Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_epidemiologia.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
456.7 Кб
Скачать

Жеке эпидемиология. Ішек инфекциялары. Жалпы сипаттамасы.

Ішек инфекциялары тобына көптеген антропоноздыжәне табиғи-антропургиялық инфекциялық аурулар кіреді, олардың қоздырғышы бактериялар мен вирустар болып табылады.

Антропонозды ішек инфекциялары: іш сүзегі, дизентерия, тағам токсикоинфекциялары, тырысқақ, ботулизм, полиомелит, вирусты А, Е гепатиттері

Табиғи-антропургиялық ішек инфекциялары:сальмопеллез, парасүзек В, кампилобактериоз, ішек ирсионозы, бруцеллез, лентоспироз, листериоз.

Вирусты ішек инфекциялары: полиомиелит, вирусты А, Е гепатиттер ротавирусты инфекция.

Бактериалды инфекциялар: іш сүзегі, дизентерия, ботулизм, тырысқақ, бруцеллез, иерсиниоздар, пастареллез, лептоспироз, листериоз.

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары нәжіс-ауыз механизмімен беріледі, таралу жолдары әр түрлі. Таратушы факторларына нәжіспен ластанған тағам өнімдері, су, тұрмыста қолданатын заттар және сыртқы обьектілері жатады. Ішек инфекцияларының өршулері жаз-күз айларында көбейеді, бұл мезгілде негізгі тағам мен су арқылы берілу жолдарының белсенділігі артады. Вирусты А мен Е гепатиттерінің күз айларында өршуі ұсақ малдардың төлдеуімен, жүн қырқумен байланысты.

Эпидемиялық процестің ағымы мен көріністері әлеуметтік және табиғи факторларға тәуелді, яғни санитарлық-гигиеаналық жағдайға, халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайға халықтың санитарлық сауаттылығына, өндірістік және тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты.

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары өте төзімді болғандықтан организмнен тыс қоршаған ортада ұзақ сақталу қабілеті дамиды, кейде көбеюі де мүмкін.

Ішек инфекцияларының өршуі алдында әр топта әр түрлі алғы белгілер байқалады, бұл судың санитарлық-бактериологоиялық көрсеткіштерінің нашарлауы, талаптарға сай келмейтін сүт тағамдарының көбеюі, су құбыры немесе канализация жүйесінде бұзылыстардың болуы, ауруханаларда шартты-потогенді микробтардың көбеюі, бактерия тасымалдаушылардың көп анықталуы.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің басты мақсаты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды дер кезінде бағалау болжам жасау және тиімді алдын алу шараларын ұйымдастыру. Антропонозды ішек инфекцияларында негізінен санитарлық-гигеналық шараларды, зоонозды инфекцияларында санитарлық-ветеринарлық шараларды дер кезінде ұйымдастыру тиімді нәтиже береді.

Іш сүзегі

Іш сүзегі- нәжіс – ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, аш ішектің лимфа жүйесін зақымдап, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы улану қайталанатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыратын сальмонелла бактериясының (Salmonella typhi) әсерінен болатын антропонозды бактериалды инфекциялық ауру.

Қоздырғыштың эпидемиологиялық сипаттамасы. Іш сүзегінің қоздырғышы Salmonella typhi – сальмонеллалар туыстығына жататын, морфологиясы ұқсас, екі шеті дөңгелектеген, спора түзбейтін қысқа талшықты грамтеріс таяқшалар. 3 антигендері бар: соматикалық О-антиген, верулентті Vi және талшықты Н-антиген.

Іш сүзегі таяқшалары қоршаған ортада төзімді: топырақта, суда 1-5 айға дейін, нәжістерде-25 күнге дейін, төсек жабдықтарында-14 күнге дейін сақталады. Тамақ өнімдерінде бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін сақталады, әсіресе сүтте, туралған етте, сааттарда, тағамдарда температура 18 ° С жоғары болса көбеюі де мүмкін. Дезинфекциялық заттар (хлорамин) әсерінен бірнеше мин. кейін өледі, бірақ нәжіс-хлорамин (1:1) ортасында тек 1 сағатқа дейін өлдеді. Өзендегі мұзда іш сүзегі қоздырғышы қыстап шығуы мүмкін. Жоғары температура әсерінен мәселен, 60°С градуста-30 мин., 90°-100°С градуста бірден тез өледі. Күн сәулесі, ультра күлгін сәулелері әсерінен бірнеше сағатта өледі. Іш сүзегі ауруының клиникалық ағымын Гиппократ зерттеген және «typhos» - деп атаған, «түтін», «тұман», «қызба» мағынасын білдірген Salmonella typhi қоздырғышын 1880 жылы К.Эберташқан, Ф.Видаль агтлютинация реакциясын енгізген.

Патогенезі және клиникасы. Іш сүзегі қоздырғыштары организмге су, тамақ өнімдерімен түседі. Лимфа түйіндерінде жиналған қоздырғыштар қанға өтеді- бактериемия кезеңі – аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Аурудың екінші аптасында бөртпелер пайда болады. Эпидемиологиялық тұрғыдан екінші ошақтардың өт жүйесінде және зәр шығару жүйесінде орналасуы өте қауіпті, өйткені бактериялар нәжіспен, зәрмен үнемі шығарылып тұрады. Инкубациялық кезең 7-23 күн (орташа 14 күн).

Клиникалық белгілері 4 кезеңге бөлінеді:

  1. Бастапқы кезең – әлсіздік, беймаздану, қалтырау, дене қызуы 39°-40°С градусқа дейін көтеріледі.

  2. Аурудың қызу кезеңі – интоксикация, розеолалы бөртпелер, галлюцинация, іштің өтуі, ішектен қан кету, ішектің жарылуы, перитонит.

  3. Клиникалық белгілерінің азаюы, дене қызуының қалпына келуі.

  4. Жазылу кезеңі.

Іш сүзегінен өлім-жітім 0,3% құрайды.

Инфекция көзі. Іш сүзегінің инфекция көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Созылмалы тасымалдаушылар 3 айдан астам және өмір бойы қоздырғышты бөліп шығаруы мүмкін немесе белгісі жоқ формада өтеді.

Эпидемиологиялық тұрғыдан іш сүзегінің инфекция көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушылары жеңіл формадағы атиптік формадағы науқастар қауіпті өйткені олар аурудың белгілері болмағандықтан уақытылы емделмейді, жекешеленбейді, қызметтік міндеттерін жалғастырады, тамақтану, сумен қамтамасыз ету мекемелерінен аластатылмай қалады. Ал жіті түріндегі науқастар қоздырғышты көп мөлшерде 1-5 апта ішінде бөліп шығарады, уақытылы дәрігерлік көмекке келетіндіктен ерте жекешеленіп, толық емделіп шығады.

Беріліс механизмі. Іш сүзегінің беріліс механизмі – нәжіс – ауыз механизмі.

Берілу жолдары:

  • Су арқылы;

  • Тағам арқылы;

  • Тұрмыстық қатынас және қолданылатын заттар.

Берілу факторлары: су, тағам өнімдері, тұрмыстық заттар, микробтармен ластанған кір қолдар, шыбындар. Инфекцияның берілу жолдарына және таратушы факторларға байланысты эпидемиялық процесс су типті, тамақ типті, тұрмыстық типті болып бөлінеді.

Су типтісумен байланысты эпидемиялық прцесс орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған су жүйелерінің бұзылыстарынан, судың нәжіспен ластануынан, судың сапсының нашарлануы мен суды қолданатын халықтың санынан байланысты. Су көздеріне, сумен қамтамасыз етуіне байланысты су құбырлық, құдықтық, бұлақтық, өзендік, арықтық өршулер кездеседі. Су құбырлық өршулер су құбырында, суды алу, тазарту жүйесінде бұзылыстар немесе су тарату жүйесінің тексеру құдықтары дұрыс жабылмаса су үзіліспен берілетін болса, су жүйесінде қысым өзгеріп тұрса орын алуы мүмкін.

Сумен байланысты өршулерде сырқаттанушылық бірден күрт өседі және негізгі судың ластану себебі жойылғаннан кейін сырқаттанушылықта күрт төмендейді. Бірақ, кейбір жағдайларда тұрмыстық факторлардың қосылуынан эпидемияның жалғасуы бірнеше уақытқа созылуы мүмкін.

Ашық сулармен байланысты өршудің (арық, өзен сулары) ауырлығы судың ластану деңгейінен және қанша адам суды қолданатындығынан байланысты. Егер сырқаттанушылық өзен суымен байланысты болса, онда өзенге жақын аймақта тұратындар ауырады, өршулер жаз айларында көбейеді, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ауырады.

Сумен байланысты өршулердің негізгі белгілері:

  1. Науқастарда іш сүзегінің түрлі фаготиптері анықталады.

  2. Көбіне орташа ауыр және жеңіл түрінде өтеді.

  3. Өршу бір инкубациялық кезеңнен астам уақытта таралады.

  4. Өршу алдында жіті ішек аурулары көбейді, судың сынамасында жалпы микробтар саны мен патогенді микрофлора көбейеді.

  5. Іш сүзегі бойынша қауіпті аймақтарда таралады

  6. Бір аймақтың ішінде, бір белгілі су көзімен байланысты болады.

Тағаммен байланысты өршулерде негізгі берілу факторлары: сүт және сүт өнімдері, қаймақ, ірімшік, балмұздақ, ет өнімдері, туралған ет (фарш), балық, жеміс-жидек, салаттар.

Тағаммеен байланысты өршулердің белгілері:

  1. Науқастардан іш сүзегінің бір фаготиптері анықталады.

  2. Ауыр және орташа ауыр түрінде өтеді.

  3. Ауру бір инкубациялық кезең ішінде таралады.

  4. Бір тағаммен байланысты болады

  5. Тағамдарда қоздырғыштар көбейеді.

  6. Сүтпен байланысты өршулерде көбіне балалар ауырады, өйткені олар сүтті және сүт тағамдарын жиі қолданады.

