтауға мүмкіндік береді (1-суретті қараңыз).

Пайдалану сапаларының номенклатурасы көлік құралына толық және жан-жақты баға береді [4,5].

Жүк сыйымдылығы номинал және меншікті көлемді жүк көтергіштігімен, сондай-ақ жүк сыйымдылық коэффициентімен бағаланады.

Номинал жүк көтергіштік q – бұл техникалық сипаттамамен бекітілген тасымалданатын жүктің максимум ықтимал массасы. Меншікті көлемді жүк көтергіштік - номинал жүк көтергіштіктің шанақтың ішкі көлеміне қатынасы:

т/м3, (1.8)

мұнда q- жүк көтергіштік, т;

- шанақтың ішкі көлемі,

Жүк көтергіштік тасымалданатын жүк тығыздығына байланысты.

Жүк сыйымдылығы коэффициенті тығыздығы әр түрлі жүктерді тасымалдау кезінде көлік құралының жүк көтергіштігін пайдалану дәрежесін сипаттайды:

, (1.9)

мұнда - жүктің берілген түрінде шанақ (вагон) көлемін пайдалану коэффициенті;

- жүк тығыздығы; т/м3.

1 кезінде көлік құралы номинал жүк көтергіштікке дейін жүктелуі мүмкін. Коэффициент мәні неғұрлым аз болса, көлік құралы жүк көтергіштігін пайдалану соғұрлым төмен.

коэффициенті – шанақты толық жүктемеген кезде бірден аз болады. Көлік құралы массасын пайдалану – жабдықталған құралдың жеке массасының номинал пайдалы жүк көтергіштік масасына қатынасы жабдықталған масса коэффициенті арқылы өрнектеледі:

, (1.10)

мұнда -көлік құралы массасы, кг.

Сенімділік – объектінің берілген режимдер мен жағдайларда талап етілген қызметтерді орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлер мәндерін бекітілген шектерде уақытпен сақтау қасиеті. Сенімділік туралы толығырақ төменде қарастырылады.

Автомобиль конструкциясы элементтері

Пайдалану сапасы

Автомобильді пайдаланудың тиімділік элементтері

Сенімділік

Массаны пайдалану

Сыйымдылық

Пайдалану ыңғайлылығы

Қозғалыс жылдамдығы (жылдамдылық)

Қауіпсіздік

Өтімділік

Отын үнемділігі

Металл сыйымдылығы

Жүріс

бөлігі

Транс-

миссия

Қозғалтқыш

Кабина,

шанақ

Масса,

құрастыру

Тасымалдау сапасы

өнімділігі

Еңбек көлемділігі і

Зиянсыздығы

Энергия сыйымдылығы

1-сурет – Конструкция элементтері мен автомобиль тиімділігі арасындағы жүйелі байланыстар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]