Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айта ЖА.Эн.Кздері.doc
Скачиваний:
476
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.39 Mб
Скачать

Тақырып: Энергия үнемдеудің негізгі бағыты. Энергия үнемдеудегі ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар

Жоспар;

Энергетикадағы энергия үнемдеудің негізгі бағыттары

Энергия үнемдеудегі ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар

Энергетикадағы энергия үнемдеудің негізгі бағыттары

Энергияны үнемдеу отын-энергетикалық ресурстарды тиімді (ұтымды) пайдалануға (және үнемді жұмсауға) бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік, техникалық және экономикалық шараларды жүзеге асыру және шаруашылық айналымға энергияның жаңаратын көздерін тарту (анықтау көздері (аздаған өзгерістермен). Энергияны үнемдеу табиғи ресурстардың сақтау бойынша маңызды міндет.

Қазіргі кезде тұрмыстық энергияны үнемдеу (ТЭҮ), сондай-ақ, ТЭҮ саласындағы энергияны үнемдеу маңызды мәселе болып табылады. Оны жүзеге асыруға кедергі келтіретіндер: ресурстардың жекелеген түрлеріне (электроэнергия, газ) тұрғындар үшін тарифтердің өсуін тежеу, ТЭҮ кәсіпорындарында энергияны үнемдейтын бағдарламаны жүзеге асыру қаржысының жоқтығы, сондай-ақ энергияны үнемдейтін бұқаралық тұрмыстық мәдениетінің болмауы [16,17,37].

Сондай-ақ, АӨК энергияны үнемдеуді қамтамасыз ету де өзекті болып табылады.

Энергияны үнемдеу шараларынан келетін тиімділікті бірнеше топқа бөлуге болады:

–тұтынушылардың алатын экономикалық тиімділіктері (алатын энергоресурстардың құнын төмендету);

– бәсекелестік қабілетін арттыру тиімділігі (өндірілетін өнімнің бірлігіне энергоресурстарды тұтынуды төмендету, соны пайдаланған кездегі өндірілетін өнімнің энерготиімділігі);

–электрлік, жылу, газ желілері үшін тиімділіктер (үлкен жүктемелерді азайту, желіні кеңейтуге жұмсалатын инвестицияларды минималдау);

– экологиялық тиімділіктер;

– байланысқан тиімділіктер (энергияны үнемдеу мәселесіне назар аудару жүйенің жалпы тиімділігі мәселесіне баса назар аудартуға әкеп соғады технологиялар, ұйымдастыру, өндірістегі логистика, өзара қарым-қатынас жүйелері, төлемдер мен ТЭҮ жауапкершілік, азаматтардың үй бюджетіне көзқарасы).

Өткізілген зерттеулер нәтижесінде, тұтынатын энергия мөлшерін үнемдеу есебінен ғана 40% қысқартуға болатыны анықталды, яғни Қазақстанда тұтынылатын энергияның жартысы дерлік «далаға» кетіп жатыр. Біздің еліміздегі энергияны үнемдеу әлеуетін масштабы бойынша экспортталатын барлық мұнай өнімдерінің көлемімен салыстыруға болады .

Энерготиімділіктің төмендігі, қондырғылардың ПӘК төмендігі, кемуі отын –энергетикалық кешеннің өзінде орын алып жатады, жабдықтардың тозуы себебінен - өнеркәсіпте, ТЭҮ секторына барлық шығынның үштен бірі келеді. Сондай-ақ, ТЭҮ энергия шығынының айтарлықтай көлемі тұтынушылардың энергияны елемеушілігі салдарынан орын алуда. Ғимараттардың терезелері мен есіктері арқылы 70% жылу шығыны орын алады. Сондай-ақ, жылу жылытылмаған терезелер арқылы да жойылады.

Адамның табиғатқа әсерін азайтудың айтарлықтай тәсілдерінің бірі энергияны пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. Шын мәнісінде, ең алдымен отынның қазып алынатын (мұнай, газ, көмір) көздеріне негізделген қазіргі энергетика, қоршаған ортаға айтарлықтай әсерін тигізеді. Энергоресурстарды өндіру, өңдеу және тасымалдаудан бастап, жылу және электр энергиясын алу үшін соларды жағумен аяқталатын әрекеттердің барлығы планетаның экологиялық балансына теріс әсерін тигізеді. Ақыр соңында, дәл сол "қазып алынатын" энергетика парникті газдар концентрациясының артуымен байланысты климат өзгеруінің бірден-бір себепшісі болып табылады. Яғни, экономиканың энерготиімділігін арттыру мәселесі қазір барлық елдер үшін аса өзекті тақырып болып отыр, тіпті табиғи ресурстарға бай Қазақстан үшін де [11,16,17,44].