Іш сүзегінің таралуы тұрмыстық заттармен байланысты болса сырқаттанушылық кездейсоқ түрінде немесе тұрмыстық жағдайы нашар жанұялық ошақ түрінде таралады. Таратушы фактор ретінде ластанған ойыншық, ыдыстар, асхана заттары, есік тұтқалары, төсек жабдықтары болуы мүмкін. Іш сүзегінің шыбындар арқылы таралуы санитарлық жағдайдың нашарлауы, тұрғылықты аймақты тазарту деңгейіне байланысты.

Эпидемиолгиялық ерекшеліктері: Іш сүзегі барлық жерлерде таралған ауру, сырқаттанушылық деңгейі түрлі елдерде әр түрлі және халықтың санитарлық, әлеуметтік жағдаымен тығыз байланысты. Жаз, күз айларында сырқаттанушылық күрт көбейеді. Барлық жастағылар бірей ауырады, бірақ балалар, жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.

Диагностикасы: 1. Клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық анамнез.

2. Бактериологиялық әдіс: нәжіс, несеп, өт, қанды, тексеру.

3. Серологиялық әдіс: Видаль реакциясы, ГАТР, ИФА, РИФ.

Гемокультура әдісі – қанды бактериологиялық зерттеу ең басты және ерте, нақты нәтиже беретін диагностикалық әдіс болып табылады. Серологиялық әдістің тиімділігі 90-95%.(55,56-сурет)

Алдын алу шаралары. «Іш сүзегі мен парасүзегі ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Іш сүзегін алдын алу шаралары 3 бағытта жасалады:

  1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар.

  2. Беріліс механизміне бағыттыалған шаралар.

  3. Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар.

Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Инфекция көзі – науқас адамды ерте анықтау, міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызып емдеу қажет. Науқастар ауруханадан антибиотикпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 3 реттен кем емес нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруден өткізгеннен соң, қызбасы 21 күн қалыпты болғанда шығарылуы тиіс.

Диагнозы қойылмаған науқастар, денеқызуы 3 және одан да көп күн көтерілгендер іш сүзегіне тексерілуі тиіс.

Бактериологиялық және сериологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған жағдайлар бактерия тасымалдаушы ретінде қарастырылуы тиіс, оларға емдеу жүргізу, есепке алу, медициналық бақылау белгілеу керек. Тасымалдаушылықты анықтау үшін диспансерлік бақылау (сауыққан адамдарға) және алдын алу тексерулер («декреттелген топ жұмысқа тұрар алдында және жыл сайын) жасалады.

Созылмалы тасымалдаушылар СЭҚБ тіркекуге алынады су, тағам, балалар мекемелеріне, яғни эпидемиологиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан босатылады.

Беріліс механизміне бағытталған шаралар. Іш сүзегін алдын алуда ең маңызды санитарлық-гигиеналық шаралар болып табылады:

  1. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету, су көздерінің санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін қадағалау, су құбырлары мен су тарату жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын қадағалау.

  2. Қалдық суларды су қоймасына жіберер алдында тазарту, залалсыздау.

  3. Тұрғылықты жерді уақытылы тазарту, қалдықтарды уақытылы шығару, жою, әжетханаларды тазарту.

  4. Тағам өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау, сақтау, тарату, қолдану барысында санитарлық қадағалау.

  5. Көпшілік тамақтандыру орындары және балалар мекемелерінде эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын қадағалу.

  6. Жеке бас гигенасын сақтау.

  7. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Қабылдағыш организмге бағытталған шаралардың негізі – белсенді иммунизациялау. Ошақта науқаспен қатынаста болған адамдар 21 күн медициналық бақылауға алынады, күнделікті дене қызуын өлшеу, сыртқы терісін бөртпелерге тексеру, бактериологиялық, сериологиялық әдістермен тексеру, бактериофаг беру қажет. Карантин 21 күн.

Жоспарлы түрде эпидемиологиялық көрсеткішпен вакцина егу төменгі контингентке жасалуы тиіс:

  1. Канализация жүйесін тазалайтын және қоқыстарды жинайтын, елді-мекендерді сантиралық тазалаумен айналысатын жұмысшыларға;

  2. Жұқпалы ауру ауруханасында ішек жұқпалы аурулар бөлімінің медициналық қызметкерлеріне;

  3. Елді-мекендерде эпидемиологиялық жағдайға сәйкес және төтенше жағдайлар кезінде эпидемиялық көрсеткіштері бойынша қатынаста болғандарға.

Парасүзек А және В

Парасүзек А – антропонозды, парасүзек В- антропозоонды бактериялды іш сүзегіне ұқсас инфекциялық ауру.

Қоздырғышы – Salmanello paratyphi А, В бактериялары, Salmonella туыстығына жатады. Іш сүзегінің таяқшаларынан айырмашылғы биологиялық, серологиялық қасиеттерінде.

Парасүзек А қоздырғышын 1898 жылы Гвин ашқан, паратиф В қоздырғышын 1896 жылы Ашар және Бедсод анықтаған.

Инфекция көзі – ауру адам және бактерия тасымалдаушы.

Парасүзектерден кейін тасымалданушылық жиі кездеседі. Парасүзек В қоздырғышын үй жануарларынан, кеміргіштерден жұқтыруы мүмкін. Науқас адам қоздырғыштарды клиникалық белгілері пайда болғаннан 1-2 күннен бастап аурудың барлық барлық кезеңдерінде, сауығу кезеңінде (2-3 апта) шығарып отырады.

Беріліс механизмі – нәжіс – ауыз механизмі.

Берілу жолдары: тағам, су, тұрмыстық заттар.

Парасүзек А – су арқылы, парасүзек В- тағам әсіресе жиі сүт арқылы таралады.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Парасүзек В барлық жерде таралған ауру, парасүзек А- көбіне Оңтүстік-Шығыс Азия Африка елдерінде кездеседі. Іш сүзегімен сырқаттанушылық төмендеген сайын паратифтердің үлесі көбеюде (90 жылдары – 30%). Инкубациялық кезең 1-21 күн.

Негізгі клиникалық белігелері іш сүзегіне ұқсас, бірақ қызба бөртпелер ерте пада болады, жеңілдеу етеді. Парасүзектерден кейін өлім жітім сирек.

Алдын-алу шаралары, зертханалық диагностика, емдеу, диспансерлік бақылауы іш сүзегіне ұқсас. Қатынаста болғандарды медициналық бақылау мерзімі-14 күн.

Іш сүзегі және парасүзек ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар:

  1. Барлық науқастарды сұрау, тексеру, дене қызуын өлшеу, зертханалық тексеру арқылы анықтау;

  2. Іш сүзегімен және парасүзекпен ауыран науқастарды уақыты оқшаулау;

  3. Іш сүзегімен немесе парасүзекпен бұрын науқастанған адамдарды, жұқтыру қауіпі туындаған адамдарды, декреттелген контингентті (күдікті тағамдар мен суды қолданған; науқастармен араласқан) зертханалық әдіспен анықтау және зертханалық тексеру жүргізу;

  4. Барлық 1 рет ауырған адамдардың ошағында бір рет нәжісін бактериологиялық тексеру және қанның құрамындағы сарысуын ГАТРӘ қорытындысы оң болған адамдардың зәрі мен нәжісін 1 рет қайталап бактериологиялық әдіспен тексеру;

  5. Топтық ауру пайда болған жағдайда, инфекцияның көзі болуы мүмкін күдіктілерге зертханалық тексеру жүргізу керек. Зертханалық тексеруге кемінде 2 күн сайын 3 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеру және 1 рет қан сарысуын ГАТРӘ әдісімен тексеру. ГАТРӘ қорытындысы оң адамдар 2 күн сайын кемінде 5 рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруге тапсырады, ал тексерудің нәтижесі теріс болса 1 рет өті тексеріледі.

  6. Іш сүзегімен немесе парасүзекпен ауырған науқаспен үйінде араласқан декреттелген контингент құрамындағы адамдар науқасты ауруханаға жатқызып, үйге соңғы дизенфекция өткізіп, оның нәтижесін, зәрін 1 рет бактериологиялық тексерудің және ГАТРӘ теріс қорытындысын алғанға дейін уақытша жұмысынан шеттету;

  7. Жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарды зертханалық тексеру, медициналық бақылау, күнделікті дәрігерлік қарау және науқасты оңашалау сәтінен бастап іш сүзегінде 21 күн, парасүзек кезінде 14 күн денеқызуын өлшеу тиіс;

  8. Іш сүзегімен және парасүзекпен ауыратын науқастар бактерия тасушылар тез арада оңашаланып, емдеу мекемелеріне тексеруге және емдеуге жібереді.

  9. Іш сүзегі ошағында ішсүзектік, парасүзектің ошағында көп валентті сальмонеллездік бактериофаг беріледі. Бактериофагпен емдеу материалды бактериологиялық тексеруге алғаннан кейін жүргізіледі, реконвалесценттерге де бактериофаг беріледі.

Іш сүзегі, парасүзектерге дезинфекция міндетті түрде жүргізіледі:

  1. Күнделікті дезинфекция ауру анықталысымен реконвалесценттер емделіп шыққаннан кейін 3 ай жасалуы тиіс. Күнделікті дезинфекцияны науқасты күтушілер реконвалесценттің өзі бактерия тасымалдаушы жасайды.

  2. Іш сүзегі науқасы бактерия тасымалдаушының ошағында күнделікті дезинфекцияны емдеу мекемесінің медцина қызметкері ұйымдастырады.

  3. Қорытынды дезинфекцияны дезстанция қызметкерлері немесе СЭҚБ-ның дезинфекциялық бөлімінің қызметкерлері, қалалы жерде ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін 6 сағат ішінде, ауылды жерді 12 сағаттан асырмай жасалуы тиіс.

