Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_epidemiologia.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
456.7 Кб
Скачать

Орнитоз

Орнитоз (лат. ornіx – құс) – адамдар мен құстарда болатын жұқпалы ауру. Орнитоз тыныс алу жолдары арқылы жұғып өкпенің қабынуы, орталық жүйке жүйесібауыр, көк бауырдың зақымдануы, организмнің жалпы улануымен сипатталады. Аурудың қоздырғышы – хламидия (Chlamіdіa psіttacі).

Орнитоз ауруының салдары

Орнитозбен негізінен құстар (үйрек, тауық, тотықұс, сары шымшық, қырғауыл, т.б.) ауырады. Ауырған құстар жем жемейді, аз қозғалады, қауырсындары үрпиіп, көздері мен мұрындарынан сұйықтық бөлінеді. Ауру 8 – 9 күнге созылады, көп жағдайда құстардың өлімімен аяқталады.

Адамдар үшін қоршаған ортаға ауру құстар мен вирус тасушы-құстардың нәжісімен не мұрынынан аққан сұйықтықтан тарайтын вирустар өте қауіпті. Орнитозбен құс фермалары мен құс фабрикаларында, зоолологиялық парктер мен зоодүкендерде жұмыс істейтін адамдар ауырады. Ауру құстарды жаппай сою не басқа жақтан жаңадан құстар әкелгенде және құстардың жұмыртқалау кезеңінде байқалады.

Орнитоз ауруының белгілері

Ауру белгісі 6 – 14 күннен кейін жедел түрде басталады. Науқастың басы ауырып, ұйқысы қашады, дене температурасы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Көбінесе тыныс алу жолдары зақымданғандықтан, ауру біртіндеп өкпе қабынуына ауысады. Бұл кезде науқастыңкеуде тұсы шаншып, құрғақ жөтел қинайды, кейін іріңді сұйықтық бөлініп, кейбір жағдайда ол қан аралас сұйықтыққа айналады. Бауыр мен көкбауыр жиі ісінеді, дене қызуы 9 – 20 күнгесозылады. Науқасты ауруханада емдейді, адам дерттен сауығып кетеді.

Алдын-алу шаралары

Құс шаруашылығында, құс өсіру кешендерінде, құс қауырсыны мен мамықтарын өңдейтін мекемелерде санитарлық-ветеринария жұмыстар жүргізу; басқа жақтан әкелінген құстарды карантиннен өткізуауруға қарсы вакцина егу

Лептоспироз

Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және speіra — ирекше, бұрама; osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ито денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі: 1. интерогеморрагиялық Лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады; 2. каникол (немесе Помон) Лептоспироз (денеде қан құйылу байқалады); 3. “су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі. Қазақстанда Лептоспироз “су безгегі” деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер).

Лептоспира бактериялары

Лептоспира бактериялары — тасымалдаушы жануарлардың бүйрегінің майда өзекшелерінде өсіп-өніп сақталады, сыртқы ортаға несебімен шығады. Лептоспира адамдарға лептоспира бактерияларымен ластанған су, топырақ, ас тағамдары, тұрмыстық және мал өнімдерін өңдейтін өндірістік қалдық заттармен ауыз қуысы, мұрын, көз шырышты қабығы және зақымданған тері арқылы жұғады. Лептоспира жұққаннан кейін 3 — 5 миннуттан соң қанға өтіп, бүйрек пен бауыр тіндеріне таралып, жылдам өсіп-өне бастайды. Аурудың жасырын (инкубац.) кезеңі орта есеппен 7 — 13 күнді қамтиды. Сонан соң науқастың бірден дене қызбасы басталады (39 — 40ӘС), өзі қалтырап, бұлшық еттері қатты ауырады; көзі қызарады; лоқсып құсып, ұйқысы қашады. Ауру асқынғанда сандырақтапмұрнынан қан кетіп, ерін, мұрын айналасына ұшық шығады. Бауыры ісінеді, денеге бөртпе шығады, дененің сарғаюы байқалады. Ауруды дер кезінде емдемесе, адамдардың өліп кетуі (әсіресе, жасы келген) де мүмкін. Ал сарғаймай, жеңіл түрімен науқастанғанда 6 — 12 аптадан кейін толық айығып кетеді. Ауру диагнозы лабараториялық әдістермен анықталады. Емі: антибиотиктер (пенициллинтетрациклин, т.б.) беріледі. Гамма-глобулиндер егіледі. Алдын ала сақтану үшін медицина-санитар-ветеринарлық кешенді шараларды қолдану, тұрғындарды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, мал суаратын жерлерден ауыз су алмау, т.б. қажет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]