Энергияны пайдалану тиімділігін арттырудағы негізгі рөл қазіргі заманғы энергияны үнемдеуші технологияларға тиесілі. XX ғасырдың 70-ші жылдарындағы энергетикалық дағдарыстан кейін олар Батыс Еуропа экономикасының дамуындағы басымдылыққа солар ие болды, ал нарықтық реформаның басталуынан кейін – біздің елімізді де қамтыды. Және оларды ендіру айқын көрінетін экологиялық пайдасымен қоса, нақты табыс та әкеледі энергетикалық шығындармен байланысты шығындарды азайтады.

Энергияны үнемдеу қазір өндіріс немесе сервис саласында жұмыс істейтін кезкелген саясаттық басым бағыттарының бірі болып отыр. Мамандардың деректері бойынша, Ресейдегі өнімнің өзіндік құнындағы энергия шығынының үлесі 30-40% жетеді екен, бұл батыс еуропалық елдердікіне қарағанда біршама жоғары. Мұндай жағдайдың негізгі себептерінің бірі ескірген энергияны шығын ететін технологиялар, жабдықтар мен приборлар болып табылады. Осындай шығындарды азайту бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны айқын.

Еуропалық сарапшылардың деректері бойынша, өнеркәсіпте жыл сайын орташа қозғалтқыш тұтынатын электр энергиясының құны оның құнынан 5 есеге артып түседі екен. Осыған орай, электржетектерді қолданатын жабдықтарды оңтайландырудың қажеттілігі даусыз.

Энергияны үнемдеу режимі уақыттың бір төменгі жүктемемен жұмыс істейтін механизмдер үшін өзекті әсіресе конвейерлер, сорғылар, желдеткіштер және т.б. Электр энергиясы шығынын азайтумен қатар, электржетектерді қолданудан келетін экономикалық тиімділікке электротехникалық және механикалық жабдықтардың жұмыс ресурсын арттыру арқылы қол жеткізіледі, бұл қосымша артықшылық болып табылады. Осындай энергияны жинақтайтын электржетектер мен автоматтандыру құралдарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың көбісінде және ТКШ саласында да енгізуге болады: лифтер мен желдеткіш қондырғылардан бастап.

Электр энергиясын ұтымды пайдаланудың басқа да жолдары бар және тек қана өндірісте емес, тұрмыста да. Энергияны үнемдеу эффектісі жарық қажет кезде автоматты түрде қосылуына негізделген. Күндіз, жарық деңгейі жоғары болатын кезде, жарық сөніп тұрады.

Сөйтіп, энергияны жинақтайтын технологиялар бірнеше міндеттерді бірден шешуге: энергоресурстардың айтарлықтай бөлігін үнемдеуге, отандық ТЭҮ қиындықтарын шешуге, өндіріс тиімділігін арттыруға және осы мақаламызды бастағандай, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан, оларды кең көлемде енгізу бұл уақыттың еншісіндегі ғана дүние емес: табиғатпен есеп айырысуымызға тура келетін сәт жетті.

Энергияны үнемдеу бағдарламасын жасаудың негізгі кезеңдері

Энергияны үнемдеудің негізгі бағыттары:

–Энергоаудит. Ұйымның энергетикалық тексерісін өткізу.

–Энергияны есепке алу. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы энергоресурстарды есепке алдың орталықтандырылған жүйесін енгізу.

–Энергияны тұтынуды реттеу. Энергоресурстарды тұтынуды өндіруші көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі реттеу жүйесін енгізу;

–Өнеркәсіптік желдеткіш қондырғыларды қайта құру;

–Отын және электрлік пештерін модернизациялау;

–Энергетикалық жабдықтарды модернизациялау.

Бағдарламаны сәтті орындап, ары қарай дамыту үшін ең лайықты құрал әлемді тәжірибеде кеңінен қолданылатын жобаларды басқару болып табылады [16,17,37,25].

Бағдарлама алға қойған басымдылық бағытындағы оның қатысушыларының мүдделерін үйлестіруге мүмкінді беретіндей жағдайлар жасауы керек. Ол қиындықтар мен жобалардың түрлі статусы бар көп жобалы орта болып табылады: шұғыл әрекетті қажет ететін маңызды мәселелер; қосымша жұмысты қажет ететін мәселелер; тұрақты жоспарлау барысында шешілетін мәселелер; аумақтық, аудандық, қалалық, салалық жобалар, жеке кәсіпорындардың жобалары және т.б. Сондықтан алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін, құрылымы кәсіпорынның энергия үнемдеуінің нормативті-құқықтық базасын қалыптастыруда жасалып, оңтайландырылатын басқару жүйесі қажет.

Энергоаудит.