Іш сүзегі ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі

Ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу алдында СЭҚБ-дағы материалдармен танысу қажет, яғни «Инфекциялық ауруларды тіркеу журналы» және бактерия тасымалдаушылардың картотекасымен танысып, бұған дейін іш сүзегі, парасүзектер ошағы қашан, қай жерде тіркелгенін, инфекция көзі мен жұғу жолдарының байланысын, кездейсоқ сырқаттанушылық немесе эпидемиялық өршу екендігін анықтау керек.

Ошақты эпидемиялогиялық тексеру барысында анықтау қажет:

  1. Аурудың айналасындағы адамдар ішінде 15-25 күн аралғында қызуы көтерілгендерді анықтау, егер ондайлар болса диагноз қою үшін клиникалық және бактериологиялық әдіспен 1 рет тексеру.

  2. Аурудың айналасында бұрын іш сүзегі парасүзекпен ауырғандарды анықтау.

  3. Аурудың айналасында бактерия тасымалдаушыларды табу мақсатында өт пен зәр шығару жүйесі ауыратын адамдарды тауып тексеру. Аурудың және бактерия тасымалдаушының фаготиптері бірдей сәйкес болғанда ғана баланыс бар екендігін дәлелдеуге болады.

  4. Аурудың таралу жолдарын анықтау үшін су, тамақ өнімдерінен және сыртқы орта обьектілерінен зертханалық тексеруге сынама алу (қоздырғыштың табылмауы материалдың тексеруге кеш алынуымен байланысты болуы мүмкін).

  5. Аурудың кәсібін, жеке бас гигенасын сақтау жағдайын анықтау.

  6. Аурумен бірге үйінде жұмыс орында оқу орнында бірге қатынаста болғандардың тізімін жасау, олардың ішінде су, тамақ өндірісінде, балалар мекемелерінде жұмыс істейтіндерге ерекше назар аудару

  7. Ауру адамның және онымен қатынаста болғандардың іш сүзегіне егілгендігін, егілген болса препараттың атауын, егу мерзімін егу себебін анықтау.

  8. Ошақтың санитарлық жағдайын, тазартылуын, сумен қамтамасыз ету жағдайын шыбындардың бар-жоқтығын анықтау.

  9. Ошақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты алдын-алу күресу шараларының жоспарын құру.

  10. Ошақта қатынаста болған адамдарға іш сүзегіне бактериофаг 3 рет аралығы 5 күнде беру.

  11. Егер іш сүзегімен сырқаттанушылық 100 000 халыққа 25,6жоғары болсақ аймақ тұрғындарына іш сүзегіне вакцина егу.

Эпидемиологиялық мысал №1

32 жастағы жүргізуші 1,5 ай ауылда астық жинауға көмектесіп үйіне оралған. 4 күннен кейін қалтырап бас ауырған, тамаққа тәбеті нашарлаған, жарыққа қатты шуға сезімтал болған іші жиі өткен. Дене қызуы алғашқы 3 күнде 37,5 -37,8, 4-ші күн 38,5 жеткен. Диагноз – іш сүзегі? – деп қойылған.

Іс-сапар кезінде жатақханада тұрған, асханада тамақтанған ауыл тұрғындарынан түрлі тағамдар сатып алып жеген. Жанұясында бала-бақшаға баратын 3 жасар баласы бар, әйелі –асханада азпазсшы болып жұмыс істейді.

Аурудың себебін анықтау. Алдын-алу шараларын жоспарлау.

Эпидемиологиялық мысал №2

Жұмысшылар ауылында тамыз-қыркүйек айларында іш сүзегінің өршуі анықтаған, 7-14 жастағы балалар ауырған. Ауырған балалар қаланың түрлі аймағында тұрады, көбіне үйлерінде тамақтанады жанұяларында іш сүзегімен ауырғандар жоқ. Бірақ, барлығы бір өзенде шомылған, суын ішкен. Өзен бойында жұқпалы аурулар ауруханасы орналасқан. Тамыз айының алғашқы күндерінде қатты жаңбыр жауған, жаңбыр суымен қалдық сулар өзенге түскен.

Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.

Эпидемиологиялық мысал №3

Жұмысшылар ауылында 11-24 қыркүйек аралығында 33адам іш сүзегі ауруымен ауырған. Ауырғандардың ішінде 14-і – 4-16 жастағы балалар, 13-і жұмыс істемейтіндер (зейнеткер, үй қызметкері). 6-ы мекеме өндіріс қызметкерлері. Ауырғандардың ішінен 29-ы ауылдың бір жағында тұрады, бір шахталық құдықтан су ішеді. Екеуі ауылдың басқа жағында тұрады, брақ жұмыс бабымен сол құдықтың суын ішкен.

Ауырғандардың көбі қайнамаған су ішкен . Сұрау кезінде барлық 350 адам құқықтың суын қолданатыны, олардың ішінде 7 адам бұрын іш сүзегі, парасүзекпен ауырғандығы анықталған.

Эпидемиологиялық өршу аймағында тұратын халықтың дәретханалары сіңіретін типті екендігі анықталған.

Аурудың себебі неде? Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.

Эпидемиологиялық мысал №4

28 сәуірде 19 жастағы қыз іш сұзегімен ауырған, медициналық көмекке бармаған, үйінде өзі емделген. Ауырған қыз үй иесіне тамақ дайындауға, үй жинауға көмектесіп жүрген. 19 мамырда үй иесі ауырған, 22 мамырда оның баласы ауырған. Бір аптадан кейін қызыдың қасындағы досы ауырған. Зертханалық тексеру кезінде ауырған үшеуінде де үш сүзегінің бірдей фаготиптері анықталған.

Аурудың себебін, таралу жолдарын анықтау, ауруды жұқтыру мерзімін ескеру.

Алдын алу шараларын ұйымдастыру.

Эпидемиологиялық мысал №5

Жұқпалы аурулар ауруханасына «іш сүзегі» диагнозымен ауру адам жатқызылған. Науқас асханада аспазшы болып жұмыс істейді. Жанұясында 4 адам бар. Суды даладағы су құбырынан алады. Әйелі – бала-бақшада тәрбиеші. Баласы- колледж студенті. Қызы мектеп оқушысы. Эпидемияға қарсы шаларды жоспарлау.

Эпидемиологиялық мысал №6

Р. Азаматтың 7 адамнан тұратын жанұясында бір апта ішінде 3 адам іш сүзегімен ауырған. Ауырғандар 10,12,14 жаста.

Шағымдары: әлсіздік, қалтырау, бас ауру, тамаққа тәбеттің болмауы, дене қызуы -38-39°С. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, диагноз «іш сүзегі» - деп қойылған. Эпидемиологиялық тексеру кезінде бұл жанұяның сүтті бір сатушыдан сатып алатыны анықталған. Сүт сатушыны тексергенде іш сүзегінің қоздырғыштары табылған фаготиптерімен бірдей. Инфекция көзін таралу жолдарын анықтау. Алдын алу шараларын ұйымдастыру.

Эпидемиологиялық мысал №7

Шілде айының соңынан қыркүйек айына дейін 18 адам іш сүзегімен ауырған. Ауырғандар қаланың түрлі аймағында тұрады, туыстық, кәсіптік қатынастары жоқ. Ауырғандардың 14 жазда саябақшаларында болған. Ауырғандар ішінде 10 бала бар. Екі жанұяда 2 адам ауырған. Әр саябақшаның өз құдықтары бар. 13 жанұяның 9-ы бір адамның сүтін күнделікті сатып алып отырған. 3 жанұя басқа адамның сүтін алған. Аурудың себебін анықтау үшін қандай зерттеудер жасау қажет? Алдын алу шараларын жоспарлау.

Эпидемиологиялық мысал №8

Үлкен қаланың бір аймағында соңғы айда 5 парасүзек ауруы анықталған.

Ауырғандар түрлі үйде тұрады, үйлерінде тамақтанады, сапалы сумен қамтамасыз етілген.

Эпидемиологиялық тексеру барысында барлық ауырғандардың бір адамнан сүт сатып алғаны анықталған: Сүт сатушы адам қалаға жақын ауылда тұрады, 16 жыл бұрын парасүзек ауруымен ауырған.

Инфекция көзін анықтау. Инфекция шараларын жоспарлау.

№21 кесте

Іш сүзегі және А,В парасүзектер ошағында дизенфекциялау әдістері.

Дизенфекция обьектілері

Дтизенфекциялық заттардың көлемі

Дезинфекция әдістері

Дизенфекция уақыты (мин)

Науқастың нәжісі, құсығы, тамақ қалдықтары

Хлор әгі Са гипохлориді

Қайнату

Бетінен себу кейін бетімен араластыру.

200г/кг

20

10

15

Бөлме заттары, заттардың беті, жиһаздар

1 % хлорамин

1% Са гипохлоиді Клорсепт -0,02% Дезиффект-1,0% Дезапрев-1,0%

Септокаль-0,05%

Сүрту

60

60

30

30

30

60

Тамақ қалдықтарынан тазартылған науқастың ыдыстары (шәйға асқа арналған

1% ас содасында қайнату.

0,5% хлорамин 0,5% хлор әгі 0,5% Са гипохлоид

Клорсепт 0,1%

Дезифект- 1,0%

Дезапрев-0,5%

Дизенфекциялық ерітінділердің біріне батырып қою

15

15

15

60

12

30

10

Науқасты күтуге арналған ыдыстар, гаршок, лас заттарды жинауға арналған кленкалы қапшықтар

Қайнату

Дезэфект-1%

Клорсепт-0,02%

Клорсепт-0,05%

Бромсепт-0,2%

Дезапрев-1,0%

Септокаль-0,05%

Са гиплохлоиді-1%

Себу

Сүрту

15

30

30

60

30

30

60

30

Ойыншықтар

(пластмасс, резеңкелі, металды)

2% сода ертіндісі

0,5% хлорамин еріт.

