Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

атерлі ісікке арсы олданылатын дрілік заттар

.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
49.41 Кб
Скачать

Қатерлі ісікке қарсы қолданылатын дәрілік заттар.

Ісікке қарсы дәрілік заттар – қатерлі ісікті емдеуге қолданылатын синтездік не табиғи дәрілік заттар тобы. Қазіргі кезде 60-тан астам І. қ. д. з. бар. Оларды: алкилді қоспалар, антиметаболиттер, ісікке қарсы антибиотиктер және өсімдіктерден алынған дәрілер деп бөледі. Алкилді қоспалар ісік клеткаларындағы белоктарда және нуклеин қышқылдарында хим. реакция жүргізіп, олардың тіршілігін бұзады. Соның нәтижесінде ядроның бөлінуі тоқтайды. Мұндай дәрілер қатарына кармустин, ломустин, семустин,нитрометиомочевина, стрептозоцин, тио-тэф, бензотэф жатады. Антиметаболиттерге жататын 5-фторурацил, метотрексат, 6-меркаптопуриннің хим. құрылысы клеткадағы алмасу процесін жүргізетін күрделі заттарға өте ұқсас, сондықтан олар клеткадағы нуклеин қышқылымен оңай қосылады. Антиметаболиттер онкологияда асқазан-ішек жолдарындағы, аналық бездегі, өкпе және өңештегі ісіктерге және қан рагына қарсы қолданылады. Ісікке қарсы антибиотиктер ісік клеткаларындағы нуклеин қышқылының тіршілігін бұзады. Мұндай дәрілерге адриамицин, блеомицин, блеомицетин жатады. Өсімдіктерден алынған дәрілер кейінгі кезде өкпе қатерлі ісігіне қарсы жиі қолданылады. Бұларға: винкристин, винбластин, тенипозид, этопозид жатады. Бұл дәрілік заттардан басқа ферменттер мен гормондардан дайындалатын препараттар да кеңінен қолданылады. Бұл дәрілік заттардың әсері ісіктің көлеміне байланысты. Ісік неғұрлым кішкентай болса, дәрінің шипалық қасиеті соғұрлым жоғарылайды. І. қ. д. з. ісік клеткаларының көбеюін тоқтатады. Бірақ бұл дәрілер кейде сау клеткалардың көбеюіне де, әсіресе қан түйіршіктерін түзетін органдарға, ішектің, терінің эпителий клеткаларына әсер етеді. Мұнымен қатар олар жүректі айнытып, құстыруы, науқастың тәбетін кемітуі, іш өткізуі, қан құрамын өзгертуі мүмкін. І. қ. д. з-ды қолданғанда дәрінің белгілі мөлшерін бергеннен кейін біраз уақытқа үзіліс жасап, кейін тағы қайталайды. Қазіргі кезде бір немесе бірнеше дәріні бірінен соң бірін қолданатын полихимиотерапия әдісі де жақсы дамып келеді. Ісік ауруларына қарсы дәрілік заттармен бірге әр түрлі басқа емдеу тәсілдері де қолданылады; қ. Сәулемен емдеу.

Қатерлі ісікке қарсы қолданылатын дәрі. Жіктелуі. Жағымсыз әсері

Өспеге қарсы белсенділігі бар антибиотиктер:Антиномициндер дектиномицин.Антрациклиндер-рубомицин, доксорубицин, карминомицин.Флеомицининдер-блеомицин, блеомицитин.Ауреол қышқылының туындылары-оливомицин.Әртүрлі химиялық қосылыстар-брунеомицин, митомицин.

Жағымсыз әсері.Бастомаға қарсы көптеген дәрілік заттар олардың қолдануын шектейтін бірқатар жанама әсерлер шаырады. Бұл асқынуларды қандай да бір дәрежеде жою үшін немесе олардың алдын-алу үшін, ісік ауруларының химиотерапиясында қолданылатын, көмкші заттардың толық кещені қолданылады. Әдетте цитотоксикалық заттарды қолданғанда қатерлі жанама және уытты әсерлермен қатар жүреді. Бұл кезде, әсіресе белсенді пролиферацияланатын тіндер (сүйек кемігі, ішектің шырышты қабаты) күшті зақымдалады. Көптеген дәрілер жыныс бездеріне де жағымсыз (ұрықсыздану шақыруы мүмкін) етеді.

