Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_epidemiologia.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
456.7 Кб
Скачать

Септико-граниулемотозды

Септико-граниулемотозды түрі-нәрестелерде және ұрықтарда кездеседі. Аурудың жалпы белгілері тыныс алудың бұзылуымен сипатталады. Құсу, жалқақты дәретпен, разеолизді-папулезді бөртпелермен сипатталады. Гидроцефалия, бас миының атрофиялық анамалиялар жиі ұшырайды. Көзді-бездік түрі сирек кездеді. Инфецирленген жануарлармен контактыда болған кезде кездеседі. Көздің листериозға тән белгілер олар коньюктив пайда болуы. Қабықтың ісінуі қабыршақтарының тарылуы. Көз көруі төмендейді. Құлақ асты, жоқ асты лимфа түйіндері үлкейеді және ауырсынады. Шеткері қанда моноциттер 10%-лимфоциттер 34-48% жоғарлайды. Дене қызуы әр уақытта жоғары болады. Аурудың ұзақтығы 1-3 айға созылады.

Созылмалы түрі

Созылмалы түрі клиникалық көріністерге байқалмайды. Аурудың өршуі қысқа уақытты лихорадкамен, катаральды көріністермен кей-кезде ауру созылмалы пиелонефрит түрінде кездеседі, диспепсиялық бұзылыстар байқалады. Листериоздың осы түрі көбінесе жүкті әйелдерде жиі кездеседі.

Созылмалы түрі

Созылмалы түрі клиникалық көріністерге байқалмайды. Аурудың өршуі қысқа уақытты лихорадкамен, катаральды көріністермен кей-кезде ауру созылмалы пиелонефрит түрінде кездеседі, диспепсиялық бұзылыстар байқалады. Листериоздың осы түрі көбінесе жүкті әйелдерде жиі кездеседі.

Абортивті түрі

Абортивті түрі –листериоздың бұл түрі жедел басталады, листериоздың түрлерімен өтеді, бірақта ауру тез аяқталады.

Диагностикасы.

Бактериологиялық зерттеу мұрын-жұтқыншақтың және аранның, коньюктивтерды айқын іріңді, қан церобральды сұйықтың, лимфа түйіндерінен ашылған пунктат, мелоний, ұрық маңайындағы сұйықтың, бала жолдасынан алынады. Серологиялық зерттеу РА, РНГА және РСК жұп сарысуларды тексереміз. Антиденелердің абсорбциясын кистелиани бойынша тексеру, қосымша биологиялық сынақтар өткізіледі. Қояндарға кератоконьюктивалық сынақ жүргізу арқылы анықтауға болады.

Емі.

Күтім. Витаминге бай тамақтарды қабылдау керек. Емді клиникалық түріне қарай жүргіземіз. Этиотропты емі, антибактериалық препараттар тетрациклиндер , оларды 0,3г-4 рет тәулігіне. Эритрамицин 500 000Eg әр 4 сағат ем 5-7 күнге созылады. Ауру басталған кезде терапиялық дозада левомицетин қолданылады. ОЖЖ зақымданады, тетрациклинді стрептомицинмен қатар береді. Патогенетикалық терапия, глюкокортикоидтар тағайындалады. Дезинтоксикациялық терапия көктамырға 5% глюкоза ерітіндісін 400 мл тамшылатып құяды. Рингер, изотониялық натрий хлорид ерітіндісі қолданылады. 20% альбуцит және 1%-к гидрокортизон эмульсиясы қолданылады. Созылмалы листериозды антибиотиктерді жедел түріндегі қолданылады. 7-10 күн. Содан кейін сульфаниламид препараттарын 7 күндей қолданылады.

Алдын алу

Apнайы алдын-алу шаралары жоқ. Қазіргі кезде санитарлы-ветеринарлы ұйымдарды жүргізу дератизация.

Пастереллез

Жұғу жолына қарамастан сібір жарасының бациллалары алдымен лимфадан,сосын қаннанда Жұқпалы аурулар табиғатына байланысты жұқпалы еместерден ерекшеленіп,жануарлардың потологиясында ерекше орын алады.Бұл аурулар қоздырғышы-патогенді микроорганизмдер жануар ағзасына енгенде ғана туады.Жұқпалы ауруларға тән бір қасиеті-ауру малдан сау малға жұғу.Бұл инфекция қоздырғышының үздіксіз тасымалдануының потенциялдық мүмкіндігін анықтайды.Осыған байланысты инфекциялық аурулар малшаруашылығына қауіп төндіріп қана қоймай,экономикалық зардап, ал кейбіреулері тіптен адамға да жұғады.