Дезэфект-1%

Клорсепт-0,1%

Септокаль-0,05%

Дезапрев-0,5%

Бромосепт-0,25%

Са гипохлор-0,25%

Қайнату ыдысқа салып дизенфекциялық ерітінділердің біріне батырып қою

15

30

30

60

15

10

30

60

Санитарлық техникалық жабдықтар

1% хлоромин

0,5% хлор әгі

1% Са гипохлориді

Дезэфект-1%

Септокаль-0,05%

Дезапрев-1,0%

Клорсепт-0,02%

Еден, бөлме қабырғасын 1,5 метрге, есік раковина, унитаз, орындыққа еріт. Себу, есік тұтқаларын дез. Ерітіндіге батырған шүберекпен сүрту.

30

30

30

30

45

60

Жинайтын құралдар (щетка, шүберек)

1%- хлоромин

0,5%- хлор әгі ерітін

0,5 Са

Гипохлорид

Дезэфект-1%

Дезапрев-1,0%

Дезинфекциялық ерітінділердің біріне батырып қою

60

60

60

30

30

Қызметкерлердің қолдары

Октенисепт

Октенидерм

Октениамин

АХД-2000

1% хлоргексиден еріт

Бактериц. сабын

Қолды 3-5 мин. Сабындап жылы сумен жуукейін аталған ерітіндінің бірімен гигеналық антисептика жасау

3-5

Нәжіспен ластанған төсек жабдықтары

1% хлорамин

1% Са гипохлориді

Дезэфект-2,5%

Дезапрев-0,5%

Септокаль-0,05%

Клорсепт-0,02%

1 кг құрғақ төсекке – 4 литр ерітінді есебінен батырып қою, кейін жуып шаю

60

30

30

30

60

30

Даладағы әжетхана, қалдық төгетін шұңқыр, қалдық жинайтын жәшіктер

Са гипохлориді-5%

Хлор әгі-10%

Дезинфекциялық ерітінділердің біріне батырып қою

60

60

(500 мл/м²)

Қоқыстар

Өртеу

Хлор әгі - 10%

Са гипохлориді-5%

20% хлорлы- әк сүті

Дезинфекциялық ерітінділердің бірін сеуіп қою, қоқыс жәшігінің сыртын дез. Ерітіндімен себу.

(2:1 арақатынаста)

120

120

60

22 кесте

Булы әдіспен дезинфекциялау әдісі

Инфекция түрі

Дезинфекция

Обьектісі

Салу нормасы

Дезинфек-ция темпера-турасы градус

С.

Камерада будың қысымы

Дезен-фекция уақыты (мин.)

1м²

Ауданға комплект

Кг/м³ камера-ға

Іш сүзегі

Киімдер

10-12

60-72

100

0

10

Пара-сүзектер

Төсек жабдықтары

-

50

100

0

60

23-кесте

Булы формалин әдісімен дезинфекциялау тәртібі

Инфекция түрі

Дезенфекция объектісі

Дезинфекция тәртібі

1м² камера еденіне N

Дизен-фекция температ.

Дизенфекция уақы-ты

Ком-плект

кг

Іш сүзегі

Киімдер

Кәдімгі

10

60

80-90

10 (25)

Парасүзектер

Төсек жабдықтары

Кәдімгі

-

40

80-90

10 (35)

13 кесінді

Іш сүзектер, парсүзектер ошағында атқарылатын шаралар

Індетке қарсы шаралардың бағыты, көлемі:

Инфекция көзі

Ауру адам- міндетті түрде ауруханаға жатқызу

Бактерия тасымалдаушы – емдеу алғашқы анықталғандарды

ауруханаға жатқызу

Беріліс механизмі:

Дезинфекция

Қорытынды – дезистанция қызметкерлерімен

Күнделікті тұрғындардың өз күшімен

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

Медициналық бақылау 21 күн (парасүзекте 14 күн)

Термометрия күніне 2 рет

Бактериологиялық тексеру- нәжісті 1 рет (гемокультура)

Серологиялық тексеру – ГАЕР 1 рет (Видаль реакциясы)

Іш сүзегіне бактериофаг беру

14 кесінді

Іш сүзегі және парасүзек А, В диагностикалау алгоритмді

Диагноз қою үшін маңызды клиникалық белгілері:

  1. Қызба (5 күн және одан да көп)

  2. Интоксикация және бакттеремия белгілері

  3. Энтерит белгілері

  4. Розеола-папула тәрізді бөртпе

  5. Бауыр, көкбауыр, ОНЖ зақымдалу белгілері

  6. Іштектек қан кету, іштің ауруы (жара пайда болу белгілері)


Іш сүзегі және парасүзек А, В ауруы?

Қосымша диагностикалық белгілер:

  1. Эпидемиологиялық анамнез, жұғу жолдары және таратушы фактор

  2. Аурудың микросимптомдары (ваготония белгілері)

  3. Гемограмма өзгерістері (лейкопения, лимфоцитоз, анэозинофиля, тромбоцитопения

Шешуші диагностикалық белгілер:

  1. Гемодақылда қоздырғышты анықтау

  2. Копро-, урино-, биодақылда анықтау

  3. Серологиялық зерттеу әдісінің оң нәтижесі (Видаль реакциясы, ГАЕР, ИФА) – антиденелер титрінің өсуі.


Іш сүзегі және парасүзек А, В ауруы


Сау адамдардан немесе реконвалесценттерден копродақыл, билидақыл анықтау, қан сарысуында серологиялық зерттеу нәтижесінің оң болуы


Іш сүзегі немесе парасүзек А және В бактерия тасымалдаушысы

Сальмонеллез

Сальмонеллез- нәжіс- ауыз механизмімен берілетін Enterbacteriaceae тегіне Salmonella тобына жататын қоздырғыштардың ішке түсуінен пайда болатын, клиникалық белгілері бактерия тасымалдаушылықтан бастап аурудың асқынған түрі сепсис пайда болуымен сипатталатын, тез өрбитін полиэтиологиялы, зооантропонозды, бактериалды жіті ішек инфекциялық ауру.

Сальмонеллез көбіне тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтеді.

Тарихи мәліметтер. Көп жылдар бойы бұл ауруды тамақтан улану тобына кіргізген. 1885 жылы американдық ғалымдар Д.Е.Salmon және Т.Smith ауырған шошқаның денесінен алғаш рет Bacterium suispestifer қоздырғышын бөліп алды. Ал 1888 жылы G.Gaertner «еттен ұшыну» ауруның себебі бактериялар екендігін дәлелдеді. Ал кейінгі жылдары осы бактериялар тобына кіретін көптеген қоздырғыштарашылып, сипатталып жазылды. Қоздырғыштарды алғаш алғашқы ашқан ғалымның құрметіне сальмонелла деп атады.

Қазіргі кезде сальмонеллез кеңінен таралған аурулардың бірі, ішек инфекцияларының ішінде 30-40% құрайды.

Этиологиясы. Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГ

  • термобильді талшығы бар Н-АГ

  • термобилбді соматикалық Vi-АГ

  • эндотоксин

Қоздырғышқа тән: сыртқы ортада тұрақты

  • топырақты және суда 1-5 айдай сақталады

  • нәжісте 25 күнге дейін

  • тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін

  • киімде 2 аптаға дейін сақталады

Аурудың қоздырғышы – бактериялар сужәнетопырақта2 аптадай,жемістерменкөкөністерде5 – 10 күндей,сары майменетте1 – 3 айға, қыздырғанда 50С-қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.

Сальмонелезбен жас бұзаулар 20-60 күндік кезінде, ал қозылар 5-20 күндік кезінде жиі ауырады. Паратиф негізінен жіті және созылмалы екі түрге өтеді.

Аурудың жіті түрімен ауырған бұзаулардың азыққа деген тәбеті төмендейді, ден қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі. Ауру малының нәжісі сұйылады, кейде қан аралас іші өтеді. Мұндай бұзауларға дер кезінде шығу емдеу шараларын жасамаса олар 5-7 өлуге ұшырайды.

Ал індет созылмалы түрге өтетін болса, онда бұзаулардың дене қызуы 39-40° аспай, шамалы іш өтеді, нәжісінің түсі сарғыш болып іріктеніп, көпіршікке айналады.

Ауруға буаз саулықтар шалдыққанда, алғашқы күндері бірен-саран қойлар іш тастайды, ал шамамен он күнене соң отардағы саулықтар жаппай қозы тастайды немесе төл өлі тастайды.

Індет басталған саулық отарларында жаңадан туған қозылар трапиттен ауыра бастайды. Олардың іші өтеді, ет алмай нашарлап, өкпесі қабынады. Онда қозыларға жедел емдік шаралар жасалынбаса олардың 60%-тейі шығынға ұшырайды.

Міне сальмонолездің осындай өзіндік белгілерімен ерекшеліктерін, эпизоотологиялық деректеріне және ең бастысы бактериологиялық зертеулердің қорытындысын ескере отырып диагноз қояды. Парафитті әсіресе дисперция, лезинтерия, калибактериоз, ал саулықтар жаппай іш тастағанда сарып аурулырынан дұрыс ажырата білген абзал.

Мәселен дисперцияға және колибактериозға жас бұзаулар алғашқы он күннің ішінде шалдықса, ал противте туғаннан он күн өткеннен соң ғана шалдыға бастайды.

Инфекция көзі- Негізгі инфекция көзі – үй жануарлары мен үй құстары: ұсақ және ірі қара мал, шошқа, тауық, қаз, үйрек. Сальмоноллез зооантропонозды инфекция болғандықтан инфекция көзі – науқас адам және созылмалы түріндегі бактерия тасымалдаушылар.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыздық механизм. Берілу жолдары: тағам су және тұрмыстық заттар. Негізгі таралу жолы – тағам арқылы. Әсіресе еттен жасалған тағамдар қауіпті (туралған ет, котлет, ливер, шұжық, паштет, студень т.б.), сонымен қатар сүттен, балықтан жасалған тағамдар арқылы да жиі жұқтырады. Сальмонеллез ауруын таратуда жұмыртқа мен жұмыртқа ұнтағынан жасалған кремдік және кондитерлік тағамдарының маңызы өте үлкен. Көбіне сальмонеллез қоздырғыштары жартылай дайын тағамдарда, соустарда, сорпада, балаларға арналған тағамдарда жақсы көбейіп өсіп-өнеді. Сондықтан мұндай тағамдарды дұрыс сақталмаған және жөндеп қыздырып қайнатпаған жерлерде сальмонеллез ауруы жеңіл тарап, жайылады. Сальмонеллез сиректеу су жолымен таралады.