Операциядан кейін, тіпті ең радикалды және өткізілді қатерлі ісік ерте сатысында, сондай-ақ, дене жоқ, ешқандай кепілдік жоқ, консервіленген немесе ісік жасушалары пайда жоқ. Олар сирек Тіпті егер, Науқасқа операция бір қалдыру береді. Ол біраз уақыт, және ісік өтеді қайтадан пайда болады. Осылайша, хирургия хабардар мүмкін емес Аурудың қайталану, ол ауру және оның салдары бағытталған, себебі. Жаңа ісік қалыптастыруға алдын алу тек оның себебін жоя алады себептері хирургия сенімді болуы мүмкін бастап қатерлі ісік шипасы, ол міндетті қосымшасы болып радиациялық терапия және химиотерапия (ісікке қарсы антибиотиктер қолдану, гормоналды препараттар, өсімдік текті соавт кейбір заттар.). Алайда, бұл әдістері әдетте дененің қорғаныс кедергі және олардың ынталандырылуы керек. Сондықтан, онкологиялық науқастарды емдеу керек мүмкіндік беретін, сол денсаулығына әсерін қамтиды ұмытпаңыз иммундық жүйесін нығайтады.

Ісік - бүкіл организмнің ауру. Бұл бұзылулар туындаған мүшелер мен жүйелердің, терең метаболикалық бұзылыстар. Сондықтан, қатерлі ісік емдеу ескере алуан алады тұтас көзқарас болуы тиіс бүкіл осы қорқынышты аурудың жетекші туғызады.

Қазір құрамында химия, фармакология, биология және фар­мацевтика салаларына бағытталған 13 ғылыми-зерттеу бөлім­дері бар біздің холдинг Елбасының жеке қолдауымен құрылған болатын. Отандық бірегей фитопрепараттарды кешенді түрде биологиялық белсенді заттардан іздестіруден бастап, дәрілік шикізатты өсіру, оларды өңдеп, жаңа фито­пре­па­рат­тардың дайын дәрілік түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіп­тік мөлшерін шығаруға дейін жеткізу жұмыстарын 159 ғылыми қызметкер, соның ішінде 1 академик, 17 ғылым докторы мен 38 кандидаты жүргізеді. Аталған бағыттағы іргелі зерттеулерді іске асыру ба­ры­сында Қазақстан өсімдіктерінің 494 түрі зерттелді. Бұлардан 2 мыңнан астам табиғи қосылыстар бөлініп, теңдестірілді. 1 мыңға жуық жаңа туындылар синтезделді.

Холдинг базасында республикалық биологиялық белсенді қосылыстардың және дәрілік заттардың стандарты үлгі­лерінің банкі жұмыс істейді. Ол шетелдік компаниялардың инвестиция­ларын тартуға ықпал етіп келеді. Бүгінде 43 фитопрепарат шығарылады, атап айтқанда қатерлі ісікке қарсы қолданылатын «Арглабин», «Салсоколлин», «Саусалин» тәрізді дәрілер алысқа аян. Бірқатары шет елдерде тіркеуден өтті. «Арглабиннің» шипалық қасиеті Германиядағы «Леонардис Клиник», АҚШ-тың Хьюстон штатындағы «Нью Онколоджи Лабз», Мәскеудегі Н.Н.Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталық­тарында дәлелденді. Бүгінге дейін оның көмегімен 2500-ден астам адам емделіп, клиникалық қолданыста 76 пайызда оң тиімділік берді. Қазір тықыр жусан өсімдігінен алынған сесквитерпенді лактон субстанциясы негізінде тамыр жүйесі арқылы жіберуге арналған лиофилденген түрі де шығарылуда.

Холдингтің басты ғылыми даму бағыттары табиғи өсім­дік шикізатын зерттеу, олардың негізінде жаңа дәрілік материалдар мен препараттар алу, халықаралық GMP стандарт­тарының талаптарына сай дәрілік препараттар өндірісі үшін ғылыми технологиялар мен техника жасау бойынша тә­жірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын жүргізу, өндіріске енгізу, республиканың химия, фармацевтика, медицина салаларына жоғары білікті мамандар даярлау болып табылады.