Жұқпалы аурулар организмде болатын өте күрделі иммунологиялық қайта құрылыстармен,өзіне тән клиникалық белгілермен,жалпы морфологиялық өзгерістермен сипатталады.Кейінгі жылдарда кейбір жұқпалы аурулар бүтіндей жайылды(мыс,шын шешек),кейбіреулері(оба)тек белгілі бір табиғи ошақтарда ғана қалды.Сонымен қатар ХХғ.обасы аталған жаңа Адам иммунды тапшылығын қоздыратын вирусты инфекция пайда болды

Г.В.Каланин (1967ж.) сол авторлардың бірі болып табылады. Оның мәліметтері бойынша Ресейдің солтүстік аймақтарында қыс мезгілінде жануарлардың ауруы аз байқалды, эпизоотияның көтерілуі сәл жайырақ – мамыр, маусым айларында басталды, шыңы шілде айында, ал қыркүйек айында ауру сирек болды. Оңтүстік (далалы) аудандарда мал жыл бойына ауырды, ауруға шалдыққандар саны қаңтардан бастап көбейіп, шілде айында максимумға жетті. Содан кейін қаңтарда минимумға жетеді.

Бұл ғалымдар жүргізген тәжірибесінің тек бір ғана мысалы. Бірақ та басқа да авторлар сібір жарасының аумақтық ерекшеліктерінің себебін айқындап түсіндірмейді. Кейбір ғалымдар маусымдылықты топырақ анықтайды деп есептейді. Қысқы кезеңде топырақ қармен жабылады, ал жазда жануардың инфекцияланған жерлермен қатынасқа түсу мүмкіндігі туады да осы кезде малдың ауруы көбейіп кетеді. Басқа ғалымдар болса, сібір жарасына маусымдылық байқалуын метеорологиялық факторлардың ықпалымен болады деп санайды. Ол дегеніміз ауа температурасы оның қатысты ылғалдылығы, барометрлік қысымы, жел т.б. Ғалымдардың пайымдауынша бұл факторлар эпизоотиялық тізбекке жалпы және оның жеке — дара буындарына ықпал етеді.

Л.Г.Демидчик, В.Ф.Костюнина, т.б. (1991ж) сібір жаралы малды емдеуде қазіргі кезде қолданылатын заттарды спецификалық және спецификалық емес деп ажыратылатынын айтады. Спецификалық заттарға серотерапия жатқызылады. Италияда Sclavo қаласында (1895ж), Францияда, Ресейде Юргелюнос қаласында (1902 ж) сібір жарасына сарысу дайындады. Кейін ол ғалымданмен сапалық және дайындалу әдісі жағынан тиімділігі екендігі дәлелденді. Көптеген авторлардың мәліметтерінше, сібір жарасына қарсы сарысуды  жаппай мал басына қолдану оның әсерлі болатынын айтты. Оны профилактикалық және емдік мақсатта қолдануға ұсынады. Емдік мақсатта сарысуды аурудың барлық формаларында неғұрлым ерте енгізсе, соғұрлым нәтижелі болады.

Профилактикалық мақсатта тері астына: жылқыға, ересек мүйізді ірі қараға және бұғыларға 15-20 мл; ойға, ешкіге,бұзаулар мен шошқаларға 8-10 мл инъекциялайды. Содан кейін жануарлардың сібір жарасына төзімділігі 14 күнге сақталады.

Емдік мақсатта сарысуды сібір жарасына балау қойылғанда қолданады. Ауру малға оны тері астына мынадай мөлшерде енгізеді: жылқыға, түйеге, мүйізді ірі қараға, бұғыларға 100-200 мл; қой мен ешкіге, шошқаға 50-100 мл. Жануарларда анафилаксияны болдырмау үшін жылқыдан басқа жануарларға екінші қайтара инъекциялағанда 10-14 күннен соң ұсақ малға 0,3-0,5 мл, ірі қараға 1-2 мл, ал 15-30 мин откен соң толық дозасын енгізеді.

                      Патогенезі және клиникалық белгілері.