Сальмонеллез жылдың барлық мезгілінде кездеседі. Әсіресе күз, жаз мезгілінде.

Зертханалық диагностикасы:

  1. Бактериологиялық әдіс: нәжіс, зәр, қан, өтті, зерттеу.

  2. Серологиялық әдіс: АР, ГАТР.

Сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерулерге жатады:

  1. Ауруханаға түсетін 2 жасқа дейінгі балалар;

  2. Ауруханада жатқан балаларды күтетін ересектер;

  3. Ауруханаға түскен кезінде немесе оның алдында 3 апта бойынша ішек қызметінің бұзылуы болған босанатын, босанған әйелдер;

  4. Диагнозына қарамастан, ауруханада болу кезінде немесе оның алдында 3 апта бойына ішек қызметінің бұзылуы тіркелеген барлық науқастар;

  5. «Халықты декреттелген тобына міндетті медициналық бақылауды жүргізу ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығына сәйкес декреттелген контингент;

  6. Сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін декреттелген контингенттің адамдары.

Алдын алу шаралары. «Сальмонеллез» ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қоздырғыштың инфекция көзін, берілу жолдарын анықтап залалсыздау әдістерін, ластанудан қорғау шараларын ұйымдастырудан құралады:

  1. Тағам өндіру, көпшілік тамақтандыру, сауда мекемелерінде тағам өнімдерінің талаптарға сәйкес дайындалу, сақталу, тасымалдау, жағдайларын қадағалау.

  2. «Декреттелген» қызметкерлердің уақытылы медициналық тексеруден өтуін қадағалау.

  3. Ет өндіру, ет сату, сүт жинау, өңдеу мекемелерінде санитарлық-ветеринарлық шаралардың орындалуын қадағалау.

  4. Көпшілік тамақтандыру мекемелерінде, қоймаларда, базарларда, мұздатқыш камераларында дезинфекциялық-дератизациялық жұмыстарды жүргізу.

  5. Сальмонеллездің ауруханаішілік инфекция ретінде таралуын алдын алу, балалар ауруханасында, босану үйлерінде індетке қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау, госпиталдық эпидемиолог қызметін күшейту.

Ошақта індетке қарсы шаралар. Сальмонеллез ошақтарында эпидемиологиялық тексеру декреттелген контингент немесе 2 жасқа дейін балалар науқастанған жағдайда жүргізіледі.

  1. Науқасты ауруханаға жатқызу клиникалқ және эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.

  2. Реконвалесцентр ауруханадан клиникалық жазылғаннан нәжісті бактериологиялық зерттеу қорытындысы 1 рет теріс болғанда шығарылуы қажет. Зерттеу емделіп болған соң з күннен кейін жүргізіледі.

  3. Диспансерлік бақылауға ауырғаннан кейін тек декреттелген контингент алынады.

  4. Аурудан жазылғандарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік дәрігер жүзеге асырады;

  5. Сальмонелла бөлмейтін реконвалесцентр жазылғаннан кейін жұмысқа жіберіледі.

Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді және бактерия тасымалдаушыларды негізгі жұмысынан 15 күнге шеттеу және басқа жұмысқа ауыстыру қажет.

Бактерия тасымалдаушылық 3 айдан астам уақыт бойы анықталса, созылмалы тасымалдаушы ретінде негізгі жұмысынан 1 жылдан кем емес мерзімге шеттетіледі.

Сальмонеллез ошағында алдын алу шараларды ұйымдастыру әдістемесі.

Сальмонеллез ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың жанұясында тіркелмеген басқа ауруларды және бірге тамақтанған басқа адамдарды анықтау керек. Жаңадан табылған аурулар ошақтың көлемін, аурудың таралу жолдарын, инфекция көзін анықтауға мүмкіндік береді. Инфекцияның таралу себен анықтау мақсатында науқастан және онымен бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегендерін сұрау қажет. Сонымен қатар түрлі тағамдарды қандай мөлшерде қабылдағаны және қабылдау уақыты анықталады, өйткені тағамдарды ұзақ уақыт бөлме температурасында сақтау қоздырғыштардың онда көбеюіне ықпал етеді. Тағамның дайындалу уақытын, қабылдау уақытын сақталу жағдайын анықтау арқылы күдікті тағамды анықтау қажет.

Сальмонеллез ауруы тіркелген жағдайда тексерудің сұрау әдісін үйрену мақсатында колледждің асханада тамақтанатын 10 оқушысынан берілген кесте бойынша жеген тамақтарын және уақытын кестеге толтыру:

24 кесте

Тегі, есімі

Бірінші күн

Екінші күн

Таңертең

Түсте

кешке

таңертең

түсте

кешке

Эпидемиологиялық мысал №1

2 күн ішінде (3.06-4.06) зауыттың емханасына 20 адам ауырып келген, олардың іштері ауырған, іші жиі өткен, құсқан. 03.06 барлық ауырғандар зауыттың асханасында тамақтанған, түсте қаздың жұмыртқасы бетіне құйылған, туралған еттен жасалған макорон жеген. Бұл тағамды 400 адам жеген. Ең соңғы порциялар пештің үстінде тұрған, екінші термиялық өңдеу жасалмаған.

Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.

Эпидемиологиялық мысал №2

Жазда саяхатшылар лагерінде сальмонеллез ауруының өршуі анықталған. Лагерде барлығы 800 адам 8 топқа бөлінген 1 асханада тамақтанған. Тек бір топтың саяхатшылары түскі тамақтан 3-4 сағаттан кейін ауырған. Олар сол күні түскі тамаққа кешігіп келген, сағат 13-те тамақтанудың орнына 17-де тамақтанған. Түскі тамақ асханада сақталған, топ келгенде тек жылытып берген.

Өршудің себебін анықтау. Ошақты жою шараларын жоспарлау.

Сальмонеллез

Сальмонеллездің эпидемиологиясы

Этиологиясы

  • Жалпы сероварлары – 2000 жуық

  • Маңызды сероварлары: S.tiphimurium, S.enteritids, S.anatum, S.Newport, S.panama, S.London, S. Haifa

Инфекция көзі

Жұқтырған жануарлар

  • Ауылшаруашылық жануарлар

  • Үй құстары

  • Синантропты кеміргіштер

  • Жабайы және синантропты құстар

Жұқтырған адамдар

Инфекциялық процестің көрінісі

  • Ауру

  • Тасымалдаушылық

Беріліс механизмі, таралуы

Тағам өнімдері арқылы

Жануралардың еті

Құстардың еті

Құстардың жұмыртқасы

Науқас адамнан, тасымалдаушыдан ластанған тағамдар

Су арқылы

Құстардың жануарлардың нәжісімен ластан су

Қалдық сулармен ластанған ауыз суы

Тұрмыстық заттар арқылы

Ластанған ыдыстар

Ластанған тұрмыстық заттар

Шаң арқылы

Құстардың, малдардың кепкен нәжістері

Эпидемиялық процестің көрінісі

Адамдар арасында кездейсоқ сырқаттанушылық

Жалпы тамақпен байланысты ұжымдағы өршу

Ауруханада, босану үйіндегі өршу

Шигеллез

Шигеллез- нәжіс-ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, көбіне тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын, шигелла текті микробтары әсерінен туындайтын антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру.

Клиникалық түрде ауру интоксикация, іштің бұрап ауыруы, қан аралас іш өту белгілерінің болуымен сипатталады.

Дизентерия терминін Гиппократ енгізген («dis» - бұзылыс, «enteron» -ішек).

Дизентерия микробтарын 1891 жылы А.В.Григорьев және 1898 жылы жапон ғалымы К.Щига ашқан.

Дизентерия ауруының әлі де көптеп таралуының себептері:

  • Сүт тағамдарының, ауыз суының, көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарының қоздырғыштарымен ластануы;

  • Тамақ өндірісінде санитарлық- техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің бұзылуы;

  • Диагностикалық қателіктер;

  • Аурулардың дәрігерлік көмекке кеш келуі;

  • Нашар тамақтану, иммунитет жетіспеушілік;

  • Санитарлық ағарту, гигиеналық тәрбиелеу жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілуі.

Этиологиясы. Қоздырғышы Shigelle – дезентерия микробтары, Enterobacteriaceae тобына жатады. Негізгі 4 түрі жиі тіркеледі: Гринорьев-Шиго, Флекснер, Зонне және Щмиц-Штуцер шигеллалары. Дизентерия микробтарының морфологиялық қасиеттері ұқсас, гармтеріс таяқшалар, қоректі орталарда жақсы өседі. Микроб жасушаларының ыдырауы барысында эндотоксин бөліп шығарады, Григорьев-Шиго шигелласы эндо және экзотоксин бөледі. Эндотоксиндердің әсерінен организмде жалпы улану белгілері пайда болады.

1940 жылдары (соғыс, ашаршылық, кедейшілік) Flexner түрі көптеп таралған – патогенділігі төендеу, бірақ сыртқы ортада төзімді – топырқта қыста 4-5 айға дейін, суда 3 айға дейін сақталады. Көбінесе су арқылы берілген.

1950-80 жылдар аралығында елді сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуімен, сумен байланысты Flexner дизентериясының саны төмендеген. Бірақ оның орнына Sonnei цигелары келген, сыртқы ортаға төзімді, тағамдарда көбеюге қабілетті. Бұл дизентерияның өсуіне себепкер – көпшілік тамақтандыру мекемелерінің көбеюі және көбейген қала халқының асханаларында буфеттерде жиі тамақтануы.

