Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2010 Жаа жыл-11.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
60.42 Кб
Скачать

(Ақшақар мен би орындалады.)

Қар: Балалар біз сиқырлы шам туралы ұмытып кетіппіз. Аяз ата Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап әкеткен. Егер шам жаман адамның қолына түссе өте қиын болады.

Аяз ата: Бұны болдыртпай, сиқырлы шамды қайтару керек.

Жүргізуші: Қайтаруымыз керек. Бірақ қайда барып, қайдан іздейміз Жезтырнақты. Қап әттеген- ай, Менің қалауым мен Жезтырнақ көрін көзіме десең , Көрінсе ғой -ә.

Аяз ата: Бұны болдыртуға болады. Ұмытпаңдар! Менде сиқыршымын ғой. Кәнекей немерем берші маған сиқырлы таяқшамды.

Желдетіп, борандатып ойнаңдар

Иіліңдер ақ қайынмен шыршалар

Менің барлық орманымның ішінен

Тауып Жезтырнақты көрсетіңдер

(Сахна ашылады Жезтырнақ шамды сүртіп отырады)

Жезтырнақ:Шық

Жын:Шықпаймын

Жезтырнақ:Шық деймін!

Жын:Шықпаймын.

Жезтырнақ:Мен шамның егесімін, айтқанымды орындауың керек.

Жын: Әміріңізге құлдықпын.

Аяз ата: Мұнда екенсің ғой Кәне тез қайтар шамды.

Жезтырнақ:Ойламаймында! сендер бәрің қорқатын боласыңдар! мен шамның егесімін. Не қаласам Жын орындайды. Шыршадағы жарық сөнсін. Ха-ха-ха.

(Жарық өшеді, Жезтырнақ)

Аяз ата: Ал біз бәріміз бірге үрлеп шыршаны жағамыз!

Жезтырнақ: Олай болса, Аяз саған ауру жіберем, беліңнен ұстасын.

(Аяз белін ұстап қалады.)

Аяз ата: Ой оңбаған. Ойбай белім- ай. Кәне таяқшам 1,2,3 Аязыңнан ауруыңды аластат.

Жезтырнақ: Бәрібір жеңе алмайсың! Менен мықты, күшті жоқ.

Аяз ата: Сен күшті емессің. Сенен қорықпаймын. Сенен мықты Жын.

Жезтырнақ: Онда мен күшті Жын болғым келеді.

(әуен ойналады, Жезтырнақ ғайып болып Жын қалады.)

Аяз ата: Жезтырнақты алдап жеңдік. Жын сен енді сиқырлы шамнан босадың. Енді шамның құлы басқа. Зияны басқаға тимес үшін шамды Солтүстікке алып кетем.

Жүргізуші:Аяз ата жаман күшті біз жеңдік. Жынды босаттық. Ал жаңа-жылымыз әлі басталған жоқ. Қалай болады енді.

Жын: Жаңа жылымыз міндетті түрде болады. Сендер сиқырға өздеріңнің кішкентай сиқыршы екендеріңізге сенесіңдер ме-? Кәнекей бәріміз саусақтарымызды сықырлатып алқанымызды үрлесек сол кезде жаңа жылымыз басталады.

(саусақтарымен сықырлатып, алақандарымен үрлейді.)

(Әуен ойналады, шыршаны айналып Барыс кіреді,)

Аяз ата: Міне Жаңа жылымызда келді. Балалар қарсы алыңдар. Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын. Ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды. Қош сау болыңдар балалар.

Күлкісімен жеткізіп бабаға сыр

Қуаныштан салады балада асыр

Жұмбақтанып, жаныма жырды ақтарып

Елімізге қош келдің жаңа ғасыр.

Аяз ата және қар: Сау болыңдар балалар!