Жануарлардың сібір жарасымен зақымдануы алиментарлық жолмен болады,аэрогендік,жарақаттанған тері және кілегей қабаттар арқылы да болуы мүмкін.Ауру қансорғыш буынаяқтылар арқылы да жұғады.табылады.Індетке бейім келетін организмде қоздырғыш басында енген жерінде көбейеді,онда ол алдымен клеткалық,сосын жергілікті лимфа түйіндерінің тосқауылынан өтіп барып дамиды.Сібір жарасы спора түскен жерде оларға фагоциттермен,макрофагтармен ұсталады.Олардың ішінде спора күйіндегі қоздырғыш ұзаққа шыдайды.Осы клеткалардың көмегімен олар жануар ағзасының лимфа жүйесіне түсіп,сонда өсіп-дамиды.Лимфа түйіндерініңбарьерлік қызметін бұзғаннан кейін бациллдар көп мөлшерде қаннан табылады.Мал өлместен 6 сағат бұрын 84% бациллалар ұлпадан,ал өлген мезетте 72% табылады(енді олар қанда). Әдетте мал өлер алдында жаппай септицемия көрініс табады.

Патологиялық процестің дамуы қоздырғыштың веруленттілігімен,оның капсула түзу және токсин бөліп шығару қабілеттілігімен байланысты.Сібір жарасы токсин осы аурудан өлген малдың қан плазмасынан бөлініп алынған,және де I, II, III. факторлар түрінде белгілі.Қазіргі кезде организмге әсер ету механизмі бойынша факторларісікті,қорғаушы антиген және летальді болып аталған. Сібір жарасы токсин,қантамырларының қабырғасынан өтіп, нәтежиесінде көптеген қанкетулер мен дәнекерұлпалы клетчатканың серрозы-геморрагиялық ошақтары дамиды. Аурудың терминалды сатысында токсин әсерінен гипоталамо-гипофизарлық бүйрек үсті жүйе функциясының дискоординациясы болады. Ауру малда қанның реалогиялық қасиеттері бұзылып,қан көлемінің тез төмендеуі болады. Гемоглабиннің оттегі байланыстырушы қасиетінің сақталуына қарамастан,оның қандағы мөлшері азаяды. Токсиннің бөлек,сібір жарасының қоздырғышы белсенді протеалитикалық фермент түзеді,ол ақуыздың алмасуын бұзып,ұлпалардың бұзылуына әкеледі.Осының барлығы бүйректің жетімсіздігін,орталық нерв жүйесінің бұзылуын, қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің төмендеуіне,қандағы мачевина азотының көбеюін тудырады.

Инкубациялық кезеңі әдетте 1-3 күнге созылып,бактерилдердің мөлшері мен вируленттілігіне, сондай-ақ организм резистенттілігіне байланысты. Аурудың өтуі өте жіті,жіті,жітілеу және созылмалы. Залалдану жолына байланысты және инфекция процесінің оқшауланған жеріне қарай аурудың терілік (карбункелезді) формасын-қоздырғыш тері арқылы енсе (жарақат, шағатын бунақденелер), антигенозды формасын тек қана шошқаларда, өкпелік-қоздырғыш тыныс алу жолдарына ауамен бірге  өткенде, ішекті-инфекцияланған азық пен су қабылдағанда, антипиялық және септикалық формасын ажыратады.

Өте жіті өткенде (аноплексиялық формасы) (грек apoplexo-есінен тандырамын) ауру кенеттен басталып,ауыр өтеді. Жануарларда қозу, тіс қайырау, әрлі-берлі қозғалу, талмалар, тыныс алудың жиілеуі, тахикардия, көрінетін кілегей қабаттардың көгеруі,есінен тану,дене қызуының күрт жоғарлауы байқалады.Содан соң тепе-теңдіктің сақталуы бұзылады,ауыз бен танауынан қанды сұйықтар ағуы мүмкін,ал аналь тесігінен-қою қан аралас нәжіс бөлінеді. Малдың өлімі алғашқы симптомдар байқалғаннан 1-2сағат өткен соң болады. Егер де мал күтпеген жерден тез өлсе,онда бұны микроб токсинінің орталық нерв жүйесіне тікелей әсер етуімен байланыстырады. Мұндай жағдайда тыныс алу орталығының параличі соғады.

Аурудың апоплексиялық формасында негізгі өзгерістері бас миынан табылады. Олар мидың заты мен қабаттарының тамырының қанға толуымен және ми ұлпаларындағы қан құйылулармен сипатталады. Көп жағдайда бас миының жұмсақ қабатының сірлі-геморрагиялық қабынуы (лептоменингит) дамиды. Ондайда ми қабықшалары ісініп, нүктелік қан құйылған. Бас миынан ганглиозды клеткалардың дистрофиясы, эритроциттер арасынан лейкоциттердің табылуы байқалады. Баска мүшелердегі паталогоанатомиялық  өзгерістері спецификалық емес және тек тұрып қалған қанға толулар мен дистрофиялық өзгерістер мен көрініс табады.Тері асты клетчаткасынан,қаңқа бұлшық етінен, бауыр, өкпе, ішектің сірлі қабықтарынан, құрсақтан іркілмелі гиперемия анықталады. Талағы ұлғаймаған, тек сәл домбыққан. Дара лимфа түйіндері ісінген, іркілмелі гиперемияланған, қанталаған. Өкпесі қанға толы, жіті іркілмелі ісіктермен, паренхима мен үлпершегінде геморрагияланған.

