Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб_ЦИУ_казвсе.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
8.22 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №1

"Сат-тің электрлік және метрологиялық сипаттамаларын зерттеу"

Жұмыстың мақсаты–сандық-аналогтық түрлендіргіштердің жұмыс істеу теориясымен танысу, оларды құру жүйесін оқып білу, метрологиялық сипаттамаларын зерттеу.

1 Жалпы мәлімет

Санды-аналогтық түрлендіргіш (САТ) — сандық сигналдардың кодтық жиынтығын аналогтық сигналдың мәніне бірмәнді түрлендіретін функционалды түйін. Бірмәнді сәйкестікті табудың негізгісі болып САТ-тің шығысындағы кернеу қызмет атқарады

Uшығ= E0 (x12-1 + x22-2 + … + xn2- n). (1)

мұнда Ео —тірек кернеу; x {х1, х2, .... хn} — сандық код; xi 0 немесе 1 мәндерін қабылдайды.

Анықталған Eо кезінде әрбір xi-ге құрылғының шығысында Uшығi кернеу сәйкес келеді.

Сандық-аналогтық түрлендіргіштерде үш негізгі екілік код пайдаланады: түзу, аралас, қосымша.

Түзу кодта сандық және аналогтық шамалардың сәйкестігі өте қарапайым анықталады. Бұл код зерттейтін жүйелердің сигналдарын түрлендірген кезде ыңғайлы, сонымен нөл арқылы өткен кезде кодтың жоғарғы разрядтары өзгермейді, ол кіші оңдықтан кіші теріс шығыс кернеуіне сызықты өтуін қамтамасыз етеді.

Оң кодтар тәрізді теріс кодтарды түрлендіру үшін САТ шығыс кернеуінің ажыратып –қосылуын басқаратын аралас кодтты қолданады.

САТ шығу кернеуін қайта қосумен басқаратын оң және теріс кодтарды түрлендіру үшін белгілік разрядты қолданылады.

Түсінік беретін элементтерді шығару үшін САТ сұлбасынан түрлендіргіш сұлбасында жүзеге асыру үшін ең қарапайым болып табылатын аралас кодты қолданады.

Қосымша кодты қолданғанда оңдық сандар түзу кодтар тәрізді, ал терістер сандар — сәйкес оң сандарға екілік толықтырумен түрлендіріледі (кіші разрядқа бірлікті әрі қарай қосу үшін барлық разрядтар инверсиясы).

1 кестеден көріп отырғандай, тік код қосымша және аралас кодтармен салыстырғанда екі есе көп қолдану рұқсат ету мүмкіндігін береді.

1 Кесте

Түзу код

Аралас код

Қосымша код

Xкір

Uшығ, В

Xкір

Uшығ, В

Xкір

Uшығ, В

0000

0,000

0000

-8,00

0111

7

0001

0,500

0001

-6,93

0110

6

0010

1,000

0010

-5,87

0101

5

0011

1,500

0011

-4,80

0100

4

0100

2,000

0100

-3,73

0011

3

0101

2,500

0101

-2,67

0010

2

0110

3,000

0110

-1,60

0001

1

0111

3,500

0111

-0,53

0000

0

1000

4,000

1000

0,53

1111

-1

1001

4,500

1001

1,60

1110

-2

1010

5,000

1010

2,67

1101

-3

1011

5,500

1011

3,73

1100

-4

1100

6,000

1100

4,80

1011

-5

1101

6,500

1101

5,87

1010

-6

1110

7,000

1110

6,93

1001

-7

1111

7,500

1111

8,00

1000

-8

1суретте n-разрядты САТ-тың типті құрылымдық сұлбасы көрсетілген. Ол сәйкес аналогты кернеуді түрлендіруге жататын екілік коды бар n триггерлардан тұратын регистрды құрайды.