Мемлекет басшысының жеке тапсырмасымен бәсекеге қабілетті бірегей фитопрепараттар өндіретін кешеннің бірінші кезегі бұдан алты жыл бұрын іске қосылса, одан кейін екінші кезегі де жұмыс істей бастады. Мұнда ампула жасау, сублима­ция­лық кептіру цехы, дәрі-дәрмек сапасын бақылау зертханасы құрылды. Сонымен бірге, экстракциялау және дәрілік заттар субстанцияларын синтездеу өндірісі қатарға қосылды. Сөйтіп, бүгінде сыртқы рынокта да өтімді дәрілік түрлерінің жылына 2 миллион ампуласы, 150 миллион таблеткасы, капсулалары, 2 миллион жұмсақ түйіршіктері шығарылады. Қарағандының жанындағы 1500 гектар жерге дәрілік шикізаттар егіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне қа­рағанда, әр елдің дәрілік қауіпсіздік стратегиясын қамта­ма­сыз ету үшін ішкі нарықта отандық фармацевтикалық өнім­нің кө­лемі кем дегенде 20 пайыз болу керек. Бізде жергілікті өндірушілер үлесі әзірге 10 пайызды құрап отырғандығы белгілі. Елбасының 2014 жылға дейін дәрілік препараттар­дың 50 пайызын отандық өндіріс негізінде пайдалана алуға қол жеткізу тапсырмасын орындау жолында көшбасшылық орынды сақтап, нығайтуға барынша күш салып келеміз. Бұл ретте Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың облысқа жұмыс сапарының бірінде атқарып жатқан жұмыстары­мыз­бен таны­сып, фармацевтикалық өндірісті одан әрі дамыту үшін Үкі­метке Қарағандыда 30-дан астам кәсіпорын мен ғылым ошақ­тарын біріктіретін республикалық серпінді клас­терді құруды, экспортқа бағытталған фитопрепараттар өндірісін жасау және ұйымдастырудың ғылыми-техникалық бағдарламасын қалып­тас­тыруды тапсыруы ізденісімізге жаңа серпін берді десем, бүгінде дәрілердің қазіргі заманғы түрлері, атап айтқанда, нано­бөлшектер, капсулалар, жақпа майлар және суппози­тер­лер­дің соны технологиясы жасалуда.

Қазіргі кезде Қазақстанда онкологиялық аурудың әр түрлі этилогиясымен науқастанған 250 мыңнан астам сырқат бар. Сондықтан «Арглабинге» сұраныс жылына 5 миллион ампу­ла­ны құрайды. Бұл дәрі әлемнің 11 елінде патенттелген. Халық­ара­лық GMP cтандарттары бойынша бірегей фитопрепараттар өндірісін ұйымдастыру инновация­лық жобасы іске асырылуда. Соған сәйкес бәсекеге қабілетті дәрілік өнімдер өндірісі ассортиментін және көлемін ұлғайту жүргізілуде. Ғылыми ізденістер ауқымы кеңейіп келеді. Бір топ ғалым­дарымыз «Қазақстанда табиғи сесквитерпенді лактондар химиясы бойынша зерттеулерді дамыту, оларға ізденіс негізінде жаңа дәрілік заттарды жасау» ғы­лыми жұмысы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреттары атан­ды. Бүгінде «Саусалин», «Атеролид» препараттары клиникалық сынақтан өтуде.

Қорытып айтқанда, холдинг ұжымы заман талабына орай кластерлі кешен ретінде іргелі ізденістен бастап, қолданбалы зерттеулер нәтижесінде отандық дәрі-дәрмектерді өндіруде елеулі табыстарға қол жеткізуде. Ең ізгілікті іс – адамдар денсаулығын қорғап, сақтауға біліміміз бен тәжірибемізді барынша жұмылдыра бермекпіз.

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕСІ ОНКОЛОГТАР МЕН РАДИОЛОГТАРДЫҢ V СЪЕЗІНДЕ ҚОЗҒАЛАДЫ

Бұрын-соңды аты көп естіле бермейтін қатерлі ісік ауруының түрлері бүгінде алқымнан алып тұр. Жыл сайын дерттің бұл түріне шалдыққандардың да саны артуда. Сорақысы сол, ертеректе көбіне жасы қартаң тартқан адамдарда ғана кездесетін ауру жастарға да ауыз салған. Мамандардың соңғы кезде қатерлі ісіктің жасарып кеткендігін айтып дабыл қағуы сондықтан. 

