Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб_ЦИУ_казвсе.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
8.22 Mб
Скачать

5. Импульс ұзақтығын өлшеу

5.1. Импульс ұзақтығын өлшеу 4.2.1 – 4.2.10. методикасымен орындалады, бірақ кірістік импульстер "-) В" ұяшығына жіберіледі және "РАЗДЕЛЬНО, СОВМЕСТНО" тумблері "СОВМЕСТНО" қалпына қойылады.

6. Жиілік қатынастарын өлшеу.

Жиілік қатынастарын өлшеу 5 суретте бейнеленген блок-сұлбамен орындалады. Жиіліктердің төмені "В" кірістік құрылғымен құрылады және автоматика сұлбасын басқарады.

5 Сурет – Жиілік қатынастарын өлшеу блок-сұлбасы

Салыстырылатын жиіліктердің жоғарғысы "А" формациялайтын құрылғымен күшейтіледі және селектор арқылы сонына дейін санау жүйесімен санағыш декадалардың кірісіне жіберіледі.

Жиілік қатынастарын өлшеудегі негізгі қатыстық ауытқу (%):

-төменгі және салыстырмалы синусоидалды сигналдарда

 = + [ 0,003/n + f / (nf ) ] 100 (7)

- төменгі және салыстырмалы импульсті сигналдарда және жоғары салыстырмалы жиіліктер периодының жартысынан аспайтын төменгі жиілікті импульс фронтының ұзақтығы

 = [f / ( nf )] 100 , (8)

мұндағы f , f -салыстырылатын жиіліктердің жоғарғысы мен төменгісі, Гц;

n - периодтың көбейтінді коэффициенті.

6.2. Жиілік қатынастарын өлшеу реті.

6.2.1. "-)А" ұяшығына салыстырылатын жиіліктердің жоғарғысын, "-)В" ұяшығына – төменгісін жіберу.

6.2.2. "РОД РАБОТЫ" ауыстырғышын "Fa-Fb" қалпына қою.

6.2.3. 4.2 – 4.4, 4.6, 5.2, 5.6 пунктерін орындау.

6.2.4. "ВРЕМЯ ИНДИКАЦИИ" қол ауыстырғышын уақыт индикациясының санауына қолайлы етіп айналдыру.

6.2.5. "МНОЖИТЕЛЬ ПЕРИОДА" ауыстырғышын керекті нақты өлшеуді қамтамасыз ететіндей етіп ауыстыру.

6.2.6. Өлшеу қорытындыларын кестеге енгізу.

Өлшенген интервал

Уақыт таңбалары

Периодтың көбейткіші

Қатыстық ауытқу

1

10

10

10

10

7. Құрылғының өзін-өзі басқаруы

7.1. Құрылғының өзін-өзі басқаруы 6 суретте бейнеленген блок-сұлбамен орындалады. Сонына дейін санау жүйесі бар кірістік санағыш декадаларға уақыт таңбалаушы генератордан ішкі таңбалар әкелінеді. Сол уақыт таңбалаушы генератордағы таңбадан автоматика басқарылады, бірақ төменжиілікті.

6 Сурет - Өзін-өзі басқарудың блок-сұлбасы

8 Есеп берудің мазмұны

  1. Жұмыстың тақырыбы мен мақсаты.

  2. Сұлбаның қысқаша принципиалды жұмысының суреттеуімен жиілікті, периодты, уақыт интервалын, жиілік қатынастарын өлшеу блок – сұлбалары.

  3. 10 Гц, 100 Гц, 1000 Гц, 1 МГц, 5 МГц жиілігінде негізгі қатыстық ауытқуын есептеу(%).

  4. 100 с, 0,1 с, 10 с, 10 с мәнді периодты синусоидалды және импульсті сигналдарға негізгі ауытқуды есептеу (%).

  5. 10 Гц:1 Гц; 1000 Гц:10 Гц; 1 МГц:1КГц; 2МГц:1МГц; 5 МГц:1 Гц жиіліктерге синусоидалды және импульсті сигналдың жиілік қатынастарының негізгі қатыстық ауытқуын есептеу (%).

  6. Қысқаша қорытынды.

9 Бақылау сұрақтары

  1. Жиілікті сандық жиілік өлшеуішпен өлшеу принципі неден құрылады?

  2. Сандық жиілік өлшеуіштің өлшеу уақыты дегеніміз не?

  3. Тең жағдайда, төменгі және жоғарғы жиілікте жиілік өлшеуде қашан ең үлкен қатыстық ауытқу болады?

  4. Сандық жиілік өлшеуіште периодты өлшеу, жиілік қатынастары, уақыт интервалын өлшеу принципінің мәні неде?

  5. Жиілік өлшеуіште периодты, жиіліктер қатынасын өлшегендегі негізгі қатыстық ауытқуды қалай анықтайды?

  6. Жиілік өлшеуіште өзін-өзі тексеру қалай өтеді?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Атамалян Э.Г. Приборы и методы измерения электрических величин - М.: Высш. шк., 1989.

2. Частотомер электронно-счетный Ч3-35(Ч3-35А). Техническое описание и инструкция по эксплуатации.

Зертханалық жұмыс № 6

Сандық мультиметрдің жұмыс істеу принципімен танысу”

Жұмыстың мақсаты - Сандық мультиметрдің жұмыс істеу принципімен танысу.

1 Қысқаша мағлұмат

Сандық мультиметр (ЦМ) – Digital MultiMeter (DMM) – бұл бірнеше электрлік (мысалы, тұрақты мен айнымалы кернеу және ток, кедергі, жиілік) және электрлік емес (мысалы, температуралық) шамаларды статикалық өлшеуге арналған көпфункционалды өлшейтің құрылғысы.

СМ құрылымы басқа да СӨҚ-на ұқсас. Айырмашылығы тек құрылғы кірісінде нақты бір кірістік физикалық шамаларды өзгертетің бірнеше арңайы ауыстырғыштардың болуы. 1 суретте СМ өлшейтін шамалары минималды қарапайым структурасы бейнеленген: тұрақты (DC — Direct Current) және айнымалы (АС — Alternating Current) кернеу мен ток , R кедергісі. Кірістік өлшенетің құрылғылар алдымен тұрақты токтың пропорционалды кернеуге айналдырылады да, кодка айналу үшін АЦП кірісіне келеді.

Құрылымы бізге таныс түйіндерден тұрады: АСТ (көбінесе интегралдайтын типті), микроконтроллер (МК), пернелер тақтасы және индикатор. Кірістік тізбектерінде келесі аналогтық ауыстырғыштар тұрғызылады:

- U_/U_ — тұрақты кернеуді тұрақтыға (күшейткіш пен бөлгіш);

- U~/U~ — айнымалы кернеуді айнымалыға (күшейткіш, трансформатор, жиілікке тәуелсіз бөлгіш);

- U~/U_ — айнымалы кернеуді тұрақтыға (түзейткіш);

- R/U_ — кедергіні тұрақты кернеуге.