Жіті өту барысында дене қызуы 41-42С көтеріледі. Ауру малда аяқтарының әлсіздігі,қозуы мен мазасыздануы депрессиямен жалғасады.Тынысы жиілеп,ауырлайды,жүрек соғысы қатты,кілегей қабаттары цианозданған.Ауру жануар толықсып,аяқтары жансызданады және мойны қисаяды.Несептің түсі күрең-қызыл.Тәбеті қашып,күйіс қайыруы тоқтайды,өлер алдында аузы мен танауынан көбікті қен аралас сұйық ағуы мүмкін.Ауру 1-2күнге созылады.

Паталогоанатомиялық өзгерістері.

Паталогоанатомиялық өзгерістері аурудың өту барысы мен көрініс формасына байланысты. Ауру баяу өткен ғұрлым,белгілеріанық білінеді (атипиялық және созылмалы өтуін есептемегенде). Әсіресе жіті және жітілеу формасында паталогоанатомиялық өзгерістері тән болады.

Өлексе өте үрілген, сіресуі болмайды, не әлсіз байқалады. Тек қойларда ғана мал өлгеннен бір сағат өткен соң сіресу болады және де 10-12сағат бойы сақталады. Табиғи саңылаулардан қанды көбікті сұйықтық, ал кейде қан ағады. Өлексенің іріп-шіруі, әсіресе жазғы мезгілде тез жүреді.

Тері асты клетчаткасы нүктелік георрагияланған және сарғыштанған. Оның қантамырлары қанға толы. Сондықтан сібір жаралы өлекседен сыпырылған терінің ішкі жағы күрең-қызыл түсті. Мұндай іркілімдер өкпе плеврасынан, шажырқайдан, тілден және басқа жерлерден табылады. Сірлі қабаттары қанталап, көгерген. Қаны қою-шие түсті, қою, ұйымаған.

Бұлшық еттер тас-қызыл түсті, былжыр консистенциялы. Құрсақ және кеуде қуыстарында, жүрек қабында көп мөлшерде бұлдыр қызыл түсті сұйықтық жиналған. Жүректе эпикард астында қан құйылулар табылады. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды кейде беткейінде қою-шие түсті нүктелік қан кетулер болады. Олар кескінінде тас-қызыл түсті. Жалағы өте ұлғайған (кейде қалыпты), қанға толы,кескінінде жұмсарған пульпасы қара май тәріздес масса түрінде ағып шығады. Бауыр мен бөтелкелер онша ұлғаймаған. Олар тас-қызыл түсті. Ішектер гиперемияланған, толы, құрамы әдетте қан түстес болады, сұйық консистенцияланады. Аш ішек,әсіресе он екі елі ішек кілегей қабаттары гиперемияланған, ісікті және нүктелік қанталаған. Кейде ішектерде қабырғаларының  қалың майлануы табылады.Пейер түйіндерінде ойық жаралар табылады. Тоқ ішектің зақымдалуы сирек кездеседі,кейде тік ішектің кілегей қабаттарында карбункулдар түрінднгі төмпешіктер байқалады.

Бас миы мен жұлын гиперемияланған,ми заты мен оның қабаттары қанталаған. Мидың жұмсақ қабығы геморрагиялық сұйықтықпен сіңірілген.

Сібір жарасының мүйізді ірі қарадағы, жылқы мен қойдағы терілік фомасы әдетте сорозды-геморрагиялық ісік түрінде өтеді, демек карбункулға тән пустулдар түзілмейді. Шошқаларда көбінесе жақасты,жұтқыншақ және мойынның лимфа түйіндерінің зақымдалуымен жалғасатын геморрагиялық лимфаденит анықталады. Мойын аумағынан жасыл түсті мұздай серозды-геморрагиялық эксудат табылады.

Зақымдалу дәрежесі мен сатысына байланысты лимфа түйінінің көлемі өзгермеуі мүмкін не болмаса тауық жұмыртқасы көлеміндей болады,көп жағдайда сарғыш түсті мұздай масса мен қоршалған. Өкпеде бұршақтан тауық жұмыртқасына дейінгі көлемдегі төмпешіктер сирегірек байқалады.