Инфекция көзі жіті созылмалы түріндегі аурулар және бактерия тасымалдаушылар. Инфекция көзі ретінде жіті түріндегі аурулардың эпидемиологиялық маңызы өте үлкен, өйткені аурудың барлық кезеңдерінде қоздырғыш көп мөлшерде нәжіспен шығарылады. Неғұрлым аурудың іші жиі өтетін болса, соншалықты көп мөлшерде қоздырғыш нәжіспен шығарылады. Дер кезінде анықталмаған аурулардың эпидемиологиялық маңыздылығы өте үлкен, олар жанұяда, ұжымда әсіресе балалар, тағам өндіпу сумен қамтамасыз етумекемелерінде жұмыстарын жалғастырып белсенді түрде инфекция таратушы болады.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: тұрмыстық заттар, жанасу, су, тағам, және шыбындар

Диагностикалық әдістері:

  1. Бактериологиялық әдіс: нәжісті тексеру.

  2. Сериологиялық әдіс: ГАТР- диагностикалық титр 1:200, аурудың барысында бірнеше рет жасалады.

  3. Экспресс – диагностика, эпидемиологиялық өршу кезінде қолданылады: ИФА, ИФР, иммуносорбция.

  4. Капрологиялық зерттеу (шырыш, лейкоциттер, эритроцидтер, эпителий торшалары).

Дизентерия диагнозы аурудың клиникалық белгілері, зертханалық тексеру мәліметтері және эпидемиологиялық анамнез негізінде қойылады.

1 Реттік зертханалық тексеру қажет:

  1. Емдеу - алдын алу ұйымдарына ұаралған кезде жіті ішек инфекциясымен ауырғандар және ауруға күдіктілер.

  2. Декреттелген контингент қатары ішінен ішек инфекциясымен ауыратын науқаспен қатынаста болатын адам.

  3. Емделуге түскен психиатриялық аурулар ауруханасының емделушісі.

  4. Мектеп-интернат, балалар үйі мен нәрестелер үйіне алынатын балалар.

  5. Қарттар үйіне алынатын жасы ұлғайған адамдар.

  6. Ішек инфекциясынан жазылған реконвалесценттер.

Алдын алу шаралары. «Жіті ішек инфекциялық аурулары жөніндегі санитарлық – індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық –эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Жіті ішек инфекцияларымен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Жіті ішек инфекцияларымен бұрын ауырғандарды диспансерлеу.

Жіті дизентериядан сауыққаннан кейін диспансерлік бақылауға жатады:

  1. Қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, тағам өнеркәіп объектілерінің қызметкерлері;

  2. Балалар үйінің, нәрестелер үйінің, мектеп интернаттарының балалары;

  3. Психоневрологиялық диспансерлер үйінің, балалар үйінің, нәрестелер үйінің, қарттар және мүгедектер үйлерінің қызметкерлері.

Таралу жолдарын абағытталған шаралар. Дизентерия ауруының таралу жолына бағытталған шаралар үнемі жүргізілуі тиіс және оған жатады:

  • Сумен қамтамасыз ету мекмелерінде технологиялық, санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің қадағалауын.

  • Тағам өнімдерін тасымалдау, қабылдау, сақтау, дайындау, тарату, ережелерінің сақталуын қадағалау.

  • Балалар мекемелерінде санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалау.

Дизентерия ошақтарда эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі:

1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, мектепке дейінгі балалар мекмелерінің қызметкерлері, азық-түлік өндіру, сақтау және сатумен байланысты кәсіпкерлік жұмыспен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекциялармен ауырған кезде;

2)мектепке дейінгі балалар ұйымына, балалар үйіне, мектеп интернатына баратын балалар ауырған кезде;

3) психоневрологиялық ауруханалардың, балалар үйінің, нәрестелер үйінің, қарттар үйінің қызметкерлері ауырған кезде;

4) бір аурудың дамуының инкубациялық кезеңінде 3 және одан да көп адамның науқастану жағдайы тіркелген инфекция жағдайы тіркелеген инфекция ошақтарындағы адамдар.

Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде тағам азық-түлігінің, судың, жұғындылардың сынамалары зертханалық тексеру үшін алнады.

Дизентерия ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі. Дизентерия ошағында эпидемиологиялық тексеру жүргізу алдында эпидемиологиялық бөлімдегі №60 үлгідегі «Инфекциялық ауруларды тіркеу журналын, аймақтық емхана, бала-бақшалардың картотекасын талдап, аурудың айналасында соңғы кезде тіркелген дизентерия ауруларын анықтау қажет. Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың үйін тексеріп қана қоймай, ауруханаға барып, аурумен немесе оның ата-анасымен сөйлесу, қажет болса бала-бақшаны жұмыс орнын тексеріп, туыстарынан, көршілерінен де мәлімет жинап, сұрастыру керек.

Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды жинау мен тасымалдау.

Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды арнайы нұсқау алған медицина қызметкері жинайды. Нәжіс негізгі тексерілетін материал болып табылады. Тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтетін ауруларда қосымша құсықтар мен асқазан шайынды суоары тексеріледі. Науқас нәжісті шығарғаннан кейін оны стерильді шпательмен немесе алюминий сымнан жасалған тұзақпен алады.

Эшерихиоз

Эшерихиоз- (коли-инфекция) – нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, эшерирхия бактерияларының әсерінен туындайтын, антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру.

Эшерихиоз – көбіне сәби жастағы балалар арасында кездесетін, тез өрбитін ішек инфекциялық ауру. Тез өрбитін ішек инфекциялық ауруларын шигеллез, эширихиоз, иерсиниоз, ротавирустық инфекциялар жатады. Ішек инфекцияларының барлық түрлеріне тән нәрсе жалпы организмнің улану синдромы және жергілікті организмдердің, қарын, ішек жолдарының зақымдалуынан пайда болатын белгілер (гастрит, энтерит, колит, гастроэнтероколит).

Қоздырғыштар негізі ішекте орнығады, зақымдалған организмнен нәжіспен кейде, құсық арқылы бөлінеді.

Қоздырғышы Eschericha coli - грамтеріс спора түзбейтін таяқша. Сыртқы ортада төзімді: сүтте 34 күн, ойыншықтар, заттар бетінде, 3-5 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Жоғары температура, дезинфекциялық препараттар әсерінен тез өледі.

Инфекция көзі ауру адам және бактериятасымалдаушы (өткір созылмалы).

Беріліс механизмі – нәжіс ауыз-механизмі.

Таралу жолдары: тұрмыстық заттар, тағам, су арқылы.

Инкубациялық кезең: 9-72 сағат.

Энтеропагенді эшерихиоз- ЭПЭ ауруы көбінесе сәби жатағы балалардың және шала туылған, жаңа туылғандардың арасында жиі кездеседі.

Энтерионвизиялық эшерихиоз ЭИЭ- көбіне 3 жасқа дейінгі балалар және үлкендер арасында жаз-күз айларында жиі кездеседі.

Энтеротоксикалық эшерихиоз ЭТЭ- барлық жастағы балалар және үлкендер арасында кездеседі, «саяхатшылар диареясы» деп те аталады, тырысқақ ауруына ұқсас өтеді, эксикоз белгілері басым болады.

Зертханалық диагностикасы: нәжісті, құсықты асқазан жуындысын бактериологиялық әдіспен зерттеу.

Алдын алу шаралары. 12.01.2012 жылғы ҚР Үкіметінің №33 Қаулысымен бекітілген «Жіті ішек инфекциялы аурулары жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологоиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Вирусты А және Е гепатиттері

Вирусты А,Е гипатиттер – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, бауырдың зақымдалуымен, интоксикациямен сарғаю белгілерімен сипатталатын жіті және созылмалы түрде өтетін, антропонозды вирусты инфекциялық аурулар.

Беріліс механизміне сәйкес вирусты гепатитер 2 топқа бөлінеді:

  1. Энтералды механизм – инфекция нәжіс-ауыз механизмімен таралады. Вирустар денеге ластанған су, тағам, кір, қол арқылы түседі.

  2. Парентералды механизм – инфекция қан құю, ине егу, түрлі медициналық мнипуляциялар арқылы, жыныстық қатынас немесе анадан балаға жұғады.

Вирусты гепатиттердің жіктелуі:

  1. Энтералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер:

  • Жедел А вирусты гепатиттер

  • Жедел Е вирусты гепатиттер

  1. Парентералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер

  • Жедел В вирусты гепатит

  • Жедел С вирусты гепатит

  • Жедел Д вирусты гепатит

  1. Белгісіз этиологиялы вирусты гепатиттер

Вирусты гепатиттердің түрлері: субклиникалық, типтік, атипті сарғаюсыз.

Вирусты А гепатит- барлық гепатиттердің ішінде 60-90% құрайды.

А вирусты гепатит қоздырғышын 1973 жылы С.Файнстаун ашқан.

Қоздырғышы-гепатит А вирусы гепадновирустар тобына жататын РНК-лы ликорнавирустар. Қайнатқанда 5 минутта өледі, кептіргенде 1 айға дейін төзімді.

Инфекция көзі – ауру адам және вирустасымалдаушы.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі.

Иммунитет. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет сақталады.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері:

  • А вирусты гепатит аурумен сырқаттанушылық әр 4-7 жылда өсіп тұрады.

Вирусты А гепатит ошағында індетке қарсы шаралар:

  1. Ауруларды клиникалық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу.

  2. Аурумен қатынаста болғандарды 35 медициналық бақылау апта сайын дәрігерлік тексеру – сұрау, сыртқы тері мен шырышты қабаттарын, бауырды тексеру, күнделікті термоиметрия, нәжісті зәрді бақылау, қажет болса қанды биохимиялық әдіспен тексеру.

  3. Медициналық бақылау кезінде балаларды топтан-топқа, палатаға, мекемеге ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу.

  4. Бала-бақшада, жабық балалар мекемелерінде бірге тамақтанатын ұйықтайтын жағдайда, ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезигфекция жасау.

  5. Ыдыстар, төсек заттарын 1% кальций гиплохлориді ертіндісінде 60 мин., ойыншықтарды -1 % кальций гиплохлориді ертіндісінде залалсыздандыру.

