Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Геморрагиялы шок

.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
167.42 Кб
Скачать

Жоспар:

Кіріспе

Геморрагия және шок туралы түсінік.

Негізгі бөлім:

1. Геморрагиялық шоктың келіп шығуы және себептері.

2. Геморрагиялық шоктың сатылары.

Қорытынды

Геморрагиялық шок кезіндегі шұғыл көмек.

Пайдаланылған әдебиеттер

Шок

Шок сөзіне нақты түсінік беру қиын. Себебі, медицинада бұл термин арқылы әр түрлі жағдайларда, әр түрлі себептерден келіп шығатын өзгерістер түсіндіріледі. Шок – бұл кездейсоқ жағдайларда жауап реакциясы ретінде пайда болатын патологиялық құбылыс. Шок жүйке жүйесінің, қан айналымының, тыныс алудың, зат алмасудың және басқа да ағза үшін маңызды функциялардың бұзылуымен сипатталады. Яғни, бұл зақымдалуға жауап ретінде компенсаторлы реакциялардың жұмысының бұзылуы. Қысқаша айтқанда, шок – ағзаның барлық функцияларының бұзылуы.

Геморрагия

Геморрагия ( haemorrhagia – қан + жырту) - қан кету, геморрагия. Қан ағу (геморрагия) дегеніміз: қанның жүрек қуысынан немесе қан тамырынан сыртқа шығып тіндерге жинақталуы. Қан кетудің үш басты себептері болады: І. Жүрек не тамыр қабырғасының жыртылуы; 2. Тамыр қабырғасының мүжілуі (аррозия); 3. Диапедез.

Қан тамырының жарылуы (жарақат, хирургиялық операция), атеросклероздық аневризма, артериялық гипертония ауруында артериолалардың фибринойдты некрозы да себеп болады. Ал массивті қан кету көбінесе, жүктілік кезінде кездеседі. Бұл қанның тұтқырлығының бұзылуынан болады. Және де аборт, дұрыс емес жүктілік те себеп бола алады.

Мұнда қан кетудің жылдамдығы мен көлемі үлкен мәнге ие. Мысалы, баяу қан кету барысында, тіпті үлкен көлемдегі қан ағудың өзі (1000-1500мл) аса қауіп тудыра қоймайды. Бұл жағдайда ағзада компенсаторлық механизмдер қосылады, гемодинамикалық бұзылыстар біртіндеп пайда болады және онша қауіпті болмайды. Керісінше, қарқынды қан ағу кезінде, тіпті аз көлемдегі қан кету бірден гемодинамикалық бұзылыстарға, артынша геморрагиялық шокқа алып келеді.

Қан шығынына қарсы адам ағзасындағы реакция екі түрлі: физиологиялық және патологиялық. Физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5% (250-350 мл) болып есептеледі. Мұндай қан шығыны кезінде адам ағзасында ешқандай өзгерістер болмайды. Егер адамда анемия болса физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,3% құрайды.

Ал патологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5-0,8% аралығында. Бұл мөлшердегі қан шығынында ағза әр түрлі реакциялар береді. Патологиялық қан шығыны компенсациялы және декомпенсациялы болып екіге бөлінеді.

Компенсациялы қан шығынының мөлшері орташа есеппен бүкіл қан көлемінің (ҚК) 10% (450-500 мл) болып есептелінеді. Адам ағзасы бұндай қан шығынын тез уақытта өзінің бейімделу қабілеттерімен жөндейді.

Негізгі бейімдеуші қабілеттері:

1. Қан тамырларының түйілуі, бұл бейімдеуші қабілет ағзада қан қысымын көпке дейін ұстап тұрады.

2. Ұлпалардағы, деподағы (бауыр, көк бауыр, жатыр көк еттері, т.б.) қандар және ұлпааралық сұйықтықтар тез қан тамырларына ауысып, қан көлемін толтыруға көмектеседі.

3. Жүрек соғуы жиіленіп, оның минуттік көлемі үлкейеді, осыған байланысты жүрек жұмысы да артады.

4. Жоғарғы жүйке жүйесінің, гипоталамус-гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері күшейеді.

Осы жоғарыда айтылған бейімдеуші қабілеттері ағзаның гомеостазын сақтап қалады. Сонымен компенсаторлық қан шығынында адам ағзасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Қан қысымы, тамыр соғысы өзгермейді.

Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлемінен 10% артық болса, оны декомпенсациялық қан шығыны дейді. Бұл жағдайда ағза өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілеттерін сақтай алмайды. Ағзада әр түрлі патологиялық құбылыстар, сонымен қатар геморрагиялық шоқтың белгілері пайда болады.