Ішектік формасында ішектердің кішкене бөлігінде геморрагиялық қабынған кілегей қабаттардың зақымдалуы түрлі интенсивті және ішектің сыртқы қабырғасының паталогоанатомиялық өзгерістеріне байланысты.

Карбункулезді формасында теріден қызыл түсті түйіндер немесе ойық жаралар табады.

Ұманы ветеринарлық-санитарлық сараптау.

Аурудың жергілікті формаларын анықтау үшін лимфа түйіндері мен паренхиматозды мүшелерде болуы мүмкін өзгерістердің барлығын нақты білу қажет.Лимфа түйіндері физиологиялық қызметіне байланысты етті санитарлық бағалауда негізгі объект ретінде қарастырылады.Сібір жаралы қоздырғыш негізінен лимфа түйіндерін зақымдайды.

Өңдеуіш мекемелерде, сойыс пунктерінде, ветеринарлық- санитарлық сараптау зертханаларында сібір жарасы анықталса ұманы жояды.

Ет өңдейтін мекемеге жіберілген әрбір мал партиясына ветеринарлық куәлік беріледі,ал жеке адамдармен сайысқа әкелінген малға белгіленген тәртіппен ветеринарлық анықтама қағаз беріледі.Сол мекеменің малдарын жануар партиясы келген бойда ветеринарлық құжаттардың дұрыс толтырылғандығын тексеріп,жеке малды немесе таңдаулы қарау жүргізеді,қажет болғанда малдың термометриясын жүргізеді.Сойысқа тек сау мал жіберіледі.

Егер тасымал жолында малдың партиясын ауруға шалдыққан немесе содан өлген мал болса,онда ет комбинатына келісімен бұл партияны карантиндеп,оларды күнделікті қарап,термометрлейді.Сібір жарасына қарсы сарысу еккеннен 3-5 тәулік өткен соң қалыпты температуралы жануарларды сойысқа жібереді.

Сібір жарасына күдікті малды оқшаулап, сібір жарасына қарсы сарысумен және антибиотиктермен емдейді.Қалыпты температураға келген күннен 14 тәулік өткен соң малды сойысқа жібереді.

Ет комбинаттарында ұманы бөлетін жер болмаса, басын, талағы мен өкпе басқа мүшелерді үстел үстіне жаяды. Ұма мен ішкі мүшелерді қарау жері жақсы жарықтанған,кез-келген өзгерістерді анықтауға қолайлы болуы тиіс.

Шошқада сараптау аяқталғанша басын бөлмейді. Тілін кесіп алып өкпе-бауырымен бірге қалдырады. Бөліп алынған өкпелерді трахеямен бірге, журек пен бауыр ветеринарлық қарау аяқталғанша, бір-бірімен табиғи қалыпты байланыста болып лимфа түйіндері сақталынуы тиіс.

Ұманы ісіктерге, карбункулдерге, басқа да патологиялық өзгерістерге көңіл аудара отырып,беткі және ішкі жақтарын қарайды.

Ұма мен ішкі мүшелерді зерттеудің нәтежиелері бойынша ет комбинаттарында, сойыс мекемелерінде сібір жарасы кезінде шошқада негізінен жақ асты,жұтқыншақ және мойынның лимфа түйіндерінің зақымдануымен жүретін геморрагиялық лимфаденит тіркеледі. Ішкі мүшелердің басқа лимфа түйіндерінде патологиялық өзгерістер сирек кездеседі. Сондықтан ең алдымен жақ асты,жұтқыншақ және мойынның лимфа түйіндерін,қажет болғанда қалғандарын жарып сояды.Құлақ қасындағы лимфа түйіндерін,кеңірдектің кілегейін, миндалиндерді қарап,тілді ұстап қарайды.Қарап болған соң талағын кесіп паренхимасын қарайды да,лимфа түйіндерін ашады.Өкпесін пальпациялап,бронхиалді лимфа түйіндерін (оң,сол жақ,ортаңғы) кеседі. Бауырдың диафрагмальді және висцералді жақтарын қарайды.

Қарын, өңеш, жүректі қарағаннан кейін, айналасындағы лимфа түйіндерін ашады.Ішекті сірлі қабығы жағынан қарап, бірнеше шажырқай лимфа түйіндерін кеседі. Бүйректерін капсуласынан бөліп алып қарап,ұстап қарайды. Патологиялық өзгерістер табылса тіліп, сол кезде бірге лимфа түйіндерін де алады.