Расында да, бұрындары «қатерлі ісікпен ауырады екен» дегенді құлағымыз шала бермейтін. Ал қазір үштің бірі осы дерттен көз жұмуда. Оған не себеп? Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігінен бе, әлде экологияның нашарлап кетуінен бе? Әлде бұрын мұндай деректер ашық жарияланбайтын ба еді? 

Ме­ди­ци­на тілінде «он­ко­ло­гия» гректің «қатерлі ісік» және «ілім» де­ген сөзін білдіреді. Ал «кан­цер» (рак не­ме­се обыр) терминін қолданысқа алғаш рет атақты ғалым Гип­по­крат енгізген. Ол обыр клеткаларының теңіз ша­я­ны сияқты адам денесіне жай­ы­ла та­рай­ты­нын анықтаған. Обыр клет­ка­сы адамның ба­сы­нан бақайшағына дейін кез­де­се береді. Тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лим­фа та­мыр­ла­ры арқылы ағзаның мүшелеріне та­рай­ды не­ме­се ба­ла­лай­ды. Сөйтіп бұл дерт жы­лы­на 20 мил­ли­он адамның өмірін жал­май­тын көрінеді. Яғни, әрбір жетінші адам осы обыр дертінен көз жұмады де­ген сөз.

Дүниежүзінде жыл сай­ын 10 млн. адамның осы дерт­ке шалдығатыны анықталса, олардың 8 мил­ли­о­ны бақилық болады екен. Ал елімізде 30 мыңға жуық науқастың қатерлі ісікке шалдыққаны анықталған. Қазір әлемде қатерлі ісікті емдейтін түрлі дәрі-дәр­мектер қолданысқа енуде. Бірақ олардың ешқайсысы обыр­ды 100 пай­ыз ем­дей ал­майтын көрінеді. Қатерлі ісікті кешенді түрде, атап айтқанда, хирургиялық тәсіл, сәулені қолдану мен химиялық те­ра­пия, сон­дай-ақ им­му­но­те­ра­пия арқылы ем­деу керек. Қатерлі ісіктің қаншалықты қауіпті екенін осы­дан-ақ аңғара беріңіз. 

Қазір әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісіктері, одан ке­йін ерлер мен әйелдерде өкпе, сосын асқазан, ал, төртінші орында тоқ ішектің қатерлі ісігі тұр. Негізі әр адам жы­лы­на бір рет денсаулығын тек­се­ру­ден өткізіп тұрғаны жөн. Өйткені ауру алғашында біліне қоймайды. Ісік әбден өсіп, айналасындағы ағзаларды қысып, ауыр­та бастағанда ғана сезіледі. Егер ауру ер­те, І-ІІ са­ты­сын­да анықталса, 80 па­йыз айығып ке­ту­ге мүмкіндік бар. Жа­сы 30-дан асқан әрбір адам тік ішегін, 40-тан асқан ер адам­дар жы­лы­на бір рет қуық ас­ты және қалқанша безін, өңешін, асқазанын, 35-тен асқан әйелдер 5 жыл­да бір рет жа­тыр мойнының ісігін, 50-ден асқан әйел-ана­лар екі жыл­да бір рет сүт безін міндетті түрде тексертіп тұруы ке­рек. Ауру­ды ер­те анықтап, са­па­лы ем жүргізсе, тез сауығып кетеді.  