Зертханалық диагностикасы:

  1. Иммуноферменттік анализ (ИФА) серологиялық маркерлерді анықтау;

  2. Процестің белсенділігінің зертханалық көрсеткіштері: аспарагинді және аланин аминотрансферазасын (АСТ және АЛТ) анықтау.

Вирусты Е гепатит

Вирусты Е Ауру А гепатитіне ұқсас жүреді. Жүкті әйелдерде ауыр болады, 10-20%-да ауру өліммен аяқталады.

Е вирустық гепатит

Е вирустық гепатит жұғу тәсілі бойынша А вирустық гепатитке жақын. Ал, Е вирустық гепатит, бөлек бір ауру екенін, 80-жылдары- М.С.Балаян дәлелдеді. Ол нағыз ғалымға сай, сол кезде әлі анықталмаған гепатит түрмен өзін-өзі жұқтырды. Бұл нақты, А вирустық гепатиті емес екені, айдан анық  болатын. Өйткені зерттеушінің, аталған гепатитке қарсы иммунитет өндірілді. Дәрігерлер, әріптестің халін бақылай отыра, тұңғыш рет аурудың сипаттамасын жазды.

Статистикалық мәлімет бойынша Е вирустық гепатитке шалдыққандардың көбі ер адамдар. Е вирустық гепатит жүкті әйелдер үшін өте кауіпті.

Е вирустық гепатитті алдын алу

Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустық гепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстық судағы Е вирустық гепатитінің жұқпалары өліп, жойылады. Эпидемия немесе Е вирустық гепатиті тіркелген жерінен аулақ жүргеніңіз жөн. Егер симптомдар байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Е вирустық гепатитінің жұқпалары үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, Орталық Америка ең қолайлы мекен.

Ауруды тану. Әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбеттің болмауы, жүрек айну пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет. Ауызда ащы дәмнің сезілуі, оң жақ қабырға астының ауырлап кетуі, несептің қараюы бауырдың зақымдалғанына меңзейді және тез арада медициналық жәрдемге жүгінуді талап етеді. Сарғаю, ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабықта, одан кейін теріде байқалады. Вирустық гепатиттерді тану ауру көріністері және эпидемиологиялық мәліметтерге, сондай-ақ арнайы зертханалық зерттеулерге (қан сарысуында А, С, D, Е гепатиттерінің вирусына қарсы антиденелердің, вирус антигендері, В гепатитінің антигендері және соларға сәйкес антиденелердің табылуы) негізделеді.

Емделуі. А гепатитімен ауыратындардан тыс, вирустық гепатиттермен ауыратын барлық науқастар ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімдерінде емделуі тиіс. Науқастардың емі мынадай шараларға негізделеді: жартылай төсек режимі, диета (ішімдікті, қуырылған, ысталған тағамдарды, балқытылған майларды, консервілер, ащы дәмдеуіштер, шоколад, конфеттерді рационнан шығару), полидәрумендер, осының өзі А және Е вирустық гепатитінің жеңіл түрлерімен ауыратын науқастар үшін жеткілікті болып жатады.

Диспансеризациялау. Вирустық гепатиттердің сарғаю түрлері кезінде сарғаюдың кетуі бауырдағы қалыпқа келу процестерінің алдында жүреді. Сондықтан жіті гепатитпен ауыратындарды (қалыпқа келу кезеңінде стационарда) бақылай бастайды да, аурудың созылу қаупін анықтау үшін және қажет болған жағдайда, интерферонмен емдеуді уақтылы іске асыру үшін бақылауды амбулаторияда жалғастырады. Диспансеризацияға инфекционистің қайта қарауы, қанды биохимиялық зерттеу, В, С және D гепатиттері кезінде антигенді және вирустардың антиденелерін анықтау жатады.

Вирусты гепатиттердің жалпы сипаттамасы:

25 кесте

Белгілері

ВГА

ВГЕ

  ВГВ

  ВГД

  ВГС

  ВГG

Вирустар тобы

РНК-лы пикорна-вирустар

РНК-лы калици-вирустар

ДНК-лы гепадно-вирустар

РНК-лы дефекті вирус,ВГВ бірге

РНК-лы флави-вирустар

РНК-лы флави-вирустар

Биологиялық орталар

Нәжіс, сиректеу шәуітте

Нәжіс

Қан, шәуіт, сілекей

Қан, шәуіт, сілекей

Қан, шәуіт  

Қан, шәуіт (?) сілекей

Берілу механизмі

Фекальді-оральдідық

Фекальді-оральдідық

Парентер- алдық

Парентералдық

Парентералдық

Паренте ралдық  

Таралу жолдары  

Су, тұрмыстық заттар, жыныстық, жанасу

Су

Тері, шырышты қабат, жыныстық перинатал-дық, трансфузия

Тері, шырышты қабат, жыныстық перинаталдық, трансфузия

трансфузия перинаталдық, жыныстық

трансфузия, перинатал-дық

Таралу факторлары

Су,тұрмыс заттары

Су

Қан, шәуіт, ластанған құралдар

Қан, шәуіт, ластанған құралдар

Қан,құралдар, шәуіт, донорлық заттары

Қан, құралдар, шәуіт (?)

Созылмалы процес

жоқ

жоқ

ия

Ия

ия

ия  

Арнайы алдын алу

вакцина

жоқ

вакцина

ВГВ вакцинасы

жоқ

жоқ

    Жұқтыру қауіптілігі

Вирустар-мен ластанған суды ішу, тұрмыстық гигиенаны сақтамау, гомосексу-алдық қатынас

Вирустар-мен ластанған суды ішу, пайдала-ну

Наркотик егу, жыныстық қатынас, мед. аспап. дұрыс залалсыз-дамау, мед емес манипуля-ция

Наркотик егу, жыныстық қатынас, мед. аспап. дұрыс залалсыз-дамау, мед емес манипуля-ция

Ластанған қан құю, наркотик егу

Ластанған қан құю, наркотик егу

Диагностика-лық белгілері  

Ig M anti HAY

Ig M anti HEY

HBeAg, HBsAg Ig M anti HBcor

PHK HDY, HDY Ag, Ig M anti HDY  

PHK HCY, anti – HCY total

PHK GBY- C/HGY

Тырысқақ

Тырысқақ (лат.cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.

Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.

Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.

Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.

Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.

Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.

Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.

Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:

  • эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,

  • емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,

  • арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,

  • этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,

  • халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.

Сурет

17 кесінді

Тырысқаққа қарсы шаралардың бағыты мен көлемі

Тырысқақ ауруы анықталған жағдайда

Медицина қызметкерлерінің қорғану шаралар

Қорғану киімін кию

Қолды қорғау

СЭҚБ хабарлау

Антибиотикпен көрсеткішке сәйкес

Инфекция көзіне бағытталған шаралар

Науқас адам

Ауруға күдікті адам Шұғыл ауруханаға жатқызу

Вибриоан тасымалдаушы

Беріліс механизмдеріне бағытталған шара – дизенфекция

Құсық, нәжіс

Құрғақ хлор әгімен 1:5 – 1 сағат залалсыздау

Құрғақ ДТС ГК 1:10 -1 сағат залалсыздау

5% лизол ерітіндісімен залалсыздау

Ыдыстар

2% сода ерітіндісінде 15 мин қайнау

0,5% хлорамин ерітіндісінде 15 мин залалсыздау

0,25% ДТС ГК ерітіндісінде 15 мин залалсыздау

Төсек заттары

0,2% сода ерітіндісінде15 мин қайнату

2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат залалсыздау

Тұрғын бөлмелер

2,5% ДТС ГК ерітіндісімен 30 мин тазалау

Хлор әгі ерітіндісімен 30 мин тазалау

3% лизол ерітіндісімен 30 мин тазалау

Инфекция көзімен қатынаста болғандарды қорғау

Оқшауландыру немесе медициналық бақылау – 5 күн

Нәжісті бактериологиялық зерттеу

Антибиотикпен көрсеткішке сәйкес

Энтеровирусты инфекция. Полиомелит

Энтеровирусты инфекция – инфекциялық ауру, ішек вирустарының тобына кіреді. Энтеровирустық инфекциялардың берілуі нәжіс және ауыз арқылы  (су, тағам және   тығыз қарым-қатынас арқылы) және ауа-тамшы жолдары (түшкірік, жөтел арқылы) іске асыру кезінде жүзеге асырылады. Ауру маусымдық сипатқа ие, бұрқ етпелер көктем-жаз және жаз-күз мезгілдерінде пайда болады. Жұқтырылу су, тамақ өнімдері, сондай-ақ науқастың нәжісі, жөтелген және түшкірген кезде өте ұсақ сілекей мен қақырық тамшылары арқылы жүреді. Инфекция ашық суқоймаларда шомылу кезінде өте жиі жұғады.

Энтеровирустар сыртқы ортаға төзімді келеді: төмен температураларға шыдамды (тоңазытқышта бірнеше апта бойы сақталады), құбырмен келетін суда 18 күнге дейін тіршілігін жоймайды, өзеннің суында бір айға жуық, тазартылған ағында суда екі айға дейін тіршілік етеді, сондай-ақ тұрмыстық бұйымдарда, тамақ өнімдерінде (су, жеміс, көкөніс) болады. Вирус жылыту қыздыру, қайнату, құрамында хлор бар препараттардың, ультракүлгін сәулелену әсерінен тез тіршілігін жояды.

Инфекция қалай байқалады?

Ауру температураның 38-40˚ С-қа дейін көтерілуімен, әлсіздіктен, бастың ауыруынан, лоқсудан, құсудан және көздің қарығуынан басталады. Бұл симптомдар жүрек тұсының, іштің, бұлшық еттің, ауыруымен, доғашықтағы және бадамшабездердегі ұшық бөртпелерімен қатар жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда жоғарғы тыныс алу жолдарында талаурау, суық тию, мұрынның бітуі, жөтелу байқалады. Аурудың 1-2 күндері негізінен қолда, аяқта, ауыз қуысында және оның айналасында 24-48 сағаттың ішінде (кейде 8 күн) болатын, кейін жоғалып кететін бөртпе пайда болады.