Лимфа түйіндерінен сібір жарасының созылмалы формасына тән некротикалық фокустар табылса,сойысты тез арада тоқтатады.Зақымдалған ұманы конвейерден түсіріп, оқшаулайды. Сібір жарасына анықталған жағдайда ұманы өртейді.Қан төгілген жерді,құралдарды,мал дәрігерінің киімін дезинфекциялап, содан кейін малдың сойысын жалғастырады.Ұманы жарып сойғаннан кейін сібір жарасы табылса, ауру қоздырғышының таралуының алдын алатын барлық шаралар қолға алынады.

Базарда сатылуға жіберілетін ет өнімдері міндетті түрде мемлекеттік ветеринарлық сараптау зертханаларында тексерістен өтуі тиіс,тіпті егер олар базарда қаралған болса да,ұмадан бөлек әкелінген ішкі мүшелер мен субөнімдер сатылуға жіберілмейді.

Зертханалық зерттеуге сынама алу.

 Ауру малдан тірі кезінде балау қою үшін(шошқадан басқа)қаны алынады (әдетте құлақтан). Оның алынатын жерін мұқият дезинфекциялап,сосын тамырын кесіп,қанның қалың тамшысын заттық шыныға салады. Ол алдын ала залалсызданады.Айта кететін жайт,қан тамшыларын кантрафинадқа да салуға болады. Қанды алғаннан кейін тамырдан қанның шығуын тоқтатады.Қанды күре тамырдан да алуға болады.Қолданылған құралдар залалсызданады.

Көптеген зерттеушілердің есептеуінше,сібір жарасы қоздырғышын қаннан тек малдың өлуіне бірнеше сағат қалғанда ғана анықтауға болады.

Өлгеннен кейінгі балау үшін патологиялық материалды өлекседен алады.Бірақ та,қоршаған орта инфекциямен залалдау мақсатында өлексені жарып соймаған жөн.Өлген малдан да қан алады (шошқалардан басқа). Оны құлақтан немесе басқа жердің перифериялық тамырдан алады.Мұнда қан алу әдісі жоғарыдағыдай.Егер қажетті мөлшерде қан алынбаса немесе өлексе іріпөшіріп бастаса,құлағын кесіп алады. Оны өлексе жатқан жағынан алған жөн.

Шарасыздан сойылған немесе сібір жарасына күдікті болғанда жарып-сою кезінде сақтықпен талақ,бауыр,өзгерген лимфа түйіндерінің бөліктерін алады.Шошқалардан қанды зерттеуге жіберілмейді,тек терінің кескінін, ісіктенген жерден қабынған ұлпа тілімдерін, жұтқыншақ лимфа түйіндерін алады. Алынған потологиялық материал жедел түрде зертханаға жіберіледі. Материал балауса күйінде жеткізілуі тиіс,өйткені іріп-шіріген ұлпада сібір жаралы бациллдар ериді.

Қоршаған орта обьектілерін зерттеу үшін 1л. мөлшерде шайындылар жасалады.Жүнін,түгін және қылдарын түрлі жерден алады. 2-3г мөлшерде 5 сынама.

Озықтардан сынама алу зертханаға орташа сынама жіберіледі. Ол партияның біріншілік сынамаларынан құралады;орташа сынаманың массасы 500г астам.

Судан сынаманы алу. Табиғи және жасанды суаттардан су сынамасын беткейінен алады.Әрбір сынама көлемі 0,5л кем емес, жалпы көлемі 1л. Кем емес болуы тиіс.Су құбырынан сынама алғанда құбырды ыссы спиртті тампонмен күйдіреді.

Топырақтан сынама алу. Ол үшін зерттелетін территорияны 10-16м мөлшердегі аудандарға бөледі. Топырақтан сынама алу барысында стерилділік міндетті емес,өйткені топырақтың өзіндегі микроорганизмдер мөлшері соншалық, тіптен ауадан түсетін инфекцияның еш маңызы жоқ.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, топырақ сынамасын полиэтилен пакетке не ауа кірмейтін ыдысқа салу жөнсіз.Өйткені,топырақта мұндай орамда сібір жарасы қоздырғышына теріс әсер ететін актиномициттер тез дамиды.

Топырақ сынамасы алынған құралдарды дезинфекцияланады.

Балау,дифференциялдық балау.

Сібір жарасын балау қиынға соғады, әсіресе түсікпен өткенде, атипиялық көрініс тапқанда және аурудың жергілікті формаларында. Клиникалық белгілері мен паталогоанатомиялық өзгерістер әртүрлі және ондай белгілер көптеген жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға тән келеді.Осыған байланысты тәжірбиелік жағдайларда біріншілік балау көп жағдайда дұрыс қойылмайды.