 Қатерлі ісік не­ден пай­да бо­ла­ды? Жалпы ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, 30 пайыз жағдайда қатерлі ісіктің пайда болу қаупін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және шылым шегуден бас тарту есебінен алдын алуға болады. Өкпе қатерлі ісігінің 35 пай­ы­зы темекі ше­гу­ден пай­да бо­ла­ды екен. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпты зат – бен­зо­пи­рен бар. Күніне 20-30 та­лын шек­кен адам­да ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Со­дан ісік ту­ын­дай­ды. Бен­зо­пи­рен қуық қатерлі ісігін де ту­ды­ра­ды екен. Ал өңеш қатерлі ісігі (оны халқымыз қылтамақ деп атаған) тағамды – шай­ды, кофені, май­лы сор­па­ны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шай­на­май жұтудан, күйдірген май­ды бірнеше рет қолданудан пайда болатын көрінеді. Сүт безіндегі қатерлі ісік әйелдің жы­ныс мүшесінің со­зыл­ма­лы ауру­ла­ры, тұқымқуалаушылық, жиі күйзелу мен гор­мон­дар деңгейінің бұзылуынан бас­та­ла­ды. Міне, қай жағдайға қарасаңыз да қауіпті ісіктің ту­ын­да­у­ы­на өзіміз себепші бо­ла­ды екенбіз.

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «Онкологиялық аурулардың жыл сайын 30 мыңнан астам себебі пайда болады» деп мәлімдеген-ді. Оның айтуынша, онкологиялық аурулардың ерте сатысында тек 47,2 пайызы ғана анықталады. Министр ханым ұлттық онкотіркеуде 144 мың науқас тіркелгенін және әлем бойынша онкологиялық аурулар 5 пайызға өсіп тұратынын да айтты. Осылайша, елімізде бұл індеттің өршіп тұрғанын бас дәрігердің өзі мойындады. Ал мамандар аурудың дәл осы түрінің кең тарауын халықтың әл ауқатының төмендеп, жиі күйзеліске түсетінімен түсіндіреді. Яғни сарапшылар сөзіне сүйене еліміздегі онкологиялық аурулардың күрт өршуін халықтың әлеуметтік жағдайының тым нашар екенінің көрсеткіші ретінде бағалауға болады. 

Министрдің айтуынша, Қазақстан­дағы онкологиялық аурулар­дың өр­шіп тұрғанына бірнеше нақты себеп бар. «Ең алдымен онкологиялық ауру­­ларды емдейтін білікті маман­дардың аздығы, материалдық-техни­ка­лық базаның жетіспеушілігі, онко­логиялық және амбулаториялық-емханалық ұйымдардың аздығы, заманауи диагностикалық және емдік құрылғылармен жеткі­лікті жаб­дықтал­мағаны, ерте диагнос­тика­ның және онко­сақ­­тықтың халық­та да, дәрігерлерде де заманауи техно­логиясының жетіспеушілігі науқас­тар­­ды емделу үшін шет елге баруға мәжбүрлейді. Ол ол ма, сауықтыру көмектері мүлде жоқ», – дейді ол.

Араға он үш жыл салып Алматыда 29-30 cәуірде ха­лықаралық мамандардың қа­тысуымен өтетін онко­лог­тар мен радиологтардың V съезінде қатерлі ісіктің алдын алуға байланысты біраз мәселе көтерілмек. Бұл жөнінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиев: «Елбасы Жолдауында онкология саласына ерекше көңіл бөлген болатын. Со­ның нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі бес жылға арналған бағдарлама жасады. Үкімет оны бекітіп, 211 млрд. теңге бөлді. Бағдарламаның жұмыс жа­са­ғанына да екі жыл болды. Өт­кі­зілгелі отырған съезде бекі­тілген бағ­дарлама жұмы­сының нәтижесі айтылады және шетелдік мамандардың тәжі­рибесімен бөлісеміз, алмасамыз, жаңа­лықтарын еліміздің денсаулық сақтау саласына енгіземіз деп ойлаймын. Мұндай басқосу дәрігер ма­мандары­мыздың білімін, тә­жірибесін көтеру үшін аса қажет. Білімді, тәжірибесі мол маман науқастарға сапалы қызмет көр­сететіні анық», – дейді. 

Демек, Қазақстан онкологтары мен радиологтарының V съезіне жүктелген міндет көп. Оған елімізден және шетелден 500-дей жетекші маман қатысып, онкологияның мүмкіндіктері мен даму мәселелерін талқылап, тығырықтан шығар жолды бірлесіп іздемек. Аталған съезде ТМД елдері ассоциациясының президенті Михаил Давыдов, Қатерлі ісікпен күрес халықаралық одағының президенті Франко Кавалли және АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль елдерінен білікті ғалымдар келеді деп жоспарланып отыр.