Бала ауырып қалса не істеу керек?

Көрсетілген белгілерге шағымдар пайда болған жағдайда ауру өздігінен өтеді деп күтпей, тез арада дәрігерге баруыңыз қажет, өз бетінізше емдеуге тырыспаңыз.

Баланы қалай қорғау керек?

Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары кез келген жіті ішек  инфекциясы кезіндегі шараларға ұқсас — мынадай ережелерді сақтаған жөн:

- ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

- тамақ ішердің алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;

- жеміс пен көкөністі пайдаланудың алдында оларды жөке қолданып және кейіннен қайнатылған сумен шайып мұқият жуу;

- ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу, шомылу кезінде суды жұтпауға тырысыңыз;

- азық-түлікті жеке тұлғалардан және сатуға рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау  үшін белгіленбеген , приобретать продукты у частных лиц и в неустановленных для торговли местах.

Емдеуден гөрі қарапайым профилактика шараларын сақтай отырып аурудың алдын алған жеңіл екендігін есте ұстаңыз!

Полиомиелит (грек. polіos — сұр зат және myelіtіs — жұлынның қабынуы) — негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — полиовирус. Полиомиелит кезінде көбіне жұлынның сұр заты зақымданып, ол барлық жүйке жүйесін ауруға шалдықтырады. Ол әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл ауру жұқпалы инфекция арқылы беріледі, суық тигендегі сияқты мұнда да қызу кетеріледі, құсып, іші етеді, бұлшық еттері ауырады. Бірнеше күн бойы баланың дені сау сияқты болып көрінеді. Кейде денесінің жартысы әлсіреп сал болып қалады. Мұндай жағдай көбінесе бір аяқта немесе екі аяқта бірден байқалады. Уақыт өткен сайын аяқтың әлсіреп семген жағы жіңішкеріп, екіншісіне қарағанда кеми түседі.

Тарихи кезеңдері 

Бұл ауруды 1840 ж. неміс дәрігері Я.Гейне, 1883 ж. орыс невропатологы А.Я. Кожевников және 1890 ж. швед педиатры О.Медин алғаш рет зерттеген. Бұл аурумен көбінесе 3 жасқа дейінгі сәбилер жиі ауырады. Полиомиелиттің қоздырғышы ауырған сәбидің нәжісі арқылы қоршаған ортаға тарап, бірнеше апта бойына белсенділігін жоймайды. Сондықтан инфекция ластанған ауыз су, жеміс-жидек, көкөніс және шикі сүт арқылы жұғады. Ауру жаздың соңы мен күздің басында өршиді. Аурудың жасырын кезеңі 4 — 35 күнге созылады. Полиомиелит жедел басталады. Сәбидің дене қызуы 38 — 39С-қа көтеріліп, жөтеледі, қайта-қайта түшкіріп, тамағы ауырады, кейде іші өтеді. Бұл белгілер 4 — 5 күннен кейін жоғалып, бір аптадан кейін дене қызуы қайтадан көтеріліп, науқас сәбидің бұлшық еттері, әдетте аяқ-қол бұлшық еттері салдана бастайды (Полиомиелит параличі). Кейде ауру ұзаққа созылып,науқас мүгедекболып қалуы мүмкін. Дерт асқынғанда, орт. жүйке жүйесінің нейрондары зақымданып (Бульбарлы паралич), сәбидің ас жұтуы, тыныс алуы қиындайды, ауа жетпей, тілі күрмеледі. Бұл жағдайсәбиүшін өте қауіпті. Аурудың алдын алу үшін П-ке қарсы жаппай вакцина егу керек. Қазіргі кезде вирусы өлтірілген (инактивацияланған) және вирусы әлсіздендірілген, тірі (аттенуацияланған) вакциналар қолданылады. 1952 ж. Полиомиелитке қарсывакцинаныамерикандық ғалым Дж. Солк (1914 — 1995) тапты. Полиомиелитмен ауырған сәбиді дереу ауруханаға жатқызып,карантинқою, үйді дезинфекциялау қажет. Қазақстанда Дүниежүз. Денсаулық сақтау ұйымының аясында Полиомиелитті жою Ұлттық бағдарламасы 1999 жылдан бері іске асырылып келеді.

Емдеу жолдары

Сал ауруын ешқандай дәрімен емдей алмайсыз. (Кейде дәрмені азайып әлсіреген ағза баяу қалпына келе бастайды). Антибиотиктер көмектеспейді. Аурудың алғашқы сатысында ауруды жеңіпдету үшін парацетамол немесе аспирин беруге болады, сонымен қатар ауырған жерге ыстық компресс қойыңыз. Баланы сіңірі тартыпып қалмайтындай ыңғайлы етіп жатқызыңыз. Бапа түзу жататындай етіп аяқ, қолын түзеңіз. Тізесінің астына жастық қойыңыз.

Сақтану жопдары

Бұл аурудан сақтанудың ең тиімді жолы полиомиелитке қарсы егу.

Балада суық тиген немесе аурудың басқа белгілері байқалса, қызу көтерілсе, ешқандай дәрі екпеңіздер, бұл полиомиелит вирусын тудыруы мүмкін. Уколдан тітіркену жеңіл полиомиелитті ауыр түріне айналдырып жіберуі мүмкін. Өте қажет болмаса өз беттеріңізбен баланы ешқашан шанышпаңыздар.

  1. Суық тиген белгілері немесе қызуы бар баланы бөлек бөлмеде ұстаңыз. Баланың қасына барған әкесі мен шешесі кейін қолын жуу керек.

  2. 2,3 және 4 айлық баланы полиомиелитке қарсы ектіруді ұмытпаңыздар.

Полиомиелиттен, сал болып қалған бала құнарлы тамақ ішуі керек, бұлшық еттерін нығайту үшін дене шынықтыруымен айналысқаны дұрыс. Мумкіндігінше, жүруді үйретіңіз, суретте көрсетілгендей, тік басып түруы үшін екі тіреу дайындап беріңіз, кейін балдақ жасап беру керек Аяққа арналған аспа бау, балдақ және басқа қосымша құралдар баланың қимылдауына көмектеседі.

Коксоки А,В және ЕСНО аурулары

Вирусты диареялар - бір топ ( гастроэнтериттер) энтеротропты вирустармен шақырылатын, көбінесе фокальды-оральды механизммен тарайтын, клиникасында гастроэнтерит, энтерит түрінде ас қорыту жолының зақымдалуымен, интоксикация синдромымен және кей кезде тыныс алужолдарының қабынуымен өтетін бір топ аурулар. Бір топ инфекциялары вирустармен шақырылатыны ХХ ғасырдың басында анықтала бастады. Түсініксіз себептермен пайда болған диареямен өтетін аурулардың өршіп көрінуі зерттеуге жол салды. Нәтижесінде диареяны тудыратын мүмкіншілік энтеровирустарда, аденовирустарда, ресвирустарда, ротовирустарда, парвовирустарда анықталды (астро-камици-миниротовирустар).

ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша ауыр түрінде өтетін диареялардың ішінде 20-40% вирусты этиологиялы, көбінесе ротовирусты. Жыл сайын жер бетінде 1-2 млн адамдар көбінесе балалар осы инфекциядан өлім табады. Қазіргі күндегі көзқараспен жедел ішек инфекциялардың себептерінің ішінде бірінші қатарда-ротовирустар, парвовирустар, одан кейін-энтеральды аденовирустар 40,41 энтеровирустар Коксаки және ЕСНО, корона-вирустар.

Ротовирусты инфекция

Қоздырғышы-Rotavirus, Reoviridae тұқымдастан. Құрамында РНК-сы бар. Қазіргі күнде ротовирустардың 4 серовары белгілі-І, ІІ, ІІ, ІУ. 70% кезіндегі оқиғалар ІІ серовармен шақырылады. Ротовирустар сыртқы ортада төзімді деп есептеледі. Аурудың көзі ауырған адам немесе вирусты тасымалдаушы. Ауырған адамдар вирусты сырқаттың бірінші клиникалық көріністерінен бастап 7-10 күніне дейін нәжіспен шығарады. Максимальды түрінде сырқаттың 3-5 күнінде. Тарату механизмі-фекальды-оральды, бірақта аэрогенды түрінде де тарау мүмкіншілгі бар. Ауратындар көбінесе кішкентай балалар (0-3 жастағы). Үлкендер арасында-иммунитеті төмен адамдар ауыруы мүмкін (қосымша патологиялармен, қариялар т.б.). Сырқат көбінесе тағам арқылы тарайды. Мерзімі-суық уақытта. Бірен-саран оқиғалар жыл бойы кездесуде.Аурухана ішілік инфекция түрінде тарауы мүмкін. Патогенезі бойынша ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттері. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады. Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі. Иммунитет] аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі. Морфологиялық өзгерістер ротовирусты инфекцияларда ащы ішектің шырыштарының қан толуымен, серозды ісінуімен, қылшықтардың қысқаруымен, эпителиальды клеткалардың дистрофиялық өзгерістерімен байқалады

Клиникасы

Инкубациялық мерзім 15 сағаттан 3-5 тәуліке дейін. Сырқат жедел, кейде аяқ астынан басталады. Бірінші көрінісі көбінесе-құсу, бірреттік құсу болады, кейде қайталама түрде, көбінесе ауру басталғаннан бірінші тәулігінде басталады. Кей науқастарда құсу іш өтумен бірге бір уақытта болады. Нәжісінің түсі жасылдау, сарғыш-жасыл түсті болады. Кейбіреулерінде нәжісінде шырыш болады, тәулігіне 1-2 рет өтеді. Ауырсыну толғақ тәрізді эпигастрии, мезагастрии аймағында болады. Іші құрылдайды. Сонымен қатар гастроэнтерит синдромына интоксикация синдромы қосылады.

Патогенезі:

Ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттер. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады.

Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім  жиі кездеседі.

Иммунитет аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]