Сібір жарасына диагноз қойғанда өте мұқият болып, аурудың көрініс ерекшеліктерін ескеру қажет. Балауды эпизоотиялық мәліметтер, клиникалық белгілер,патологиялық өзгерістер мен зертханалық зерттеулер нәтежелеріне негізделініп қойылады.

Сібір жарасын балаудың негізгі әдісі-бактериологиялық. Ол үшін ауру малдан немесе өлекседен құлақ,құйрықтың қантамырларынан қан алып,заттық шыныда жуан жағындылар дайындайды. Жағындыларды ауа да кептіреді де алдымен таза қағазға, сосын полиэтилен пленкаға орап, байлайды.

Сібір жарасын кейбір жіті өтетін індеттік аурулардан ажырату қажет:мүйізді ірі қара мен қойларда-жіті пастереллезден, эмфизематозды карбункулдан, пироплазмидоздан; жылқыда-инфекциялық анемиядан, пироплазмидозадан, т.б.

Пастереллез. Бұл аурумен сібір жарасының жалпы ортақ белгілері көп,әсіресе жіті формасында. Басқа белгілерімен қатар (жоғары температура,т.б) тері асты клетчаткасында, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың кілегей қабаты астында ісіктер табылады. Бірақ қараталаққа қарағанда пастереллез кезінде қозу мен қорқыныш күйі, болмайды, олар жітілеу формасында байқалады.

Қатерлі ісік клиникалық белгілері бойынша сібір жарасына ұқсас, бірақ та жарақатты инфекция түрінде дамиды.

Эмфизематозды карбункул кезінде ісінулері бар жерлерді сипап қарағанда крепитация естіледі,алперкуссиялағанда тимпаникалық дыбыс шығарады. Ісікті кескенде лайлы-бурыл түсті, лайдың иісі бар сұйықтық ағады, қаны күрең-қызыл, ұйыған.

Қойдың брадзоты клиникалық көріністері жағынан қараталақпен ортақ.Мал брадзотпен өлгенде,жүні тез сыпырылады.Сібір жарасында бұл байқалмайды.Сондай-ақ брадзотқа құрсақта,диафрагма мен плеврада нүктелік қан құйылулар тән. Жітілеу өткенде кілегей қабаттары сарғыш тартып,дененің кейбір жерінен жүні түседі. Сібір жарасында мұндай байқалмайды. Брадзоттан өлген малдың екі не бір бүйрегі консистенциясы ботқа тәріздес болады,талағы өзгермеген. Ал топалаңда бүйректер консистенциясы өзгермейді де,ал талағы әдетте айтарлықтай ұлғайған.

Шошқаның обасы да бұл ауруға тән белгілерге ие.Мәселен,лимфа түйіндерінің 2-3 есе ұлғаюы, қабынған, шырынды, сарғыш түсті сияқты көріністер шошқа обасына да тән. Дене қызуының жоғарылауы, кейде талақтағы инфарктілер де табылады.

Ал жылқының африкалық обасының клиникалык симптомдарын мұқият зерттегенде ғана айырмашылықтарын табуға болады. Мысалға, азық қабылдауының төмендеуі, жануар тұмсығын шелек түбіне дейін жеткізіп түсіреді, су ішкісі келеді, бірақ суы аузынан ағып кетеді. Сібір жарасында бұл көріністер орын таппайды.

Инфекциялық анемия өте жіті өткенде сібір жарасына тән көрініс береді. Аурудың жіті өтуінде жүректің жиілігі нәтежиесінен қарын аумағында іркілмей ісіктер табылады. Дамуына байланысты көздің,мұрынның, ауыздың, биелерде-қынаптың  кілегей қабаттары бозғылт тартып, ісініп, майланады, жиі көптеген нүктелік қан құйылулар табылады. Сібір  жарасында бұл белгілер тек жітілеу өткенде ғана байқалады.

Патогенез, клиникалық белгілері. Қоздырғыштар денеге тері, тыныс алу жүйесінің шырышты қабаттары, асқазан ішек жолдары арқылы түседі. Инфекция дамуы үшін, қоздырғыштар макрофогтарға еніп, көбейіп оны ыдыратуы қажет.

Клиникалық белгілері әртүрлі жіті және созылмалы түрде өтеді. Көбіне тері түрінде өтеді, абецесс, флегмона, остеомиелит болуы мүмкін. Сирек респираторлы және обдиминалды сепсис түрінде өтеді.