Геморрагиялық шок

Жиі жағдайларда геморрагия, яғни қан жоғалту геморрагиялық шокқа алып келеді. Геморрагиялық шок – жедел және массивті қан кетудің әсерінен болады. Адамның 1 литрден астам қан жоғалтуы осы геморрагиялық шокқа алып келеді.

Адам ағзасында қан шығынына қарсы пайда болған патологиялық өзгерістерді геморрагиялық шок дейді. Бұл өзгеріс қан көлемінің кенет азаюынан, маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуынан пайда болады. Бұл құбылыстың негізгі себебінің бірі – қан көлемінің қан тамырларының мөлшеріне сәйкес келмеуі. Басқа да себептері бар: жарақаттар; суицидті жағдайларда (тамырларды кесу); жатырдан тыс жүктілік, жатыр түтігінің жыртылуымен асқынған; көкбауырдың жыртылуы; асқазан жара ауруы кезінде қан кету және т.б. көп жағдайларда шоктың патогенезі қан жоғалтудың жылдамдығына байланысты болады. Клиникасы айқын, пульсі жіп тәрізді жиілейді, жүрек тондары әлсірейді, артериялық қан қысымы төмендейді, олигурия болады.

Геморрагиялық шоктың негізгі симптомдары: тері жабынының және шырышты қабықтардың бозаруы, тахикардия және артериалды гипотония.

Геморрагиялық шок төрт сатыдан тұрады, олардың белгілері төмендегі кестеде көрсетілген.

Саты-лары

Клиникалық белгілері

Қан шығыны, айналымдағы қанның көлемі, %

І

Ағзаның жалпы жағдайы өзгермейді. Қан қысымы с.б.б. 100 астам. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Тамыр соғысы минутына 80-90.

15% дейін ( 750 мл)

ІІ

Ағзаның жалпы жағдайы орташа, басы айналып, көзі қарауытады. Дене, бет терілері бозарады. Қан қысымы с.б.б. 80-90 мм. Тамыр соғысы минутына 110-120.

25% дейін (1200 мл)

ІІІ

Ағзаның жалпы жағдайы өте ауыр, есінен танып, дене терілері өте қатты бозарады, дене ыстығы төмендейді. Қан қысымы с.б.б. 60-70 мм. Тамыр соғысы минутына 130-140 дейін әлсірейді. Зәрі азаяды (олигурия).

30-40% дейін (1200-2000 мл)

ІҮ

Адам ес-түсінен айырылады. Қан қысымы, тамыр соғысы анықталмайды. Жүрек қағысы әлсіреп, дем алуы төмендейді. Зәрі тоқталады (анурия).

40% артық (2000 мл артық)

 

Ағзаның жағдайын анықтауда «шокты индекс» көмектеседі. «Шокты индекс» – тамыр соғуының систолалық қан қысымына қатысы. Әдетте, тамыр соғысы бір минутта 60, ал систолалық қан қысымы с.б.б. 120 мм болады, ал шокты индекс 0,5-ке тең. ҚҚ 20-30% болған жағдайда шоктік индекс 1,0 тең. Егер ҚҚ 30-35% жетсе, шоқты индекс – 1,5 тең болады.

Геморрагиялық шок диагностикасы

-пульс жиілігін тексеру;

-артериялық қан қысымын тексеру;

-жоғалтқан қан мөлшерін анықтау;

-науқастың жағдайын бақылау.

Геморрагиялық шоктың алдын-алу

-қан кету кезінде шұғыл әрі дұрыс көмек көрсету;

-қан ауруларымен ауырғанда дәрігердің тағайындауларын орындау.

Инфузиялық терапия

Геморрагиялық шок кезіндегі шұғыл көмек.

Геморрагиялық шок кезінде алдымен жедел жәрдем шақыру керек. Жедел жәрдем көлігі жетіп келгенге дейін қан кетіп жатқан жерді анықтап, қанды тоқтату керек. Мүмкін болса, науқастың аяғын жоғары көтеру керек – қан миға және жүрекке көбірек құйылуы үшін. Содан кейін, ағзадағы сусыздықтың алдын-алу үшін кристаллоидтар мен коллоидтар енгізу қажет (реопоглюкин, полиглюкин, трисоль). Және де тыныс алудың және жүрек жетіспеушілігінің алдын-алуға әрекет жасау керек. Науқас есінен танбаған болса, тәтті шай ішкізіп тұру керек.

Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар тізімі:

Колб Л.И., Леонеович С.И., Яромич И.В. Общая хирургия. Минск, 2008ж

Грицук И.Р. Хирургия. Минск, 2004ж

studopedia.org

medkarta.com

stomport.ru