Энергетикалық тексеріс (энергоаудит) энергоресурстарға шығындарды тез әрі тиімді азайтудың, өндірістік емес шығындарды қысқарту немесе мүлдем жол бермеудің, өндіріс технологиясын оңтайландыру немесе алмастырудың жолдарын анықтау мақсатында өткізіледі. Ол тауарлар мен қызметтің нарығындағы бәсекелестік күрестегі сапалы ұмтылыс үшін тиянақты база, трамплин бола алады.

Энергияны тұтынуды азайтудың үш тәсілі бар:

– Энергоресурстарды тиімсіз пайдалануға жол бермеу;

– Энергоресурстардың шығын жою;

- Энергоресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру.

Энергоаудитті шартты түрде негізгі төрт кезеңге бөлуге болады:

– Кәсіпорынмен танысу, қажетті ақпаратты үнемдеу және талдау, тексеріс бағдарламасын құрастыру. Осы кезеңде жұмыс көлемі және оны өткізу мерзімі нақтыланады.

– Кәсіпорынды тексеру. Соның ішінде: барлық энергоресурстар бойынша тиянақты баланс жасау, энергоресурстардың негізгі тұтынушыларын және тиімсіз шығынның «ошақтарын» анықтау; қажетті сынақтар және аспаптық өлшемдерді өткізу.

– Энергия үнемдеу жобаларын және іс-шараларды жасау. Оларды енгізудің техникалық және экономикалық тиімділігін анықтау. Кәсіпорынның Энергия үнемдеу бағдарламасын қалыптастыру;

– Кәсіпорынның энергетикалық тексеру мен энергетикалық паспорты бойынша есеп толтыру. Жұмыс нәтижелерін презентациялау.

Нормативті-құқықтық базада бағдарламаны жасау кезінде ескерілуі тиіс нормативті-құқықтық актілердің бірінші кезектегі тізімі қарастырылған.

Энергия үнемдеу бағдарламасының бірінші бөлігі – бағдарламалық блок, оған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар, энергия үнемдеу саласындағы жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі, сондай-ақ жоғары энергетикалық тиімділіктің демонстрациялық аймағын құрудың бірінші кезектегі объектілерінің тізімі кіреді.

Бағдарламалық блокты құрудың басты ерекшелігі оның негізінде Энергия үнемдеудің және кәсіпорынның Энергия үнемдеу бағытын тиімдеу негізінде жылдық нақтыланған бағдарламасын жасаудың мүмкіндігі болып табылады.

Ақпараттық-танымдық блокта осы әрекеттің негізгі екі түрі қамтылған: энергия үнемдеу бойынша барлық деңгейдегі мамандарды дайындау және қайта даярлау, энергия үнемдеу идеясын насихаттау.

Энергия үнемдеу бағдарламасының негізгі принциптері:

–шығару және өндіріс көлемін арттыруға қарағанда отын және энергияны пайдалану тиімділігін арттырудың артықшылығы;

–отын және энергияны тұтынушылар, жеткізушілер мен өндірушілердің мүдделерінің үйлестігі;

–отын және энергияны шығару, өндірісі, өңдеу, тасымалдау және пайдаланудың экологиялық талаптарын орындауды қамтамасыз етудің бірінші кезектілігі;

–өндіретін немесе өздері жұмсайтын энергетикалық ресурстарды заңды тұлғалардың есепке алуының, сондай-ақ, учета жеке тұлғалардың алатын энергетикалық ресурстарын есепке алудың міндеттілігі;

–отын-энергияны тұтынатын, энергия үнемдеу және диагностикалық жабдықтардың, материалдардың, конструкциялардың, көлік құралдарының, сондай-ақ, энергетикалық ресурстардың сертификациясы;

–энергетикалық ресурстардың өндірушілері мен жеткізушілерінің ұтымды технологияларды пайдалануға деген қызығушылығы;

–өзіндік қаражат есебінен немесе қайтымды негізде бағдарламаның шараларын жүзеге асыру.

Кәсіпорынның энергия үнемдеу бағдарламасының негізгі мақсаттары болып табылады:

кәсіпорын өнімінің бірлігіне энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру;

–отын, жылу және электр энергиясына төлемдерді қысқарту есебінен қаржылық жүктемені азайту;

кәсіпорынның қаржылық жағдайын энергоресурстар үшін төлемді қысқарту есебінен жақсарту, сәйкесінше, облыс бюджетін салықтық түсімдермен қосымша толтыру.

Бағдарламаның мақсатына ұтымды технологияларды ендіру және өндірістің тиімді қаржылық–экономикалық механизмдерін жасау, энергетикалық ресурстарды тасымалдау мен тұтыну, энергия үнемдеу бойынша шараларды өткізу, есепке алу жүйесін енгізу арқылы қол жеткізіледі.

15- ДӘРІС

Тақырып: - Жетілдірілген энергия үнемдегіш жүйелер және жабдықтар