Инкубациялық кезеңі-1-7 күн.

Диагностикасы.

1. Бактерологиялық, бактериоскопиялық әдіс.

2. Биологиялық сынама.

3. Сериологиялық әдіс- ГАТЕР- антиделер титрінің өсуі.

Алдын-алу шаралары ветериналық қызметкерлермен бірігіп жасалуы қажет: ауру және күдікті жануарларды ерте анықтау емдеу; жұқтыру жағдайын және себептерін анықтау; ауылшаруашылық жануарларына ауылдын ала егулер жасау; дератизация, мал қораларын, қоланатын заттарын, қызметкерлердің киімін дизенфикциялау; малды сою, мал өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау барысында санитарлық-ветеринарлық таоаптардың орындалуын қадағалау.

Медициналық-санитарлық шаралар: ауылшаруашылық жануарлар және құстармен жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке бас гигенасын сақтауын қадағалау, мал өнімдерін өңдеу мекемелерінде санитарлық-ветеринарлық талаптардың орындалуын қадағалау, санитарлық ағарту жұмыстарын жүрізу, әсіресе қол гигенасына, кесу, тілу, жарақаттануды алдын-алуға назар аудару, арнайы киімдермен қамтамасыз ету.

Маңызды және тиімді шаралардың, бірі – малдарды белсенді түрде иммунизациялау. Егу үшін тірі және өлі вакциналар қолданады.

Шұғыл алдын-алу ретінде қожалықтарда пастереллез ауруы тіркелгенде малдарға иммундық сарысу егіледі, жас малдарға-10-30 мл; ірі малдарға 30-40 мл. Енжар иммунитет 2 аптаға дейін сақталады.

Иерсиниоздар

Иерсиниоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, табиғи антропургиялық, бактериалды, зоонозды инфекциялық ауру, интоксикация, қызба, бөртпе, асқазан-ішек, сүйек-буын жүйелерін зақымдаумен сипатталады, созылмалы түрде өтеді.

Ииерсиниоздар тобына 2 бөлек иозологиялық түріндегі аурулар кіреді:

  1. Ішек иерсиниозы;

  2. Жалғантуберкулез.

Ішек иерсиниозы

Қоздырғышы Yersinia enterocolitica – грамтеріс, жылжымалы, аэробты таяқша. О- және Н- антигендері бойынша 50 серовары және 5 биовары анықталған. Сыртқы ортаны химиялық және физикалық факторларының әсеріне төзімді, жемістер мен тағамдар да ұзақ сақталады. Төменгі температурада көбеюі де мүмкін. Y.pestis оба ауруының қоздырғышы.

Инфекция көзі жабайы және синантропты кеміргіштер. Ауылшаруашылығы жануарларынан ірі қара мал, шошқа, ит, мысық, құстар. Өте сирек инфекция көзі адам болуы мүмкін. Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Негізгі таралу жолы – тағам арқалы (ет, сүт тағамдары, жеміс-жидек). Тамақ өнімдерінде қоздырғыштар көбеюі мүмкін. Жанасу жолымен азық-түлік дүкендері, тағам өнімдері мен жемістерді сақтайтын қойма қызметкерлері лас қол арқылы жұқтырады. Кеміргіштердің нәжісі, зәрімен ластанған су арқылы да таралады. Қоймаларда ұзақ саақталатын картоп, сәбіз, орамжапырақтың 20% көктемде қоздырғыштармен ластанған болады, алма, цитрустар- 9% қондырғылар мен еден, сөрелер- 9- 10%.

Иерсиниоздың әртүрлі клиникалық түрлерінде – асқазан-ішек, жіңішке ішек, бауыр, сүйек – буындарды зақымдайтын және сепсис аллергосепсис түрінде өтеді. Инкубациялық кезеңі- 1-6- күн.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері:

  • Сырқаттанушылық жеке түрінде немесе топтасқан түрде кездесді;

  • Көбіне мал қожалықтары, ет комбинаттары, дүкен, қойма қызметкерлері ауырады;

  • Барлық жерде бірдей таралған, бірақ экономикасы дамыған елдерде жиі кездеседі;

  • Көбіне қала халқы жиі ауырады, оның себебі көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарын жиі қолдануында;

  • Жыл бойы ауру тіркеледі, қазан-қараша айларында сырқаттанушылық көбейеді;

  • Жіті жедел түрдегі ауру 3 айға дейін созылады;

  • Созылмалы түрде 6 айға дейін өте созылмалы түрде 2 жылға дейін жағасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]